БҚму хабаршы №2-2016ж


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ  ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата06.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7615
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ  ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА 
МУЗЫКАНЫҢ РӨЛІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  ұлттық  өнердің  негізінде  оқушылардың  ішкі  дүниесін 
қалыптастыратын  адамгершілік  тәрбиенің  негізгі  құралдарының  бірі  ретінде 
музыкалық тәрбие берудің рөлі қарастырылған.  
Тірек сөздер: Халықтық педагогика, ұлттық музыка,тәрбие, жеке тұлға, музыка. 
  
Ғылым  мен  мәдениеттің  заманауи  жаһандандыру  үдерісі  кезінде  әр  ел  өз 
мемлекетінің  рухани,  мәдени  құндылықтарын  сақтай  отырып,  әлемдік  өркениетке 
кірігуі заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған 
баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан 
әрі  дамыту  ісіне  кең  көлемде  білек  түре  кірісетін  кез  келді.  Ұлттық  мәдениетімізді 
ұлықтап,  бар  мен  жоғымызды  түгендеп,  жүйелеп,  келер  ұрпаққа  аманат  ету  – 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  басты  мақсаты  болуы  тиіс»  -  деп,  болашақ  жас 
ұрпақты  тәрбиелеудегі  ұлттық  мәдени  мұраның  мүмкіндігі  мен  мақсатын  айқындап 
берген болатын 

1, 1 б.


Өркениетті  елдің  жарқын  болашағы  толығымен  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  ісіне 
тәуелді.  Осыған  орай,  тәрбиенің  негізгі  мақсаттары:  а)  жастардың  өмірге  ғылыми-
материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-
жақты дамытып, талғам мен сезімдерін қоғамның талаптырына сай тәрбиелеу 

2, 45 б.


Қазіргі  таңда  жас  ұрпаққа  тәрбие  беру  саласында  оң  өзгерістер  мен 
жаңалықтар  болып  жатырғаны  белгілі.  Бүгінгі  күнде  негізгі  мақсат  -  жан-жақты 
дамыған  білімді  тұлғаны  тәрбиелеу.  Тәрбиелеудің  бір  құралы,  ауқымды  сан  қырлы 
ұғымды  қамтитын  –  музыкалық  өнер.  Халықтың  ұлттық  тағылымы  ертеден 
жинақталып,  қалыптасқан  педагогикалық  тәжірибеде,  ұлттық  тәлім-тәрбиеде 
жетерлік. Музыка  адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. 
Қазақ  халқы  құлақтан  кіріп  бойды  алар  әсем  ән  мен  тәтті  күйді  ұнатқан.  Өскелең 
жасұрпақтың  бойында  талғампаздық,  эмоциялық,  сезімпаздық  қасиеттерді 
қалыптастыруында,  оның  мәдениетті  болып  өсуінде,  музыка  әлемін  түсінуде 
мектептегі  музыка  тәрбиесінің  алатын  орны  ерекше.  Музыка  сабағында  оқушы  әр 
түрлі жанрлы музыкалық шығармалардың тарихы, мазмұны, орындалу сипаты  мен 
танысып шығармашылық дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыра отырып, 
өнерге,  өмірге  деген  батыл  құлшынысын  дамытады.  Сабақта,  толықтырылған 
кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін тиімді пайдалана оқушылардың 
әр  түрлі  жанрлы  музыкалық  шығармаларды  тану,  музыкадағы  түрлі  кезеңдер  мен 
көркемдік  бейненің  сипатын  көре  алатын  ойын,  шығармашылық  қабілетін 
қалыптастырады.  Сондықтан,  музыкалық  шығармашылық  қабілеттің  басты 
саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие . Музыкалық тәрбиенің негзгі міндеттерінің 
бірі,  адамның  табиғат  пен  өмірдегі  әсемдікті      қабылдап  түсінуге  және  бағалауға 
тәрбиелеп  оқыту.  Оқушының  музыкалық  икемділігін  дамытып  музыкалық  білім 
арқылы оның музыкаға қызығушылығын,   шығармашылық белсенділігін арттыру. 
 Музыка арқылы жас ұрпққа тәрбие беруде халқымыздың рухани қазынасы - ән 
мен  күй  бүгінгі  таңда  тамаша  тәрбие  көзі  болумен  қатар,  кәсіби  музыканың  негізгі 
арқауы  екенін  естен  шығармаған  жөн.  Міне,  халықтың  музыка  өнеріндегі  өте  бай 
рухани  қазынасымен  оқушыларды  таныстырып,  олардың  озық  үлгілерін  үйрету 
музыка  мұғалімінің  алға  қойған  негізгі    міндеттерінің  бірі  болып  табылады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
165 
мектептегі  музыка  сабағы  оқушылардың  эстетикалық  талғамын  қалыптастыруды 
мақсат ететін  негізгі пән болып саналады.  
 Қазақтың сан ғасырлық  ұлттық мәдениетін көтеріп, жаңғыртып жария ететін 
өнердің  бір  саласы,  көркем  ойды  әуенмен  әсерлеп,  көрік  беретін  -  музыка.  Әрбір 
ұлттың  өзінше  өмір  сүру  қалпы,  тұрмыс-тұрқы,  әдет-ғұрыптық  өзгешелігі, 
психикалық-мінездік ерекшеліктері, түсінік-пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер 
ететіні  белгілі.  Музыка  өнер ін де г і  бұл  құбылыс  халықтың  сол  құпиясын  әр  алуан 
салада, әр т ү р л і  бояуда әшекелейді. Халық музыкасы, оқушылардың бойындағы өз 
халқының  жетістіктері  мен  табыстарына  ұлттық  мақтаныш,  өз  халқына,  оның 
музыкалық  мәдениетіне  сүйіспеншілігін  қалыптастыруға  ықпал  жасайды.  Ұлттық 
мәдениетті  көтеру  дегеніміз,  ұлттық  мәдениетімізде  де  жалпы  азиялықтарға  тән 
биязылық, өткенге салауаттық жасау, үлкенді сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға 
қол ұшын беру, ағайынның ауызбірлігін сақтау - бәрі-бәрі де бар. Ендеше сол ұлттық 
мәдениетімізді  ұлықтап,  бар  мен  жоғымызды  түгендеп,  жүйелеп,  келер  ұрпаққа 
аманаттау. Тұтастай алғанда бізге өзіміздің мәдени мұрамызды дүние жүзінің көруіне 
және  көрсетуімізге  мүмкіндік  беретін  жүйелі  көзқарас  қажет.  Бәріміз  де  бала  кезімізде 
халық  ауыз  әдебиетінің  баға  жеткісіз  бай    мұрасымен  сусындап  өстік.  Бізде  адамзат 
меншігіне айналатын рухани алтын қазыналар бар. Сондай әлемдік туындының қатарына 
Құрманғазы  бабамыздың  күйлері  де  жатады.  Оларды  тек  өз  елімізде  ғана  емес,  шетелер 
арасында да насихаттамай әлемдік  өркениеттің  көшіне  ілесу тағы қиын. Өйткені әлемдік 
классиканың ұлттық мәдениеттің дамуына қосар үлесі аз емес. 
Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен 
дамытуға  тырысады,  оны  жаңа  дәуір,  жаңа  заман  әкелген  жаңалықтармен 
сабақтастыра  отырып  байытады.  Қазақ  музыка  творчествосының  байырғы  негізгі 
түрлері халық әндері, эпостық шығарма, аспаптық музыка болды. Ән-күйді қазақтың 
халық  творчествосының  шыңы  деуге  болады,  имандылық,  ізгілік,  білімділік, 
парасаттылық сыйлайтын ерекше күш тек қана ұлттық музыкада бар. Оның тамаша 
үлгілері, көрнекті халық композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық 
музыканың негізін қалады.  
   Бүгінгі  білім  беру,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  басты  мақсат-  жеткіншек  ұрпаққа 
мәдени,  еңбек,  адамгершілік  және  эстетикалық  тәрбие  бере  отырып,  олардың  әсемдік 
сезімін  дамыту,  көркемдік  талғамын  тәрбиелеу,  өнер  шығармаларын  сүйіп,  туған 
табиғатын, оның байлығын қастерлеп,бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру. 
Музыка 

адамзаттың 
рухани 
азығы, 
жан 
серігі 
және 
өзінің 
көркемдігі,нәзіктігімен  адам  жанын  баурап,олардың  жақсы  мінез-құлықтарының 
қалыптасуына септігін тигізеді. Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, 
талғампаздығын  тәрбиелеуге,  эмоциялық  сезімталдығына  қалыптастыруда  білімді, 
мәдениетті  болып  өсуіне  әсер  етуде  музыка  сабағының  алатын  орны  ерекше.  Жас 
жеткіншекті  тәрбиелеуде    болашақ  музыка  мұғалімінің  кәсіби  деңгейінің  жоғары, 
шығармашылық мүмкіндіктерінің кемелді  болуы уақыт талабы.   
Адамның  жан  дүниесін  түсінуге,  жаксы  мен жаманды  айыруға,  жамандықтан 
жиренуге,  нәзік  үндерді  қабылдап,  бойына  сіңіруге  икемдеп,  адамгершілік  қасиетін 
жоғары  ұстауға  жетелейді.    Музыка  сабағында  қосымша  пайдаланылатын  үнтаспа, 
видео жазылымдары арқылы  оқушының мәдениеттін, жан дүниесі бай, ой-парасаты 
жоғары  жеке  тұлға  тәрбиелей  аламыз.  Музыка  өнері  жеке  тұлғаның  ішкі  дүниесін 
қалыптастырып,  рухани  дамуына  ықпалы  мол  адамгершілік  тәрбиенің  универсалды 
құралы. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге 
асырудың аса маңызды құралы – ұлттық тәрбие, қоғамның барлық саласын, соның ішінде 
өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. 
Халықтың  бай  тарихын,  мәдени  құбылыстарының  сан  қилы  ерекшеліктерін 
білмей,  бүгінгі  тәрбие  жүйесін  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  білім  беру 
мекемелерінің  оқу-тәрбие  үрдісіне  қазақ  халқының  бай  мәдени  мұраларының 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
166 
негіздерін енгізу барынша қажет болып отыр. Жастардың рухани дүниесіне белсенді 
ықпал етіп, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді.  
Музыка жөнінде ертеде өткен ұлы адамдар оның үнінде адамның әрекеті мен 
сезіміне  әсер  ететін  құдіреті  керемет  күш  жатқанын  айтқан.  Музыканың  мұндай 
қасиетін  қазақ  халқы  да  жоғары  бағалаған.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  қанатты  сөздерінде  бұл  пікір  жиі  ұшырасады.  Мысалы,  «Тіл 
жеткізбегенді  –  үн  жеткізеді»,  «Жақсы  ән  –  жан  азығы»  т.  б.  Шынында  да,  музыка 
тілімен  жеткізе  алмайтын  адамның  тереңде  жатқан  нәзік  сезімінің  қылын  шертеді. 
Атамыз  Абай:  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар,  әсем  ән  мен  тәтті  күй»,-  десе,  Л.Н.Толстой: 
«Жақсы  музыка  көңіл-күйдің,  жан  сезімінің  шежіресі»,  -  деген.  Музыка  өнері  –  өмірдің 
айнасы  іспетті  қоғам  дамуының  барлық  сатысында  өмірлік  мәні  зор  тәрбиелік  қызмет 
атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазынасына айналды.  
Ұлттық  музыканың  рөлі  өскелең  ұрпаққа  музыкалық  тәрбие  беруде 
адамгершілік  тәрбиенің  түп  -тамыры,  негізгі  рухани  күші.  Мектептегі  саз 
сабақтарында 
ұлттық
  музыкалық  шығармаларды  тыңдау,  ойнап  үйрену,  орындау 
барысында  оқушылардың  өмір  тәжірибесі  байытылады,  болмысты  байыптау  өрісі 
кеңейеді, ойлау дәрежесі жеделдетіледі.  
Ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын ең басты құндылықтардың бірі – музыка. Музыка 
– тіл, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, барлығын өз бойына жинаған ұлттың жаны. Ұлттық 
музыка болашақ ұрпақтың болмысын, санасын қалыптастыратын құрал 

3, 236 б.


 
Бүгінгі  таңда  музыка  мамандарының  алдында  тұрған  маңызды  мәселелердің 
бірі  –  ата-бабаларымыздай  музыканың  құдіретін  терең  түсініп,  оны  өзінің  рухани 
азығы  етіп  адам  өмірін  нұрландыруға  ат  салысатын  музыкалық  білімді  азамат 
тәрбиелеу.  Музыка  тәрбиесі  келешек  ұрпаққа  тек  қана  музыкамен  шектеліп  қана 
қоймайды,  оның  өскелең  болашағына  ұлттық  болмыс,  мазмұнды  сипат  береді. 
Адамның  тұлға  болып  қалыптасуы  жолында  халық  музыкасының  әсері  ұлан-ғайыр. 
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық 
мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан 
өзінің  тәжірибесі,  білімі,  көркемдік  пен  сұлулыққа  деген  көзқарасы,  рухани  өмір 
байлығы  болып  табылатын  бай  тарихи  өмір  жолымен  тығыз  байланысты.  Соның 
ішінде  ауыз  әдебиеті  шығармаларында  қазақ  халқының  экономикалық  және 
қоғамдық құрылысы, тұрмыс-салты, эстетикалық өз көзқарасы бейнеленген.    
Жас  ұрпақтың  музыкалық-эстетикалық  тәрбиесінде  бірден-бір  негізгі  құрал 
бола  отырып,  халық  музыкасының  педагогика  ғылымында  да  жан-жақты  зерттеуді 
қажет етуі заңды.  
Қоғамның  қайта  өрлеу  кезеңінде  мектеп  оқушыларын  ата-бабаның  асыл 
мұрасымен,  ұлттық  мәдениетімен,  әдебиетімен,  салт-дәстүрлерімен  терең  де 
мазмұнды түрде таныстыру қажеттігі туындайды. Халық музыкасын жанрларға бөліп 
қарастыра  отырып,  оларды  музыкалық-эстетикалық  тәрбие  беруде  топтастыру 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін тиімді қолдана білу, бағытында  А.Райымбергенов, 
С.  Райымбергеновалар  және  Ұ.Байбосынова  «Мұрагер»  музыка  сабағының 
бағдарламасын  жасады.  Бағдарлама  мақсаты  мен  ерекшелігі  –  балаға    өзінің  тілін, 
дінін,дәстүрін, өнерін, әдет  ғұрыптарын біліп, қазақ халқының аұрагері сезінетін, өз 
елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Елінің азаматын тәрбиелеу. Бұл бағдарламаның 
ерекшелігі  басты  темірқазығы  балаларға  домбыра  үйрету  арқылы  олардыңжалпы 
халық 
өнерне 
деген 
ынтасын 
көтеру. 
М.Х.Балтабаев, 
Д.А.Бергенова, 
У.Ж.Серікболовалардың  бастауыш    мектепке  арналған  келесі  бір  бағдарлама  да 
оқушылардың бойына музыка мұраларының түрлері айтыс, жыр, мақал мәтелдер, ою 
өрнектер,  халық  билері  туралы  түсініктерін,  тереңдетіп,  рухани  мәдениетіміздің 
маңызды  ажырамас  бөлігі  музыкалық  мәдениетті  қалыптастыруды  мақсат  еткен 
«Елім-ай» бағдарламасы жасалынды. 
Бағдарлама  «Сарыарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай» тақырыптары аясында 
өрбиді.  Әр    тақырып  дәстүрлі  көркем  мәдениетіміз  арқылы  бала  бойында  ұлттық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
167 
болмысымызды  қалыптастыруға  негізделген.  Бұл  бағдарламаның  ерекшелігі  – 
музыкалық фольклормен  шектелмей, халқымыздың көркем өнерін комплексті игеру 
көзделеді.  Бастауыш  мектепке  арнап  жазған  Ш.Құлманова,  М.Оразалиева, 
Б.Сүлейменовалардың 
музыка 
сабағының 
бағдарламасындағы 
музыкалық 
материалдар музыкалық фольклорымызды пайдалана отырып, балаға ұлттық тәрбие 
беру негізінде құрылған. Негізгі мақсаты – қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, 
өнерін  қадірлейтін  эстетикалық,  музыкалық  талғамы  мен  танымы  дамыған, 
адамгершілік қасиеті мол, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеп 
шығаруға бағытталған. Ұлттық фольклорымызда ұлттық тәлім-тәрбиенің тарихи көзі 
жатқаны белгілі.  Тек мұны оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен қолдана білу 
қажет. Фольлор яғни, асыл мұраны танып, біліп санасына сіңіріп нәр алып өскен бала 
–  еліміздің  елдігіне,  егемендікке  еңбек  етіп,  өркендеуіне  үлес  қосар  азамат  болып 
қалыптасады. М.Х.Балтабаев қазақ музыка педагогикасының көкейтесті мәселелерін 
зерттеп өз еңбегінде фольклор теориясына сүйене отырып, қазақ халқының аспаптық 
музыкасына  жеке  тоқталады  Б.Ғизатов  еңбегінде  халық  аспаптық  музыкасының 
классификациясын ұсынады.  
 Қазақ  халқы  ұрпақ  тәрбиесінде  шешендік,  өнерпаздық  тәрбиеге  баса  назар 
аударды.  Қытайда  ата-ана  мен  мектеп  баланы  төзімділікке,  іскерлікке,  ептілікке 
тәрбиелесе,  қазақтарда  балаларын  төзімді,  епті,  сезімталдыққа  баулыған.  Баланың 
тұлға  болып  қалыптасуы  жолында  халық  музыкасының  ықпалы  зор.  Әр  халықтың 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  музыкасы,    оның  дамуы  ұлттық  мәдениетінің 
деңгейіне  байланысты.  Қазақ  халқының  да  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  өзінің 
тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа  деген көзқарасы, рухани өмір байлығы 
болып  табылатын  бай  тарихи  өмір  жолымен  тығыз  байланысты.  Мұсаның,  Мұхит 
әншінің,  Жамбылдың,  Кененнің,  Исаның,  Әсеттің,  Мәдидің  тағы  басқа  қазақ 
халқының  ақын-композиторларының,  өнер  мектебінен  өткен  ұлы  адамдар 
шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.  
Өнер  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын  халқымыз  өздерінің  сүйікті  құралы  – 
домбыраға  үлкен  мән  берген.  Атақты  композиторлар  Құрманғазы,  Дәулеткерей, 
Қазанғап  ел  аралап,  өз  күйлерін  домбырамен  орындағанда,  жиылған  жұрт  рухани 
азық алған. Домбыраны қастерлеп, сол арқылы өзінің шеберлігін жан-жақты көрсете 
білуге,  ұлттық  өнерімізді  дамытуға  қазір  де  мол  мүмкіндік  жасалған.  Өз  халқының 
тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, 
шығармашыл тұлға жаңашыл қоғамымыздың алтын қазығы іспетті. Қытайда ата-ана 
мен  мектеп  баланы  төзімділікке,  іскерлікке,  ептілікке  тәрбиелесе,  ал  қазақтарда 
балаларын  төзімді,  епті,  сезімталдыққа  баулыған.  Сөз  өнері  мен  саз  өнерін  ерекше 
құрал  ретінде  пайдаланған.  Музыканың  адам  тәрбиесіндегі  орнына  ежелден  мән 
беріп  келген.  Ғұлама  Әл  –  Фараби  «Музыкалық  әуендер  жақсы  мінез-құлық 
машықтарын,  адамның  қоғамдық  мұраттарын қалыптастыруда  елеулі  рөл  атқарады. 
Музыка  мен  ән  адамды  эстетикалық  сезімдер  туғызу  арқылы  кісінің  өзін-өзі 
тәрбиеленуіне,  бойдағы  нашар  қасиеттерден  арылуына  ықпал  етеді  деген  мәлім». 
Ата-бабалардан  қалған  жақсы  өнегенің  барлығы  өнермен  байланысты  болған.  Бір 
адам бірнеше өнерді меңгеру арқылы оның күш-қуаты мен ақыл-ойының күші артты. 
Әр өнердің бөлек-бөлек энергиясы адамға құятын нұр секілді. Сол себепті кез келген 
қазақ музыкалық аспаптарда орындауға, меңгеруге тырысты. Өнерлі ұрпақ тәрбиеге 
икемді келеді, өнерсіз ұрпақты тәрбиелеу асау ат секілді. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  жас  ұрпаққа  жан-  жақты 
білім  мен  тәрбие  берудің  мемлекеттік  саясатының  негізгі  ұстанымдарын  айқындап 
берді: Қазақстанның барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, әрбір азаматтың 
интеллектуалдық  дамуына,  психо-физиологиялық  ерекшеліктеріне  қарай,  білімнің 
барлық деңгейіне кең жол ашылды. Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын негізге 
ала  отырып,  оқушы  бойына  ұлттық  құндылық  қасиеттерін  қалыптастырып, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
168 
құрметтеуге  тәрбиелеуде  дидактикалық  шарттар,  яғни  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту, 
қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. 
Замана  жетiстiктерi  негiзiнде  жас  ұрпаққа  сапалы  бiлiм  берудi  мақсат  еткен 
көпшiлiк  қауым,  халық  педагогикасының  асыл  мұралары  негiзiнде  саналы  тәрбие 
берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. 
Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен 
сусындатуды  мұрат  тұтқан.  Сол  рухани  үндеу  бүгінгі  күнге  жеткізді.  Ұлттық 
құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 
-  жас  ұрпақ  санасына  туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  мақтаныш 
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; 
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-
мәдени мұраларды қастерлеу; 
-
 
мұғалімдерге  оқушының  жеке  тұлғалық  қасиетін  дамытуда  күй 
шығармаларының қандай рөл атқаратындығын дұрыс бағдарлауға бағыт береді; 
-
 
өз халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен мазмұнды таныстырып, оны үйретеді; 
-
 
жас  ұрпақ  бойында  жанашырлық,  сенімділік,  намысшылдық  тәрізді  ұлттық 
мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық тәрбиені негізге ала отырып жүргізілуі,  
қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді:  ана  тілін,  ата  тарихын, 
ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  балалар,  «қиын»  балалар, 
қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы 
басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және  олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі 
жолы.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы, 
кішіпейіл болып өсуіде ұлттық тәрбиенің  құндылығы. Сондықтан да ұлттық тәрбие – 
ел болашағы. 
Ұлттық  тәрбие  мақсаты  –  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  болып 
табылатын  құндылықтардың  үйлесімді  дамып,  көркейіп,  жалпыадамзаттың  бүгіні 
мен келешегіне қызмет етуі. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның 
жетістіктерін  келешек  үрпаққа  қалдырудың  үлесі  зор.  Халықтың  даналық  мұрасын 
сақтаудың  негізі  халықтық  тәрбиеде.  Күнделікті  өмір  мен  табиғаттағы  әдемілікті 
түсіну,  бақылау,  пайдалану  үшін  балалардың  сезім-түйсігі  ұшқыр,  ақыл-ойы  алғыр, 
терең  білімді  азамат  болуы  керек.  Осындай  ұрпақтың  өмірге  деген  эстетикалық 
көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады. 
Ата-бабаларымыздың  рухани  мәдени асыл мұралары тарихи ескерткіштермен 
ғана  емес,  қазақтың  қол  өнері,  әуез  аспаптары,  тіпті  қырыққа  тарта  жанрлары  мен 
қосалқылары  бар  өте  бай  ауыз  әдебиеті  белгілі  бір  мазмұнға  құрылатын  күйлері, 
ақындық  шешендік  өнері,  халық  әуендері  мен  билері,  ұлттық  әдет-ғұрып,  ізгілік, 
имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар.  
Музыка  пәні  арқылы  тәрбие  беру  тек  қана  жекеленген  нысандарды  елестете 
ұғыну  ғана  емес,  ол  мәдениетті  сезіну  мен  түсінудің  негізі.Баланың  адами 
қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен, ата-ана 
мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты.  
Бірінші мақсат, музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану 
не  күйіну,  музыкалық  бейнені  түсіне  білу.  Музыка  баланы  толғандырады, 
қабылдаушылық қабілетін оятады. 
Екіншіден,  оқушының  тыңдау  кабілетін  арттыру,  неғұрлым  жарқын  және 
түсінікті  музыкалық  құбылыстарды  салыстыруға,  баға  беруге  баулу.  Мұның  өзі  ең 
қарапайым  музыкалық  дыбысты  тыңдап,  ести  білу  мәдениетін,  кейбір  бейнелеу 
құралдарына  ден  қойып,  еркін  тыңдау  қабілетін  ояту.  Мысалы,  балалар  музыкалық 
дыбыстың  ең  қарапайым  қасиеттерін  (скрипка  мен  домбыраның  дыбысын  ажырата 
білу),  музыканың  ең  қарапайым  құрылымын  (әннің  бастамасын,  қайырмасын, 
қарама-қарсы  сипаттағы  әннің  бастамасының  биязы  жұмсақ  орындалатынын, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
169 
қайырманың  жігерлі  тез)  орындалу  айырмашылығын  байқайды.  Бара-бара 
оқушылардың  өздері  бар  ынтасымен  тыңдайтын  және  орындайтын  сүйікті 
шығармаларының коры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашкы негіздері 
қаланады. 
Үшіншіден,  оқушы  музыканы  тыңдай  отырып  әнді,  ойынды,  көркем 
кейіпкерлерді,  биді  көз  алдына  елестете  отырып  өзінше  қабылдайды.  Мысалы, 
оқушы  салтанатты  адымдап  келе  жатқан  сарбаздарға,  маң-маң  басқан  аюға,  үркек 
қоянға т.б. тән бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды. Музыканы қабылдау ақыл-
ой  үрдісімен  де  тығыз  байланысты,  яғни  оқушылардың  дыбыс  үніне  зейінді 
байқағыштықты,  тапқырлықты  талап  етеді.  Оқушылар  дыбыс  үніне  құлақ  салғанда, 
ұқсас  және  өзгеше  дыбыстарды  салыстырып,  олардың  бейнелік  мәнімен  танысады, 
көркем  бейненің  мағыналық  ерекшеліктерін  байқайды,  шығарманың  құрылымын 
түсіне білуді үйренеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-
дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға 
етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 
Ұлттық  өнер  оқушының  әлемді  тануына,  саналылыққа,  халықтың  мәдени 
мұрасы  байлығынан  рухани  сусындауына,  батылдық  сезімдеріне,  азаматтық, 
адамгершілік касиеттерге бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына 
тәрбиелейді.  Оқушыны  тәрбиелеу,  оның  жеке  тұлғалық  қасиетін  қалыптастыру 
күнделікті  өмірде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  оқушынын,  күнделікті  өмірі  мен 
ісінің  әртүрлі,  мазмұнды  болуы,  жоғары  адамгершілік  қатынасқа  құрылуы  өте 
маңызды.  Жолдастарымен  қарым-қатынас  жасау,  жаңа  достар  табу,  ұжымдық 
жұмыстар  мен  ойындар,  бірге  қайғыру,  еңбек»  және  қоғамдық  пайдалы  еңбекке 
араласу басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтін қуаныш сыйлайды. 
Өнер  оқушының  әлемді  тануына,  саналылыққа,  халықтың  мәдени  мұрасы 
байлығынан  рухани  сусындауына,  батылдық  сезімдеріне,  азаматтық,  адамгершілік 
қасиеттерге бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет