каннибализм өз түрінің дараларын өлтіріп, қорекке пайдалану нәтижесінде
пайда болады;
- Паразитизм – паразит өз иесін өлтірмей, ұзақ уақыт бойы тіршілік ортасы
және қорек көзі ретінде пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас (вирустар,
патогенді бактриялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, паразит құрттар,
т.б.);
- Бәсеке – ағзалар бір-бірімен қоршаған ортаның бірдей ресурстарына
мұқтаждық кезінде таласуынан туындайтын қарым-қатынастар;
- Аменсализм – екі ағзаның біреуі екіншісінің тіршілігін бәсендетіп, бірақ өзіне
екіншісінен ешқандай теріс әсер байқалмағанда түзілетін қарым-қатынас.
3. Экологиялық қуыс дегеніміз – кеңістіктегі алатын орнымен қоса түрдің
биоценоздағы орны, абиотикалық факторларға қатынасы және бірлестіктегі
функциональды рөлі, бірінші орында трофикалық статусы.
Ю.Одум экологиялық қуыс дегеніміз - ағзаның түрлер жүйесіндегі «қызметі
немесе мамандығы» деп түсіндірді, ал оның мекен ететін орнын оның «мекен-
жайы» деп сипаттады.
Экологиялық қуыс түсінігі түр қалай, қайда және немен қоректенеді, кімнің
қорегі болып табылады және қайда демалып, қайда көбейеді деген сұрақтарға
жауап беруге мүмкіндік береді. (Дажо, 1975).
Экологиялық қуыстар түрлердің әртүрлі жерлерде мекен етуіне байланысты,
өзге қорекпен қоректенуіне және бір мекен ету аймағын әртүрлі уақытта
пайдалануымен ерекшеленеді, бөлінеді.
Гаузе принципі немесе бәсекелестік жоқ принципі: «Екі түр бір аймақта
тіршілік ете алмайды, егер олардың экологиялық қажеттіліктері бірдей болса.
Мұндай түрлер міндетті түрде кеңістік немесе уақыт бойынша аймақта кезектесіп
тіршілік етуі тиіс».
Белгілі бір уақытта жердегі бір биоцеоздың (экожүйенің) екіншісімен
алмасуын сукцессиялар деп атайды. (латын тілінен аударғанда сукцессио –
бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). Сукцессия ұғымын 1998 жылы
Г.Каульсон енгізген. Сукцесия түрлік құрамның өзгеруімен және бірлестік
құрылымының өзгеруімен сипатталады. Бірін-бірі алмастырып отыратын
бірлестіктер сукцессиясын сериялы сукцессия деп атаймыз. Сукцессияларға
далалықтың шөлге айналуы, көлдердің суалып батпаққа айналуы және т.б.
жатады. Биоценоздардың алмасуын туғызған жағдайларға байланысты
сукцессияларды табиғи, антропогенді, аутогенді және аллогенді деп бөледі.
Табиғи сукцессиялар адамның қатысы жоқ, тек табиғи жағдайлардың әсерінен
болады. Антропогенді сукцессиялар адам әрекетімен байланысты. Аутогенді
сукцессиялар (өздігінен пайда болатын) ішкі жағдайлардың әсерінен болады
(бірлестік әсерінен ортаның өзгеруі). Аллогенді сукцессиялар (іштен пайда
болған) ішкі жағдайлар әсерінен пайда болған (мысалы, климаттың өзгеруі).
Сукцессия жүретін субстраттың алғашқы күйіне байланысты бірінші реттік
және екінші реттік сукцессия болып бөлінеді. Тірі ағзалары жоқ субстратта
бірінші реттік сукцессия пайда болады ( тау, жартас, құм, жаңа суаттарда және
т.б.). Екінші реттік сукцессия бұзылған биоценоздар орнында пайда болады.
(мысалы, кесілген орман, күйген жер, тастап кеткен егіс танабы, вулканнан
кейінгі жерлер және т.б.). Экожүйе өзінің даму барысында тұрақты жағдайға
бағытталады. Тұрақты экожүйе пайда болғанға дейін сукцессиялар болып тұрады.
Қоршаған ортамен тепе-теңдікте тұрған бірлестікті климаксты бірлестік деп
атайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Биоценоз дегеніміз не?
2. Биоценоздың түрлік, кеңістіктік және экологиялық құрылымы.
3. Биоценоздағы қарым-қатынас түрлері.
4. Экологиялық қуыс дегеніміз?
5. Сукцессия дегеніміз не?
Әдебиет:
1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.
2. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым,
2001; 72 б.
Кредит сағат 6
Дәріс № 6
Тақырыбы: Экожүйе
Дәріс мазмұны:
1.
Экожүйе, оның түрлері.
2.
Экожүйенің құрылымы. Биотоп, биоценоз.
3.
Экожүйедегі энергия ағыны. Экологиялық пирамида.
Дәрістің мақсаты: Экожүйе, оның түрлері туралы түсінікті қалыптастыру.
Экожүйедегі энергия ағыны мен экологиялық пирамиданың құрылуы туралы
мәлімет беру.
Негізгі сөздер: биогеоценоз, экожүйе, құрлық, тұщысу және теңіз экожүйелері,
продуценттер, консументтер, редуценттер, қоректік тізбек, трофикалық деңгей,
экологиялық пирамида.
1. Тірі ағзалар өзара және өзін қоршаған ортаның абиотикалық
факторларымен белгілі бір қарым қатынасқа түсе отырып экожүйені құрайды.
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық
жүйе – биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен
таралған, 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе
дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде
тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта
жағдайларынының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан,
олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі
функциональдық бірлігі.
Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды
төмендегі экожүйелерге бөледі:
1. Құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейіт, шөл,
тропиктер, тау.
2. Тұщы су экожүйелері – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлық,
жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері.
3. Теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.
Сонымен қатар экожүйелерді келесі топтарға бөлеміз:
1.
Микроэкожүйе (аквариум, тірі мүйіс және т.б.)
2.
Мезоэкожүйе ( өзен, теңіз, дала, тропик, саванна, мұхит және т.б.)
3.
Макроэкожүйе - ең ірі макроэкожүйе биосфера.
2. Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені
Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады:
1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден
немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау
нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық
қосылыстардығң жинақталуы.
2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан,
қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау,
трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп
жатады.
Биологиялық тұрғыдан экожүйе құрамынан келесі компоненттерді бөліп
көрсетуге болады:
1.Зат айналымға қатысатын бейорганикалық заттар (СО
2
, Н
2
О, N
2
, O
2
,
минералды тұздар, т.б.);
2.Биотикалық және абиотикалық бөліктерді бір-бірімен байла-ныстыратын
органикалық заттар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, гумус заттары және
т.б.);
3.Абиотикалық факторлардан тұратын әуе, су және субстратты орталар;
4.Продуценттер немесе бірінші ретті өндірушілер – автотрофты ағзалар –
планетаның бүкіл тірі дүниесін органикалық затпен қамтамассыз ететін
жасыл өсімдіктердің жиынтығы.
5.Консументтер (латын тілінен аударғанда консумо – пайдалану) –
гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді.
6.Редуценттер (латын тілінен аударғанда редусеус – қалпына келтіруші)
органикалық затарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық
заттарға айналдырушы ағзалар. Редуцентерге бактериялар,
саңырауқұлақтар, сапрофиттер.
7.Фотосинтез
немесе
хемосинтез
жолдарымен
бейорганикалық
заттардан органикалық заттар жасауға қабілетті автотрофты ағзалар -
продуценттер (өсімдіктер мен автотрфты бактериялар);
8.Продуценттердің немесе басқа консументтердің органикалық заттарын
пайдаланатын гетеротрофты ағзалар – консументтер. Олар бірінші ретті
консументтер (фитофагтар, сапрофагтар), екінші реттік консументтер
(зоофагтар, некрофагтар) және т.б. болып бөлінеді;
9.Органикалық қалдықтармен қоректеніп, оларды минералды заттарға дейін
ыдырататын
гетеротрофты
ағзалар
(сапрофитті
бактериялар
мен
саңырауқұлақтар) - редуценттер (микроконсументтер, деструкторлар,
сапротрофтар, осмотрофтар).
Экожүйе құрылымы биоценозбен биотоптан тұрады. Биоценоз – белгілі
бір территорияда мекендейтін түрлі популяциялардың жиынтығы. Биотоп –
абиотикалық факторлардан тұратын территория, ол климатоп (климаттық
факторлар) пен эдафотоптан (топырақ факторлары) тұрады. Белгілі бір дәрежеде
біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзаларадың белгілі бір бірлестігімен
(биоценоз) қоныстандырылған кеңістік биотоп деп аталады. Егер биотопты
биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір
нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға
болады.
3. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік тізбектер
қалыптасқан. Қоректік тізбек дегеніміз – бастапқы көзінен қорек құрамындағы
энергия берілетін ағзалардың реті.
Тізбектің әр звеносы трофикалық деңгей деп аталады. Бірінші трофикалық
деңгей – продуценттер (автотрофты ағзалар, негізінен жасыл өсімдіктер). Екінші
трофикалық деңгей – бірінші ретті консументтер (шөпқоректі жануарлар).
Үшінші трофикалық деңгей – екінші ретті консументтер (шөпқоректі
жануарлармен қоректенетін жыртқыштар). Төртінші трофикалық деңгей – үшінші
ретті
консументтер
(етпен
қоректенетін
жануарлармен
қоректенетін
жыртқыштар). Соңғы немесе бесінші трофикалық деңгей – редуценттер
(сапрофитті бактериялар мен саңырауқұлақтар). Қоректік тізбекте 4-5 трофикалық
деңгейден көп кездеспейді.
Қоректік тізбек типтері:
1.
Тірі фотосинтезге қабілетті ағзалардан басталатын қоректік тізбектер –
қоректену тізбектері. Мысалы, фитопланктон, зоопланктон, микрофаг-
балықтар, макрофаг-балықтар, ихтиофаг-құстар;
2.
Өсімдіктердің
қалдықтарынан,
жануарлардың
өлекселері
мен
экскременттерінен басталатын қоректік тізбектер - ыдырату тізбектері
(детритті). Мысалы, детритофагтар, жыртқыш микрофагтар, жыртқыш
макрофагтар.
Қоректену тізбектері көбіне су экожүйелеріне, ал ыдырату тізбектері құрлық
экожүйелеріне тән.
Бір трофикалық деңгейден екіншісіне энергия тасымалданғанда энергияның
көп бөлігі жылу түрінде жұмсалады, қоректік тізбек бойынша бастапқы
мөлшерден тек шамамен 10% ғана беріледі. Нәтижесінде қоректік тізбектерді
экологиялық пирамидалар түрінде бейнелеуге болады. Бұл құбылысты зертттеген
Ч.Элтон (1927ж) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.
Экологиялық пирамиданың үш негізгі типі:
1.
Сандар пирамидасы продуценттерден консументтерге қарай даралар
санының кемуін көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде,
продуцент – ағаш, ал бірінші ретті консумент – бунақденелілер болғанда,
бірінші реттік консументердің деңгейі саны жағынан өндірушілер
деңгейімен салыстырғанда төмен. Бұл кезде сандар пирамидасы кері
болады;
2.
Биомассалар пирамидасы әр келесі деңгейдегі биомассаның өзгерісін
көрсетеді: құрлық экожүйелері үшін биомассалар пирамидасы жоғарыға
қарай
тарылады,
ал
мұхит
экожүйесі
үшін
консументтердің
фитопланктонды тез пайдалануына байланысты – кері;
3.
Энергия пирамидасы әмбебап және өнім құрамындағы энергия мөлшерінің
әрбір келесі трофикалық деңгейде азаюын сипаттайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Экожүйе дегеніміз не? Оның түрлері.
2. Экожүйенің құрылымы. Биотоп.Биоценоз.
3. Экожүйедегі энергия ағыны. Экологиялық пирамида.
4. Экожүйе динамикасы.
5. Экожүйедегі биологиялық өнімділік.(1-ші реттік,2-ші реттік)
Әдебиет:
1. Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.-
703с. (с.322-371).
2. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым,
2001; 72 б.
3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.
Кредит сағат 7
Дәріс № 7
Тақырыбы: Биосфера- әлемдік экожүйе..
Дәріс мазмұны:
1.
Биосфера туралы түсінік. В.И Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
2.
Биосфераның құрылымы, негізгі қасиеттері.
3.
Биосфераны құрайтын заттар.
4.
Биосферадағы тірі заттар, олардың қызметтері.
Дәрістің
мақсаты:
Биосфера
туралы
түсінікті
қалыптастырып,
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімін талқылау.
Негізгі сөздер: биосфера, гомеостаз, атмосфера, атмобионттар, тропосфера,
стратосфера, фреон, мезосфера, термосфера, гидросфера, экзосферада
1. Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. Ең алғаш «Биосфера»
терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 жылы атақты
австрия геологы Э.Зюсс қолданған болатын.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 жылы В.И. Вернадский салған.
В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі
ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы
ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Биосфера өздігінен реттелетін
кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп
атайды. Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды,
биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.-тай тірі ағзалар болған. Биосфераның
тағы бір белгісі – оның космоспен тығыз байланыстылығы әсіресе күнмен.
2. Жер – 9 планета ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын
үшінші планета. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жер пішіні және көлемі бойынша
полюстері тұсынан қысыңқы келетін шар тәрізді планета, шын геометриялық
пішіні – геоид. Жердің экватор бойынша ұзындығы 40 мың км. Массасы 5,98 *
10
24
кг. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр қабаттар мен
тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып жатыр, тек қана 29%
құрлықтың үлесіне тиеді.
Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және
Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер планетасының жасы 4,6 млрд жылды
құрайды. Осы уақыт аралығында Жерде материяның айналу және жылжу
процестері жүріп жатты. Соның нәтижесінде жер шары қабаттарға немесе
геосфераларға жіктелді. Жер түрлі сфералардан тұрады: ядро, мантия, жер
қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера, ноосфера және
т.б. Жер қабаттарының химиялық құрамы әртүрлі. Бұл планетаның бастапқы
затының жіктелуімен түсіндіріледі. Планетаның қалыптасуы барысында ауыр
элементтер (темір, никель, т.б.) «батып», ядро пайда болды, ал олардан
жеңілдеулері (кремниий, алюминий т.б.) «қалқып шығып», жер қабатын түзді.
Сонымен қатар, балқымалардан бөлінген газдар атмосфераны, ал су булары
гидросфераны түзді. Нәтижесінде жерде тіршіліктің дамуына қолайлы жағдайлар
қалыптасты. Тірі ағзалар ерекше қабат – биосфераны түзді. Адам пайда болғаннан
бастап биосфера дамудың жаңа сатысы – ноосфераға көтерілді.
Атмосфера - біздің планетамызды 3000 км биіктікке дейін түгел жауып
жатқан ауа қабаты. Ол ауа қоспалары мен шаң бөлшектерінен тұрады. Құрғақ,
таза ауаның 78% азот, 21% оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы және
шамамен 0,003% неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксидтері, метан, сутегі, су
булары мен озон құрайды. Атмосфера көлемінің 3% су булары құрайды.
Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы
ғарыштан ғарыштық шаң-тозаң, метеорит түсіп жатса, өзі сутегі, гелий сияқты
жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосферада тіршіліктің таралу шегі 22-25
км. Ауа қабатында тіршілік ететін ағзалар атмобионттар деп аталады.
Атмосферадағы оттегінің тірі ағзалар арқылы өтуіне 2000 жыл, ал көмірқышқыл
газына - 300 жыл қажет. Атмосфераның әртүрлі биіктіктегі құрамы және
қасиеттері бірдей емес, сондықтан оны тропо-, страто-, мезо,термо– және
экзосфераға жіктейді. Соңғы 3 қабатты ионосфера ретінде қарастырады.
Тропосфераға (полюстерде 0-7 км, экваторда 18 км дейін) барлық су буы мен
атмосфераның 80% жатады. Мұнда барлық табиғат құбылыстары дамиды.
Жердегі ауа-райы мен климат атмосферадағы жылу мен қысымның таралуына
және су буының құрамына байланысты. Барлық жауын-шашынның көзі болып
табылатын су буы күн радиациясын сіңіреді, ауаның тығыздығын көбейтеді.
Тропосфераның температурасы биіктеген сайын төмендейді, ал 10-12 км биіктікте
-55
0
С-қа жетеді.
Тропосферадан кейін 40 км биіктікке дейін стратосфера қабаты орналасқан.
Оның температурасы 0
0
С-қа дейін бірқалыпты өседі. 22-24 км биіктікте озонның
максималды концентрациясы жинақталып, қалыңдығы 3 мм озон қабаты
түзіледі. Ол тірі ағзаларға өте қауіпті болып келетін жер бетіне еркін өтетін
ультракүлгін сәулелердің көп бөлігін сіңіріп отырады. Соңғы жылдары «озонның
жұқаруы» проблемасы биосфераның ғаламдық экологиялық проблемасына
айналды. Оның басты себебі – антропогендік фактор. Озонды фреондар деп
аталатын өндірістерде, автокөліктерде, ракеталарда қолданылатын химиялық
қосылыстар бүлдіреді. Фреондадның 31% шығаратын ел - АҚШ. Озонның
жұқаруы ең алғаш рет Антарктидада 1985 ж. байқалды. Ауа бассейнінің тағы бір
өзекті проблемасының бірі – атмосфераның күкірт диоксиді және азот оксидімен
ластануына байланысты пайда болатын қышқылды жаңбырлар.
Мезосфера (80 км биіктікке дейін) қабатында температура -60-80
0
С-қа дейін
жетеді. Мұнда көп мөлшерде поляр шұғылаларының пайда болуына себеп
болатын газ иондары болады.
Термосфера (800 км биіктікке дейін) қабаты температураның өсуімен
сипатталады. Оның құрамында көп мөлшерде сутегі және гелий секілді жеңіл
газдар мен зарядталған бөлшектер болады.
Экзосферада (1500-2000 (3000)км биіктікке дейін) атмосфера газдарының
ғарыш кеңістігіне тарауы (диссипациясы) байқалады.
Гидросфера – атмосфера және литосфера арасындағы Жердің үзілмелі су
қабаты. Оған барлық мұхиттар, теңіздер көлдер, өзендер, сонымен қатар жер асты
сулары, полюстер мен биік таулы жерлердегі мұздар мен қарлар жатады. Ондағы
тіршіліктің таралу шегі 11 км.
Гидросфераны беткі және жер астындағы деп екіге бөледі.
Беткі гидросфера - Жердің беткі бөлігінің су қабаты. Оның құрамына
мұхиттардың,
теңіздердің,
көлдердің,
өзендердің,
су
қоймаларының,
батпақтардың, мұздықтардың, қар жамылғыларының және т.б. сулары кіреді.
Беткі гидросфера жер бетінің 70,8% жауып жатыр.
Жер астындағы гидросфераға жер қабығының жоғарғы бөлігіндегі сулар
кіреді. Оларды жер асты сулары деп атайды. Жоғары жағынан жер астындағы
гидросфера жер бетімен шектеледі, ал төменгі шекарасын гидросфера жер
қабығына терең еніп жатқандықтан, шектеу мүмкін емес.
Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера
қабығы планетаның бүкіл тыныс тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді.
94% мұхиттар мен теңіздер, 6% -өзен, көлдер, жерасты сулары, мұздықтардың
үлесіне тиіп, оны сарқылмайтын табиғи қоры екені адамзаттың болашаққа деген
сенімін мәңгілік етуде. Табиғаттағы тұщы судың мөлшері 2%. Биосферадағы су
айналымы 2 млн жылда өтеді. Биосферадағы су айналымы үлкен айналым деп
аталады. Судың терең қабаты бенталь, ал беткі қалың қабаты пелагиаль д.а.
Гидросфера қабатында тіршілік ететін ағзалар гидробионттар деп аталады.
Жер қабығы литосфера – бүкіл тірішіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде
биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Педосфера топырақтың ең беткі қабаты.
Оның түп негізін әр түрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық
қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды. Топырақ қабатын
мекендейтін
организмдер
эдафобионттар
деп
аталады.
Биосфераның
литосферадағы шегі 4 км тереңдікті құрайды. Литосферада биосфераның төменгі
шекарасы температуралық фактормен анықталады.
3. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі 6 типі белгілі:
1.
тірі зат – биосфераның тірі заттары биосфераны мекендейтін барлық
организмдер адаммен бірге. Қазіргі жер бетінде организмдердің 2 млн-
нан артық түрі белгілі. Олардың 2 млн-нан астамы жануарлар, 500 мыңға
жуығы өсімдіктердің түрлері болып табылады. Жер бетінде шамамен 6
млрд-тан астам адам бар.
2.
биогенді зат немесе биотекті зат – тірі организмдердің тіршілігі
нәтижесінде пайда болатын заттар. Оларға мұнай, газ, тас көмір, әктас
және т.б.
3.
биокостық зат немесе биожанама зат – тірі ағзалар мен ортаның
бейорганикалық қосылыстарының бірлесуі нәтижесінде пайда болған
заттар (топырақ).
4.
костық зат немесе жанама зат - қатты, сұйық, газ күйіндегі заттар.
Атмосфера, гидросфера, литосфера.
5.
радиоактивті ыдыраудағы зат – радиоактивті элементтердің изотоптары.
Уран, радий, радон элементтері.
6.
космостық табиғаты бар зат – метеориттер, космостық шаң-тозаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |