Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
Малый  и  монопрофильный  город  является  социально-территориальной 
общностью,     масштабы      которой     соответствуют      именно     развитию 
самоуправления,  организации  его  многообразных  форм,  отвечающих местным
 
условиям и интересам населения. 
При  определении  перспектив  индустриально-инновационного  развития 
малых  и  монопрофильных  городов  первостепенное  значение  имеет  учет 
народнохозяйственных  функций,  которые  выполняются    или  должны 
выполняться  каждым  отдельным  городом.  Изучение  основных  функций 
городских  поселений  и  определение  их  типов  является  необходимым 
методологическим инструментом  при решении проблемы дальнейшего развития 
и  рационального размещения  производительных сил страны. 
Малые  и  монопрофильные  города  в  системе  территориальной  организации 
производства 
необходимы 
как 
центры, 
призванные 
организовать 
производственную деятельность, социальное и культурно-бытовое обслуживание 
населения.  
Таким  образом,  малые  и  монопрофильные  города,  многие  из  которых 
располагают  благоприятными  природными  и  экономическими  условиями  для 
развития  производства  и  повышения  социального  уровня  жизни  населения, 
играют важную роль в  формировании регионов страны. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
«О  мерах  по  выводу  из  кризисного  состояния  экономики  города  Кентау  Южно-Казахстанской 
области».  – Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля, 1994 .  – № 7577. 
2.
 
«О мерах по реализации Послания Главы  государства народу Казахстана от 27 января 
2012  года  «Социально-экономическая  модернизация  -  главный  вектор  развития  Казахстана». 
Указ Президента Республики Казахстан от 30 января, 2012 года. –№ 261. 
3.
 
«Об  утверждении  Программы  развития  моногородов  на  2012-2020  годы». 
Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2012 года. – №683. 
4.
 
Александрова  А.  Современные  проблемы  экономического  развития  и  промышленного 
роста монопрофильных городов: http: // www. ecsocman. edu. ru. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  шағын  және  бірсалалы  қалаларды  дамытудағы  басқарудың  теориялық-
әдіснамалық  және  экономикалық  проблемалары  зерттелген.  Шағын  қалаларды  дамытуда 
халықтың  өмір  деңгейіне  байыпты  әсер  ететін    қалақұрылымдайтын    факторлар 
қарастырылған.  Шағын  және  бірсалалы  қалаларды  индустриялық-инновациялық  дамытудың 
болашағын  анықтауда  жеке  қалаларда  бірінші  кезекте  орындалатын  халық  шаруашылығы 
қызметтерінің есепке алынуы абзал.  
(Мырзалиев  Б.С.  Шағын  және  бірсалалы  қалаларды  дамытудағы  басқарудың 
теориялық-әдіснамалық және экономикалық негіздері) 
 
SUMMARY 
In article teoretiko-methodological and economic problems of management are investigated by 
development  of  the  small  and  monoprofile  cities.  City-forming  factors  of  development  of  the  small 
cities  which  significantly  influence  a  population  standard  of  living  are  considered.  At  definition  of 
prospects  of  industrial  and  innovative  development  of  the  small  and  monoprofile  cities  paramount 
value  has  the  accounting  of  economic  functions  which  are  carried  out  or  have  to  be  carried  out  by 
each  certain  city.  (Myrzaliev  B.S.  Teoretiko-metodologichesky  and  economic  bases  of 
management of development of the small and monoprofile cities) 
 

271 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘОЖ 658 403 4 
Р.И.ЕРМАНКУЛОВА 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Д.С.АЛДАБЕРГЕНОВ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Мақалада  мемлекеттік  басқару  жүйесін  орталықсыздандырудың 
маңызы,  мәні  және  артықшылықтары,  оның  негізгі  міндеттері,  сондай-ақ 
оны жүзеге асыру кезеңдері мен шараларының мазмұны қарастырылады.  
Орталықсыздандырылу үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың 
жұмысының  тиімділігін  арттыруға  жағдай  жасайды,  себебі  оларды 
жергілікті  сипаттағы  мәселелерді  шешуден  босатады  және  мемлекет 
дамуының  стратегиялық  мәселелеріне,  түрлі  бағдарламаларды  мұқият 
жоспарлау 
және 
республикалық 
деңгейде 
ұйымдастыру 
үшін 
жұмылдырылуға мүмкіндік береді. 
Орталықсыздандырылу 
экономикалық 
тұрғыдан 
мемлекеттік 
ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға септігін тигізеді.  
 
Кілт  сөздер:  мемлекеттік  басқару,  демократия,  орталықсыздандыру, 
жоспарлау, функция, саяси, мемлекеттік ресурстар, реформалау. 
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  арнаған 
«Қазақстан  –  2050  стратегиясы:  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  Жолдауында  басым  бағыттардың  бірі  ретінде  алға  тартқан 
мемлекеттілікті  одан  әрі  нығайту  және  қазақстандық  демократияны  дамыту 
мәселесін  жүзеге  асыру  мақсатында  басқаруды  орталықсыздандыруды 
сауатты түрде жүргізу қажет [1]. 
Мемлекеттік 
басқару 
жүйесін 
орталықсыздандыру 
ресурстық 
қамсыздандыруды  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  жауапкершілігін  мойнына 
алу,  әлеуметтік  басқару  процесінің  компоненттерін  биліктің  жоғары 
органдарынан  бастап  кез  келген  құрылымдарға  үлестіру  үдерісі  болып 
саналады.  Осы  ретте  функциялар  ашық  биліктің  төменгі  мемлекеттік  және 
басқа  да  құрылымдарына  республикалық  деңгейден  бастап  аймақтық 
деңгейге және одан кейінгіге беріледі. 
Ауыспалы  кезеңдегі  елдер  үшін  орталықсыздандыру  жеке  адамның 
жауапкершілігі  мен  бастамасына  негізделген  қоғам  істерін  басқаруда 
азаматтардың белсенді және шынайы қатысуына бағытталған қоғамды  

272 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
қалыптастырудың, демократизациялаудың қажетті элементі ретінде көрінеді. 
Мұндай жағдайда орталықсыздандыру қоғамның маңызды ерекшеліктерінің  
өзгеруіне,  биліктің  қоғамға  және  адамдарға  жақындауына,  демек, 
азаматтардың  азаматтық  бақылаудың  тиісті  институттары  арқылы  билікке 
ықпал етудің артуына алып келеді. 
Орталықсыздандырылуы  нақты  жүзеге  асқан  елдердің  тәжірибесі  оның 
артықшылықтары  саяси,  сонымен  қатар  экономикалық  сипатқа  ие  екенін 
көрсетеді [2]. 
Орталықсыздандырылу азаматтарға биліктегі өз өкілдерін жақсы білуге 
мүмкіндік  береді,  ал  олар  өз  кезегінде  өз  сайлаушыларының  мәселелерімен 
және  қажеттіктерімен  етене  таныс  және  тиісінше  саяси  шешімдерді 
дайындауға және жүзеге асыруға мейлінше белсенді ықпал етеді. 
Жергілікті  деңгейде  жаңа  элитаның  пайда  болуына  мүмкіншіліктер 
жасалады,  ол  мемлекеттің  саяси  өміріне  араласу  үшін  қажетті 
демократиялық дағдылар мен функцияларды меңгере алады. 
Орталықсыздандырылу  билік  органдарының  жергілікті  қажеттіліктер 
мен  мәселелерді  жақсы  түсінуіне  себепші  болады.  Қызметтерді  ұсыну  мен 
инфрақұрылымды  қамтамасыз  ету  жауапкершілігі  орталықсыздандырылған 
тұста  жергілікті  органдар  шығындар  мен  кірістердің  арақатынасын  жақсы 
бағалай  алады,  сонымен  бірге  бюджеттік  шектеулер  аясында  халықтың 
қажеттілігін түсіністікпен сезіне алады. 
Орталықсыздандырылу  үкімет  пен  орталық  мемлекеттік  органдардың 
жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай жасайды, себебі оларды жергілікті 
сипаттағы  мәселелерді  шешуден  босатады  және  мемлекет  дамуының 
стратегиялық  мәселелеріне,  түрлі  бағдарламаларды  мұқият  жоспарлау  және 
республикалық  деңгейде  ұйымдастыру  үшін  жұмылдырылуға  мүмкіндік 
береді. 
Орталықсыздандырылу 
экономикалық 
тұрғыдан 
мемлекеттік 
ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға септігін тигізеді.  
Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары орын алған мемлекеттік 
биліктің  күшті  орталықтандырылуы  орынды  деп  танылды,  себебі  мемлекет 
құрылысы,  елдің  егемендігін  нығайту,  территориялық  тұтастықты  сақтау 
басты міндеттер болып саналды. Орташа мерзімді келешекте биліктің артық 
орталықтандырылуы  тіпті  жақын  көршілерден  де  стратегиялық  қалыс  қалу 
қаупін орната келе ел дамуын тежеу факторына айналады. 
Орталықсыздандыру 
стратегиясы 
әлемде 
бар 
алуан 
түрлі 
орталықсыздандыру 
үлгілерін, 
сондай-ақ 
мемлекеттік 
басқарудың 
дәстүрлерін ескеруді көздейді.   
Елімізде  мемлекеттік  басқару  жүйелерін  орталықсыздандыруды  жүзеге 
асыру  үшін  қажетті  ішкі  ресурстардың  болуы  ең  алдымен  басқарудың 
қолайлы  үлгілерін  іздестіруді  жүргізумен,  белгілі  функцияларды, 
өкілеттіліктерді, Үкіметтен мемлекеттік биліктің төменгі деңгейлеріне  

273 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
қаржылық жауапкершілікті беруді жүзеге асырумен дәлелденеді. Әкімдердің 
өкілдіктері  дамыған  елдерде  қабылданған  нормаларды  тіпті  біршама 
асыруына   байланысты  жауапкершілік   көлемімен    салыстырғанда   нақты 
өкілеттіліктердің жағдайын талдау қажеттілігі пайда болады. 
Сондай-ақ,  осы  салада  бірқатар  мәселелік  түйіндер  бар.  Осылайша 
жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарының  басшыларын  тағайындаудың 
іс  жүзіндегі  жүйесі  олардың  халыққа  есеп  беру  міндеттілігі  мен  бақылауға 
алынуын  қатамасыз  етпейді.  Сонымен  бірге  билік  деңгейлері  арасындағы 
өкілеттіліктерді  шектеудің  нақты  кестесінің  жоқтығы,  және  де  түрлі 
деңгейдегі  мемлекеттік  билік  органдары  арасындағы  кейбір  міндеттерді 
қайталау жауапкершілікті басқаға жүктеудің негативті практикасын сақтауды 
қамсыздандырады,  сонымен  бірге  биліктің  түрлі  деңгейлері  арасында  дау-
дамайдың пайда болуына себепші болады [3]. 
Сонымен  қатар  жергілікті  өкілетті  органдардың  әлсіздігі  мен  олардың 
жергілікті  атқару  органдарына  тәуелділігі  және  орындар  мен  аймақтық 
әкімшіліктерде  орталық  органдардың  міндеттерін  қайталау  да  негативті  сәт 
болып табылады. 
Жоғарыда 
аталғандарға 
сүйене 
отырып, 
Қазақстанда 
орталықсыздандырудың  келесідей  негізгі  міндеттерін  ерекшелеу  мақсатқа 
сай болып саналады (кесте). Бірінші міндет ретінде биліктің түрлі деңгейлері 
арасындағы  қызмет  салаларын,    функциялары  мен  жауапкершілікті  нақты 
шектеу болып саналады. Мәселеге қол жеткізу үшін нақты шаралар кешенін 
мақсатқа сай жүзеге асыру қажет. 
Біріншіден,  өкілетті  органды  нақтылау  қажет,  оның  бастамасында 
орталықсыздандыру  жоспары  дайындалады  және  оның  орындалуы 
бақыланады,  және  де  мемлекеттік  функцияларды  орталықсыздандыру 
мәселелері  бойынша  мемлекеттік  басқару  органдарының  қызметін 
үйлестіруді жүзеге асыру. 
Екіншіден,  функциялар  мен  өкілдіктер  беру  процесінің  кезеңдері  мен 
бағыттарын,  әр  деңгейдегі  мемлекеттік  басқарудың  рөлі  мен  міндеттерін 
және олардың өзара әрекет ету жүйесін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару 
органдары  мен  мемлекеттік  емес  ұйымдарға  беруге  тиесілі  функцияларды 
анықтайтын  орталықсыздандыру  бойынша  әрекеттердің  ұлттық  жоспарын 
әзірлеу талап етіледі. 
Үшіншіден,  түрлі  деңгейдегі  мемлекеттік  басқарудың  функцияларын 
орындау  үшін  нақты  талаптар  дайындау  қажет.  Өкілеттілік  беру  жоспары 
жүзеге  асыру  барысындағы  мүмкіндіктерді  пайдалану  үшін  стратегиялық 
сипатқа  ие  болуы  тиіс.  Бұл  жоспар  орталық  пен  аймақтар  арасындағы 
қатынастарды дамыту динамикасын ескеру арқылы әзірленуі тиіс. 
Басқару  органдарының  функциялары  нақты  белгіленіп,  шектелуі  тиіс. 
Халықаралық  тәжірибе  мен  қалыптасқан  қазақстандық  жағдайларды  ескеру 
арқылы негізгі функциялардың тиісті нығаюы белгіленуі мүмкін. 

274 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
Сондықтан, төртіншіден, заңнама билік деңгейлері арасында көрсетілген 
функциялардың  үлестірілуін  нығайтуға  олардың  нақтылануы  мен  кеңеюі 
үшін барлық деңгейдегі билік өкілдерінің қатысуымен мұқият функционалды 
талдау жүргізу қажет. 
 
Кесте-1. Қазақстанда орталықсыздандырудың негізгі міндеттері. 
№ 
Орталықсыздандыру 
міндетінің мазмұны  
Қажетті шаралар 

Қызмет 
саласын, 
функцияларды  шектеу  және 
жауапкершілік  
1.Өкілетті органды анықтау    
2.  Орталықсыздандыру  бойынша  әрекеттердің 
ұлттық жоспарын әзірлеу.  
3. 
Әр 
деңгейдегі 
мемлекеттік 
басқарудың 
функцияларды орындауына талаптарды әзірлеу. 
 4.Мемлекеттік  басқару  деңгейлерінің  функцияларын 
нақтылау және кеңейту үшін функционалды талдау.  

Жергілікті 
мемлекеттік 
басқарудың  тиімді  жұмыс 
істеуіне жағдай жасау. 
 
1.  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарын 
табысталған 
функцияларды 
орындау 
үшін 
өкілеттіліктер, бюджет және меншіктік үлестіру. 
2. 
Жергілікті 
мәслихаттардың 
жергілікті 
бюджеттерді  және  олардың  орындалуын  нақты 
бақылауды қамтамасыз ету.  
3. 
Жергілікті 
басқару 
органдарының 
қызметкерлерін  даярлау  және  біліктілігін  арттыру 
курстарын ұйымдастыру.  
3. 
Жергілікті 
өзін-өзі 
басқаруды ендіру  
 
1. 
Жергілікті 
өзін-өзі 
басқару 
негізінде 
мемлекеттік  басқаруды  қайта  құрудың  «пилоттық» 
жобаларын жүзеге асыру.  
2. 
Жеке 
ауыл 
округтерінде, 
қалаларда, 
аудандарда  өзін-өзі  басқарудың  жаңа  принциптерін 
апробациялау. 
 
 
Екінші  міндет  жергілікті  мемлекеттік  басқарудың  тиімді  қызмет  етуі  үшін 
жағдай  жасаумен  байланысты.  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарына 
барлық  деңгейде  нақты  белгіленген  өкілеттіліктер,  бюджет  және  меншіктік 
үлестірілуі, оларға мемлекет табыстаған функцияларды орындауы  тиіс. 
Өз  бюджеттеріне  қатысты  жергілікті  органдардың  нақты  өкілеттіліктерін 
қамтамасыз ету, яғни басқарудың әр деңгейінен кейін өз кіріс көздерін, оларды 
жұмсау  жолдарын  өз  алдына  нақтылау  құқығын  бекіту  қажет.  Жергілікті 
мәслихаттар  жергілікті  бюджетті  бекітуі  және  олардың  орындалуын  нақты 
бақылауы тиіс. Сондай-ақ, басқарудың жергілікті орган қызметкерлерін даярлау 
және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру қажет.   
Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  демократиялық  мемлекеттің  негізі  ретінде 
ендіру орталықсыздандырудың үшінші міндеті болып саналады.  
Мемлекеттік  басқаруды  қайта  құру  бойынша  мәселелердің  күрделілігін 
ескере келе реформаны кезеңмен, «пилоттық» жобаларды жүзеге асыру арқылы 
жүргізу қажет. 
Өзін-өзі  басқарудың  жаңа  принциптерін  жеке  ауылдық  округтерде, 
қалаларда, аудандарда бір жыл бойы алдын ала сынап көрген және содан кейін 
барып оларды заңнамалық актілерде бекіткен жөн. Мұндай тактика сынақ  

275 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
мерзімі  ішінде  жұмыс  тәжірибесін  жаңа  жағдайда  жинақтауға,
 
заңнамалық 
нормаларды  мұқият  тыңғылықтауға  және  бүкіл  елдің  аумағында  ірі  қателіктер 
мен жаңылыстарға жол бермеуге септігін тигізеді. 
Реформалаудың позитивті және негативті нәтижелерін зерттеу және талдау 
келесі деңгейлерде одан әрі таралуына бағдар болады. 
Орталықсыздандырудың  бірінші  кезеңінде  ауыл  мен  кішігірім 
қалалардың,  яғни  қазіргі  таңда  салдарынан  үлкен  шығынға  алып  келуі 
мүмкін  билік  жетіспеушілігі  аңғарылатын  орындардың  мәселесін  шешу  өте 
маңызды болып табылады. 
Моноқалалардағы  осындай  объективті  жағдайлар  мен  жинақталған 
әлеуметтік-экономикалық 
мәселелермен 
байланысты, 
моноқалаларда 
кездесетін  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешуге  және  еңбек  пен 
экономикалық  әлеуетті,  сондай-ақ  нақты  ерекшеліктерді  ескере  келе, 
олардың  одан  әрі  дамуының  келешек  бағыттарын  айқындауға  негізделген 
2012-2020  жылдары  моноқалаларды  дамыту  Бағдарламасы  дайындалып 
жүзеге асырылуда.  
Қазіргі таңда Қазақстанда 27  моноқала бар. Мұнда халық саны 1,53 млн. 
адамды,  немесе  елдің  қала  халқының  саны  16,8%,  олардың  ішінде  16  қала 
тиісті  аудандардың  әкімшілік  орталықтары  болып  табылады,  11  қала  - 
Степногорск,  Текелі,  Серебрянск,  Курчатов,  Шахтинск,  Сарань,  Қаражал, 
Лисаковск,  Арқалық,  Ақсу,  Жаңаөзен  аудандарының  орталықтары  болып 
саналмайды [4].  
Моноқалаларды дамыту бағдарламасында келесідей бағыттар белгіленді: 
-    моноқалаларды  тұрақты  жұмыс  істейтін  кәсіпорындардың  өндірістік 
сыйымдылығына қарамастан оңтайландыру. 
-  моноқала  халқының  жұмысбастылығының  қолайлы  құрылымын 
қамтамасыз  ету  үшін  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  және  экономиканы 
диверсификациялау. 

моноқалалардың  еңбек  ресурстарының  мобильдігін  арттыру, 
әлеуметтік-экономикалық  даму  мүмкіндігі  жоғары  елді-мекендерге  және 
экономикасы өскелең орталықтарға өз еркімен көшуді ынталандыру. 
-   халықтың қолайлы санына қарай есептеп моноқалалардың әлеуметтік 
және инженерлік инфрақұрылымын дамыту. 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  республикалық  бюджет  қаражатынан 
бірінші  кезектегі  мәселелерді  шешуге  пилоттық  2012  жылы  6000,0  млн. 
теңге,    2013 жылы  –  38 200,0  млн.  теңге, 2014 жылы  –  43  200,0  млн.  теңге, 
2015 жылы – 53 900,0 млн. теңге бөлу қарастырылды. 
Екінші кезеңде, төмен деңгейдегі әкімшілік-территориялық бірліктердің, 
яғни  ауылдық  округтердің,  қала  типтес  ауылдардың  және  ауданмен  теңдес 
қалалардың  деңгейінде  өзін-өзі  басқарудың  толыққанды  органдарын  құру 
мүмкіндігін  қарастыру  қажет.  Орталықсыздандырудың  бұл  кезеңінде 
жергілікті мемлекеттік басқару реформасы аудандық деңгейде талап етіледі. 
Халыққа есеп беру міндеттілігі мен бақылауға алуын күшейту мақсатында 

276 
 
    
     
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
тиісті  өкілетті  органдардың  –  аудандық  (қалалық)  мәслихаттардың 
келісімімен  белгілі  мерзімге  тағайындау  және  аудан  (облыспен  теңдес 
қалалардың)  әкімдерінің  қызметінен  алу,  сондай-ақ  аудандық  (қалалық) 
мәслихат  депутаттарынан  облыс  әкімінің  аудан  (облыспен  теңдес 
қалалардың) әкімін белгілеу тәртібін енгізу қажет. 
Президенттің  бекіткен  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту 
Концепциясы ауылдық деңгейде басқару сапасын арттыруға және жергілікті 
мәні  бар  мәселелерде  азаматтардың  көптеп  қатысуына  мүмкіндік  береді. 
Ауыл  әкімдеріне  қосымша  өкілеттіліктер  үлестіріліп  беріледі,  олардың 
ауылдағы жағдайға деген әсері күшейеді.  
Қоғамдық  бақылауды  күшейту,  жергілікті  орындағы  жағдайға 
азаматтардың әсер етуі мақсатында 2013 жылы ауыл әкімдерін мәслихаттар 
арқылы  сайлау  енгізіледі.  Барлығы  2533  әкім,  олардың  ішінде  ауыл 
округтерінің,  қыстақтардың  әкімдері,  сонымен  бірге  ауданмен  теңдес 
қалалардың  50  әкімі,  яғни  барлық  деңгейдегі  әкімдердің  жалпы  санынан 
91,7% сайланады. 
Осылайша, жүргізілген зерттеу көрсеткендей: 
-
 
елімізде 
негізгі 
бағытын 
орталықсыздандыруды 
құрайтын 
мемлекеттік басқару жүйесін ірі ауқымды реформалау жүзеге асырылады;  
-
 
орталықсыздандыру міндеттері қызмет саласын, функцияларды және 
жауапкершілікті шектеуді, жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді қызмет 
етуі  үшін  жағдай  жасауды,  демократиялық  мемлекеттің  негізі  ретінде 
жергілікті өзін-өзі басқаруды ендіруді қамтиды; 
-
 
бүгінгі  таңда  төмен  деңгейдегі  әкімшілік-территориялық  бірліктер 
деңгейінде  өзін-өзі  басқарудың  толыққанды  органдарын  құру  мәселесі  алға 
қойылуда. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
«Қазақстан-2050  стратегиясы  –  қалыптасқан    мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан,  2012 ж. 
2.
 
Реформирование  системы  государственного  управления:  зарубежный  опыт  и 
Казахстан:
 Научное издание. - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005. - 276 с. 
3.
 
Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года // Интернет-ресурс. 
4.
 
 Программа  развития  моногородов  на  2012-2020  годы.  Постановление  Правительства 
Республики Казахстан от 25 мая 2012 года №683. 
РЕЗЮМЕ 
В статье раскрываются сущность, значение и преимущества  децентрализации  системы   
государственного управления, ее основные  задачи,  а также содержание мероприятий и этапов   
ее  реализации.  (Ерманкулова Р.И., Алдабергенов Д.С. Задачи децентрализации системы   
государственного управления,  их реализация) 
 
  
SUMMARY 
This  article  deals  with  the  essence,  value  and  advantages  of  decentralization  of  public 
administrationsystem, main objectives, and also the content of actions and stages of their realization. 
(Ermankulova 
R.I., 
Aldabergenov 
D.S. 
Problems 
of 
Decentralization 
of 
Public 
Administrationsystem, and Their  Realization) 

277 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘОЖ 338.826 2 (584 5) 
Б.М.ДАНДАЕВА 
экономика ғылымдарының кандидаты,  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫ 
БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ 
Бұл  мақалада  елімізде  шағын  және  орта  кәсіпорындарды  басқару  
мәселелері  мен  оны  дамыту  бағыттары  қарастырылған.  Бүгінде  шағын 
кәсіпкерлік  пен  бизнесті  қолдаудың  инфрақұрылымын  дамыту  негізінде  
экономиканың  барлық  секторларын  жандандыруда  дамыту  шараларын  әзірлеу 
және  жүзеге  асыру  маңыздылығы  арта  түсуде.  Жалпы  аймақтарда  шағын 
және орта кәсіпорындарды дамыту тек халықты жұмыспен ғана қамтамасыз 
етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін 
шешуге  ықпалын тигізетіні анық.  
 
Кілт  сөздер:  басқару,  бюджет,  бюджет  кірістері,  әлеуметтік  шығыстар, 
кәсіпкерлік  қызмет,  кластер,  лизинг,  инфрақұрылым,  несиелендіру  және 
қаржыландыру. 
 
Қазақстан қазіргі таңда егеменді ел қатарында  өзінің ұлттық экономикалық 
даму  стратегиясын қалыптастыру үстінде. Шағын және орта бизнесті мемлекет 
тарапынан  қолдап  және  дамыту  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елдің 
қатарына  енуге  бет  алған  Қазақстан  үшін  өзекті  мәселелердің  біріне  айналуда.  
Еліміз  мемлекеттік  меншікке  ғана    негізделген  жоспарлы  экономикадан 
меншіктің  аралас  нысандары  әрекет  ететін  нарықтық  экономикаға  өту  жолын 
таңдаған  болатын.  Мемлекеттің  шаруашылық  жүргізудің  нарықтық    жағдайына 
өтуді  мемлекеттің  ешқандай  дайындықсыз,  қысқа  мерзімде  жүзеге  асыруы 
кезінде шағын және орта кәсіпорындарды қалыптастыру ауырға соқты.  Бұрынғы 
жүйеде басқарудың ескі   әдістермен   жұмыс  жасаудың  мүмкін еместігі және 
жаңа әдістерді  меңгеру деңгейінің төмендігі  олардың қызметіне қатты өз әсерін 
тигізді. Әсіресе, көптеген кәсіпорындардың нарық жағдайында өз бетінше жұмыс 
істеуге дайын еместігін және өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр     болғандығын 
көрсетті. 
Тәуелсіздікке  жаңа  қадам  басқан  еліміздегі  кәсіпорындардың  көпшілігі 
дағдарыс  жағдайында  тұрды.  Мұндай  жағдайда  кәсіпорындардың          жұмысын  
оңтайлы  түрде    жүргізу      үшін    түбегейлі  өзгерістер    енгізуді    талап  етті. 
Сондықтан, әртүрлі мәселелерді шешу жолдарының бірі ретінде әртүрлі меншік 
нысандарындағы      кәсіпорындарды  құру  мен  олардың  тиімді  қызмет  етуін 
ұтымды ұйымдастыру, бәсекелік ортаны қалыптастыру үшін ең алдымен шағын 
және  орта  кәсіпорындарды  басқару  үрдісінің  жаңа  әдістерінің  қажеттілігі 
туындай бастады. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
банкінің  және  Қазақстан  Республикасы  қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын  

278 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет