Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі245,87 Kb.
#7355
1   2   3   4

3-тақырып.  Мезгіл, уақыт. Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн. Сағат неше? Жұмыс

күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.

Берілген   тақырып   бойынша   лексиканы   игеру,   мәтіндегі   жаңа   лексиканың

мағынасын   түсіну,  диалог   ауқымында:  әлеуметтік-тұрмыстық,   социо-мәдени   және   оқу-

кәсіптік   салаларда   ақпаратпен   алмасу   үшін   диалогта   жай   фразалар   мен   сөйлемдерді


қолдану дағдысы;  монологты сөйлеуде:  сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған

мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен)

Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық,

жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты, уақыт, сағат, минут,

жарым, тура, дәл, кетті, қалды, бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш,

ояну,   тұру,   музыка   тыңдау,   биге   бару,   спортпен   айналысу,   шахмат   ойнау,   тауға   шығу,

мереке,   мейрам,   демалыс,   серуендеу,   қыдыру,   концерт   тамашалау,   теледидар

көру,қызықтау,  құттықтау,  шақыру,  сыйлау,  сыйлық, туған  күн,  мерейтой,  кездесу кеші,

салтанатты  жиын, тойға келу, шақыру,  күту, құттықтау,  рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ

өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу. 



Тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Жыл мезгілдері

Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай – бір тоқсан.

Жылда он  екі  ай бар. Қыс айлары – желтоқсан  қантар , ақпан;  көктем айлары – наурыз,  сәуір,

мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан қараша.

Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк құрғақ.

Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі. 

Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек, көкөніс өте көп.

Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемт кез!

Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,

жексенбі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндері  - жұмыс күндері. 



Тапсырма:  Мәтінді   оқып,   жоспар   құрыңыз.   Сол   жоспар   бойынша   баяндама

жасаңыз


Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері

Мерекенің екі түрі бар: бірі – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі – ресми емес, ұлттық

мерейтойлар.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты елде мереке көп.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың

отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-

екісінде   тойланатын   Жаңа   жыл   мерекесі,   наурыздың   сегізінде   тойланатын   Халықаралық   әйелдер   күні,

наурыздың   жиырма   екісінде   тойланатын   Наурыз   мейрамы,   мамырдың   бірінде   тойланатын   Халықаралық

Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми

ұлттық мерейтойлар. 

Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

сайланғанжылы;   1998  жыл   –  мемлекетіміздің   жаңа   астанасының   Ақмолаға   көшіп   Астана   аталуы.   Абай,

Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы,

Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен

тойлар. 

Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар

өтуде.   Бұл   –   елімізідің   әл-ауқаты   жақсарып   келе   жатқанның   белгісі.   Мұның   бәрі   –   тәуелсіз   ел

болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз

елімізге тілейік.

 [1] 202бет, 6-7жаттығу, [1] 232бет,11-13 жаттығу, [1] 324бет, 16,17жаттығу, [1] 25-

27бет, 21-27жаттығу, [1] 203бет, 19-21жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу

4-тақырып.  Ас   –   адамның   арқауы.  Дұрыс   тамақтану   –   денсаулық   кепілі.

Мерекелік дастархан Сіздің сүйікті асыңыз. Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

  Берілген тақырып бойынша продуктивной лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың

мағынасын   түсіну,  диалог   ауқымында:  әлеуметтік-тұрмыстық,   социо-мәдени   және   оқу-

кәсіптік   салаларда   ақпаратпен   алмасу   үшін   диалогта   жай   фразалар   мен   сөйлемдерді

қолдану дағдысы;  монологты сөйлеуде:  сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған

мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен)


Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу,  тамақ ішу, уақытында ішуге  үйрену, ас ішу

мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті,

ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз,

пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын,

шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді

Сөйлесім   үлгілері:   Сәлеметсіз   бе?Сәлеметсіздер   ме,   жоғарылатыңыздар!   Дастарқан

мәзірін көруге бола ма?Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.Рахмет.

Бізге   қуырылған   еттен   екеу,   қияр   салатынан   біреу,   және   қызылша   салатынан   біреу,

жеміс   шырынынан   екеу   әкелсеңіз   (әкеліңіз).   Жақсы.   Ас   болсын,   тағамдарыңыз   дәмді

болсын. 

Сөйлесім   үлгілері:   Сізге   ұлттық   тағамнан   не   ұнайды?   Маған   қазақша   ет

ұнайды.Оны қалай әзірлейді? Иә, өте оңай.  Айтып берейін

 [1] 188-190бет, 6-11жаттығу,  [1] 244бет, 21-25жаттығу.



5-тақырыпДенсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада.

Берілген   тақырып   бойынша   продуктивной   лексиканы   игеру,   мәтіндегі   жаңа

лексиканың мағынасын түсіну,  диалог ауқымында:  әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени

және   оқу-кәсіптік   салаларда   ақпаратпен   алмасу   үшін   диалогта   жай   фразалар   мен

сөйлемдерді   қолдану   дағдысы;    монологты   сөйлеуде:    сюжеттік   көріністі   толығымен

суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек,

кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ., емхана,

кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын,

иық, т.б. жатады. Мұны адамның қанқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз,

құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан.

Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен

тамақтаннады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.

Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Сөйлесім үлгілері: Қай жеріңіз ауырады?Басым ауырады.  Тамаққа тәбетіңіз қалай?

Нашар (тәбетім жоқ).Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз

қайтеді?Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

 [1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.

[1,  245-б. 28-жаттығу]

6-тақырып. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 121-б. 20-жаттығу].

                                                 Алматы қаласы

Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол – оңтүстік

астана. 

Алматы - өте үлкен, әдемі қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері

бар.   Олар   қаланың   орталығында.   Алматының   көшелері   түзу   және   кең.   Осы   кең,   түзу

көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.

Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма

театры,   «Арман»,   «Алатау»,   «Байқоңыр»   кинотеатрлары,   Мәдениет   сарайы,   Орталық

спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі,

цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай, орталық кітапхана және оқу орындары

бар. Медеу мұзайдыны да жақын. 

1-тапсырма.Ответьте на вопросы по тексту [1, 121-б. 20-жаттығу].


Қазақстан Республикасының  бұрынғы астанасы не? Алматы қандай қала? Алматыда

қандай   өзендер   бар?   Алматының   көшелерінде   не   көп?   Алматыда   қандай   театрлар,

кинотеатрлар бар? Тағы нелері бар? 

2-тапсырма. Раскройте скобки [1, 120-б. 18-жаттығу].

Ыдыс-аяқ серванттың (внутри) тұр. Ағаш екі үйдің (между) тұр. Сөренің (на) кітап

тұр. Ағаштың (у) шелек тұр. Диванның (возле) екі кресло тұр. Кереуіттің (под) мысық

жатыр. Мектептің (перед) көп бала жүр.

7-тақырыпМенің елім - Қазақстан.

1-тапсырма. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма.Сөйлемдерді аяқтап жазыңыз [1, 299-б. ].

1. Қазақстан – көп ұлтты ... 2. Археологтардың айтуы  бойынша: ... 3. Жер көлемі ... 4.

Республиканың оңтүстігінде ... 5. Республиканың солтүстігінде ... 6. Қазақтар бұрын ... 7.

Бүгінгі Қазақстан ...



3-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз [1, 290-б. ].

Әр   халықтың   ...   болады.   Орыс   халқының   ...,   қазақ   халқының   ...   Ана   тілін   адамдар   ...

үйренеді. Ер жеткенде ... үйренеді. Қазақ тілі ... ұстазы болған тіл. Дүние жүзіне әйгілі ...

сияқты батырлар жырын, ... сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы –  ... бай

халық.

                                                               Ел рәміздері.

Қазақ елінің рәміздері

Қазақстан   Республикасының   рәміздеріне   Ту   мен   Елтаңба   кіреді.   Мемлекеттіек

Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк  түс – табиғаттағы жеті түстің

бірі. Көк түс – аспанның ауа мен құрлықтың белгісі. Алғашқы геральдистердің Ансельм

жасаған кестесі бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.

     


Мемлекеттік   Туымыз   тек   қана   бір   түсті   көк.   Ол   мемлекеттік   тұтастық   идеясын

білдіреді. Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі.

Тудағы  қыран бейнесі  – еркіндік  белгісі.  Ұлттық өрнек  – қазақ  халқының  мәдениетін,

поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

     

Біздің   Елтаңбамыз   –   шеңбер   ішінде.   Шеңбер   мағынасы   –   тіршілік,   шексіз   өмір



дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгісі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген

ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Отбасы

– шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі. Шаңырақ бар Елтаңба

тарихта болған емес.

     

 Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек



қазақ халқының тұрмысымен өте байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының

негізі.   Елтаңбадағы   ең   басты   белгінің   бірі   –   бес   бұрышты   жұлдыз   бен   елдің   аты.

Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Әнұраны

         Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік

Әнұран   әр   елде   бар,   ол   мемлекеттік   музыкалық   рәмізі   болып   саналады.   Әнұран   –

мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабалданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға

үндейтін,   бірлескен   іс-қимылғашақыратын,   сана   –   сезімге   психологиялық   әсер     ету

жолымен   жігерлендіруге,   рухтандыруға   бағытталады.   Елдің   намысын   оятып,   елдікке,

бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл - әрекетке шақыратын дабыл.

       


 Қазақ халқының тарихында ол әр-түрлі болған, соғыс кезінде, жауға қарсы күресте

батырлар атын да ұран ретінде қолданған, аруақты аталар мен аналардың атына құрылған

ұрандар да болған. Өте көп тараған, барлық қазаққа ортақ ұран – «Алаш» сөзі болған,

сондай-ақ «аруақ» сөзі де ортақ ұран болған.

       

  Қазақстан   Республикасының   қазіргі   Әнұранының   сөзін   жазғандар:   Жұмекен



Нәжімеденов, Нұрсылтан назарбаев. Әнұранының музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.

1-тапсырма. Қазақстан республикасының рәміздері туралы мәтін құру.  Сөздік минимум:

Рәміз, нышан, белгі, елтаңба, әнұран, ту, шекара, Қарулы күштер, ұлттық тіл, ұлттық

байлық,   ұлттық   мәдениет,   ұлттық   өнер,   шаңырақ,   сәулелі   күн,   қанатты   тұлпар

(пырақ),   қыран   құс,   ұлттық   ою-өрнек.   Сөйлесім   үлгілері:   Мынау   не?   Бұл   –   елтаңба.

Елтаңбаның авторлары кім? Әнұранды жатқа білесіздер ме? Иә, білеміз.   Авторлары

кімдер, не туралы айтылады?

2-тапсырма. Мына сын есімдерді қажетті зат есімдермен тіркестірңіз[1,307-б.1-жаттығу].

а) қызыл, сары, көк, қара, қоңыр, көгілдір, жасыл, қызғылт,сұр;

ә) үлкен, кішкентай, кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа;

б) жуас, тентек, еңбекқор, жалқау, тәртіпті, ұқыпты, сұлу;

в) ащы, тәтті, дәмді, дәмсіз, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

г) қисық, түзу, дөңгелек, сопақ, қатты, жұмсақ, жалпақ, томпақ.

3-тапсырма. Мына зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріңіз [1, 307-б.,2-жаттығу].

Бақ, қыз, сарымсақ, көкөніс, қарындаш, көз, кітап, көйлек, сүт, тамақ, сағат, ат,

қой, үй, адам, жігіт, су, күн, түн, алма, қала, бөлме, доп, есік сөз, әже, әңгіме, мінез,

кітапхана, аяқ, айран, дәрі, көше, жол.

4-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге антоним келтіріңіз [1, 307-б. 3-жаттығу].

Семіз,   тұщы,   кәрі,   жеңіл,   жаңа,   қысқа,   үлкен,   тәтті,   жақсы,   ыстық,   түзу,

қымбат жалқау, тентек, ақ, аласа, тар, қатты, толық.

             Елордасы – Астана қаласы.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 444-б. 13-жаттығу].

Астана

Қазақ Республикасының ең алғашқы  астанасы    - Орынбор (1920-25), одан кейін

Қызылорда (1925-29), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997   жылы   қазанның   20-сында   Н.Ә.Назарбаев   «Ақмола   қаласын   Қазақстан

Республикасының   астанасы   деп   жариялау»   туралы   жарлыққа   қол   қойды,   1998   жылы

мамырдың   6-сында   Елбасының   жарлығымен   Қазақстан   Республикасының   астанасы

Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз

Қазақстанның   жаңа   астанасының   салтанатты   ашылу   рәсімі   өтті.   Сөйтіп,   енді   Астана

қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қала ортасынан ағып

өтетін   Есіл   өзнінің   екі   жағындағы   батпақ,   қалың   өскен   қамыстың   орны   қала   халқы

демалатын   жағажайға   айналды.   Астана   қаласында   Президент   сарайы,   Парламент

ғимараты, «Интеркотиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар

сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді.

Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды.

Аспанға   атылған   ақ   барыс   мүсіні   Қазақстанның   ХХІ   ғасырдағы   бақытты   болашағын

білдіріп тұр. 

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерікше.

Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана

тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. 

Астана   -   Қазақстан   Республикасының   саяси,   әкімшілік,   экономикалық,   мәдени

орталығы, бас қала.

2-тапсырма. Мына сөзтіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз [1, 445-б. 14-жаттығу].

Қазақстан Республикасы; ең алғашқы астанасы; жарлыққа қол қою; Елбасының

Жарлығы   мен   тәуелсіз   Қазақстан;   салтанатты   ашылу   рәсімі;     аз   уақыттың   ішінде

көрікті   қалаға   айналу;   ағып   өтетін   Есіл   өзені;   қалаң   өскен   қамыс;   қала   халқы;   көп

қабатты тұрғын үйлер, аспанға атылған; бақытьты болашақ; көз тарту; жақын, алыс

шетелдерден келген қонақтар; таң қалдыру; бас қала.

3-тапсырма. Мына сөйлемдерге әр түрлі сұрақ қойыңыз [1, 446-б. 18-жаттығу].


1997   жылы   қазанның   20-сында   Н.Ә.Назарбаев   «Ақмола   қаласын   Қазақстан

Республикасының  астанасы деп жариялау»  туралы  жарлыққа  қол қойды. 1998 жылы

мамырдың   6-сында   Елбасының   жарлығымен   Қазақстан   Республикасының   астанасы

Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз

Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қала ортасынан

ағып өтетін Есіл өзнінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы

демалатын   жағажайға   айналды.   Астана   қаласында   Президент   сарайы,   Парламент

ғимараты,   «Интеркотиненталь»   қонақ   үйі,   Еуразия   университетінің   жаңа   корпусы,

Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар

бой көтерді.

Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

1-тапсырма. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгімелеңіз.

2-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай

жасаңыз [1, 320-б. 1-жаттығу].



Белый, сильный, большой, низкий, высокий, маленький, широкий, вкусный.

              Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

1-тапсырма. Өздік етістің жұрнағын қосыңыз. [1, 255-б. 21-жаттығу].

Шешу, қию, ойлау, жуу, қыру, көру, сақтау, тарау.

              Қазақстанның өнеркәсібі.

1-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 324-б. 15-жаттығу].

Ешқайда, ілгері, алға, жолшыбай, анда, мында, жоғары.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 325-б. 21-жаттығу].

Өңкей, тым, аса, ең, өте, керемет, орасан, ылғи.

             Ұлы адамдар өмірінен.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз [1,  514-б. 6-жаттығу].

Абай

(1845-1904)

Қазақ   халқының   ұлы   ақыны   Абай   1845жылы   қазіргі   Семей   облысы,   Абай

ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі, Ұлжан қайырымды, мінезі

жұмсақ тілге  бай  адам болған. әжесі  Зере мен анасы  Ұлжан Абайға  ертегілерді,  аңыз,

әңгімелерді айтып жақсы тәрбиелеп отырған. 

Әкесі Құнанбай Абайды тоғыз жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде

жүргенде   ол   орыс   тілін   үйренуге   тырысады.   Үш   ай   орыс   мектебінде   оқиды.   Он   үш

жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады. 

Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ

тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы

түнде тау қалқып» деген өлеңдеріне ән шығарады.

Абайдың   «Болыс   болдым   мінекей»,   «Сегіз   аяқ»,   «Интернатта   оқып   жүр»   деген

өлеңдері   болыс-билерді   қатты  сынға  алады.  Ол  қазақ  халқын  мәдениетті   болуға,   орыс

халқынан үлгі алуға шақырады. Ол өзінің сөзінде: «Орыс тілі – дүниенің кілті. Орыс тілін

білсең, көкірек, көзің шайдай ашылады», - дейді.

Абай 1904жылы қайтыс болады. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын

көре   алмай   кетті.   Абай   өлгеннен   кейін   -   1909   жылы   Петербургте   –   «Қазақтың   ақыны

Ыбыраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз [1, 515-б. 7-жаттығу].

Қазақ халқы, ұлы ақын, қатал адам, мінезі жұмсақ, тілге бай, шығарып алып,

үйренуге   тырысу,   ән   шығару,   қатты   сынға   алу,   үлгі   алуға   шақыру,   дүниенің   кілті,


көкірек; көзің шайдай ашылады, қайтыс болу; кітап болып шығу; кеңес дәуірі; дүние жүзі

біледі. Ақын өміріне арнау.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз[1, 515-б. 10-жаттығу].

Абай   кім?   Абай   қайда   және   қашан   туған?   әкесі   мен   шешесі   қандайц   мінезді

адамдар  болатын?  Абайды  кім тәрбиеледі?  Ол қайда  оқыды? Нені  үйренуге  тырысты?

Кімнің   шығармаларын   көп   оқып,   қазақ   тіліне   аударуға   тырысты?   Ол   өзінің

шығармаларында   кімді   қатты   сынға   алады?   Абайдың   шығармалары   қашан   басылып

шықты? 


8-тақырыпБіздің университет. 

1-тапсырма. «Біздің университет» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз

                 Менің мамандығым.

2-тапсырма. «Менің мамандығым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

9-тақырыпКәсіби лексика  

5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша

1-мәтін.  Машина жасау өндірісінің негіздері. Кәсіби терминдердің қазақша - орысша

сөздігін   жасау.   Аударма   жасаудың   негізгі   принциптерін   үйрете   отырып,   арнайы

мәтіндерді   аударту.   Мәтін   бойынша   сұрақтар   құрастырып,   оларға   жауап   бере   білу.

Синтаксис   туралы   түсінік.   Сөйлем,   оның   түрлері.   Жай   сөйлем   туралы   түсінік.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Сұраулы сөйлем, оның жасалу жолдары.

[2 ] 178-бет,  92-93-жаттығу.

2-мәтін.  Қозғалтқыштардың   сипаттамалары.  Мәтін   бойынша   терминдердің   сөздігін

құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, мәтіннің қысқаша мазмұнын айта

білу. Сөйлемнің мақсаттық түрлері. Бұйрықты сөйлем, оған тән интонация. [2 ] 182-бет,

99-жаттығу.

3-мәтін..  Машина жасаудағы өнімнің өзіндік құны.  Осы ұғымдарға байланысты жаңа

сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап

бере білу. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі: Хабарлы сөйлемнің негізгі түрлері

- баяндау, суреттеу, түсіндіру. Сөйлемнің көңіл-күйге байланысты түрлері. Лепті сөйлем. [2

] 180-бет,  97-жаттығу.

4-мәтін. Іштен жану қозғалқыштары. Берілген тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз

тіркестерін меңгерту.  Меңгерілген сөздер, сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлемдер

құрастыру.    Мәтін бойынша сұрақтар  құрастырып, берілген  мәселеге қатысты  өз ойын

жеткізе білуі. Атаулы сөйлем. [2 ] 212бет,  123-жаттығу.

5-мәтін. Көлік және коммуникация. Тақырыпты талдау, жаңа сөздер мен сөз тіркестері

туралы түсінік беру. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту, оның ішінде

өз мамандығы, ерекшеліктері туралы мәтін құрастыру. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айта

білуге   уйрету.   Монологтың   сипаттау   түрін   меңгерту.   Жай   сөйлем   туралы   түсінік.   Жай

сөйлемнің құрылымдық түрлері: жақты, жақсыз сөйлем. [2 ] 210-211бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет