Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет72/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126

5

болады. 


 Қазақ тілін орыс тілді аудиторияда оқытудағы басты мақсат – коммуникативтік дағдыны 

қалыптастыру  болып  табылады.  Коммуникативтік  дағдыны  қалыптастыруда  айтылым 

дағдысының алатын орны ерекше. Тілді үйрету үдерісінде әсіресе ауызекі сөйлеуге, тіл дамытуға 

баса мән беріледі. Тілдік қатынас, ауызша сөйлеу – оқушының сөйлеуге деген қызығушылығын 

арттырады. Бұл тапсырмаларды орындауда төмендегі ұстанымдарды ескерген абзал:

•  Тапсырма нақты болуы керек, мысалы, бір зат туралы ақпарат алу, әңгімелеу, жауап 

беру, анықтау, дәлелдеу, теріске шығару, өтініш жасау, кешірім сұрау;

•  Тілдік материалдарды дұрыс пайдалану;

•  Тапсырмаға деген қызығушылық пен сол тапсырманы орындауға деген ынтасы мен 

белсенділігін арттыру.

Бұл  тапсырмалар  белгілі  бір  тақырыптарға  арналады.  Тапсырмалардың  қабылдау 

деңгейіне  қарай  әртүрлі  болуы  керек.  Яғни  үлгерімі  төмен,  баяу  қабылдайтын  оқушыларға 

жеңілдеу, ал тілді тез үйренуге қабілеті бар тіл үйренушілерге күрделі тапсырмалар беріледі.

Жағдаяттық  тапсырмалар  әртүрлі  тақырыптар  да  болуы  мүмкін.  Мысалы,  оқушының 

көрсетіп  тұрған  суреттің  оң  жағына  не  туралы  салынғаны,  досының  бос  уақытында  немен 

айналысатыны, ата-анасының қызметі, қайда саяхаттағысы келетіні туралы, ауа-райы немесе 

отбасы  жайында  айтуға  болады.  Осы  кезде  әртүрлі  сауалдың  қойылуы  тілді  үйренуге  көп 

септігін  тигізеді.  Тіл  үйренуші  оқушылар  рөлдік  ойындарға  да  белсене  қатысады.  Өтілетін 

тақырыптар  бойынша  әр  алуан  жағдаяттық  тапсырмалар  берсе,  тиімді  болады.  Мысалы, 

«Сіздің  досыңыз  алғаш  рет  іскерлік  кездесуге  бармақшы.  Досыңыз  қатты  қобалжып,  сізге 

электронды  пошта  арқылы  хат  жіберіпті.  Өз  тәжірибеңізге  сүйеніп,  досыңызға  ақыл-кеңес 

беріңіз»  немесе  «Ата-анам  менен  ұлы  шахматшы  шықса  деп  армандайды.  Әкем  мені  тіпті 

шахмат үйірмесіне жаздырып қойды. Бірақ мен шахматты ұнатпаймын! Мен сурет салғанды 

ұнатамын.  Не  істесем  екен?»  деген  сияқты  жағдаяттарды  топта  талқылатып,  оқушылардың 

қандай ақыл-кеңес беретінін сұрау тілді меңгеруге көп септігін тигізеді. Бұл тапсырмалардың 

тиімділігі  сол,  үлгерімі  төмен  және  қабілетті  оқушылар  да  сабаққа  толық  қатыса  алады. 

Мұндай  тапсырмалар  және  рөлдік  ойындар  үйренушілердің  сөйлеу  тілін  дамытып  қана 

қоймай, тілге деген қызығушылығын арттырады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер 

мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, сөз тіркестерді қолдануды, сұрақ 

қою түрлерін үйрету тиімді [4].

Оқылым  –  тіл  үйренудегі  ең  маңызды  дағдылардың  бірі.  Оқылым  мәтіндер  арқылы 

жүзеге  асатындықтан,  оқылымды  меңгертуге  арналған  мәтіндер    белгілі  бір  талаптарға 

сай  сұрыпталып  беріледі.  Тілді  үйретуде  оқылымды  хабарды  жеткізудің  негізі,  ал  мәтінді 

хабардың көзі ретінде қарастыра отырып, жеткізілетін хабардың ақпараттылығына мән беру 

маңыздылығы алға қойылды. 

Оқуды  игертудің  алғашқы  кезеңдерінде  тіл  үйренушілерге  меңгерген  шектеулі  сөздік 

қорларын  қолдану  арқылы  еліміздегі  түрлі  саяси,  әлеуметтік,  мәдени,  экономикалық 

проблемалар туралы мағлұматтар беруге болады. Ол үшін  дидактиканың «жеңілден ауырға 

қарай» ұстанымын бағытқа ала отырып, тіл үйренушілерге шағын мәтіндер беріліп,ол мәтіндер 

күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Лингвистикалық қиындықтардың ішінде лексика оқылы 

үдерісіне әсер етеді. Тіл үйренуші тілдік қатынас кезінде сөздік қорындағы санаулы сөздерді 

қолданатыны белгілі. Кейбір сөздердің ауыспалы мағынада кездесуі, тұрақты сөз тіркестерін, 

антоним, омоним, синоним сөздердің қолданылуы лексикалық қиындықтарды тудырады.

Оқылым  барысында оқушылар бойында:

•  мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты  ажырата білу;

•  астарлы ойды анықтау;

•  шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;


485

•  зерттеп оқу;

•  сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары қалыптасады.

Қазақ  тілін  үйретудің  жаңа  бағыттарының  бірі  –  жазылым.  Жазылым  тапсырмасын 

орындаған кезде оқушыларға керекті мәліметтерді жаздырып, үлгі көрсетіп, содан кейін барып 

соған ұқсас мәтін жазуды тапсыру – жиі атқарылатын жұмыстардың бірі. Жазылым барысында 

оқушыға  атқарылатын  жұмыс  туралы  аздаған  мәліметтер  бере  отырып,  жаңа  тақырыптың 

мазмұнынан хабардар ету керек.Ол үшін сұрақ-жауап әдісін қолданған жөн. Мысалы, «Саяхат. 

Көрікті жерлер» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс орындау үшін мұғалім саяхатқа қатысты 

мәліметтерді жинақтап, солардан сұрақтар дайындап, әрі дайындалған сұрақтардың жауабын 

бере  отырып,  оқушыларға  тақырыпты  түсіндіру  керек.  Содан  соң  мұғалім  үлгі  ретінде  бір 

саяхатты оқушыларға айтып бергеннен кейін, оларға өздерінің бастарынан өткізген бір оқиғаны 

айтқызып, соларды жаздыруға болады.

Міне,  бірнеше  сабақтар  барысында  осы  тапсырмалар  беріліп  отырды.  Берілген 

тапсырмалармен жазылымға бару үшін айтылым әрекетінің барлық түрлерін қамти отырып 

жүргізілді.  Жаттығудың  бұл  түрі  оқушының  кез-келген  тілдік  ортада  еркін  пікір  алмасу,  

қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру мен түрлі мазмұндағы тілдік жағдаяттарда білім, білік, 

дағдыларын қолдануды жетілдіруге бағытталды. Сонымен бірге ойын жүйелі жеткізу, пікірін 

дәлелдеу  мен  тілдік  жағдаятта  оңтайлы  шешім  қабылдауды  үйретуді  көздеді.  Орындалған 

тапсырмалар  арқылы  эссе  жазу  барысында  міндетті  түрде  сөздік  қорлары  көбейіп,  ойын 

дұрыс  жазуға  қалыптасады  деп  айта  аламыз.  Осы  тапсырмалар  арқылы  студентердің 

жазылым  іскерлігін  арттырып  отыр.  Сабағымыз  оқушыларға  қиындық  емес,  қызығушылық 

пен тартымдылыққа үйретіп отырды. Түрлі мәтіндер арқылы жазылымға бару үшін көптеген 

жұмыс  түрлері  жүргізіліп  отырды.  Ағартушы  А.Байтұрсынов  «Мұғалім  әдісті  көп  білуге 

тырысу  керек.  Оларды  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»  дегендей, 

өзім  де  қазақ  тілін  үйретуде  нәтижелі  болатын  әдістерді  сұрыпталып  пайдаланылды.  Озық 

тәжірибелермен  танысып,  пән  оқытушыларымен  тәжірибе  алмасуға  мүмкіндік  берілді. 

Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі 

оқытушыдан көп ізденіс талап етіледі.  

Аталған 


дағдыларды 

қалыптастыруда 

келесі 

әдіс-тәсілдерді 



пайдалануға 

болады: оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық 

оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы 

оқыту,  өз  ойын  жеткізуге,  өзіндік  таңдау  жасауына  мүмкіндік  тудыра  отырып,  оқушының 

танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын 

өмірмен  байланыстыра  отырып,  оқушыларды  білімді  өз  бетімен  меңгеруге  талпындыру, 

сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдану,  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап  іздеу, 

мәселені талқылау, ой қорытындылау, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу, сабақ процесінде 

оқушының  белсенді  іс-әрекеті  белсенді  ойлауға,  белсенді  оқытуға  бағытталады.  Оқушы  өз 

көзқарасын  қалыптастырып,  басқалардың  да  пікірін  ескереді.  Жаңа  идеялар  ұсынуда  және 

жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы 

зор, ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – оқушының қабілетін дамыту, еңбекке баулу, 

ұйымшылдық  қабілеттерін  ояту,  ынтымақтастыққа  тәрбиелеу,  өзін-өзі  басқару.  Сабақты 

өткізуде  мұғалім  келесілерді  ескеруі  қажет:  сабақтың  мақсаты  мен  күтілетін  нәтиже  анық 

болуы тиіс, тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту, белсенді 

оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру, мұғалім мен оқушы арасындағы кері 

байланыс, оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау. 

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа 

үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді, 

өзіне-өзі  баға  беруге,  сыныптастарын  бағалауға  үйренеді,  бір-бірін  тыңдауға,  талдауға, 



486

5

салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. 

Қазіргі кездегі білім берудің барлық жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты 

– білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше 

ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. 

Сонымен қатар оқушылардың тілін дамытудың әдістемесін, оқушылардың білімін бақылау 

мен бағалаудың әдістері мен тәсілдерін арнайы зерттеу, оның нәтижелерін өндіріске енгізу, 

тиімді пайдалану әрқашанда ерекше өзекті мәселелердің бірі. Оқытудың қазіргі құралдарын 

пайдалана  білу,  қажетті  дидактикалық  құралдарды  жасаудың,  іс  жүзінде  пайдаланудың 

амалдарын, тәсілдерін меңгеру – өз алдына бір сала. Осындай әр сала бойынша қалыптасатын 

білім,  дағды,  біліктілік  негіздері  аясында  мұғалім  оқыту  әдістемесінің  жалпы  теориялық 

қағидаларын, соны жетістіктерін озық тәжірибемен ұштастыра отырып, өзінің кәсіби қызметін 

жоғары сапалық деңгейде атқаруға ұдайы ұмтылуы қажет. Оның мынадай себептері бар: белгілі 

бір пәнді оқыту әдістемесі ғылыми тұрғыда қаншалықты толық зерттелгеніне қарамастан, ол 

зерттеулер бүгінгі күннің даму қарқынына сәйкес келмейді. 

Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  әдістері  тілдің  адам  өміріндегі,  қоғамның  әлеуметтік 

дамуындағы  маңызы,  тіл  мен  сана,  сөз  бен  ойлау  арақатынасы  туралы  лингвистикалық, 

психологиялық  қағидаларға  сүйенетіні  белгілі.  Бұл  ретте  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  тіл 

білімінің тілдің әлеуметтік қызметі мен мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. 

Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін қазақ тілінің құрамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың саласына жатады. Ол оқушылардың 

дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын дұрыс, 

жүйелі жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге 

көзқарасының, дүниетанымының негізін қалыптастыру жолдарын қарастырады. Бұлар – оқу 

үдерісінің құрамдас бөліктері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні – оқыту үдерісі. Ана тілі 

қазақ мектебінің оқушылары үшін таным құралы, білім, тәрбие алу құралы, ойлау формасы 

болып табылады. Оқушының ақыл-ойының өз деңгейінде дамуы, қоғамның лайықты мүшесі 

болып  қалыптасуы  оның  тілінің,  ойлауы  мен  сөйлеуінің  тиісті  талаптарға  сай  дамуымен 

тікелей байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі осындай мақсаттарды көздейді [5].

Сондықтан оқыту әдістемесінің пәні оқыту үдерісін тұтас қамтиды. Оқыту әдістемесі 

мұғалімнің пән мазмұны бойынша тиісті білімді оқушының меңгеруіне қызмет ететін құралдар 

мен  әдістерді  тиімді  пайдалану  әрекетінде  жүзеге  асады.  Оқыту  әдістемесі  оқу  үдерісінің 

барлық  кезеңдерін,  құрамдас  бөліктерін  тұтас  қамтамасыз  етеді.  Оқу  үдерісінің  құрамдас 

бөліктері: а) білім мазмұны (білім, дағды, білік); ә) мұғалім әрекеті; б) оқушылардың әрекеті.

Оқушылардың  білімін  бақылау  мен  бағалау  әдістері  де  оқыту  үдерісі  аясында 

қарастырылады.  Сондықтан  оқыту  әдістемесі  оқу  үдерісіндегі  оқушы  мен  мұғалімнің 

әрекеттерін өзара үйлескен, бірлескен әрекет ретінде қарастырады. Айтылған жайлар негізінде 

қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  мынадай  бірнеше  міндеттерін  атауға  болады:  а)  қазақ  тілін 

ана  тілі  ретінде  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау;  ә)  оқытудың  мазмұнын 

анықтау: оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын, оқу кешендерін жасау, оқулықтар жазу; 

б)  оқытудың  әдістерін,  тәсілдерін,  дәріс  үлгілерін,  әдістемелерін,  құралдарын  әзірлеу;  в) 

оқушылардың білімін бақылау әдістері мен бағалау өлшемдерін анықтау. 

Қорыта келе, қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттарының ерекшелігі – оқытудың мақсаттары 

мен міндеттерін, мазмұнын анықтайды, әдістерін жасайды, бақылау мен бағалау өлшемдерін 

қалыптастырады деп тұжырым жасаймыз. Осының бәрі оқу әдістемесінің жүйесінде оқушының 

білім алу үдерісін, жалпы оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оның нәтижелілігін бақылау мен 

бағалауда өзіндік орны бар жүйелі қызметтер.


487

Әдебиеттер тізімі

1.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары.-  Алматы: Рауан, 1991. 78-б.

2.  Қазақ  тілді  емес  мектептерде  тілдерді  дамыта  оқыту  әдістері.  Әдістемелік  құрал. 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Астана, 2013. 86-б.

3.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. 1990. 448-б.

4.  Сапаева  Г.Е.  Қазақ  тілін  оқытудағы  кейбір  мәселелер//  әл-Фараби  атындағы  қазақ 

ұлттық университеті. «Өзге тілді аудиторияда оқытудың инновациялық бағыттары» 

атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары (10 сәуір 2012 

ж.). 104-112 б.

5.  Жусанбаева  С.  Қазақ  тілі  оқыту  әдістемесінің  кейбір  өзекті  мәселелері//әл-Фараби 

атындағы қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. №5(217) 2012 ж. 97-103 б. 

6.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. 

Пед.ғыл.докт.дис. Алматы, 1996. 345-б.

7.  Жиенбаева Ж.Ж. Қазақ тілін оқытуда тыңдалым дағдысын қолдану әдістері. 

http://www.rusnauka.com/15_KPSN_2015/Pedagogica/2_193427.doc.htm

8.  Ныязбекова  К.С.  Мәтінді  оқылым  арқылы  меңгертудің  лингвистикалық 

ерекшеліктері. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

http://www.rusnauka.com/8_NMIW_2012/Pedagogica/2_104562.doc.htm



9.  Утенова Д. Студенттің жазылым іскерлігін дамыту.    

 

 



 

http://enu.kz/repository/repository2012/studenttin-jazylym.pdf

10.  Ибрагимов Қ. Жаңа үлгідегі қазақ тілі әдістемесі. Алматы, ШЫҢ-Кітап, 2007.

PISA ЗЕРТТЕУІНЕ СӘЙКЕС ОҚУШЫЛАРДЫҢ  

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Құрманғалиева  Г. Ғ.

Павлодар қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді  сөздер:  PISA  зерттеуі,  оқу  сауаттылығы,  функционалдық  сауаттылық,    терең 

түсіну, мәтін, жағдай, аспект, оқылым стратегиялары.



Аңдатпа

Автор өз мақаласында PISA халықаралық зерттеу талаптарына сай оқушыларды   оқу 

сауаттылығы бағытына дайындау тәжірибесімен бөліседі. Әр түрлі мазмұндағы мәтіндермен 

жұмыс  жүргізу  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту-оқу 

сауаттылығының басты мақсаты. PISA  зерттеуіндегі  тапсырмаларда кездесетін  үш құрамдас 

компоненті:  мәтін,  жағдай,  аспект  түрлері  жайлы  нақты  ақпарат  береді.  Өз  тәжірибесінде 

қолданып жүрген оқылым әдістерін ұсынады. 

Аннотация

Автор  в  своей  статье  делится  собственным  опытом  в  подготовке  учащихся  в  рамках 

направления  грамотность  чтения  по  международной  программе  PISA.  Главной  целью  

грамотного  чтения  является  развитие  функциональной  грамотности  учащихся,  которое 

достигается путем чтения текстов различного содержания. Дается информация о структурных 


488

5

компонентах чтения: текст, ситуация, аспект. Предлагает  стратегии чтения, используемые на 

своих уроках. 

Abstract

The author in his article shares their experience in preparing students under the direction of 

reading  literacy  on  the  international  program  PISA.  The  main  purpose  of  reading  literacy  is  the 

development of functional literacy of students, which is achieved by reading the texts of different 

content. The information on the structural components of reading: text, situation, aspect. It offers 

reading strategies used in their classrooms.

PISA  зерттеуі  оқушылардың  оқу  сауаттылығын  тексеру  арқылы  олардың  жазбаша 

мәтіндерді  түсінуін,  қолдануын,  анализ  жасауын  және  мақсатқа  жету  үшін  қызығушылық 

танытып, білімін тереңдетуін, ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдық өмірде белсенділік таныта білуін 

анықтайды. 

PISA зерттеуінің  талаптарына сай болу-функционалдық сауаттылықты  дамыту дегенді 

білдіреді.Функционалдық   сауаттылық-белгілі бір кезеңге сай  субьектінің  алған білімі мен 

дағдысы  негізінде  сауатты  іс-әрекет  ете  алуы.  ЮНЕСКО    құжаттарында  алғаш  рет    1960 

жылдары пайда болған бұл ұғым  кең мағынада   қолданылады. 

 Функционалдық   сауаттылық  нені қамтиды?

Жалпы сауаттылық

жазу, санау, сұрақтарға жауап беру 

Компьютерлік сауаттылық

іздеу, пайдалану, жасап шығару

Ақпараттық сауаттылық

табу және іріктеу,қолдану,талдау, бағалау

Коммуникативтік  сауаттылық

еңбектену, жақын тарту, бой алдырмау

Шет тілдерін үйренудегі сауаттылық

аудару, әңгімелеу, тыңдау, сөйлесу

Апатты жағдайдағы сауаттылық

жылдам  шешім қабылдау, іс-әрекет жасау

Тұрмыстық сауаттылық

таңдау, жоспарлау, пайдалану

Құқықтық-саяси сауаттылық

түсіндіру, өз көзқарасын қорғау, талдау

2009  жылдан  бастап  PISA  нормаларында  техникалық  дағдылармен  қатар  оқуға  деген 

позитивті қатынасты қалыптастыруға үлкен назар аударылып отыр. «Көп оқу –тілді жетілдіру 

кепілі» басылымында (Оқу өнері, 2011) «еркін оқи білу» (өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін 

оқу) тілді дамытуға жағымды әсер қалыптастыру мен оқығанын түсінуге әсер етеді. Оқушылар 

газет-журналдар  мен  комикстерді  үлкен  қызығушылықпен  оқи  отырып,  өздерінің  сөздік 

қорларын байытады. Ондай мәтіндер өзіндік ерекшелігі бар, заманауи сөздердің дереккөздері 

болып табылады (Каннингхэн, Станович, 1998).  PISA зерттеуіндегі тапсырмалардың   мақсаты 

төменгідей:  түсіну, қолдану және талдау  дағдыларының танымдық қабілетке тікелей қатысы 

бар. Мәтіннің мазмұнын түсіну оның мағынасын анықтай білумен байланысты. Ал қолдану –

мәтіндегі ақпарат пен идеяны  тікелей  мақсатына сәйкес   қолдана білу  дағдысын көрсетеді. 

Көптеген  жағдайда,оқырмандық  әрекет  осындай  оқу  түріне  жүгінеді.  Оқырмандар  мәтінді 



талдай отырып, оқығанын өзінің идеясымен және тәжірибесімен сәйкестендіреді.

«Сауатты оқу – бұл  мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті  дамыту, қоғамға қатысу 

үшін  жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және және жұмыс жасау» (PISA, 2009) [ 1, 

15-б.].


«Оқу сауаттылығы» термині қарапайым «оқуға» қарағанда, әлдеқайда жағымды болып 

489

табылады. Себебі  «оқу»  деген  жай  дауыстап  оқуды  меңзеуі  мүмкін,  ал  PISA    халықаралық 

зерттеуіндегі  «оқу сауаттылығы» оқыған ақпаратты анағұрлым кең әрі терең түсінуді қажет 

етеді.  Оқырмандардың  метакогнитивтік  біліктілігі  белгілі  бір  мақсат  үшін  өздерінің  оқуы 

жайлы  ойланғанда,  бақылағанда  және  реттегенде  белсенді  болады.  PISA    халықаралық 

зерттеуіндегі  «оқу сауаттылығы» әр түрлі жағдайлар және әр түрлі мақсаттар үшін оқудың 

белсенді,  мақсатқойғыш  әрі  қызметтік  қолданысы.  Оқу  сауаттылығының    атқаратын  рөлі-

оқушының  өз  мақсатына  жету,  білімін  және  әлеуетін,  ой-өрісін  кеңейту,  қоғам  өміріне 



қатысу  дағдыларының жағдаяттарға сай көрініс табуы. 

Оқу  дағдысы-тұлғаның  толыққанды  қарым-қатынас  жасауы  мен  дамуы  үшін  қажетті   

және  әлеуметтік ортада өмір сүруіне маңызды болып табылатын дағды. Оқу, әсіресе, мектепте 

маңызды болатын әлеуетті дамыту, ой-өрісін кеңейтуге қажетті  әрекет түрі. Ғылыми  зерттеулер 

көптеген ересектердің өмір бойы оқып,білім алатынын  және   соның ішінде оқу дағдылары 

формалды және бейформалды мәнмәтіндерде  маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. 

Оқу сауаттылығы бойынша PISA  зерттеуінің нормасы-оқылым бойынша тапсырмаларға 

және  оқырман  сауаттылығы  бойынша  әр  түрлі  шкала  арқылы  есептер  жасауға  негіз  болып 

табылады. Ол нормаларда оқу саласындағы үш бағыт сипатталады, атап айтқанда,мәтіндер, 

аспектілер және жағдаяттар. Ол бағыттар, сәйкесінше, төмендегі мәселелерді сипаттайды:

•  оқушылар оқитын  түрлі мәтіндердің түрлері;

•  оқушылардың мәтінді оқудағы мақсаттары;

•  мәтінде қолданылатын мәнмәтіндер.



Мәтін   түрлері. Оқушылар қандай мәтіндерді оқуы керек?

Тұтас мәтіндерді(сөйлемдермен) 

Тұтас емес мәтіндерді(мысалы, тізімдер, графикалық кесте, диаграмма, сурет)

Аралас мәтіндерді(тұтас және тұтас емес мәтіндерді араластыру) 

Жиын мәтіндер (түрлі дереккөздерден алынған бір тақырыптағы мәтіндер)

Мәтін типтері. Мәтіннің мақсаттары қандай?

Сипаттау


Хабарлау

Мазмұндау

Деректерін көрсетіп айту

Нұсқау беру

Айырбастау

Aспектілер. Мәтін  бойынша сұрақтың  мақсаты? 

 Іздеу және табу: оқушылар мәтіннен қажетті  ақпаратты таба алады. 

Кіріктіру мен талдап түсіндіру: оқушылар оқыған ақпараттарын қолдана біледі. 

Анализ  және  бағалау: оқушылар оқыған ақпарттарынан шегініс жасап/алшақтап оны өз 

тәжірибесімен салыстыра алады. 



Жағдаяттар. Автор көзқарасы тұрғысынан, берілген мәтіннің көздеген мақсаты қандай? 

Өзіндік/жеке:мәтін өзіндік  қызығушылықтан  оқылады. PISA тапсырмаларының 30 %

490

5

Қоғамдық: мәтін оқырман зейінін қоғамдық мәселелерге аудару мақсатында жазылған. PISA 

тапсырмаларының 30 %



Білім беру:мәтін білім беру саласында қолданылады. PISA тапсырмаларының  25 %

Кәсіби: мәтін кәсіби жағдаяттарға арналған.PISA тапсырмаларының 15 %

Қазіргі  ақпарат  ағыны мол, техника дамыған заманда оқушылардың сауатты оқуын  қалай 

қалыптастырамыз? Оқыған мәтінінен қажетті ақпаратты іріктеп   алу үшін оқу сауаттылығының 

үш кезеңі жүргізіледі:оқылымалды тапсырмалар, оқылым кезіндегі тапсырмалар, оқылымнан 

кейінгі тапсырмалар.

Бірінші  кезеңде    оқушының  бұрынғы  тәжірибесіне  сүйену  маңызды.  Сол  мақсатта 

тақырып  бойынша  кілтті  сөзді  айтып,  миға  шабуыл  әдісін  қолдану  тиімді,  жаңа  тақырып 

бойынша  глоссарий беру оқушының  сөздік қорын дамытады. Сурет немесе коллаж  бойынша 

тақырыпты болжату, тақырып төңірегінде туындауы мүмкін сұрақтарды қою баланы оқылым 

материалына  едәуір дайындайды.

Тәжірибеде қолданылып жүрген оқылым кезіндегі тапсырмалар: дөңгеленіп отырып 

кезекпен оқу, тоқтап талқылап оқу, түртіп алу, екіжақты күнделік.  

Оқылымнан  кейінгі  стратегиялар: сұрақтар мен жауаптар, Блум бойынша сұрақтар, 

анықтамалар  картасы,  перифраз,  ықшамдалған    мәтін,  бағалау  парағы,  +-  қызықты,  РАФТ, 

синквейн,  FILA,  фишбоун,  Сократтық  семинар,  автор  орындығы,  авторға  сұрақ,  кейіпкерге 

сұрақ, ойлаудың алты қалпағы, мәтіндік ақпараттық графикалық кестеге немесе ментальды 

картаға салу, шатасқан мәтін, эссе.

Осы әдістердің барлығы  оқушының мәтінді үстірт оқып қана қоймай, оның мазмұнын 

терең түсіну, ақпаратпен әрі қарай жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Сонымен қатар, мәтінді оқу  әр түрлі мақсатты көздейді:

•  көз жүгіртіп оқу 

•  жалпы   мазмұнын түсіну үшін оқу

•  негізгі идеяны түсіну үшін оқу

•  фактілерді анықтау үшін оқу

•  детальді анықтау үшін оқу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет