Поляк жəне серб əдебиетінің романтикалық кезеңіндегі Рим бейнесі
Мақалада поляк жəне серб əдебиетінің романтикалық кезеңіндегі Рим бейнесі қарастырылды. Мақала
авторы P.Njegoš, L.Nenadović, A.Mickiewicz, J.Słowacki, Z.Krasinski, C.Norwid сияқты поляк жəне серб
жазушыларының туындылары негізінде Рим бейнесіне салыстырмалы талдау жасады. Ол Рим
бейнесін үш тұрғыдан қарады: «Рим утопия ретінде», «Рим дүниежүзілік өркениеттің өшу символы»
жəне «Рим сияқты еуроөркениеттің мультимəдени факторы». Аталған концептілер мəтін
үзінділерімен, сондай-ақ поляк жəне серб мəдениетінің, XIX ғасыр саяси жəне əлеуметтік өмірінің
философиялық жəне идеологиялық аспектілерінің терең талдауымен нақтыланды.
Т.Эвертовски
Образ Рима в польской и сербской литературе романтичного периода
Автором статьи представлен сравнительный анализ образа Рима в произведениях польских и сербских
писателей P.Njegoš, L.Nenadović, A.Mickiewicz, J.Słowacki, Z.Krasinski, C.Norwid. Выявлено три кон-
цепта, лежащих в основе интерпретации этого образа в польской и сербской литературах: «Рим как
утопия», «Рим как символ увядающей мировой цивилизации», «Рим как фактор мультикультурной
составляющей европейской цивилизации».
Каждое из положений подтверждается не только тексто-
выми фрагментами, но и глубоким анализом философских и идеологических аспектов польской и
сербской культуры, политической и социальной жизни XIX века.
Серия «Филология». № 3(71)/2013
27
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ
КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ
ƏОЖ 81’
А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: adilova2010@mail.ru)
Қазақ толғауларындағы қаратпа сөздер
Мақалада жыраулар туындыларында жиі қолданылатын қаратпа сөздер арнау түрінде болатындығы
жайлы айтылды. Авторлар жыраулар өмір сүрген замандағы хандардың жəне басқа да тұлғалардың
аттарының шығарма ішінде пайдалануынан көрініс табатын қаратпа сөздерді жіктеп берді.
Айналадағы жансыз дүние немесе абстракт мəндегі қаратпа сөздердің мақсатты қолданысы айрықша
екендігін дəлелдеді.
Кілт сөздер: толғау, жырау, жыраулар поэзиясы, мəтін, қаратпа сөздер, мағына, оқшау сөздер, қарату.
Қаратпа сөздер тіл біліміндегі жіктеу бойынша «оқшау сөздердің» біріне жатады. Себебі олар
сөйлем мүшесі бола алмайды. Қаратпа сөздердің мағынасы біреуге қарата айтылған ойды, пікірді
білдіреді. Бұл — сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты жүзеге асырушы белгілі бір тілдік
тұлға. Ондағы мақсат автордың тарапынан белгілі бір хабарға адресаттың назарын аударту болып
табылады. Тіл білімі оқулықтарында қаратпа сөздердердің даму тарихына қатысты: «Зат есімнің осы
таптарының қаратпа сөз ретінде жұмсалуының өзіндік эволюциясы бар. Сонда, ең алдымен, жалқы
есім, одан кейін, жалпы есім, келе-келе барлық жан-жануар, тіпті, барлық тіршілік атауы, соңынан,
сөйлеу тілінің ең дамыған сатысында абстракт заттардың да қаратпа ретінде жұмсалуы қалыптасты.
Бұған қарап зат есімдердің барлық категориялары қаратпа сөз ретінде жұмсалатыны нақты
дəлелденіп отыр» [1], — деген пікір бар.
Поэзияда бастапқы қарату мағынасы көмескіленіп оның орнына басқа талаптар енеді. Ғалым
М.Серғалиев: «Стилистикалық фигуралардың бірі ретінде танылған стилистикалық қаратпа
сөйлеушінің немесе жазушының кімге, неге қарата сөйлейтінін немесе жазатынын білдіреді.
Стилистикалық қаратпа, əсіресе, көркем шығармада, соның ішінде поэзияда, өте жиі қолданыс тауып
жүр» [2; 238], — деп көрсетеді.
Поэзиядағы қаратпалар ондағы синтаксистік ерекшеліктің бірі ретінде қарастырылады. Олар
коммуникативтік мəнімен қатар, көркемдік жүкті де көтереді. Оның үстіне ұйқасқа да
қатыстырылады. Қаратпа түрінде келген бір адамның аты немесе оған қатысты сөздер өлеңнің көп
жерінде тұрақты орында келіп, сол күйінде ырғақты да үстеп тұрады. Өлшем мəселесі де тыс
қалмайды. Жыраулар поэзиясындағы қаратпа сөздердің адамның өз атымен, ол адамның лауазым
атымен жəне сол адамның беделіне қатысты сөздермен келетін жерлерін байқата аламыз. Бір
ерекшелігі — мұндай қаратпалар туындының бойындағы барлық сөйлем ішінен орын алады.
Үмбетей жырау:
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып туған, Бөгембай,
Болмашыдай анадан
Болат туған, Бөгембай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай, Бөгембай! [3; 131].
А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов
28
Вестник Карагандинского университета
Бұқар жырау:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай... [3; 37].
Кең Абылай, кең аям,
Шұбар ағаш құба жон
Мекен еткен шөлде, аям,
Төлі менен тентегің
Иіліп алдыңа келді, аям! [4; 88].
Бұл толғаулар жолдарындағы қаратпалар əр сөйлем соңында келген. Олар шығарманың ұйқасын
да ырғағын да қоса атқарысып тұр.
Н.Ə.Егіншібаева қаратпалардың қызметін былайша жіктеп көрсетеді: «Жалпы қаратпа сөздердің
үш түрлі қызметін белгілеуге болады: 1. Лирикалық кейіпкердің эмоциялық күйінің көрсеткіші
(қайғылы ай, қайғылы қайың) сияқты сөз тіркесіне құрылған. Қаратпалар автор-субъектінің
қабылдауында алынған. 2. Сипаттама мінездеу қызметі (бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым, қысық
көзді, күншығыс т.б.). 3. Қаратпа сөздің номинативтік қызметі» [5].
Лирикада қаратпалардың жақсыз, абстракт заттарға қаратып айтылуы көп. Орыс
лингвистикасындағы И.В.Ковтунованың мына пікірі сөзімізге дəлел болады: «Речевой диалог как
способ приближения и познания объясняет то, что в лирике возможны обращения к любым вещам,
существующим в мире (или в представлениях о мире), без каких бы то ни было ограничений. Тем не
менее есть смысл дифференцировать основные предметные (тематические) разновидности
обращений в поэзии, поскольку они имеют свои коммуникативные нюансы, свои семантические
особенности в структуре поэтического текста» [6; 96].
Поэзиядағы қаратпалар арналу сипатына қарай «адамзат», «ғаламзат» деген атаулармен
берілетін екі түрмен ерекшеленеді. «Адамзат» бұл адам баласының сан түрлі атауларымен берілетін
қаратпалардың жиынтығы. Ал «ғаламзат» адамнан басқа зат не құбылысқа арнала айтылған өлең
сөздердегі қаратпалардың жалпы атауы болып табылады.
Бұл тұста И.В.Ковтунова оны: «Выделяются обращения к лицам и не к лицам. Среди обращений
к лицам различаются, помимо самого говорящего, некоторые наиболее типичные для лирики типы
обращений» [6; 96], —деп көрсеткен.
И.В.Ковтунова кеңістік-уақыттық жақындықтың тууы автор мен сөз арналып айтылған адам, зат
не құбылыс арасындағы тілдесудің нақты сол кезде болып жатқандай əсерге бөлейтінін атап өтеді:
«Обращения к другу, возлюбленной и другим близким, лирическому герою, адресату обладают
наименьшей степенью условности. Воображаемая диалогическая ситуация ближе всего к реальной —
действительной или возможной. Пространственно-временной сдвиг приближения адресата к
говорящему создает иллюзию совпадения воображаемого диалога с моментом речи. Диалогическое
общение с адресатом может приближаться к естественному речевому диалогу, возможному в
реальной устной коммуникации» [6; 96].
Шығарма авторы тарапынан сол өмір сүріп жатқан кезеңнен бұрын өмір сүрген, не сол
кеңістіктен бөлек нəрсеге сөз арнау, тіл қату тек поэзияда ғана мүмкін болады. Ал жыраулар
поэзиясының жанрлық болмысына сəйкес ондағы мазмұн кез келген дүниеге қарата айтыла бермейді.
Толғау мазмұны өз мəтіндеріндегі қаратпалардың өзіндік қатарын қалыптастырады.
Жыраулар қоғам, ел басқару ісіне белсене араласқан тұлғалар болғандықтан, əрі
шығармашылықтары осы төңіректе өрімделгендіктен, жеке тұлғаларға қарата айтылған
қаратпалардың молдығымен сипатталады. Оны Р.Сыздықова: «Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет,
Марғасқалар көп толғауларын өз қожалары — сөздеріне немесе өзге хандарға арнайы айтады. Асан
толғауларынан Жəнібек хан, Шалкиізден Би Темір, Жиембеттен Еңсегей бойлы Ер Есім, Марғасқадан
Тұрсын хан деген билеушілердің аттарын көреміз» [7], — деген жолдармен байқатады.
Толғау мəтіні ішінде қаратпа сөздердің қатыстырылуына əр түрлі факторлар əсер етеді. Оның
бірі автордың стилі болса, енді бірі — өлең идеясы. Өз заманында мемлекет ісі тұрғысындағы мүдде
ел басқарған хандарға, ел қорғаны батырларға ақыл-кеңес, тілек-өтініш жасауға себепкер болған.
Осыған байланысты жыраулар шығармаларында, ең алдымен, хандарға қатысты қаратпалардың
мол кездесетіні байқалады. Шығарма авторының замандасы, серіктесі ретіндегі өзара байланыс мына
жолдардағы қаратпалардың қолданылуының басты негізі болған. Бұл өз кезегінде туынды
Қазақ толғауларындағы қаратпа сөздер
Серия «Филология». № 3(71)/2013
29
жолдарындағы тұлғалық байланыс қатарын жасаған. Жақындық сипатының туынды мазмұнындағы
орны ерекше бола отырып, өзінен кейін келген жолдарды мағыналық жəне құрылымдық жетекке
алып тұр.
Шалкиіз жырау:
Арық хан!
Менің ием Темір іс етсе,
Айналаңды берік етер... [3; 76].
Жиембет жырау:
Əмірің қатты, Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың,
Басын бер деп батырдың...
Еңсегей бойлы, ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім
Ес білгенден, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін... [3; 98].
Марғасқа жырау:
Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп
Жер тəңірісіп жатырсың... [3; 103].
Асан Қайғы:
Ай, хан, айтпасам білмеймісің,
Айтқаныма көнбейсің...
Ай, Жəнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма... [3; 60].
Əр жырау өз заманының сырын шертеді. Сонымен байланысты сол кезеңнің тыныс-тіршілігі
көрініс табады. Шалкиіз жырау Арық ханды, Жиембет жырау Есім ханды, Марғасқа жырау Тұрсын
ханды, Асан Қайғы Жəнібек ханды жырларына қосқандықтан, ол хандардың аттары сол
шығармалардың ішінде кездесіп жатады. Бұл берілген толғаулардың барлығы да арнау түріндегі үлгіге
жатады. Сондықтан олардың құрылысында мазмұнына сəйкес қаратпалардың қатыстырылуы — заңды
жайт.
Толғаулардың ішінен Абылай ханға арналғандары жиі кездеседі. Ондай мəтіндерде Абылай
атымен келетін қаратпалар мол қолданылады. Ол қаратпалар арқылы белгілі бір бөлікке екпін түседі,
ырғақ қалыптасады, ұйқас қатары жасалады. Бұған төменде келтірер жолдар дəлел бола алады.
Үмбетей жырау:
Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай,
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай [3; 132].
Бұқар жырау:
Ал тілімді алмасаң,
Ей, Абылай, Абылай!... [4; 20].
Ей, Абылай, Абылай,
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан... [4; 21].
Хан Абылай, Абылай,
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді? [4; 21].
Бұл қаратпа сөздер өздері қатыстырылған жолдардың басында тұрып ой-пікір мегзелген тұлғаға
қаратылады. Бұқар жыраудың келесі толғауынан берілген үзінді жолдарында қаратпа сөз ырғақ
талабын өтеуге басымырақ келетіндей:
А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов
30
Вестник Карагандинского университета
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
Сөге көрме, Абылай,
Мен пақырда сын бар ма? [4; 35].
Егер ханның аты мəтін басындағы бірінші тармақта келсе, көбіне қайталанып келеді. Толғаудың
басында келген қаратпалар стильдік жүкті де атқарады.
Бұл жолдардағы қаратпалар жалқы есімдерден болып тұр. Белгілі бір тұлғаның аттары
кездесетін толғауларда жалқы есім қаратпалар осындай сипатта кездесті.
Ал көп толғаулар қаратпалары хан сөзінің тəуелденген түрімен келіп отырады. Сондықтан
жалпы есімді қаратпалар да қолданылатын жерлер жиі кездеседі.
Жиембет жырау:
Алдыңа келген мен бір жас, —
Кессеңіз, ханым, міне бас! [3; 97].
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен
Біздің естен кеткен жоқ... [3; 100].
Қайырылып хайыр қылуға
Қылғаның жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман! [3; 100].
Ат сауырсын берермін,
Алыста дəурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама
Сенсіз де күнімді көрермін! [3; 100].
Бұқар жырау:
Бəйгелі жерде бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті, Бөгембай [4; 28].
Мына толғауларда тəуелдік жалғауының бірінші жақ қосымшасы ие сөзіне жалғанып, қаратыла
айтылған. Ал олардың алдынан хан, сұлтан сөздері келіп отырады. Бұлардың мəтіндегі орындары əр
түрлі. Тармақ басында да, ортасында да, аяғында да келеді. Мұндай орындарына қарап, олардың
өздері қатыстырылған шығарманың ырғақ қатарын жасап тұратынын байқаймыз.
Жиембет жырау:
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес,
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес... [3; 98].
Бұқар жырау:
Ешбір жаман қылмадың.
Əділетпен жүрдіңіз,
Əдепті іске кірдіңіз.
Арманың бар ма, хан ием,
Мəртебелі төбеге,
Жауыңды алып жайладың... [4; 35].
Шалкиіз жырау:
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың!.. [3; 77].
Қазақ толғауларындағы қаратпа сөздер
Серия «Филология». № 3(71)/2013
31
Жүк тиесең кетерсің,
Ниет етсең жетерсің,
Жетсең тауап етерсің, —
Етектеп жиған көп халқың,
Сұлтан ием, кімге асмар етерсің [3; 81].
Тебірде жұрттың не ісі бар,
Тепкісіздің сеніменен не ісі бар,
Сұлтан ием, жұрт иесі өзіңсің! [3; 82].
Ел қорғаны батырлардың есімімен келген қаратпалы толғаулар да кездеседі. Көбіне толғау
жолдары батырлардың атымен келіп отырады. Одан соңғы жолдардың бірыңғай мазмұны алдыңғы
қаратпаның иесінің əрекеті болады да, қатар келген сөйлемдердің байланысы осы арқылы қазықтала
түседі. Нəтижесінде сол мəтіннің тұтас құрылымы мағыналық жағынан жымдасып тұрады.
Ақтамберді жырау:
Уа, Қарт Бөгембай,
Құяр жауын аспаннан
Қара бұлт торласа... [3; 116].
Бұқар жырау:
Сен, Қанжығалы Бөгембай,
Тақымы кеппес ұры едің,
Түн қатып жəне жүр едің.
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қашан жауға тіредің? [4; 20].
Үмбетей жырау:
Ей, Ақтамберді, Қабанбай!
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді... [3; 130].
Бірінші жəне екінші толғау бойында Бөгенбай батырдың, соңғы толғау құрамында Қабанбай
батырдың аттары əр тармақтың басында келіп отырады.
Толғаулардағы қаратпа сөздердің қолданылуын жыраулар поэзиясының кейбірі арнау түрінде
келетіні айқындайды. Бұл жырау мен хан, жырау мен батыр, жырау мен табиғат ара қатынасымен
айқындалатын арнау деп айтуға болады.
Өлеңді шығарманың бір ерекшелігі онда арнау тек жанды заттарға ғана емес, жансыз
дүниелерге, нақты айтсақ, табиғат құбылыстарына да бағытталатынын жоғарыда атап өткен
болатынбыз. Мұндай жолдар толғауларда да бар. Мұның мəнін толғаулардың философиялық сарында
келетінімен байланыстырамыз. Ал мұндай жағдайда жалпы кеңістіктегі кез келген дүние сөз бола
алады. Бұл сипатты қаратпа түріне байланысты М.Серғалиев: «Енді бір ретте қаратпа қызметіндегі
сөздің адам емес, абстрактылы ұғым (мəселен, сөз патшасы) атқаруы тосын құбылыс болмаса керек»
[2; 259], — дейді.
Айналадағы қоршаған заттар мен құбылысқа негізделген қаратпалар мына толғаулар
жолдарынан кездесті.
Доспанбет жырау:
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда.
Еңсесі биік боз орда,
Еңеке кірер күн қайда,
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда... [3; 70].
Мұндағы қаратпаның өзінен автордың сағыну күйін байқай аламыз. Ақтамберді жыраудың
толғауындағы қаратпа ризалық, қанағат сезімінің көрсеткіші бола алады:
Ел аман болсын ылайым,
Тілегін берді бəрін де
Разымын, құдайым! [3; 121].
А.С.Əділова, М.Ш.Қабанов
32
Вестник Карагандинского университета
Үмбетей жыраудағы қаратпа тілек-өтініш сипатын нақтылай түседі:
Сондай ерлер көп тусын,
Деп тілей бер, а құдай!... [3; 136].
Ал Ақтамберді мен Бұқар жыраулар толғаулары жолдарындағы қаратпалар өкініш мəнін
көрсетуге негізделген:
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін,
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін…[3; 106].
Əй, заман-ай, заман-ай,
Түсті мына тұман-ай,
Істің бəрі күмəн-ай... [4; 31].
Бұл толғаулардан жансызды жанды етіп бейнелеген амалды да байқауға болады.
Қаратпа сөз болған соң, ондағы одағай сөз бен анықтауыш мүшелердің де маңызын айта кеткен
жөн секілді. Себебі аталған тілдік элементтер қаратпа сөздерді мағыналық əрі құрылымдық жағынан
толықтырып тұрады. Ең алдымен, одағаймен келген қаратпаларды көрсетеміз. Қаратпа сөздердің ей,
əй одағай түрімен келіп басталатындары мына арнаулар жолдарындағы сөйлемдер ішінде кездеседі.
Үмбетай жырау:
Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай [3; 19].
Бұқар жырау:
Ал тілімді алмасаң,
Ей, Абылай, Абылай [4; 20].
Əй, Абылай, сен он бір жасыңда
Əншейін-ақ ұл едің... [4; 35].
Бұл қаратпа сөздер жырау мен оның сөзі бағытталған тұлға арасындағы кеңістіктік
жақындықтан, ойға үлкен серпіліс берумен байланысты қолданылған деп көрсетеміз. Оның үстіне,
өлшем заңын да назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ғалым Қ.Жұбанов мұндай ерекшелікке: «Қазақтың
халық əдебиеті де сахна əдебиеті болатын, көпшіліктің тыңдауына бейімделген шығарма болатын-
дықтан, тыңдалатын шығарма мағынаның артық қоюлығын көтермейді. Олай болса, тыңдаушының
миын шаршатады. Сондықтан халық шығармасында шығарманың тақырыбына қатысты сөздердің
аралығына тыңдаушының миына гимнастика болғандай «басы артық» сөздер енгізілетін. Мұндай
қыстырма сөздер шығарушының шеберлігіне қарай, бірде тақырыптан өте алыс кетіп, тек ұйқасым
үшін тұрады да, бірде алыстан орағытып келіп, тақырыптың бір жерінен жанасатын», — деп
сипаттама береді [8].
Енді бір толғауларда адам есімдерімен келген қаратпалардың алдынан оларды сипаттап тұратын
анықтауыш мүшелер келеді. Автор қандай тұлғаны алса да, көбіне оларға қатысты сыртқы суретін де
беруді жөн көріп отырған. Бұлардың тармақ бойындағы өзінше танылатын тұсы да осы. Бұндай
тіркес бір тармақ көлемін түгел алып жатады.
Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім...[3; 98].
Ақтамберді жырау:
Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жауын аспаннан
Қара бұлт торласа... [3; 116].
Бұқар жырау:
Қазақтың ханы Абылай,
Ақиықаты аспанға
Ұшпастай ғып торлады... [4; 28].
Бұл толғаулардың ішіндегі адам аттарының алдынан келген анықтауыш мүшелер көбіне сол
адамның сыртқы тұлғасына байланысты сипаттарды береді. Еңсегей бойлы ер Есім деп оның дене
Қазақ толғауларындағы қаратпа сөздер
Серия «Филология». № 3(71)/2013
33
тұрғысын, батырлық мінезін берсе, қарт Бөгенбайдың үлкендігіне, беделіне маңыз береді. Ал
Бұқардан келтірген мысалдағы анықтауышта Абылайдың ел арасындағы орны айтылады.
Қаратпалардың негізгі міндеті — тыңдаушының назарын аударту. Сол арқылы белгілі бір
аралық байланыс туады. Бірақ поэзияда олар бұл функциясын тікелей атқармайды. Онда автор мен
тыңдаушы арасындағы тікелей коммуникативтік байланыс болуы шарт емес. Мұнда аталмыш мүдде
болмаса да сол шығарманың белгілі бір мəтінқұрылымдық міндеттерін атқарып тұрады. Осы сипатты
қаратпалар толғаулар мəтіндерінде біраз шамада кездеседі. Бұған себеп — ол шығармалардың
мазмұны мен тақырыбы. Жыраулар шығармаларынан кездескен қаратпалардың негізін толғаулардың
тақырыптары айқындайды.
Əдебиеттер тізімі
1 Қазақ грамматикасы. — Алматы, 2002. — 10-б.
2 Серғалиев М. Стилистика негіздері: Оқулық. — Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. — 273 б.
3 Алдаспан. (XV–XVII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы). — Алматы: Жазушы, 1971.
4 Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармалары. — Алматы: Мұраттас, 1992.
5 Егіншібаева Н.Ə. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар: Филол. ғыл. канд. …дис. — Алматы, 1997. — 40-б.
6 Ковтунова И.В. Поэтический синтаксис. — М.: Наука, 1986. — 206 с.
7 Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы: ХV–ХІХ ғғ. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 80-б.
8 Жұбанов Қ. Қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер. — Алматы: Ғылым, 1966. — 298, 299-б.
А.С.Адилова, М.Ш.Кабанов
Достарыңызбен бөлісу: |