3-тақырып. Статистикалық бақылау 47
кемшіліктердің, атап айтқанда, бақылау объектісін немесе жиынтықтың
бірлігін айқын белгілемеудің салдарынан статистикалық бақылауда қате-
ліктер пайда болады.
Деректердің дұрыстығын арттыру жəне қалдырып кеткендерді
анықтау үшін санақтан кейін жаппай жəне ішінара бақылап тексеру
өткізіледі.
Деректерді тіркеу қателіктерін статистикалық бланкілерді қабылдау
кезінде бақылау арқылы анықтауға болады. Бақылау арифметикалық (са-
нау) жəне логикалық болады.
Санау, арифметикалық бақылау жекелеген деректерді арифметикалық
байланыстыруға негізделген. Арифметикалық бақылауда қорытындылар
тексеріледі жəне бір-бірінен туындайтын көрсеткіштер салыстырылады.
Атап айтқанда қосындылардың сомасы жалпы қорытындыдан аспауға,
ал басқа көрсеткіштердің көбейтіндісін білдіретін көрсеткіш олардың
көбейтіндісіне тең болуы тиіс.
Логикалық бақылауда жауаптардағы сəйкессіздіктерді анықтау
мақсатында жауаптар салыстырылады. Адамдардың жасы мен білім деңгейі
немесе жасы мен отбасы жағдайы осының мысалы болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған
сұрақтар
1. Статистикалық бақылау деген не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?
2. Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастыру нысандарын
атап сипаттаңыз.
3. Статистикалық бақылау бағдарламасы деген не?
4. Бақылау объектісіне, жиынтық бірлігіне, жəне бақылау бірлігіне
анықтама беріңіз.
5. Статистикалық бақылаудың жиынтық бірлігін қамту толықты-
ғына байланысты түрлерін атаңыз. Жаппай емес тексерудің
түрлерін сипаттаңыз.
6. Фактілер уақыт бойынша есептелетін статистикалық бақылау дың
түрлерін атаңыз. Уақыттың сыни сəті ретінде не түсініледі?
7. Статистикалық бақылауда фактілерді есептеу тəсілдерін қол-
данылады?
8. Статистикалық есептіліктің негізгі деректемелерін сипаттаңыз.
Есептілікті бекітудің тəртібі мен оның бағдарламасының маз-
мұнын сипаттаңыз.
9. Санақтың түрлері мен санақты өткізудің ұйымдастыру жос-
парының негізгі сұрақтарына тоқталыңыз.
10. Бақылауда қандай қателіктер кездеседі? Бақылаудың қателікте рін
анықтау үшін қандай əдістер пайдаланылады?
48 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Ұсынылатын əдебиет
1. Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 г. №98-I «О государствен-
ной статистике» (с изменениями и дополнениями, внесенными Законами
Республики Казахстан от 30.01.01 г. №154-II; от 15.01.02 г. №280-II; от
20.12.04 г. №13-III; от 21.12.04 г. №14-III)
2. Авров А.П. Аврова Ю.А. Общая теория статистики. Основы курса: Учеб-
ное пособие. 2-ое изд. доп. – Алматы, 2004. – 112 с.
3. Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Учебник.– М.:
Дело и сервис, 2000. – 464 с.
4. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики: Учебник. –
3-е изд. / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статис-
тика, 1998. – 368 с.: ил.
5. Теория статистики: Учебник для вузов / Под ред. Р.А. Шмойловой. – М.:
Финансы и статистика , 1996.
6. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики:
Учебник для вузов. – М.: ИНФРА-М, 1998.
7. Харченко Л.И. и др. Статистика. – М.: ИНФРА-М, 1997.
8. Гусаров В.М. Теория статистики: Учебное пособие для вузов. – М.: Ау-
дит, ЮНИТИ, 1998.
9. Ряузов Н.Н. Общая теория статистики: Учебник для студ. экон. спец.
вузов. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1984. –
343 с.: ил.
10. Общая теория статистики: Учебник / Т.В. Рябушкин, М.Р. Ефимова и
др. – М.: Финансы и статистика, 1981.
11. Общая теория статистики: Учебник / Г.С. Кильдишев, В.Е. Освиенко,
П.М. Рабинович, Т.В. Рябушкин. – М.: Статистика, 1980.
12. Статистический словарь / Гл. ред. М.А. Королев. – 2-е изд., перераб. и
доп. – М.: Финансы и статистика, 1989.
3.7.
Практикум
3.7.1. Ізденуге арналған сұрақтар
1. Статистикалық бақылауға, оның мақсаты мен міндеттеріне жəне оны
ұйымдастыру нысандарына сипаттама беріңіз.
2. Статистикалық бақылау бағдарламасы ұғымы мен мазмұнына толық
жə не қысқаша түсінік беріңіз. Статистикалық бақылау бағдарламасын
жекеле ген сұрақтарды енгізу/енгізбеу ережелеріне тоқталыңыз.
3. Бақылаудың мақсаты қандай? Бақылау жəне ценз объектісіне анықтама
беріңіз.
4. Статистикалық жиынтық бірлігі жəне статистикалық бақылау бірлігі
ұғымдарының ерекшеліктерін атаңыз. Мысал келтіріңіз.
3-тақырып. Статистикалық бақылау 49
5. Статистикалық бақылаудың түрлерін: а) жиынтықтың бірліктерін қамту
толықтығына; ə) фактілерді уақытқа орай есептеуге орай схемалық
жіктемесін жасаңыз. Оны фактілерді тіркеу тəсілдерінің схемасымен
толықтырыңыз.
6. Статистикалық формуляр мен олардың түрлеріне тоқталыңыз.
Статистикалық есептілік ұғымын, оны əзірлеу жəне бекіту тəртібіне си-
паттама беріңіз.
7. Санақтың негізгі түрлері мен санақты ұйымдастыру жоспарының негізгі
мəселелерін сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.
8. Статистикалық бақылаудағы қателіктердің, олар пайда болатын көздер ді
жəне оларды анықтау əдістерінің схемалық жіктемесін жасаңыз.
3.7.2. Типтік есептерді шығару мысалдары
1 - м ы с а л. Статистикалық бақылауда келесі құбылыстарды: а) өнеркəсіптік
кəсіпорында өнім шығару мен еңбек өнімділігінің динамикасын; ə) студенттердің
оқу үлгерімін; б) өнеркəсіптік кəсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерінің
құрамын толық сипаттауға болатын көрсеткіштердің тізбесін келтіріңіз.
Көрсеткіштерді олар бойынша бақылаудың бағдарламасын жасауға болатын-
дай етіп қалыптастырыңыз.
Ш е ш у і. а) өндірістің динамикасын бағалау үшін ағымдағы (қолданылатын)
бағалардағы көрсеткіштерді ғана емес, сонымен бірге салыстырмалы бағаларды
да пайдалану қажет екенін атап өткен орынды. Бұдан кейін еңбек өнімділігі бір
жұм ыс істеушіге шағылған өндірілген өнімнің мөлшерін білдіретінін ескеріп кəсіп-
орын қызметкерлерінің саны жөніндегі деректерді толтыру қажет. Статистикалық
ба қылау бағдарламасындағы осы талаптарды ескере отырып: 1) өнім өндірісінің
ағым дағы жəне салыстырмалы бағадағы мөлшері; 2) өнеркəсіптік-өндірістік
қызметкер лердің санын білдіретін көрсеткіштерді жинау қажет.
Өнеркəсіптік кəсіпорында өнім шығару мен еңбек өнімділігінің динамикасын си-
паттау үшін: 1) өндірістің өсу қарқынын – есепті кезеңдегі өндіріс көлемі мен базистік
(салыстырылатын) кезеңдегі салыстырмалы бағадағы өндіріс көлемінің арақатынасы-
ның; 2) еңбек өнімділігін – өндіріс көлемі мен жұмыс істеушілердің санының ара қаты-
насының; 3) еңбек өнімділігінің өсу қарқынының – еңбек өнімділігінің салыстыр-
малы бағадағы арақатынасының көрсеткіштерін есептеу қажет.
ə) статистикалық бақылау бағдарламасында студенттердің үлгерімін тал-
дау үшін сессияның қорытындысы бойынша əрбір топта əрбір пəн бойынша:
1) топтағы студенттердің саны; 2) орташа бағаны (орташа балды); 3) өте жақсы,
жақсы жəне қанағаттандырарлық жəне қанағаттанғысыз бағалар; 4) емтиханға кел-
меген студенттердің санын білдіретін деректерді жинауды қарастыру қажет.
Осы деректердің негізінде əрбір топ үшін келесі көрсеткіштерді, яғни:
1) топтың орташа бағасын (орташа балын); 2) бір пəнге шаққанда өте жақсы,
жақсы, қанағаттандырарлық жəне қанағаттанғысыз бағалардың орташа санын;
3) бір пəннің емтиханына келмеген студенттердің орташа санын есептеуге болады.
б) өнеркəсіптік кəсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері нің құра-
мын талдау үшін келесі көрсеткіштерді, яғни: 1) жұмысшылардың жынысы, ла-
уазымы мен жұмысшының жұмыс өтілі бойынша бөлінген санын; 2) қызметкер-
4 – 3/10-09
50 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
лердің жынысы, лауазымы мен қызметкердің жұмыс өтілі бойынша бөлінген
санын жинау қажет.
Алынған деректер келесі көрсеткіштерді есептеу арқылы жағдайды талдауға
мүмкіндік береді: 1) жұмыс істейтіндердің жалпы санындағы жұмысшылар мен
қызметкерлердің өзіндік салмағы; 2) жұмыс істейтіндердің жалпы санындағы,
он ың ішінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ішіндегі ерлер мен əйелдердің
өз ін дік салмағы; 3) ерлер мен əйелдерді қоса алғанда жұмысшылардың жалпы
санын да ғы жекелеген разрядтағы жұмысшылардың өзіндік салмағы; 4) лауазым-
дар бойын ша, оның ішінде ерлер мен əйелдердің ішіндегі қызметкерлердің өзіндік
салмағы.
2 - м ы с а л. Сауда кəсіпорындарының қызметкерлерінің құрамын зерттегенде
арнайы тексеру жобаланады. Сіз зерттеу бағдарламасына қандай сұрақтарды енгі-
зуді қажет деп санайсыз? Осы сұрақтарды енгізу неге қажет деп санайтыныңызды
түсіндіріңіз. Осы тексеру үшін əзірлеменің бағдарламасын жобалаңыз, кестелер
мен статистикалық формулярлардың макеттерін жасаңыз (таңдауыңыз бойынша
формуляр жеке немесе тізімдік).
Ш е ш у і. Əр түрлі категориядаға сауда қызметкерлері жұмыс істейтін сауда
кəсіпорындары зерттеледі делік. Əрбір категория бойынша сауда қызметкерлерінің
жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың жынысы жөнінде деректің болуы да маңызды. Зерт-
теу жүргізу үшін жеке формулярға қарағанда тізімдік формулярды пайдаланған
дұрыс. Тізімдік формулярға кəсіпорын бойынша жиынтық деректерді бір уақытта
жазуға болады. Формулярдың түрі мынадай болады:
________________________________________________
(кəсіпорынның атауы)
Кəсіпорын бойынша сауда қызметкерлерінің саны мен құрамы
Қызметкердің
категориясы
Жұмыс өтілі
1
жылға
дейін
1–3
жыл
3–5
жыл
5–7
жыл
8–10
жыл
10–15
жыл
15–20
жыл
20
жылдан
астам
Басшы
оның ішінде
əйелдер
Басшының
орынбасары
Оның ішінде
əйелдер
Секция
меңгерушісі
Оның ішіндегі
əйелдер
Аға сатушы
3-тақырып. Статистикалық бақылау 51
Оның ішінде
əйелдер
Сатушы
Оның ішінде
əйелдер
Осы формуляр пайдаланылып алынған мəліметтің негізінде сауда
кəсіпорындары үшін қызметкерлердің орташа санын, қызметкерлердің, оның ішін-
де əйелдердің категория бойынша пайыздық бөлінуін, қызметкерлердің, оның ішін-
де əйелдердің əрбір категориясы бойынша жұмыс өтіліне орай пайыздық бөлінуін
есептеуге болады.
3 - м ы с а л . Жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі 1 қыркүйекке
қалыптасқан жағдай бойынша мəлімет жинауды бақылаудың қай нысаны мен түрі-
не жатқызуға болатынын көрсетіңіз.
Жауап бергенде статистикалық бақылаудың нысандары мен түрлерін жіктеуді
пайдаланыңыз.
Ш е ш у і. Осы сұраққа жауап беру үшін статистикалық бақылау нысан-
дарының балама нұсқаларын (есептілік немесе тексеру), сондай-ақ бақылау бір-
лігін қамтудың толықтығына байланысты (жаппай немесе жаппай емес) неме-
се уақытқа орай фактілерді есептеудің үздіксіздігіне байланысты (ағымдағы,
кезеңді, іріктеп) таңдау қажет.
Бұл жағдайда статистикалық бақылау арнайы тексеру түрінде, алайда оны жоға-
ры оқу орындарының статистикалық есептілігі түрінде ұйымдастырған жақсы.
Мəселені тұжырымдау – «жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі
1 қыркүйекке қалыптасқан жағдай бойынша мəлімет жинау» статистикалық
бақылаудың ауық-ауық емес ұдайы өткізілетінін, яғни біржолғы емес кезеңді екенін
негіздейді. Деректер уақыт кезеңінің емес оқу жылының басында қалыптасқан
жағдайда жиналғандықтан байқау ағымдағы болып саналмайды.
Жоғары оқу орнына қабылдау жөніндегі деректер толық болуы үшін бақылау
жаппай болуы тиіс. Сөйтіп, жоғары оқу орнына қабылдау жөніндегі 1 қыркүйекке
қалыптасқан мəлімет жаппай статистикалық есептілікке жатады.
4 - м ы с а л . Цехтың немесе бригаданың ағымдағы жылдың айларының
бірін дегі жұмысы жөніндегі барлық қажетті деректемелері бар есептіліктің ны-
санын жасаңыз. Неге осындай бақылау бағдарламасы белгіленгенін түсіндіріңіз,
бағдарламаның сұрақтарын қалыптастырыңыз.
Ш е ш у і. Цех немесе бригада табиғи мөлшерде (дана, метр, декалитр, шартты
банка, килограмм немесе тонна жəне т.б.) сипатталатын өнімнің бір немесе бірнеше
түрін шығарады. Сонымен бірге шығарылған өнімнің бүкіл жиынтығы ағымдағы
бағада көрсетілген құнмен белгіленеді, сондай-ақ салыстырылатын кезеңдермен
салыстырмалы бағада салыстыру мақсатында ағымдағы бағада көрсетіледі. Жұмыс
істеушілердің санының өзгеруін ескеріп олардың саны жөніндегі деректерді жинау
қажет. Есептіліктің түрі келесідей болады:
Кестенің соңы
52 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
______ жылдың __________айының
Өндіріс есебі
Цех (бригада): ___________________________________
Өлшем бірлігі
Жолдың
коды
Есепті ай
Өткен жылдың
есебі
Өндірістің көлемі ағымдағы
бағада
мың теңге
1
Өндірістің көлемі салыстыр-
малы бағада
мың теңге
2
Жұмыс істейтіндердің саны
адам
3
1-өнім
4
2-өнім
5
…
6
3.8.
Өзіндік жұмысқа арналған
тапсырмалар
3.8.1. Есептер
1 - е с е п . Статистикалық бақылау кезінде төмендегі құбылыстарды толық
сипаттауға болатын көрсеткіштердің тізбесін келтіріңіз: халықтың ақшалай
табыс көздері жəне табысты пайдалану бағыттары бойынша ақша шығыны;
ə) өнеркəсіп салаларының өнеркəсіптік кəсіпорындарында жұмыс істейтіндердің
қызметкерлердің (қызметкерлер, жұмысшылар) категориялары мен атқаратын ла-
уазымы немесе разрядына байланысты еңбекақысы; б) халықтың экономикалық
белсенділігі бойынша 15 жəне одан жасы үлкен жастағы құрамы (жұмыс істейтін-
дер, жұмыссыздар жəне экономикалық жағынан белсенді еместер), сондай-ақ эко-
номика салалары бойынша жұмыс істейтіндердің құрылымы.
Көрсеткіштерді олар бойынша бақылау бағдарламасын жасауға болатындай
етіп қалыптастырыңыз.
2 - е с е п . Өнеркəсіптік кəсіпорындарда қызметкерлердің категориясына (қыз-
меткерлер, жұмысшылар) жəне олар атқаратын лауазымның деңгейіне (жоғары, орта,
төмен), сондай-ақ жұмыс істейтін разрядына (1-6) байланысты еңбекақы деңгейін
зерттеу үшін арнайы тексеру жүргізу жобаланады. Сіз бақылау бағдарламасына
қандай сұрақтарды енгізуді қажет деп санайсыз? Осы сұрақтарды енгізуді неге
қажет деп санайсыз? Осы тексеру үшін əзірлеменің бағдарламасын жобалаңыз,
кестелердің макеттері мен статистикалық формуляр жасаңыз (таңдауыңыз бойын-
ша формуляр жеке немесе тізімдік).
3 - е с е п . Келесілер статистикалық бақылаудың қай нысаны мен түріне жата-
тынын көрсетіңіз: а) халық санағы; ə) азаматтық ахуалды тіркеу актісі (туу, некеле-
су, айырылысу, қайтыс болу); б) үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексеруде
кіріс жəне шығыс бланкідегі күнделікті жазулар; в) əрбір тоқсанның басында сау-
3-тақырып. Статистикалық бақылау 53
да-қойма желісіндегі тауар қалдығының есебі; г) өнеркəсіптік өнім шығару жəне
сауда кəсіпорындарының тауар айналымы жөніндегі ай сайынғы есептілік; д) мал
санағын жүргізу кезінде бақылау жасау.
Жауап бергенде статистикалық бақылаудың нысандары мен түрлерін жіктеуді
пайдаланыңыз.
4 - е с е п . Оқу сессиясының нəтижелері жөніндегі барлық қажетті деректеме-
лері бар есептілікті жасаңыз. Осындай бақылау бағдарламасы негі белгіленгенін
жан-жақты түсіндіріңіз, бағдарламаның сұрақтарын қалыптастырыңыз.
3.8.2. Тест тапсырмалары
1. Əлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері жөн-
індегі деректерді алдын ала əзірленген бағдарлама бойынша тіркеу
арқылы жоспарлы, ғылыми жағынан ұйымдастырып жинау не деп
аталады?
1) статистикалық зерттеу;
2) статистикалық бақылау;
3) бастапқы ақпаратты топтастыру;
4) бастапқы материалдарды жинақтап қорыту жəне талдау;
5) зерттеу нəтижелерін жиынтықтау жəне əзірлеу.
2. Статистикалық бақылаудың нысандары:
1) ағымдағы жəне кезеңді;
2) жаппай жəне іріктеп;
3) фактілерді тікелей немесе құжатпен есептеу;
4) есептілік нысаны, анкета, санақ парағы;
5) есептілік жəне арнайы ұйымдастырылған бақылау.
3. Статистикалық бақылау жүргізгенде жауап алынуы тиіс сұрақтардың
тізбесі жəне оларды есептеу əдістемесі не деп аталады?
1) статистикалық бақылау бағдарламасы;
2) статистикалық нысан;
3) көрсеткіштер жіктеуіші;
4) статистикалық зерттеу əдіснамасы;
5) зерттеу жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
4. Статистикалық бақылау объектісі не болып табылады?
1) статистикалық жиынтық;
2) статистикалық бақылау субъектілері;
3) зерттелетін құбылыс бірліктерінің жиынтығы;
4) статистикалық көрсеткіштер жүйесі;
5) əр түрлі белгілердің жиынтығы.
54 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
5. Статистикалық бақылау объектісінің белгісі болып табылатын жеке
элементі не деп аталады?
1) бақылау субъектісі;
2) бақылау бірлігі;
3) жиынтық бірлігі;
4) əр түрлі белгілердің жиынтығы;
5) статистикалық көрсеткіш.
6. Қажетті статистикалық мəлімет алынуы тиіс бастапқы бірлік қалай
аталады?
1) жиынтық бірлігі;
2) бақылау бірлігі;
3) көрсеткіштер жиынтығы;
4) бақылау объектісі;
5) бақылау субъектісі.
7. Статистикалық бақылау өткізгенде айқын қалыптастырылған жау-
ап алынуы тиіс сұрақтардың тізбесі қалай аталады?
1) статистикалық нысан;
2) статистикалық нысанның нұсқаулығы;
3) көрсеткіштер жүйесі;
4) бақылау бағдарламасы;
5) бақылауды ұйымдастыру жоспары.
8. Статистикалық нысанның нұсқаулығында не болады?
1) бақылауды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық мəселелердің сипат-
тамасы;
2) статистикалық нысанның көрсеткіштері мен оларды есептеу əдіс-
темесі;
3) бақылау бағдарламасының сұрақтарына қосымша түсіндірме;
4) адрестік бөлімді толтыру жəне деректерді ұсыну мерзімдері жөніндегі
талаптар;
5) статистикалық бақылау объектілері мен бірліктерінің сипаттамасы.
9. Статистикалық бақылаудың жиынтық бірліктерін қамтудың тол-
ықтығына орай қандай түрлері болады?
1) тұрақты жəне кезеңді;
2) жаппай жəне жаппай емес;
3) тұрақты жəне іріктеп;
4) мезеттік жəне аралық;
5) тұрақты жəне біржолғы.
10. Статистикалық бақылаудың фактілерді уақытқа орай есептеуге бай-
ланысты қандай түрлері болады?
1) жаппай жəне іріктеп;
2) тұрақты жəне іріктеп;
3-тақырып. Статистикалық бақылау 55
3) тұрақты, мезеттік жəне біржолғы;
4) ағымдағы, кезеңді жəне біржолғы;
5) мезеттік жəне аралық.
11. Статистикалық есептілік қалай аталады?
1) бухгалтерлік немесе бастапқы есеп құжаты;
2) кəсіпорынның, ұйымның жиынтық тізімдемесі;
3) статистикалық бақылау нысаны;
4) статистикалық кесте;
5) арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау.
12. Статистикалық бақылау кезінде қандай тіркеу қателіктері орын ала-
ды?
1) кездейсоқ жəне бір жақты;
2) кездейсоқ жəне абайсыз;
3) қасақана жəне бір жақты;
4) ұдайы жəне кездейсоқ;
5) ұдайы жəне абайсыз.
56 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
4.1.
Статистикалық жинақтау туралы
жалпы ұғым
Ақпардың мазмұны. Статистикалық бақылау нəтижесінде жиынтық-
тың əрбір бірлігі туралы деректер бар материалдар алынады. Осы материал-
дар статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде статистикалық жинақтаудың
көмегімен жүйеленуі тиіс.
Статистикалық жинақтау – зерттелетін құбылысқа тəн елеулі
бірқатар белгі бойынша жинақталып қорытындыланған сипаттама алу
мақсатында бастапқы деректерді ғылыми өңдеу.
Жинақтаудың нəтижесінде бастапқы материалдар барынша жинақталып
қорытындыланған көрсеткіштермен сипатталатын статистикалық жиын тық-
ты құрайды. Бұдан кейін жиынтықталған қорытындылардың негізінде бас қа
қорытындылайтын көрсеткіштер (орташа жəне қатысты шамалар), сондай-ақ
статистикалық талдаудың əр түрлі əдістері есептеледі.
Олар жинақтау зерттелетін құбылыстың жоғалып кетуіне, құбылыстың
ішінде көрінбей кетуіне əкеп соқтыруы мүмкін. Осыған жол бермеу үшін
осы құбылыстың даму заңы туралы ғылыми негізделген ілімді басшылыққа
алған жөн.
Статистикалық жинақтаудың алдында статистикалық бақылаудың
дерек терін зерттелетін материалдың толық қамтылуына жəне олар жөнінде
алынған мəліметтің сапасына қатысты алдын ала тексеру қажет.
Жинақтаудың құрамдас бөлігіне: 1) əзірлемеде қолданылатын топ-
тарды анықтайтын бағдарлама жəне жалпы жиынтықты жəне оның жеке-
леген топтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; 2) топтық жəне жалпы
қорытындылардың есебі; 3) жинақтаудың соңғы нəтижелерін статистика-
лық кестелерде ресімдеу кіреді.
Статистикалық жинақтаудың бағдарламасында жиынтық жекелеген
белгілер бойынша бөлінуі тиіс топтардың тізбесі болады. Бағдарламада же-
Достарыңызбен бөлісу: |