53
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
жетілдірудің өзіндік сипатын, нәтижесін көрсетіп отырған мектептің педагогикалық
ұжымы алдағы белестерді бағындыруға қабілетті екені сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Валиева М. Білім беру ұйымдарында менеджментті жетілдіру және
корпоративтік басқаруды енгізу//Әдістемелік нұсқау/Алматы: ОПҚБАИ, 2013.
2. Басшыға арналған нұсқаулық. //Қазақстан Республикасы жалпы білім беру
ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы/ «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.
3. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.
4. Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,2013.–45 бет.
5. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).
ӘОК 159.9
ҰЛТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мамекова А.Т., Кабылова М.С.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
asem_mamekova1979@ mail. ru.
Бұл мақалада ұлт аралық қарым қатынастың психологиялық ерекшеліктері
мен оның стереотиптері баяндалады.
В статье рассматриваются проблемы психологического общения,
определяется его специфика.
In it the article nation is given a report interval my overhead part of hand
psychological features relation of communication.
Кілт сөздер: қарым-қатынас, стереотип, этнос, вербалды, бейбербалды.
Қарым-қатынас адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен
іс-әрекетте өзара қатынастарының дамуы ретінде көрініс береді. Қарым-қатынас
адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез келген қарым-қатынас адамдар арасындағы жай
байланыс қана емес, біріккен іс-әрекет процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы
және ақпарат алмасуы болып табылады. Қарым-қатынас-бұл әлеуметтік психологиялық
құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды
қамтиды және ең жоғарғы қажеттіліктердің бірі болып табылады. Дегенмен, бір
қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал және қандай да мағыналы
қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кәсіби, жеке,
шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған
қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен байланысын және қатынастарын,
таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін, жеке қатынастарын түсіндіруге
54
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды,
оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге
қатынасушыларымен бірлескен іс-әрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді.
Қазіргі кезеңде психология ғылымындағы қарым-қатынастың дамуы күрделі, көп
қырлы және көп деңгейлі процесс, бұл психикалық процестер мен адамдар даралығын
зерттеуде қолданылатын нағыз қажет тәсілмен бірдей [1, 56б.]. Бұл мәселені өңдеу тек
қана арнайы психология пәндеріне ғана емес, жалпы психология теориясының
дамуындағы маңызды кезең болып саналады. Адамның бүкіл өмірі басқа адамдармен
қарым-қатынаста өтеді. Ол қарым-қатынаста іс-әрекеттің нақты мақсаттарын жүзеге
асырады. Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі туралы психолог Тоқсанбаева Н.Қ.
«Қарым-қатынас, бұл белгілі бір өз ара қатынас қалыптастыру мақсатындағы мазмұны
мен идеяларын қызығулармен, көзқарастармен, көңіл-күймен және өз ара әрекеттермен
дамйды.
Қарым-қатынасты зерттеуде мына нәрселерге сүйенеміз:
-біріншіден, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше типі-коммуникациялық іс-
әрекет
-екіншіден, қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетің іске асырылу шарты
-үшіншіден, қарым-қатынас арнайы берілген іс-әрекеттің нәтижесі» [2,75б.] деп,
қарым-қатынасты зерттеуде іс-әрекетің маңыздылығына түсініктеме берген. Осы
түсініктемелерден адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты мәнге ие екенін
көруге болады. Адам қарым-қатынастан, қоғамнан тыс салыстырмалы түрде өзіндік
адами қасиетерін жылдам жоғалтады. Ұзақ уақыт қоғамнан тыс болған жоғарғы
деңгейдегі индивидтер, адамға ұқсас емес мәнсіздікке айналады, сол мезетте тек тілін
ұмытып, сөйлеу қабілетінен айырылып қоймай, сонымен қатар ақыл есінен адасуы
мүмкін. Олай болса, адамның адами қасиеттерін сақтауға, психикалық дамуына қарым-
қатынас тікелей ықпал етеді. Жоғары оқу орындарында білімгерлердің өзара
мәдениетаралық қарым-қатынас қалыптастыру кезіндегі мәселенің теориялық негізі
«мәдениет» және «қарым-қатынас» ұғымдарының мәні мен мазмұндары анықталады.
Мәдениет-халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәжірибесінің, тәлімі мен
тәрбиесінің, өмір сүру бейнесінің жиынтығы. «Қарым-қатынас» ұғымының көп
анықтамаларының арасында біз «коммуникативтік іс-әрекет» ұғымымен синоним деп
қарастыратын А.Н.Леоньтев, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен
қарым-қатынас деп екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі. мен
ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін
айтамыз. Қарым-қатынастың болуының арқасында адамдар өмір сүреді және шынайы
байланыста, бір-бірімен қатынаста іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас түбегейлі
адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылықта болады, себебі адам басқа адамды
әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние-бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас
процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас
адамның құрылуының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтенуінің
қажетті шарты болады. Қарым-қатынас қоғам мен адам өмірінің барлық жағын
қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды,
себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты. Қарым-қатынас
мәдениеті адамдардың қылығының сапалы бағалауы ретінде түсіндіріледі. Сондықтан
олар қарым-қатынасқа түсуді үйрену қажеттігін сезінеді.
Қоғамда қабылданған қарым-қатынас адамдардың қылықтарын қадағалауды
жүзеге асырады. Қарым-қатынастың орнығуы немесе өзгеруіне және себепші фактор
бұл студенттердің жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірбие
адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей
55
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
қоймайды. Жас деңгейлі әр түрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен-бірі
алшақ болуы әбден ықтимал, жастық ерекшелік неғұрлым үлкен болса, психологиялық
келіспеушілік те соншама болады. Айталық, жастардың киім киісі, өнер талғамы
үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай адамдар арасында қарым-
қатынастың мән мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды. Д.В.Мудрик
тұжырымдамасы бойынша «Адамдар арасында қиын қарым-қатынас әлеуметтік-
психологиялық феномен ретінде адамдардың өзара түсініспеушілік формасында
шынайы жағдайлар байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қарым-қатынас
жасаудағы ұзақ үзіліс, бір сөзбен жауап беру, дауыс екпінін жоғарылату, адамды дұрыс
тыңдамау, әңгімені үзіп тастау, байланысқа түсе алмау, дөрекілік, ұялшақтық,
келіспеушілік, өтірік айту, бірбеткейлік»,-деп көрсетеді [3,45б]. Егер оқытушы мен
білімгер арасындағы қарым-қатынас мазмұнды, достық, ынтымақтастық, бұған тән
өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда қарым-қатынаста
қиыншылықтар болмайды.
Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие.
Білімгерлер арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі
қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір
адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой пікірі. Екінші адамның тұлғалық
бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра,
салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен,
қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әр қандай да бір өмірлік жағдайлардағы көңіл-
күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі «Ат кісінескенше, адам
сөйлескенше» дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, саналы жіктелініп,
бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады. Білімгердің тұлға
ретіндегі ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрініп тұрады. Сөздер мен
тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, олардың
ерекшеліктерін байқауға болады. Ал қарым-қатынас мәдениеті оқу-тәрбие барысында
пайда болып, қалыптасуы біртіндеп жүзеге асады. Әсіресе оқытушының қарым-
қатынастағы мәдениеті маңызды рөл атқарады, бұған үлкен мән берілуі қажет. Демек,
қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлеу мәдениетіне ерекше мән беріледі.
Қарым-қатынаста тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз; «Тау мен тасты
жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп сөздің маңызын тани білген. Демек, қарым-
қатынас
адамдар
арасындағы
біріккен
іс-әрекет
нәтижесінде
туындайтын
байланыстарды түзететін әрі дамытатын көп салалы қиын процесс, оның құрамына
ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегиясын жасау болып табылады. Соның
ішінде қарым-қатынастың бір түрі бейвербалды қарым-қатынас кезіндегі ақпаратты
беру құралы рөлін атқаратын тілдік әрекетке жатпайтын белгілер. Мәселен қасты
көтеру. Бұл белгі Тонгада «иә» немесе «келістім» деген белгіні білдіреді. Перуде
«ақша» немесе «Ақысын төле» деген мағынада қолданылады, ал құлақтың сырғалығын
сығымдау біреудің құлағының сырғалығын қысып ұстау Үндістанда «Қайғыңа
ортақпын» дегенді білдірсе, Бразилияда сенің ол адамды сыйлатыныңды білдіреді. Бұл
белгі бізде адамның қулық істеп тұрғанын, бір нәрсені түсінбей тұрғанын білдіреді.[4,
22б] Мәдениеттің түрлеріне байланысты бей вербальды тілдер қалай ерекшеленсе, бір
халықтың бейвербаль тілі де, өзге халықтың бейвербаль тілінен солай ерекшеленеді.
Айта кету керек, дүние жүзі халықтары арасында ең көп тарағаны ым-ишара болып
саналады. Зерттеулер бойынша, адамның коммуникативтік қарым-қатынас кезінде
қимыл әрекеті берген ақпараттың 65-85%-ын құрайды екен. Бұл жайында
С.М.Верещагин мен В.Г.Костомаровтың «Язык и культура» деген кітабында жақсы
баяндалған. Этнопсихология өзі жеке дара ғылым бола отырып, ру, тайпа, халық,
56
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
ұлттардың психологиялық даму, жетілу ерекшеліктерін қарастырады. Ендеше, халық -
территориясы мен тіл бірлігі, ортақ мәдениеті мен экономикалық ұрығы бар ұлттық
топ.Этнос өзінің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін динамикалық
түрде дамыта отырып, өз бойында белгілі психологиялық бағыт жүйелерін
қарастырады. Этнопсихологияның және оның құрылысын көрсететін әлеуметтік
психологиялық факторларды төмендегі топтарға бөлуге болады:
1.
Этникалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар жүйесі;
2.
Этникалық бағыттар мен құндылықтар;
3.
Этнос психикасының белгісі;
4.
Этникалық сезімдер мен көңіл-күйлері.
Осы этникалық психологияның құрылымындағы этникалық бағыт жүйелерінің
этноаралық өзара әрекетте болатын орны мол. Этнопсихологияның қалыптасуында
өзіндік маңызы бар және өте күрделі құрылымдық элементтерінің бірі этникалық сезім
болып есептелінеді. Этникалық сезім тек ұлтаралық қатынастарда ғана емес,
адамдардың ұлтына, ұлттық мүддесіне, мұқтаждығына, сонымен бірге, басқа да
ұлттардың
мүдделеріне
қатысты
эмоционалды ұлттық қатынастар болып
табылады.Психикадағы этностық «өзіндік» және «басқа» ерекшеліктері тұлға мінез-
құлқындағы
детерминацияның
эмоциялық
бағалау
үрдісіне
В.С.Агеевтің,
Ю.В.Поршневтің, В.Ю.Хотинецтің, В.С.Мухинаның, Т.В.Тоболинаның және т.б.
еңбектері адамның «өзінің» және «өзге» этностарды зерттеудің мақсатын нақтылауды
талап етеді. Соңғы он жылдағы зерттеулердің нәтижесінде этникалық өзіндік сана
қалыптасу үшін ұлтаралық бөліну маңыздылығын дәлелдейтін байлығы мол деректі
материалдарды Г.У. Солдатова, Т.Г. Стефаненко, А.А. Беркачтың зерттеулерінен
табуға болады. Соның ішінде біз үшін өз этносынан индентификация (біртектілену)
механизмін «басқалардан» жекелену және олардың этникалық өзіндік санасын
қалыптастыруға ықпалын айқындалған Б.Ф. Поршневтің, Т.Г. Стефаненконың,
О.Л.Романованың,
Л.И.
Науменканың
еңбектері
өте
маңызды
роль
атқарады.Этнопсихология қоғамдық сананың компоненті ретінде көрініп, өзінің
бойында әртүрлі «психикалық кескін-келбетті және қасиеттерді біріктіре отырып, сол
ұлттың мінезін, жүріс-тұрыс таптауырынын қалыптастырады». Этнопедагогикалық
сана-сезім – этнопсихология ұғымынан гөрі шағын, соның компонентіне енетін түсінік.
Ол – ұлттарды бір-біріне ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-
психологиялық құбылыс.
Ұлттық сана-сезім өз ұлтының әлеуметтік этникалық мәнін түсіну, ұлтаралық
қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі
барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүріп, мәдениетін т.б.
жағдайларды жете түсіну болып табылады [5].Осы этнопсихологиялық ерекшеліктер
ұлтаралық қарым-қатынас барысында бір-біріне өзінің ықпалын тигізіп отырады.
Ұлттық дәстүрлер олардың ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне
тиісті болатын қоғамдық даму мен табиғат құбылыстарын қайталау заңдылықтарының
нәтижесі ұлттық дәстүр негізінде ұлт өкілдері кейінгілерге жүріс-тұрыс әдептерін,
әрекеттерді, адамдар арасындағы қатынас ерекшеліктерін, кейбір қоғамдық топтарды,
орындау ережелерін мұра етіп отырады. Қарым-қатынас барысында кейбір ұлт
өкілдерінің өз ұлт дәстүрін жете білмеулері көптеген қайшылықтар, шиеліністер
туғызады. Мәселен, ағылшындар кез келген ұлттық дәстүрлерді пір тұтады. Тіпті
кейбір мәселелерді «Жалпы дәстүр» негізінде шешуді қалайды. Адамдар арасындағы
қатынас эмоционалдық көріністің түрлері мен формалары ретінде пайда болады.
С.М. Жақыповтың «Танымдық іс-әрекетінің қалыптасуындағы этникааралық фактор»
зерттеуінде оқу іс-әрекетінде ұлтаралық қатынасқа түсетін оқұшылардың таным
57
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
үрдісінің дамуына ұлттық ерекшеліктердің әсер етуі анықталады. Мұнымен қатар,
этникалық психологиялық негізгі ұлттық стериотип мәселесін Искакова М.А.,
Жарықбаев Қ.Ж., Машурова Г.С., Мин Л.В., Логинова Н.А., Назаров А.И. және т.б.
еңбектерінен көруге болады. Қазіргі кездегі ұлтаралық қатынас құрылысы тәжірибеде
ерекше қызығушылыққа ие болады. Ол этникалық стериотипті (таптаурын)
көпшіліктегі тұрмыстық сананы анықтау формасы ретінде қарастырады. Осыған
қарамастан қазіргі уақытта осы ұғымның дефинциясы бар, социологиялық және
этнопсихологиялық әдебиеттерде этникалық стериотип моральды, ақыл-ой мен
физикалық сапалар туралы тұрақты көрініске тап болады. Ол әр түрлі этникалық
қауымдастыққа қатысады. Сонымен қатар, «сол немесе басқа түрлерді ғана емес,
барлық құндылық қатынастарында зерттейді», этникалық стериотип сол немесе басқа
ұлттағы адамдардың қатынасындағы әрекеттегі мазмұнды құрайды. Этностық
қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл-ой - физикалық сипаттары туралы
салыстырмалы түрдегі тұрақты ұғым. Психологияда этностериотиптің (әртүрлі) 2 түрін
көрсетеді: автостериотип және гетестериотип. Айырмашылығы: халықаралық өзара
түсініктің деңгейі мен психологиялық қауымның өкілдеріне қатысты пікірлер, ойлар,
бағалар. Автостериотип - бұл басқаларға арналған этникалық топтың өзіндік үлгісі.
Гетестериотип (гетеретаптаурын) - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер
жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды, жағымсыз да
болуы мүмкін.
Этникалық стериотипті ғылыми зерттеудің жүз жылдан аса тарихы бар. Біздің
еліміздегі өмірдің жаңа социалды-экономикалық жағдайлары адамдардың өзара
түсіністіктеріне әсер ететін, олардың арасындағы қарым- қатынастың басқа стилін
тудырады. Отандық психология үшін сондай мәселелердің бірі манипуляция феномені
болып табылады. Соңғы жылдары жағдай өзгере бастады, бірнеше қызықты
теоретикалық және эксперименталдық зерттеулер жүргізілді. Ғалымдар манипуляция
феноменінің психологиялық механизмі туралы ғана жаңа мәліметтер алып қоймай,
манипулятивтік мінез-құлыққа бейім адамдардың тұлғалық ерекшеліктері туралы және
ақпараттық-психологиялық әсер етудің әдістері мен технологиялары туралы жаңа
мәліметтер алды. Қазіргі кезде гуманитарлық танымда қоғамдық және индивидуалдық
сананы және мінез-құлықты манипуляциялау аз мөлшерде екі негізгі аспектте
зерттеледі. Қазақстан егемендік алып, ғылыми-техникалық дәрежесі өз қолына тиюі
ғалымдардың алдына көптеген міндеттерді қойды. Соның бірі - өз, қазақ ұлтымыздың,
өзіндік психикалық қасиет сапаларын анықтау және ұлттық қабілет мәселесін көтеріп,
ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін шешуде, републикамыздың түпкілікті этнос
өкілі-қазақтардың алатын орнын белгілеу. Сонымен қатар, қарым-қатынас, жалпы
алғанда, адамның өмір жолының формасы ретінде көрінеді. Оның әлеуметтік мағынасы
белгілі қоғамның тәжірибесін және мәдениетін таратушы негізгі құрал ретінде
анықталады. Әр ұлт бір-бірінің киімдеріне, сөйлеген сөз мәнеріне, жүріс-тұрысына
еліктейді. Ал, ұлтаралық айырмашылық болатын болса, өздері білмейтін сол этностың
тілін, салтын т.б. ерекшеліктерін танып білуге, оны өз бойына қалыптастыруға
тырысады. Біздің республикамыз көп этносты болғандықтан, қарым-қатынастағы өзара
әрекет нәтижесі қандай да болмасын іс-әрекет түрлерінде, еңбек салаларында, оқу
үрдісінде, тұрмыс-тіршілігімізде байқалады, яғни қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік
этностық ерекшеліктерін байқаймыз. Қорыта келгенде, қарым – қатынас орнатудың екі
бөлшектен тұратын ажыратып көрсетуге болады. Оның бірі – адамның ішкі дүниесінің
ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері ойлауы мен саналы әркеті, ал келесі бөлшегі
адамның жүріс – тұрысы мен өзгелермен тілдесіп бірлесіп әрекет істейтін қатынас
сипаттарын білдіреді. Адамның өзгелермен тілдік қарым – қатынас жасай білуі жалпы
58
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2014
адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі. Адамдар арасындағы қалыпты қатынас
орнатуда осындай мінез көріністері олардың арасын қашықтатып, жатырқаушылық
сезімін тудыруы мүмкін. Қатынастың жалпы қоғамның, сонымен бірге, әрбір адамның
мәнді сипаттамасы кеңістігінде алатын орны үлкен, себебі қатынас барасындағы адам
қоғамның элементі болып табылады. Демек, әрбір индивидтің дамуы оның қатынаста
болатын барлық басқа индивидтердің дамуына байланысты.
Адамдар арасындағы қарым – қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке
қол жеткізу. Бірақ мұны істеу оңай емес. Неліктен бір адамдармен қарым – қатынас
жасау оңай да, енді біреулермен қарым – қатынас жасау қиын? Неліктен біз бір
адамдермен татумыз, ал біреулермен үнемі араздасып қала береміз? Әрине, өзіңмен
жанасу нүктелері бар адамдармен қатынас ортану оңайырақ екені түсінікті.
Келіспуешіліктерді жоймастан бұрын бұрын, олардың себептерін біліп алып, содан
кейін ғана сұхбаттасушымен қатынас орнатуға болады. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік
деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беріп, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлауын, іскерлігін, төзімділігін, сонымен қатар кәсіби біліктілігін арттыру өркениетті
қоғамның міндеті. Сол міндеттерді шешу қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. В.В Богсловский. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы, Мектеп., - 1980. 91-95
2. Мектептегі психология №5(29),2007. 16-19
3. Мектептегі психология №3(13),2006. 6-10
4. С.М.Верещагин, В.Г.Костомаров. Язык и культура. Москва, Индрик ISBN,.- 2005.
5. Көмекбаева Л.К. Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасының психологиялық
ерекшеліктерінің көрінісі: психол. ғыл. канд. ... дис. - Алматы: 2002. – 13 б.
УДК 37
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДА КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Молбасынова Жұмакүл Маратовна
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
zhuma.maratovna@mail.ru
Мақалада болашақ мамандарды даярлаудағы құзыреттілік тұрғы мәселесі
қарастырылған. Сонымен қатар кәсіби құзыреттіліктің теориялық құрылымы
анықталды.
В данной статье проведен теоритеческий анализ разных точек зрения на
исследуемую проблему профессиональной компетентности, представлено содержание
понятий компетентность, компетенция.
In this article discasing about theory problems of competence.
Кілт сөздер: кәсібилік, құзырлылық, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік.
Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім
кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Еліміздің
Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси -
экономикалық таңдауына толық жауап береді. Сонымен қатар Болон процесі білім,
білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып
Достарыңызбен бөлісу: |