Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет1/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
7397

5

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы



БІЛІМ БЕРУ:

ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУ

баяндамалар жинағы

Международная научно-практическая конференция



ОБРАЗОВАНИЕ:

ИССЛЕДОВАНИЕ УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ

И

сборник докладов

International research-to-practice conference



EDUCATION:

RESEARCH AND SUSTAINABLE DEVELOPMENT

report book

АСТАНА

ҚАЗАҚСТАН

Center


of Excellence

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ

АОО «НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ ШКОЛЫ»

AEO «NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS»

Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы



БІЛІМ БЕРУ:

ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУ

баяндамалар жинағы

Международная научно-практическая конференция



ОБРАЗОВАНИЕ:

ИССЛЕДОВАНИЕ УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ

И

сборник докладов

International research-to-practice conference



EDUCATION:

RESEARCH AND SUSTAINABLE DEVELOPMENT

report book

5

УДК 37.0 (063) 

ББК 74.04.04 

О - 23 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Әдістемелік кеңесі 

 басуға ұсынады 

Рекомендован к печати Методическим советом  

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

Recommended for printing by methodological board of 

AEO "Nazarbayev Intellectual Schools" 

Баяндамалар жинағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жариялауға дайындалған 

Сборник  докладов  подготовлен  к  публикации  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные 

школы» 


Book of reports prepared for publication AEO "Nazarbayev Intellectual Schools" 

Рецензенттер: 

Тукенова  Н.  И.  –  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік университетінің доценті 



Аушева И. У. - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  

Рецензенты: 

Тукенова Н. И. – кандидат педагогических наук, доцент 

Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова 



Аушева И. У- кандидат педагогических наук, профессор 

Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»  



Reviewers: 

Tukenova N.I. - PhD, Associate Professor Zhetysu State University named after I.Zhansugurova 

Ausheva I.U. - PhD, Professor 

Center of Excellence AEO "Nazarbayev Intellectual Schools" 



О-23.  Білім  беру:  зерттеу  және  орнықты  даму.  -  Халықаралық  ғылыми-практ.конф. 

(Астана  қ.,  2015  ж.  22-23  қазаны)  –  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ.  - 

2015. - 

862 б. 


О-23.  Образование:  исследование  и  устойчивое  развитие.  -  Сб.  докл.  Междунар.  науч.-

практ.  конф.  (г.  Астана,  22-23  октября    2015  года)  –  Астана:  АОО  «Назарбаев 

Интеллектуальные школы». - 2015. - 

862 с. 


О-23. Education: research and sustainable development. - Col. rep. Intern. scientific and 

practical.

Conf. (Astana, 22-23 October 2015) - Astana: AEO "Nazarbayev Intellectual Schools". - 2015. - 

862 p. 


ISBN

 978-601-7780-61-6

   Осы  «Білім  беру:  зерттеу  және  орнықты  даму»    Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференцияның  баяндамалар  жинағы  қазіргі  білім  беру    жүйесінің  өзекті  мәселелеріне 

арналған.  

Баяндамалардың  мазмұны  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  дамытудың  басым 

бағыттарын айқындайды: озық әлемдік тәжірибені талдап қорыту; мұғалім жұмысындағы 



инновациялар және оның үздіксіз кәсіби дамуы; педагогтардың желілік қоғамдастығының 

мүмкіншіліктері және т.б.

 

Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.    



 

 

Настоящий  сборник  докладов  Международной  научно-практической  конференции 



«Образование:  исследование  и  устойчивое  развитие»  посвящен  одной  из  актуальных 

проблем  современной  системы  образования.  Содержание  докладов  отражает 

приоритетные  направления  в  развитии  системы  образования  Казахстана:  обобщение 

лучшего  мирового  опыта;  инновации  в  работе  учителя  и  его  непрерывное 

профессиональное

 

развитие; возможности сетевого сообщества педагогов и др. Доклады



 

представлены на казахском, русском и английском языках.  

 

This book of reports of the International scientific-practical conference "Education: Research and 



sustainable  development"  is  devoted  to  one  of  the  most  urgent  problems  of  modern  education 

system.  The  content  of  the  reports  reflects  the  priorities  in  the  development  of  the  education 

system of Kazakhstan: the generalization of best international practices; innovation in the teacher 

and his continuing professional development; the possibilities of network community of teachers 

and others. The reports are presented in Kazakh, Russian and English languages. 

 

ISBN 978-601-7780-61-66

© 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 



 АОО  «Назарбаев Интеллектуальные школы»       

AEO “Nazarbayev Intellectual schools”

 

УДК 37.0 (063) 

ББК 74.04.4.04

5


1

«7-8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗДІГІНЕН ДЕРЕКПЕН ЖҰМЫС 

ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ТАҚЫРЫПТЫ МЕҢГЕРТУГЕ БОЛАДЫ?»

Абджалиев Н. А. 

Қызылорда қаласындағы химия – биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақаланың  маңызы  мен  негізгі  нәтижесі:  әріпестеріммен  бірге  үлгірімі  түрліше 

дәрежедегі оқушыларды зерттеп, тізбектелген сабақтарда олардың деректермен жұмыс жасау 

дағдыларының қаншалықты прогреске өзгергенін зерттегенім,



Аннотация

В данной статье автор делится совместным с коллегами опытом работы исследования в 

действии. Рассматривается анализ и обработка данных наблюдения серии уроков за различной 

деятельностью учащихся, за степенью овладения обучаемым навыкам, уровнем прогресса в 

усвоении учебного материала.

Abstract

The main thing and the main result of this article : I investigated different level students with 

my colleagues and how the progress skill of their work changed during with different subjects

Мен  оқушылардың  қажеттіліктерін  әр  түрлі  әдістер  арқылы  анықтадым.  Мен  үшін 

күнделікті жүргізілетін сабақ процесінің тиімділігін арттыру және эффективті нәтижелілікке 

бағыттау  басты  креативтердің  бірі  болып  саналғандықтан,  оқушылардың  қажеттіліктерін 

анықтау педагогикалық міндеттерімнің алғышарты болып есептелді.

 Оқушылар қажеттіліктерін анықтауда негізінен қолданылған әдістер: 

• Ауызша сөйлесу.

• Өзара ақылдасу.

• Философиялық сұрақтар мен әр түрлі мәселелерді көбірек көлденең тарту.

• Психологиялық тренингтер («Мен нені қалаймын?», «Мен өскенде кім боламын?»,

«Мамандықтар жәрмеңкесі», «Креативті ойлау дағдылары» тәрізді жаттығулары).

• Ситуациялық жағдаяттар.

Бұл әдістердің барлығы оқушылардың осы пәнді оқу барысындағы өмірлік ориентирлері 

мен қызығушылықтарын, қабілеттерін, мақсаттарын анықтау мақсатында қолданылды [1].

Бұл әдістерді қолдану алдында мен өзімнің әріптестерім психолог мамандар, тарихшылар, 

тіл мамандарымен кеңестім. 

Мысалға,  «Креативті  ойлау  дағдылары»  психологиялық  жаттығуын  қолданар  кезде 

психологтармен және тіл мамандармен ақылдастым. Өйткені, балалардың тілдік пән мен тілді 

кіріктіріп сөйлеу қабілеттерін анықтау үшін олардың көмегі көбірек керек болды.

 Ал «Мамандықтар жәрмеңкесі» тренингін өткізу барысында мектебімнің кәсіби бағдар 

жұмыстары жөніндегі директор орынбасарымен барынша консультация жүргізіп өткіздім.

Үлгірімі  әр  түрлі  оқушылармен  жұмысты  жоспарлау  кезінде  көп  жағдайда  оқытудың 

белсенді әдістері мен ми генерациясы, дискуссиялық өрнек, проблемалық полемика және т.б. 

тәрізді оқушыларды зерттеушілікке бағыттайтын стратегияларды қолданамын [2].



2

5

Биылғы оқу жылында мен әріптестерім Н.К. және З.А. бірігіп, мектебімдегі талантты 

және дарынды оқушыларды анықтау процесіне қатысты «Асtion Research», яғни, «Іс- әрекеттегі 

тәжірибені  зерттеу»  бағдарламасына  қатысып,  талантты  және  дарынды  балаларды  зерттеу 

жұмыстарымен айналыстым. 

«Қазақстан тарихын оқытудағы деректермен жұмыс» тақырыбы бойынша әрқайсысымыз 

мектебіміздегі  7,  8,  9  сынып  оқушыларынан  оқу  үлгірімі  түрліше  дәрежедегі  оқушыларды 

сыныптағы жұмыс барысында әр түрлі деректермен қалай жұмыс істейтініне назар аударып, 

зерттеу жұмыстарын өзара индивидуальдық және жұпта, топта қалай жұмыс істейтінін бірге 

бақыладық.

«Іс –әрекеттегі өзара зерттеу» процесінің түрліше кезеңдерінде (тақырып таңдау, ата –

аналардан баласын зерттеуге келісім алу, жұмыс барысын жоспарлау, сабақтардағы зерттеу 

объектілерінің  психологиясын  бақылауда  командалық  зерттеу  жүргізу,  нәтижелерді  ортақ 

сарапқа салу, бірге жасалған жұмыс нәтижелерін презентациялау тәрізді т.б.) біз өзара ортақ 

ынтымақтасу негізінде команда болып жұмыс жасадық.

Осы  жұмыстарды  орындау  үшін  мен  өзім  Қазақстан  тарихы  пәнінен  дәріс  беретін  7 

сыныбымнан 3 оқушыны зерттеу объектісі ретінде нысанаға алдым. Командалық оқыту арқылы 

бір-біріміздің  сабақтарымызда  бақылаушы  ретінде  аралап,  жұмыс  барысымен  таныстық, 

зерттеулер жүргіздік, нәтижелерімен ой бөлістік.

Осындай бақылаудың арқасында оқушылардың әр түрлі дереккөздерімен жұмыс жасау 

барысындағы дарындылық қасиеттерін саралауға, оларды одан әрі дамытуға мүмкін болатын 

мүмкіндіктерді табуға ыңғайлы нәтижелер болды.

«Қазақстан тарихы сабақтарында деректермен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша зерттеу 

объектіме алған үш оқушымен жүргізіп жатқан жұмысымның құрылымдық элементтері:

Кесте 1. Жүргізілген жұмысымның құрылымдық элементтері

«Іс –әрекеттегі зерттеу» жүйесі бойынша жұмысымның мақсаттары:

1. Оқушыларға деректерді қалай

дұрыс таңдап, олармен қалай жұмыс 

істеу керектігін көрсету.

2. Оқушылардың бақылау

аралығы кезеңіндегі 

психологиялық өзгерістеріне 

сараптама жасау.

3. Әріптестермен командалық

жұмыстар жүргізе отырып, сабақ 

барысындағы дарындылықты 

дамытудың жолдарын бірге 

іздестіру.

 «Іс –әрекеттегі зерттеу» жүйесі бойынша жұмысымның формалары:

1. Әріптестермен апта сайынғы өзара

консультациялар жүргізу.

2. Сабақтар өткізген сайын

қатысып, бір –бірімізге 

командалық бақылау жасау.

3. Зерттеу нәтижелері бойынша

сараптама дайындап, ортақ 

ұжымдық қорытынды шығару.

Зерттеу барысында қарастырылған басты проблемалық сұрақтар:

• Оқушылар өздігінен дерекпен жұмыс жасау кезінде неге қиналады?

• Тарихи деректердің маңыздылығын неге толыққанды түсінбейді?

• Деректегі мағлұматтың ғылыми құндылығын анықтауда оқушы неге қиналады?

Үш  оқушының  белгілі  бір  дәрежедегі  психологиялық  қабілеттерінің  өзгеру  дәрежесі 

бастапқы сатысында пассивті болды [3].

Төменде  кестеде  көрсетілген  жұмыс  формалары  жүзеге  асырылып,  тиісті  жұмыстар 

орындалып, зерттелгеннен кейін А мен С оқушыда позитивті эффекттер байқала бастады.


3

Кесте 2. Әртүрлі деңгейдегі 3 оқушыны бақылау, олардың топта жұмыс жасауы



1

2

3

Кедергілер

Бастапқыда жеке және 

ұжымдық жұмыстарда 

пассивті болды. 

Аталмыш оқушы 

деректермен жұмыс 

жасауда өзінің тұйықтығы 

байқалып тұрды.

Оқушы орташа дәрежеде 

қатысты.

Кедергілерді жою 

жолдары

Топқа бөлуде және 



жұмыстарды орындауда бір- 

бірімен жиі араластырдым.

Үнемі психологиялық 

сенімділікке баулыдым.

Деректермен жұмыс 

істеуге қатысты 

психологиялық 

жаттығуларды көбірек 

тапсырдым.

Болған прогрестер

Осы элементтердің 

нәтижесінде сабаққа 

деген белсенділігі артып, 

деректермен жұмыс 

жасаудағы реттілік орнады.

Біраз жұмыстар 

жасалғанымен, әлі 

өзгерістер аз байқалды.

Өз - өзіне және 

сыныптастарының 

қолдауына деген сенімі 

күшейіп, позитивті алға 

жылжушылықтар орын 

алды.


Топтың  өзара  іс-қимылын  ұйымдастыруда  оқушылардың  қажеттіліктері  туралы  білім 

оқытудың  теориялық  және  практикалық,  сонымен  қатар  зерттеушілік  дағдыларын  қолдану 

арқылы жүзеге асады [4].

Суреттерде  көрініп  тұрғандай,  әуелі  теориялық  түсіндірілім,  сосын  практикалық 

қолданыстар, содан кейін ғана зерттеушілік жұмыстар жүзеге аса бастайды. Топтардың өзара 

іс –қимылын ұйымдастыруда оқытудың осы үш тандемі кіріктіріліп, сауатты жүзеге асырылған 

жағдайда  ғана  талантты  және  дарындыларды  анықтау  және  олардың  қасиеттерін  дамыту 

қиынға түспейді деп санаймын.

Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қызығушылықтары 

қаншалықты сәтті пайдаланылды?

Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде оқушылардың тәжірибесімен қызығушылықтары 

барынша нәтижелі түрде сәтті пайдаланылады:

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жасауда әріптестермен, пән мұғалімдерімен, 

ата-аналармен өзара бірлескен іс-қимыл әрекеттері белгілі бір уақыт кезеңіне арнайыланып, 

ақылдасудың негізінде жоспарланады. 

Мен бұл жұмыстарды оқушылардың рефлексиялары, жетістік критерийлері, орындаған 

жұмыстарының  қойылған  критерийлерге  сәйкестігі,  ұсынылған  идеяларының  қаншалықты 

оригиналдылығы және анализдеп синтездеген қорытынды ойларының қаншалықты креативті 

екендігіне  қатысты  бағалаймын.  Сонымен  қатар,  мұғалімнің  жұмысының  шынайы  бағасы, 

менің  ойымша,  проблемамен  бетпе  бет  қалып  оны  шешу  жолдарын  ұсыну,  тақырыпқа 

қатысты  өз  көзқарастарын  еркін  білдіріп,  өз  ойларын  практикалық  форма  түрінде  көрсетуі 

деп есептеймін. Бұл дегеніміз: оқушының өзгеруі, ал әрбір оқушының бұл қоғамның саналы 

түрде прогреске қарай бет алуы. Және бұл бағалаулар оқушының академиялық білімдері мен 

меңгерген дағдыларын барынша объективті түрде бағалауда тиімді [5].

Суреттерде  көрсетіліп  тұрғанындай,  оқушылар  рефлексиясы  мен  тәжірибе  алмасу 

сабақтарына қатысқан мұғалімдердің білдірілген белсенді пікірлері деп есептеймін.

Алдағы  уақытта  талантты  балалармен  жұмысқа  қатысты  оқушылардың  дарындылық 

қабілеттерін ашу үшін жоспарлау кезінде:

А) Зерттеушілік бағыттағы жұмыстарды көбірек жүргізер едім;

В) Оқушылардың аналитикалық дағдыларын арттыруға қатысты анализ түрлерін көбірек 

сіңіремін;


4

5

С)  Теория  мен  практиканы  ұштастыра  отырып,  өз  отанының  патриоты  болатын 

қасиеттерді меңгерте беру;

D) Оқушылар қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр тұрлі бағыттағы 

клубтар ашу;

E) Әр түрлі гранттық коннкурстарға барынша белсендірек қатыстыру;

F) Өз құқықтарын еркін білетін жас өркенді өсіру;

«Мақсат –жетістіктің желкені» деп Елбасымыз айтқандай, қашан ұлы көшті бастар ұлдар 

мен қыздарды тәрбиелеу жолында бұдан да шығармашыл жаңалықтармен жұмыс істей берсем, 

бұдан да әлдеқайда табысты жетістіктерге жетуге болатынына сенімім мол. 



Әдебиеттер тізімі

1. http://collegy.ucoz.ru/publ/53-1-0-13181

2. http://www.slideshare.net/Alphakun1/2509-39559749 

3. http://www.cpm.kz/upload/programms/L1_for_teachers/L1_teachers_.pdf

4. http://zkoipk.kz/confnis1s/779-conf.html

5. Гальперин П.Я. «Экспериментальное исследование внимания». М., 1974 (в соавт.) 



ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ӘДІСТЕРІН ТАҢДАУДАҒЫ ЕСКЕРІЛЕТІН 

ФАКТОРЛАР

Абдраманова К. С., Джансугирова Ж. Д.

Педагогикалық шеберлік орталығының 

Қызылорда қаласындағы филиалы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар мұғалімдерге зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін деректермен 

жұмысты  қалай  жоспарлауға  болатынын,  сонымен  бірге  деректермен  жұмыс  барысында 

ескерілетін факторлар төңірегінде ой қозғайды. 



Аннотация

В  этой  статье  авторы  рассматривают  планирование  работы  с  данными  для  развития 

исследовательских  навыков  у  учителей  в  процессе  проведения  исследования  в  действии, 

авторами  затронуты  факторы,  которые  необходимо  учитывать  при  выборе  методов  сбора 

данных. 

Abstract

In  this  article  the  authors  examine  the  scheduling  of  data  for  the  development  of  research 

skills of teachers in the process of conducting action research, the authors discussed the factors to be 

considered when choosing a method of data collection.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде «Іс-әрекеттегі зерттеуді» жүргізу барысында мұғалімдердің 

әсіресе деректермен жұмыс жүргізуінде кедергілер мен қиындықтар туындағанын тренерлік 

тәжірибемізде  кездестірдік.  Соның  бірі  деректерді  жинауды  жоспарлаудағы  кемшіліктер, 

бұлай дейтін себебіміз, мұғалімдер кейде қажетті деректерден гөрі, екінші дәрежелі, зерттеу 

мәселесіне жанама қатысы бар деректерге сүйенеді. Бұл өз кезегінде деректердің сенімділігі 

мен  шынайлығына  күмән  келтіреді.  Зерттеудің  сапалы  жүргізілуіне  және  нәтижелілігіне  өз 



5

ықпалын тигізеді. Жүргізілген зерттеу бойынша жазылатын рефлексивті есептердегі деректер 

талдамасы,  есеп  қосымшаларындағы  сандық  көрсеткіштердің  визуалды  қолданылуы  да 

мұғалімдерде жетілдіруді қажет ететін аспектілердің бірі. 

Мектеп  аясында  зерттеліп  отырған  мәселе  үшін  неғұрлым  қолайлы  болып  табылатын 

деректерді жинақтауға арналған құрал таңдау өте маңызды. Жиналған деректер өзгеріс енгізуді 

қажет  ететін  басым  салаларды  айқындауға  көмек  беретіндей  етіп  жүйеленуі  тиіс.  Зерттеу 

сұрағын  зерделеу  барысында  деректер  зерттеу  мәселесімен  сәйкес  келуін  қамтамасыз  ету 

үшін барынша көп көздерден деректер алу, деректерді жинау журналын жүргізу, деректерді 

тақырыптар,  басты  мәселелер  бойынша  топтастыру  ұсынылады.  (Альберттің  мұғалімдер 

қауымдастығы,2000). 

Деректерді  жинау  қандай  да  бір  өзгерістер  немесе  іс-әрекеттер,  шешім  қабылдануын 

айқындауда өте маңызды рөл атқарады,  себебі жинақталған сапалық және сандық деректер 

сыныпта немесе мектепте не болып жатқанын түсінуге көмектесе алады. Деректерді жинауды 

жоспарлауда  ең  алдымен  зерттеу  әдістерін  таңдап,  топтық  іс-әрекеттегі  зерттеуде  топ 

мүшелеріне рөлдің дұрыс бөлінуі де маңызды. Зерттеу тобын жасақтауда топ мүшелері коуч 

(1,2 деңгей мұғалімдері), мектеп әкімшілігінің өкілі, үшінші деңгей мұғалімдерінен құралуы 

ақпараттарды  жинақтауды  едәуір  жеңілдетеді.  Себебі,  Бағдарлама  аясында    оларда  қажетті 

зерттеушілік дағдылар курс барысында қалыптасты. 

Мектеп  бойынша  қандай  ақпараттар  алынуы  керек,  қай  саланы  зерттеу  қажеттігін 

зерттеуші  топ  зерттеу  мақсатына  қарай  таңдау  жасайды.  Сонымен  қатар,  зерттеу  тобына 

деректерді  тиімді  жоспарлау  арқылы  зерттеу  мәселесіне  қатысты  ғана  деректерді  және  ең 

маңызды көздерді іріктеп алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде маңызды емес деректерді 

жинаудың алдын-алады, зерттеу фокусынан тыс ақпараттарды талдаудан құтқарады, уақытты 

үнемдейді, зерттеу тобының деректерді жинауды сапалы жүргізуін қамтамасыз етеді.

Зерттеу тобы дерек жинау әдісін таңдауда және ақпарат жинауды жоспарлауда бірнеше 

факторларға назар аударғаны жөн. Төмендегі кестеде ескерілетін факторлар тізбесі берілген.

 

Кесте №1. Деректерді жинау әдістерін таңдаудағы ескерілетін факторлар



Зерттеу бағыты және қажетті 

мәліметтер

Зерттеу тобы ең алдымен зерттеу бағыты мен нысанын, қандай ақпарат 

жинау керектігін зерделеп алуы қажет

Қолдағы бар мәліметтер

Алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін қарап шығу, бұл алдағы жиналатын 

мәліметтерді салыстыру үшін өте маңызды. Дегенмен алдыңғы зерттеу 

нәтижелерінің шынайлығына көз жеткізу үшін қандай әдістер арқылы 

жиналғанын да ескеру керек. 

Қатыстырылым және тереңдік 

Деректерді кімдерден аламыз, қанша адам қатыстырылады? (оқушылар, 

мұғалімдер, ата-аналар т,б) Адамдарды қалай іріктейміз? (жас ерекшелігі, 

қызметі, пәні, тәжірибесі, жынысы, т,б)Қандай мәселелер, қай категория 

(зерттелетін топ) бойынша терең зерттеуді қажет ететіндігін анықтау.

Уақыт шегі

Зерттеу тобына аталған мәселелер бойынша дерек жинауға қанша уақыт 

қажет екендігін нақтылау

Адами ресурстар

Зерттеуші топтағы адамдардың таңдап алынған зерттеу әдісі бойынша 

дерек жинау үшін білімі жеткілікті ме әлде қосымша оқыту қажет пе? 

Топ мүшелерінде зерттеушілік дағды қалыптасыру қажет пе?

Жоғарыда аталған факторларды ескерсек, бірнеше дерек жинау әдісін біріктіріп қолдану 

тиімді болар еді. Себебі, әртүрлі зерттеу әдісі арқылы жиналған деректер бір-бірін толықтырып 

отырады. Ол үшін сандық және сапалы деректерге тоқталсақ.

Сандық  деректер  дегеніміз  не?

 

Сандық  деректердің  артықшылығы  зерттеу  сұрағы 

бойынша  нақты,  обьективті  сандық  мәліметтер.  Бұл  өз  кезегінде  қарастырылатын  мәселе 


6

5

бойынша анализ, мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Проблема мен оның туындау себебі 

арасындағы сандық мәнді көрсетеді. Бұл бастапқы деректерді сипаттауда сандық мәліметтерді 

талдауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, мәліметтердің пайыздық, жиілік, орташа мәнін, 

ауқымын,  тұрақтылығының  өлшемін  көрсетеді  [4].  Яғни,  статистикалық  сипаттама  арқылы 

деректерді түсіндіру болып табылады. Сандық мәліметтер бір оқиғаның неше рет орын алғанын 

білуге, оқиғаға қатысты әрекеттерді санатқа бөлуге көмектеседі. Мысалы, респонденттердің 

жалпы  саны,  қатысушылардың  жас  ерекшеліктері  бойынша  санаттарға  бөліп,  әртүрлі 

көзқарасты талдауда да сандық мәліметтер маңызды.

Сандық деректер жинауда стандартты құралдар: сауалнама немесе тестілеу қолданылады. 

Сауалнама  және  тест  сұрақтары  алдын-ала  құрастырылады  [5].  Сауалнама  сұрақтарының 

дұрыс құрастырылмауынан немесе зерттеушінің көзқарасын ғана білдіретін сұрақтардан аулақ 

болу  үшін  алдын-ала  тексеру  шараларын  жүргізу  керек.  Сұрақтардың  нақтылығы  сапаның 

кепілдігі  болып  табылады  және  соңғы  нәтижемен  салыстыруға  икемді.  Дегенмен,  сұрақтар 

дұрыс құрастырылмай немесе кейбір мәселе қамтылмай қалса, зерттеу барысында сұрақтарды 

өзгертуге  мүмкіндік  жоқ.  Бұл  да  сандық  деректерді  жинауда  ескеретін  маңызды  мәселенің 

бірі.  Сондықтан  қатысушының  пікірі  мен  нақты  қажеттілігін  анықтау  және  сұрақтардың 

сауалнамаға  қатысушыларға  түсінікті  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  алдын  -  ала  жасалған 

сауалнама сұрақтары бірнеше рет тестілеуден өтеді.

Сандық  мәліметтерде  бастапқы  және  соңғы  деректердегі  арақатынасты  көрсету 

үшін  сауалнама  зерттеу  басында  және  зерттеу  соңында  жүргізілуіқажет.  Сандық  деректің 

тиімділігі жинақталған дәлелдемелер негізінде анықталған мәселе бойынша белгілі бір шешім 

қабылдауға,  осыған  орай,  қажетті  стратегияны  қолдануға,  белгілі  бір  теорияны  негіздеуге 

мүмкіндік береді. Әдетте сандық мәліметтер статистикалық маңызы бар талдау тәсілі арқылы 

алынғандықтан объективті және шынайы деп қабылданады. 

Антуан де Экзюпери сандық мәліметтер жайлы былай деген екен: «Ересектер сандарды 

ұнатады. Сіз оларға жаңа дос тапқаныңызды айтсаңыз, досыңыз жайлы олар сізге ешқашан 

«Оның  даусы  қандай?  Ол  қандай  ойындарды  ұнатады?  Оның  коллекциясында  көбелектер 

бар ма?» деген сұрақтарды қоймайды. Оның орнына: «Оның жасы нешеде? Неше ағайынды? 

Салмағы қанша? Әкесінің табысы қанша?» деп сұрайды. Осындай сандық ақпараттарды алған 

соң, олар «Сіздің жаңа досыңыз жайлы бәрін біліп алдым» деп ойлайды[3]. Жазушының бұл 

ойына толықтай келісе отырып,статистикалық деректер белгілі бір оқиғаның шынайлығына 

бізді сендіре алады. Дегенмен, сандық деректердің сенімділігінеде мән берген жөн. Деректерді 

жинау барысында да сандық деректердің мектептің бастапқы жағдайын анықтауда жедел де 

нақты ақпарат алу көзі екенін айта кетуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет