БҚму хабаршы №2-2016ж



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата06.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7615
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40

Комплексное влияние 
гиподинамии и гипокинезии на организм 
(по Я.Л. Мархоцкому, 2010) 
Влияние адекватной 
физической нагрузки 
на организм 
 (по Г.Л. Билич, 
Л.В. Назаровой, 1998) 
-
 
увеличение содержания атерогенных липопротеидов 
(рост холестерина и триглицеридов в липопротеидах 
низкой и очень низкой плотности); 
-
 
снижение толерантности к углеводам, рост 
концентрации мочевой кислоты в плазме крови, ожирение, 
усиление выхода кальция из костей; 
-
 
нарастание темпа атеросклеротических изменений 
сосудов (в наибольшей степени в коронарных мозговых 
артериях), что увеличивает вероятность развития 
ишемической болезни сердца и мозга; 
-
 
увеличение степени развития возрастного остеопороза, 
приводящего к риску развития патологических переломов, 
прогрессированию полиостеоартроза, а также 
остеохондроза позвоночника; 
-
 
нарушение моторики желудка, кишечника, желчного и 
мочевого пузыря в сочетании с изменением электролитного 
и липидного метаболизма, что увеличивает вероятность 
развития холе- и уролитиаза со вторичной симптоматикой 
желче- и мочекаменной болезни. 
-
 
физическое, психическое, 
сексуальное здоровье; 
-
 
сохранение мышечного 
тонуса, усиление мышц; 
-
 
подвижность суставов, 
прочность и эластичность 
связочного аппарата; 
-
 
оптимальная физическая и 
умственная 
работоспособность; 
-
 
координация движений и 
постоянство массы тела; 
-
 
оптимальное 
функционирование сердечно-
сосудистой, дыхательной, 
выделительной, эндокринной, 
половой и других систем; 
-
 
устойчивость к стрессам и 
ровное, хорошее настроение. 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
176 
Таким  образом,  исследование  потребностей  и  мотивов  женщин  среднего 
возраста  к  физкультурным  занятиям  однозначно  указывает  на  приоритет 
оздоровительной  составляющей  регулярной  двигательной  активности,  а  также  на 
необходимость осознания женщинами механизмов её влияния на организм. 
Литература: 
1.
 
Послание Президента  Республики  Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 
«Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» от 30 ноября 2015 
г. – 
http://astana.gov.kz/ru/modules/material/9609
Дата обращения: 25.03.2016 г. 
2.
 
Кобяков  Ю.П.  Физическая  культура.  Основы  здорового  образа  жизни: 
Учеб.пособие  – Ростов-на-Дону: Феникс, 2012. – 252 с. 
3.
 
Кульназаров А.К.,  Иванов Г.Д., Кошаев М.Н., Байтлеу Р. Профессионально-
прикладная  физическая  культура:  составные  части,  термины,  понятия  //  Термины  и 
понятия в сфере физической культуры: доклад I междунар. конгресса 20-22 декабря, 2006 
г. / Фед. агентство РФ по ФКиС. – СПб.: СПбГУФК им. П.Ф. Лесгафта, 2007. – с. 63-67. 
4.
 
Мархоцкий  Я.Л.  Валеология:  учеб.  пособие  –  2-е  изд.  –  Минск:  Высшая 
школа, 2010. – 286 с. 
5.
 
Пономарев Н.И. Социальные функции физической культуры и спорта. – М.: 
Физкультура и спорт, 1974. – 310 с. 
6.
 
Николаев  Ю.М.,  Еолчиянц  Т.А.  Физическая  культура  и  всестороннее 
развитие  личности:  методологический  аспект  //  Проблемы  физкультурного 
образования учащейся молодежи на рубеже XXI века. – СПб., 1999. – с. 54. 
7.
 
Анашкина  Н.А.  Социокультурные  факторы  и  социально-педагогические 
механизмы  формирования  рекреативно-оздоровительной  деятельности  женщин  / 
Автореф. дис. ... канд. пед. наук. – М., 1996. – 24 с. 
8.
 
Столяров  В.И.  Философско-культурологический  анализ  физической 
культуры.  Вопросы философии. – 1988. – №4. – с. 42-78. 
9.
 
Лотоненко  А.В.,  Гостева  С.Р.,  Григорьев  О.А.  Физическая  культура  и 
здоровье: монография. – М.: Еврошкола, 2008. – 450 с. 
10.
 
Фёдорова  О.Н.  Комплексное  применение  средств  Пилатеса  и 
аквааэробики  на  занятиях  с  женщинами  второго  периода  зрелого  возраста  / 
Автореф. дис. … канд. пед. наук – СПб., 2012. – 26 с. 
11.
 
Билич Г.Л., Назарова Л.В. Основы валеологии. – СПб: Водолей, 1998. –  560 с. 
Байтлесова Н.К. 
Орта жастағы әйелдердің дене жаттығу қажеттіліктерінің 
тенденциялары 
Мақала  орта  жастағы  әйелдердің  қажеттіліктерін  зерттеу  мәселелерін 
шешуге  арналған.  Адам  қажеттіліктері  әр  түрлі,  ол  көптеген  мамандардың  
зерттейтін  мәселесі болып табылады. Орта жастағы әйелдердің дене жаттығуға 
қажеттіліктерін зерттеу, сондай-ақ әйелдер ағзасына   қажеттілігін көрсетеді 
Тірек  сөздер:  Қимыл  белсенділігі;  орта  жастағы  әйелдер;  гипокинезия; 
гиподинамия;  салауатты  өмір  салты;  кинезофилия;  денсаулық;  өз  бетімен  дене 
жаттықтыру;  сауқтыру технологиялары; жұмыс жасау қабілеттілігі. 
Baitlessova N.K. 
Tendency of middle-aged women’s needs in physical activities 
Article  is  devoted  to  solution  of  the  problem  in  surveying  of  middle-aged  women’s 
needs. Human’s needs are diverse and they appear to  be the subject  of studying of  many 
specialists.  Studying  of  middle-aged  women’s  needs  and  motives  to  physical  activities 
unambiguously  indicates  on  necessity  of  women’s  awareness  of  their  influence  on 
organism. 
Keywords:  Physical  activity,  middle-aged  women,  hypokinesia,  hypodinamia, 
healthy  lifestyle  kinezofiliya,  health,  independent  physical  training,  health-improving 
technology,  operability. 
*** 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
177 
ӘОЖ 378.1:004.4  
                                Мухамбетова Ғ.Г. − аға оқытушы,  
                            М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
                         E-mail:  Gainesh_65@mail.ru 
 
ГРАФИКАНЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ АРҚЫЛЫ  СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  заманауи  компьютерлік  технологияның  мүмкіндіктерін 
және  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолданып,  графиканы  бағдарламалау  арқылы 
студенттердің  шығармашылық  қабілетін  дамыту  мәселелері  қарастырылған. 
Болашақ құзіретті маманның шығармашылық жұмыстарының заманауи нысанды- 
бағдарлы  бағдарламалау  тілінде    жазылған  жоба  интерфейсі  мен  бағдарлама 
кодтары келтірілген.  
Тірек сөздер: Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, графиканы 
бағдарламалау,  нысанды-бағдарлы  бағдарламалау  тілдері,  жоба  интерфейсі  және 
бағдарлама коды. 
 
Жоғары білім берудің  басты міндетінің бірі  – өз  бетімен білім алуға, өзін өзі 
дамытуға,  шығармашылық  және  инновациялық  қызметке  қабілетті  тұлғаны 
қалыптастыру.    Студентті  білімді  енжар  тұтынушыдан,  қойылған  мәселені  шешу 
жолдарын  өз  бетімен  тауып,  орындай  алатын,  алынған  нәтижені  талдай,  негіздей  
және  дәлелдей  алатын  белсенді  шығармашылықты  тұлғаға  айналдыру  керек.  Оқу 
қызметтеріне  қарағанда,  шығармашылық  әрекеттер  қандай  да  бір  білімдерді 
меңгеруге емес, болашақ құзіретті маманның жаңаны жасау үшін өз бетімен әрекет 
етуіне, өз идеясын іске асыруына бағытталған. 
Осы орайда, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін  келесі 
міндеттер қойылады: 
-
 
студенттердің  өз  беттерімен  ойлану,  білімді  өз  бетімен  тауып  оны  игеру 
және қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру;  
-
 
пайда болған кез келген мәселелердің шешімдерін өз бетінше табуға үйрету; 
-
 
танымдық, зерттеушілік әрекеттерін дамыту; 
-
 
өз  бетімен  сыни  ойлау,  пайда  болар  мәселелерді  көре  білу,  мәселені 
шешудің жаңа идеяларын ойлап тауып, оны тиімді ұсына білуге үйрету; 
-
 
алынған  нәтижені  талдай  отырып,    қажетті  жалпылаулар  мен 
қорытындыны өз бетімен жасай білу икемділігін қалыптастыру т.с.с. [1].   
Білім беруде жаңа ақпараттық технология мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 
қолдану  студенттердің    пәнге  деген  қызығушылығын  тудырып,  олардың 
шығармашылықпен  жұмыстануына  зор  әсерін  тигізетіндігі  баршаға  айқын. 
Студенттердің  шығармашылық  өзіндік  жұмысы-  өзіндік  жұмыстың  ең  жоғарғы 
деңгейі.  Мұнда  олардың  жинақтаған  білімін  әдеттегі  қарапайым  және  күрделі 
жағдайларға  қолдана  білуі,  өз  білімінің  сан  қырлы жағын  жан-  жақты  аша отырып, 
сапалы білімді меңгеруі жүзеге асады [2].   
Компьютерлік 
графика 
ақпараттық 
коммуникациялық 
технологияны 
қолданудың  маңызды саласы болып табылады. Онда графиктік ақпарат сызба, сурет, 
эскиз,  презентация,  анимациялық    ролик  т.б.  түрінде  көрнекі  бейнеленеді. 
Компьютерлік  графика    мен  анимация  –  кино,  жарнама,  өнер,  архитектуралық 
презентация  саласында,  сонымен  қатар  компьютерлік  ойындар  мен  оқыту 
бағдарламаларын  құруда  қолданылатын  маңызды  құрал  болып  табылады.    Соңғы 
жылдары  компьютерлік  графиканы    қолданатын  жаңа  мамандықтар  көптеп  пайда 
болуда.  Сәйкесінше,  еңбек  нарығы  сұранысының  талабына  сай  бұл  саланы  жетік 
меңгерген, бәсекеге қабілетті маман дайындаудың  педагогикалық және әдістемелік 
әдіс  –  тәсілдері  жетілдірілу  үстінде.  Компьютерлік  графиканы  бағдарламалау 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
178 
студенттің өз түйсігі бойынша елестету, кескінді жоспарлай білу,  образды елестету 
қабілетін  арттырады.
 
Студент  сурет  салу  үшін  компьютер  экранын  қолдануды 
жоспарлау, шығатын суреттің орнын анықтау үшін математикалық есептеу жасауды 
орындайды.  Алға  қойылған мақсатқа  жету  жолында  кездескен  қиындықтарды  жеңу 
жолдарын іздеп, ол үшін мәндерді есептеуді жаңарта отырып, бірнеше рет қайталап 
орындауына  тура  келеді.  Бұл  әрекет  студенттің  шыдамдылық  пен  табандылық, 
қайсарлық  пен  ұқыптылық  сияқты  қабілеттерін  дамытады.  Берілгені  бойынша  бір 
суретті  салудың  бағдарламасын  құру  үшін  студент  өз  бетінше  жоғарыда  айтылған 
әрекеттерді  орындап,  шығармашылықпен  еңбектенеді.  Экранға  шыққан  суретке 
қарап,  жұмыс  нәтижесінің  дұрыстығын  студент  өзі  анықтайды.  Қате  болған 
жағдайда,  оны  түзетудің  жолын  іздеуге  көшеді.  Осылайша,  шығармашылықпен 
жұмыс жасай отырып, ізделінді нәтижеге жетеді.  
Заманауи  бағдарламалау  тілдері  графиканы  бағдарламалаудың  мол 
мүмкіндіктерін ұсынады.  Бұл білім  «Информатика»,  «Ақпараттық жүйе», «Есептеу 
техникасы  және  бағдарламалық  қамтамасыз  ету»  мамандықтары  бойынша  білім 
алатын  студенттерге Pascal, С/С++  және оның нысанды- бағдарлы кеңейтілуі Delphi, 
С++ Builder, C#   бағдарламалау тілдерін (НББ тілі) оқыту арқылы беріледі.  
Windows  операциялық  жүйесінде  графиканы  бағдарламалаудың  стандарт 
концепциясы GDI (Graphics Device Interface– графиктік құрылғылар интерфейсі) деп 
аталады. GDI - тегі сурет салу әдеттегі сурет салуға ұқсас. Графика холстта (Graphics 
класы),  қалам  (Pen  класы),  қылқалам  (Brush  класы)  және  қаріп  (Font  класы) 
көмегімен  шығарылады  [3].  Сурет  салудың  негізгі  класы  –  Graphics  класы.  Сурет 
салынатын  кенеп  класы  нақты  бір  терезеге,  яғни  негізгі  формаға  немесе  форманың 
қандай  да  бір  басқару  элементіне  тиісті  болуы  керек.  Graphics  класында  бұл 
беттердің кез келгенінде сурет салуға мүмкіндік беретін функциялар қарастырылған. 
Бұл  класс  сонымен  қатар,  доға,  қисық,  Безье  (Bezier)  қисығын,  эллипс,  түзу, 
тіктөртбұрыш сызуға және мәтін шығаруға мүмкіндік береді. 
Түрлі  бағдарламалау  тілінде  берілген  есептің  бағдарламасын  құрудың  өзі 
студенттің  шығармашылық  еңбегі  болып  табылады.  Графиканы  бағдарламалауда 
студент  алдымен  берілген  тапсырма  бойынша  графикалық  бейнені  сызу 
командасының  әр  бағдарламалау  тілінде  жазылуы  синтаксисін  білуі  керек.  Олар  әр 
тілде  әртүрлі  болып  жазылады.    Мысалы,  шеңбер  сызу  үшін    Pascal,  С/С++  
тілдерінде 
Circle(x,y,R); 
Delphi, 
С++ 
Builder 
НББ 
тілінде 
 
Form1. 
Canvas.Ellipse(x1,y1,x2,y2); 
ал, 
C# 
тілінде 
Graphics 


e.Graphics; 
g.DrawEllipse(Pens.Black,  x1,y1,x2,y220,  100,  80,  70);  командалары  жазылатынан 
хабардар  болуы  тиіс.    Бағдарлама  жазу  үшін  студент  бейненің  әрбір  элементінің 
экрандағы  орнын  елестете  және  жоспарлай  отырып,  олардың  координатын  есептеп 
табады.  Бұл жерде бейнелеу өнері және математика пәнімен байланыс жүзеге асады.  
Графиканы  бағдарламалаудың  шағын  тапсырмалары  зертханалық  және  
өзіндік  жұмыстарда,  ал  күрделі  тапсырмалар  бірнеше  аптаға  берілген  рейтингілік 
жоба жұмыстарын орындау арқылы жүзеге асады.  
Төменде  айтылған  мамандық  студенттерінің  зертханалық  жұмыстарда 
орындағын тапсырмаларынан мысалдар келтірілген. 
Мысал 1. С++ Builder  бағдарламалау тілінде қарапайым “Графиктік редактор” 
жобасын құрастыру.  
Тапсырма  студенттерге  топтық  жұмыс  ретінде  беріледі.  Әр  топ    жобаның 
экрандық  интерфейсін  құрастыру  үшін  (1-  сурет)  формаға  қай  жиынтықтан,  қандай 
құрамдас  бөліктер  орналастырып,  олардың  қасиеттерінің  қандай  мәндері 
орнатылатын жоспарлайды және талқылайды.  Бұл жерде студенттердің жан-жақты 
ізденуі, еркін ойлауы, шығармашылық жұмыс жасауы, тіл байлығының дамуы, бірін-
бірі тыңдау, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады. Сонымен қатар, топтағы 
студенттер 
арасында 
ынтымақтастық 
атмосферасының 
қалыптасуына, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
179 
көшбасшылыққа  жетуіне,  таным  мен  дамудың,  білік  пен  дағдының  қалыптасуына 
бaғдар беруге мүмкіндік туады.  
 
1– сурет. «Графиктік редактор» жобасының интерфейсі 
 
Сонан соң, олар қалам мен қылқалам түсін таңдау, сурет салу, салынған сурет 
ішін бояу, суретті сақтау, жабадан шығу әрекеттерін жүзеге асыру үшін бағдарлама 
кодтарын жазуға кіріседі.  
Мысалы, жылжытқыштар  арқылы  сурет  салатын қалам түсін және өлшемін 
таңдау үшін сәйкес құрамдас бөлікке келесі кодтарды жазады: 
void __fastcall Tform1::ScrollBar1Change(TObject *Sender) 

  c=RGB(ScrollBar1->Position,ScrollBar2->Position,ScrollBar3->Position); 
  Edit1->Text=IntToStr(ScrollBar1->Position); 

void __fastcall Tform1::CSpinEdit1Change(TObject *Sender) 

Image1->Canvas->Pen->Width=CSpinEdit1->Value; 

Бұл  кодтарды  жазу  студенттен  ұялы  телефон  және  монитор  экранында 
қолданылатын  түстердің  RGB  (Red-  Green-  Blue)  моделіне  сәйкесті    RGB(x,y,z) 
стандарт функциясын қолдана алу біліктілігін талап етеді. 
Тінтуірдің сол жақ батырмасын баса отырып жылжытқанда сурет салу және оң 
жақ    батырмасын  басқанда  салынған  суреттің  іші  таңдалған  түске  боялу  үшін 
Image1MouseMove(),  Image1MouseDown()  оқиға  өңдеушілерінің  төмендегі  кодтарын  
жазады [4].  
void  __fastcall  Tform1::Image1MouseMove(TObject  *Sender,  TShiftState 
Shift, int X, int Y) 
{Image1->Canvas->Pen->Color=c;  Image1->Canvas->Brush->Color=c; 
 if (Shift.Contains(ssLeft))  Image1->Canvas->LineTo(X,Y); 

void  __fastcall  Tform1::Image1MouseDown(TObject  *Sender,  TMouseButton 
Button, TShiftState Shift, int X, int Y) 

  if (Button==mbLeft) Image1->Canvas->MoveTo(X,Y); 
  if (Button==mbRight) Image1->Canvas->FloodFill(X,Y,c,fsBorder); 


 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
180 
Бағдарлама  кодын  жазу  студенттен  теорияны  практикамен  ұштастыруды, 
бағдарламалау  тілінің  командалары  бойынша  біліктілігі  мен  дағдысының 
қалыптасуын қамтамасыз етеді.  
Нәтижеде  әр  топтың  құрастырған  жобасы  арқылы  салынған  суреттерін 
демонстрациялап,  бағалау  жүзеге  асады.  Топтың  дайындаған  жобасының  дұрыс 
жұмыс  жасалуын  оқытушының  келесі  суретті  салу  арқылы  тексеруіне  болады  (2- 
сурет). 
 
 
                        2- сурет. «Графиктік редактор» жобасының орындалуы 
 
Мысал  2.    Delphi  бағдарламалау  тілінде  нұсқағышы  қозғалатын  сағаттың 
көрінісін  шығаратын жоба құрастыру. 
Бұл  тапсырманы  орындауда  студенттер  формаға  құрамдас  бөліктер 
орналастырудан  гөрі  бағдарламалауға  көңіл  бөледі.  Бағдарлама  коды  батырмаға 
(BitBtn) немесе  Timer()  құрамдас  бөлігінің   ОnTimer()  оқиға өңдеушісіне жазылады. 
Топтағы  студенттер  берілген  тапсырманы  орындау  үшін  келесі  әрекеттер  тізбегін 
жоспарлайды: 
-
 
сағат шеңберін салу командасының жазылуы 
-
 
қалам атрибуттарының таңдалуы 
-
 
қаріп параметрлерін орнату және сағат ішіне цифрларды жазу 
-
 
сағаттық және минуттық нұсқағыштарды салу командасының жазылуы 
-
 
нұсқағыштарды қозғалтуды ұйымдастыру. 
Бұл  әрекеттерді  топта  жасақтап,  әр  топ  көшбасшысы  ортада  талқылағаннан 
кейін, Delphi тілінің графиктік режимінде төмендегіше бағдарлама құрылады.   
procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject); 
    Var a,b,c,d,i,f:real;  k:integer; 
begin 
 With canvas do begin 
pen.Color:=clGreen;  pen.Width:=2; 
Ellipse(10,30,290,310); 
font.Color:=clblue; 
font.Size:=12; font.Style:=[fsBold]; 
textOut(147,32, '12');  textOut(147,288, '6'); 
textOut(13,168, ' 9');  textOut(276,168, '3'); 
Сағаттық және минуттық нұсқағыштарды салуда математикадағы синус және 
косинус функциялары қолданатынына студенттер назарын аудару қажет.   
Сағат нұсқағышын қозғалту көрінісін жасауды студенттермен “миға шабуыл” 
әдісін қолданып жүзеге асыруға болады. Ол үшін топқа “Компьютер экранында кез 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
181 
келген  нысан  қозғалысының  көрінісін  қалай  бағдарламалауға  болады?”  сұрағы 
қойылады. Студенттер ойлау және көзге елестету арқылы жауаптарын дайындайды. 
Алынатын жауап шамамен төмендегіше болады: 
1.
 
алдымен белгілі бір координатта, белгілі бір түспен нысан сурет шығады 
2.
 
ол бірнеше уақыт экранда кідіреді 
3.
 
сурет жоғалып кеткен тәрізді болады, яғни нысан фон түсімен боялып шығады 
4.
 
сонан соң, сурет келесі координатта шығады [4]. 
Бұл  әдіс  жауабы  ауызша  талқыланған  соң,    нұсқағыш  қозғалысын  жүзеге 
асыратын жоғарыдағы бағдарлама жалғасы жазылады.  
c:=0;d:=0;  k:=0; 
while k<100 do begin  inc(k); 
pen.Color:=clRed; 
c:=c+0.06; d:=d+0.01; 
a:=cos(c)*120+150;   b:=sin(c)*120+170; 
i:=cos(d)*110+150;    f:=sin(d)*110+170; 
MoveTo(150,170); LineTo(trunc(a),trunc(b)); 
MoveTo(150,170); LineTo(trunc(i),trunc(f)); 
sleep(100);  
pen.Color:=form2.Color; 
MoveTo(150,170);LineTo(trunc(a),trunc(b)); 
MoveTo(150,170);LineTo(trunc(i),trunc(f)); 
end;  end; 
end; 
Бағдарлама  нәтижесінде  қызыл  түсті  нұсқағыш  суреті  (pen.Color:=clRed;) 
шеңбер  бойымен  (cos(),  sin())  қозғалады.  Суретті  адам  көзі  көре  алатындай  етіп, 
экранда  кідірту  үшін    sleep(100)  командасы  қолданылады.  Суреттің  экраннан 
жоғалып  кету  көрінісі  қалам  түсін  форма  фонының  түсімен  бояу  арқылы  жүзеге 
асырылады (pen.Color:=form2.Color). 
Жобаны орындату нәтижесі төмендегі суретте көрсетілген (3- сурет). 
 
3-сурет. Нұсқағышы қозғалатын сағат жобасының интерфейсі 
Графиканы бағдарламалауды қазіргі кезде кең қолданысқа енген C# тілінде де 
жүзеге асыруға болады. Бұл тілде графиканы бағдарламалаудың оқиға өңдеушісінің 
жалпы түрі төмендегіше болады: 
private void Form1_Paint(object sender, PaintEventArgs e) 
{Graphics g = e.Graphics; 
// Cурет салынады } 
Мысал  3.    C#    бағдарламалау  қарапайым  геометриялық  фигуралар  сызу 
бағдарламасын құру. 
private void Form1_Paint(object sender, PaintEventArgs e) 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
182 

Graphics g = e.Graphics; 
g.DrawLine(Pens.DarkCyan, 10, 200, 250, 200); 
g.DrawRectangle(Pens.Red, 10, 10, 100, 70); 
g.FillRectangle(Brushes.Blue, 120, 10, 150, 70); 
g.DrawEllipse(Pens.Black, 20, 100, 80, 70); 
g.FillEllipse(Brushes.Brown, 120, 90, 100, 100); 
g.FillPie(Brushes.Yellow, 120, 150, 150, 130,90,100); 

Бағдарламалау  тілдерінде  графика  кенепте  (Graphics  класы),  қалам  (Pen 
класы),  қылқалам  (Brush  класы)  және  қаріп  (Font  класы)  көмегімен  шығарылады. 
Сурет салудың негізгі класы – Graphics класы.  Graphics класында бұл беттердің кез 
келгенінде  сурет  салуға  мүмкіндік  беретін  командалардың  мол  жиынтығы 
қарастырылған. Студенттер әр түрлі бағдарламалау тілінде  геометриялық фигуралар 
салу  командасының  жазылуын  салыстыра  және  бұл  тілге  тән  синтаксистік 
ерекшеліктерді ескере отырып,  графиканы бағдарламалауды жүзеге асырады.  
Қорыта келгенде, оқытудың заманауи компьютерлік технологиясын және жаңа 
әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып, графиканы бағдарламалау студенттердің өз бетімен 
ізденісіне, шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етіп, нәтижеде жаңа қоғам 
жағдайында өмір сүруге  бейімделген, бәсекеге қабілетті,  білімді  де білікті  құзіретті 
маман дайындауға зор үлесін қосатыны сөзсіз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Мухина  С.А.,  Соловьева  А.А.  Современные  инновационные  технологии 
обучения. − М.: “ГЭОТАР- Медиа”, 2008. − 360 c. 
2.
 
Медешова  А.Б.,  Мухамбетова  Ғ.Г.,  Амантурлина  Г.Қ.  Информатиканы 
оқытудың теориясы мен әдістемесі. − Орал: “БҚМУ РБО”, 2011. − 204 б. 
3.
 
Медешова  А.Б.,  Мухамбетова  Ғ.Г.  Turbo  Pascal  және  Delphi  тілдерінде 
бағдарламалау.  – Орал: “БҚМУ РБО”, 2012. − 236 б. 
4.
 
Медешова  А.Б.,  Мухамбетова  Ғ.Г.  Бағдарламалау.  –  Алматы: 
“Бастау”, 2014. − 368 б. 
Мухамбетова Ғ.Г. 
Развитие творческих способностей  студентов с помощью 
программирования графики 
В  данной  статье  анализируется  развитие  творческих  способностей 
студентов  с  использованием  компьютерных  технологий,  а  именно  возможностей 
программирования графики.  
Приведены  различные  примеры  интерфейсов  проектов  с  листингами 
программ,  созданными  будущими  компетентными  специалистами  на  современных  
объектно-ориентированных языках программирования.  
Ключевые 
слова: 
Развитие 
творческих 
способностей 
студентов, 
программирование  графики,  объектно-ориентированные  языки  программирования, 
интерфейс проекта и листинг программы.  
Mukhambetova G.G. 
Development of students' creative skills by means of graphics programming 
Development  of  students'  creative  skills  through  the  use  of  computer  technologies, 
specifically  opportunities  of  graphics  programming  is  analyzed  in  this  article.  Various 
examples  of  project  interfaces  with  the  listing  of  programs  created  by  future  competent 
experts in modern object-oriented programming languages are shown in this article. 
 
Keywords: Development of students' creative skills, graphics programming, object-
oriented programming languages, project interface and the listing of program. 
 
*** 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
183 
УДК 37.036 
Коптлеуова К. С. – преподаватель ЗКГУ им. М.Утемисова  
E-mail: consul_79@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет