Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40

   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
Туристерге  қызмет  көрсету  бойынша  және  жалпы  туризмнің  даму  деңгейі 
бойынша  еш  күмәнсіз  Алматы  мен  Астана  қалалары  алдыңғы  қатарлы 
қалалардың бірі болып саналады. 
Аталып  өткен  қалаларда  басқа  аймақтармен  салыстырғанда  туризм 
инфрақұрылымы мен көрсетілетін қызмет сапасы жоғары болып келеді, сонымен 
қатар Астана мен Алматы қаласында туристік нысандардың бар болуы мен оның 
көптігі отандық туристер мен шетел туристерін қызықтырмай қоймайды. Бұл екі 
қала сонымен қатар Қазақстанның іскерлік орталығы ретінде танымал және онда 
орналасқан  көптеген  шетелдік  компаниялар  мен  отандық  іскерлік  ұйымдардың 
бар  болуы  аталмыш қалаларда  іскерлік  туризмнің  дамуына  өз  септігін  тигізуде. 
Сондай-ақ, сол қалалардағы жоғары табысты халықтың көп бөлігі ішкі туризмнің 
дамуына өз үлесін қосуда. 
Келу  және  шығу  туризмі  және  көрсеткіштер  мен  аймақтар  бойынша 
көшбасшылық  әртүрлі  болып  тұр.  Жоғарыда  аталып  кеткен  екі  қаладан  басқа 
келу  туризмі  бойынша  оң  көрсеткіштерге  Атырау  облысы,  Маңғыстау  облысы 
және Қарағанды  облысы  ие  болды.  Сонымен қатар шетелдік  туристерге қызмет 
көрсету  бойынша  Атырау  облысы  екінші  орынға  орнықты  және  оның  үлесі 
Астана қаласы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса 
алғанда  асып кеткенін  байқауға  болады. Бұл  жалпы айтқанда  мұнайлы  өлкедегі 
іскерлік туризмнің қарқынды дамуымен де түсіндірілуі мүмкін. 
Сондай-ақ, тізімдегі көшбасшы аймақтардағы ішкі туризмнің даму қарқыны 
да қуантуда. Бұл көрсеткіш аймақтар арасында соншалықты әралуандылығымен 
сипатталмады,  ал  ол  өз  кезегінде  аталмыш  аймақтардың  отандық  туристер 
арасында  саяхаттау  дестинациясы  ретінде  қызығушылық  білдірумен  қоса,  сол 
аймақтардағы  туристік  мекемелердің  қызметтерінің  оң  нәтижесі  деп  білуге 
болады.  Сонымен  қатар  бұл  тізімде  шипажайлық  нысандарға  бай  және 
көшбасшы ретінде танылған Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының 
болмауы таңқалдырады. 
Шығу  туризмі  бойынша  көбінесе  туристер  демалу,  рекреация  және  бос 
уақытын  қызықты  өткізу  мақсатында  саяхаттаған.  Ал  туристердің  сыртқа 
шығудың қалған мақсаттары болып коммерциялық, яғни шоп-туризм (29%) және 
іскерлік пен кәсіби мақсаттағы саяхаттарды  (18,7%) атап кетуге болады. Шығу 
туризмі  көбінесе  сатып  алу  қабілеттілігі  жоғары  әлеуметтік  топтар  арасында 
кеңінен  тараған.  Жоғары  таптағы  адамдар  көп  жағдайда  дайын  туристік  өнімді 
«all-inclusive»  алғанды  жөн  көреді,  яғни  оның  құрамына  міндетті  түрде 
орналастыру,  тамақтандыру,  көңіл  көтеру  мен  ұшып  келу  құны  кіру  міндетті. 
Қазақстандықтардың  арасында  танымал  шетелдік  бағыттардың  бірі  болып 
Түркия  (30%),  Қытай  (23,1%),  Біріккен  Араб  Әмірлігін  (11,3%)  атауға  болады. 
Қазақстанда  туристік  саланың  негізгі  міндеті  келу  және  ішкі  туризмін  дамыту 
болып табылады [1]. 
Көптеген  дамыған  елдерде  туризмнің  тұрақты  дамуында  келу  туризм  мен 
ішкі  туризмнің  тепе-теңдігі  байқалады.  Жалпы  ұлттық  туризмнің  табысты 
қызмет етуі үшін келу және шығу туризмнің арақатынасы 3:1 тең болуы керек.  

287 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
Бүгінгі  таңда  өкінішке  орай  шығу  туризмі  келу  туризмге  қарағанда  басым 
болып келеді. 2011 жылы оның арақатынасы 340 мың адамға тең болды. 
Соңғы  жылдары  келу  туризмінің  салмақ  үлесінің  өскенін  байқауға  болады. 
Бұл жайтты эксперттік зерттеулер мен статистикалық мәліметтер де дәлелдеуде. 
2010  жылы  сапар  мақсаттары  бойынша  жалпы  үлес  салмақтың  көп  бөлігі 
78% -ы жеке мақсаттағы туризмге тиесілі болды.  Сонымен қатар зерттеу кезеңі 
барысында  саяхаттау  мақсаттары  бойынша  жеке  туризм  тұрақтылық  танытқан. 
Сондай-ақ,  талдау  барысында  қызметтік  мақсаттағы    саяхаттау  үлесінің  2009 
және 2010 жылдары төмендегенін байқауға болады (сурет 1) [1]. 
        
 
Сурет 1. Сапар мақсаттары бойынша резиденттер емес келушілердің саны 
 
Келу туризмі мемлекеттің төлеу балансына орасан ықпалын тигізеді. Әрбір 
келген  турист  тауарлар  мен  қызметтерді  тұтыну  барысында  қабылдаушы 
мемлекеттің  бюджетін  толықтырумен  қатар,  төлеу  балансының  қарқынын 
күшейтеді  және  де  ұлттық,  аймақтық  құрылымдар  мен  серіктестіктерге  және 
копорацияларға,  сондай-ақ  орта  және  кіші  кәсіпорындар  мен  үй 
шаруашылықтарына 
табыс 
әкеліп 
отырады. 
Адамдардың 
қозғалысы 
жұмысбастылық саласындағы көптеген мәселелерді шешпей қоймай, әлеуметтік-
мәдени  және  экономикалық  кешенді  белсендендіреді,  сонымен  қоса  мәдениет 
пен  демалу  саласының  қызметтің  саны  мен  сапасы  арқылы  байытады. 
Келушілердің қарқынына сай елдің мәдениеті де байып отырады. 
Туризм  саласында  статистикалық  мәліметтерді  есептеуде  бірізділіктің 
болмауы аталмыш салада шынайы жағдайды суреттеуге мүмкіндік болмай отыр. 
Атап айтқанда 2004 жылға дейін туристік кәсіпорындар тарапынан кіру туризмі 
бойынша қызмет көрсетілген туристердің санының жоқ болуы. Аталмыш жәйт не 
ақпараттардың  болмауында  немесе  ұйымдаспаған  келу  туризмінің  ұйымдасқан 
келу  туризмінен  басым  болуы  я  болмаса  екі  жәйттің  бір  уақытта  болуынан 
туындап  отырғаны  хақ.  Аталған  көрсеткіштің  үлесінің  көп  бөлігі  әуе  көлігіне 
тиесілі болған, бұл яғни ТМД тыс келген туристердің бөлігі болуы мүмкін (кесте 
3) [1]. 
Резидент  еместерге  орналастыру  мекемелерінде  қызмет  көрсету  бойынша 
мәліметтерге  сай  (кесте  4)  85  %-дан  көбі  жоғары  санатты  қонақүйлерде 
орналасуға ниет білдірген. 

288 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 Туристік 
фирмалар  тарапынан  келу  туризмі  бойынша  қызмет 
көрсетілгендердің көбі  Алматы және Астана қалаларына тиесілі болды, ал  ол  өз  
кезегінде  бұл  қалалардың  бизнес-саяхаттар  негізінде  тартымды  екендігінің 
дәлелі. 
Қазақстанда  келу  туризмінің  дамуына  кері  әсерін  тигізетін  факторлар 
қатарына келесілерді жатқызуға болады: 
 
шет 
елдерде 
мемлекетіміздің 
туристік 
мүмкіншілігі 
туралы 
жарнамалардың жоқтығы, соның ішінде мемлекет тарапынан қаржыландыратын 
халықаралық көрмелерде қатысу мен қызметтер; 
 
 шетелдік  туристерге    қолайлы  емес  визалық  тәртіп,  соның  ішінде  виза 
құнының қымбаттылығы және оның ұзақ уақыт жасалуы ; 
 
дамымаған  туристік  ифрақұрылым,  бар  материалдық  базалардың  тозуы, 
туристік санаттағы («3 жұлдыз») қонақүйлердің жоқтығы; 
 
орналастыру  мекемелері  мен  басқа  да  туристік  инфрақұрылымға 
инвестиция тарту барысында қолайлы салықтық тәртіптің болмауы; 
 
туризм индустриясының барлық салаларында қызмет көрсету сапасының 
төмен болуы; 
 
қонақүйлерде орналастыру барысында баға мен сапа арақатынасының әр 
түрлі болуы. 
IPK Groop компаниясының зерттеулерінің нәтижесі бойынша : 
 
Қазақстанның  Азия  нарығындағы  танымдылығы  80 %,  ал  Еуропа 
нарығында  45 % құраған; 
 
сұралғандардың 
44 %-на 
«Қазақстан» 
атауы 
қызығушылық 
тудырғанымен,  Қазақстан  –  туристік  бағыт  ретінде  ешқандай  ассоциация 
әкелмеген; 
 
Қазақстан имиджі әлі күнге дейін бұрынғы Кеңес Одағымен және ислам 
дінімен  қосарласып  келеді,  соған  қарамастан  болашақта  туристік  бағыт  ретінде 
қолдануға болатын жағымды ассоциацияларды атауға болады. Олар: кең байтақ 
ел,  дала  мен  шөлдер,  ал  Азияда  болса  футболмен  танымалдыққа  ие  болуға 
болады [2].
 
 
 
Кесте 3.  Келу туризмі бойынша келгендердің көлік құралын таңдауы, адам. 
 
2007 ж.   2008 ж.   2009 ж.   2010 ж.   2011 ж.  
2011 ж. 
үлесі  
Әуе көлігі 
41268 
28542 
34545 
51204 
58596 
94,3 
Теміржол көлігі 
2126 
1113 
3979 
3930 
2571 
4,1 
Қалааралық автокөлігі 
401 
809 
614 
860 
452 
0,7 
Басқа да 
1195 
903 
734 
209 
498 
0,9 
Ескерту - статистикалық мәліметтері бойынша автор тарапынан құрастырылған 
 
Кесте 4. Санаттар бойынша орналастыру мекемелерінде қызмет көрсетілген резиденттер емес 
саны, адам. 
Санаттар 
2006 ж.  
2007 ж.  
2008 ж.  
2009 ж.  
2010 ж.  
Барлығы 
330817 
548313 
543022 
483331 
568440 

289 
 
                                  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
оның ішінде: 
 
 
 
 
 
5-жұлдызды 
94693 
137800 
152853 
129493 
168603 
4-жұлдызды 
93089 
173365 
131703 
89750 
111530 
3-жұлдызды 
87100 
172170 
162978 
143111 
175678 
2-жұлдызды 
10540 
8583 
16016 
12306 
10103 
1-жұлдызды 
3080 
3518 
4352 
4078 
1988 
санатсыз 
42216 
52877 
75120 
104593 
98817 
Ескерту - статистикалық мәліметтері бойынша автор тарапынан құрастырылған. 
 
Келу  туризмнің  дамуына  кері  әсерін  тигізіп  келген  мәселелер  мен 
себептердің алдын алумен қатар, Қазақстанның туристік өнімін  әлемдік туристік 
нарыққа  шығару  мақсатында  шетелдік  БАҚ  өкілдеріне  арнайы  ақпараттық 
турлар ұйымдастырылып жүр. Атап кететіні 2008 жылдың шілде айында Канада, 
Голландия,  Испания,  Оңтүстік  Корея,  Греция,  АҚШ  және  Жапония 
мемлекеттерінен  келген  БАҚ  өкілдеріне  ақпараттық  турлар  ұйымдастырылған. 
Соның  нәтижесінде  көптеген  шетел  тілдерінде  Қазақстанның  туристік  әлеуеті 
туралы  Еуропа  және  Азия  мемлекеттерінің  электрондық  және  баспа  көздерінде 
мақалалар жарық көрді. 
Шет елдерде Қазақстанның туризмін насихаттау мақсатында 7 әртүрлі тілде 
жалпы  көлемі  146  мың  тираж  болатын  ақпараттық  парақшалар  шығарылып 
таратылған  болатын,  сонымен  қатар  20  мыңға  жуық  CD  және  DVD  басылып 
шығарылды. 
Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның туристік 
имиджін  қалыптастыру  және  отандық  туристік  өнімді  халықаралық  нарыққа 
өткізу болып табылады. Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін Мадрид, Берлин, 
Пекин, Сеул, Токио және Лондон қалаларында өткізілген халықаралық туристік 
көрмелерде Қазақстанның қатысуы қамтамасыз етілді [2]. 
Сонымен  қатар  жыл  сайын  Алматы    мен  Астана  қалаларында  «Астана-
демалыс» халықаралық деңгейде туристік көрмелер ұйымдастырылып отырады. 
Сонымен  қоса  маңызды  іс-шаралардың  бірі    мемлекет  туралы  бейнебаяндама 
түсіріп,  оның  әлемнің  танымал  CNN,  BBC,  Euro  news,  Discovery  арналарында 
көрсету болып табылады. 
Қазақстан  халықаралық  туристік  нарығында  жаңа  ойыншы  болғандықтан 
оның  бір  уақытта  бірнеше  туристік  өнімдерді  ұсыну  мүмкін  емес.  Болашақта 
барлық  мемлекеттік  және  жеке  меншік  саласынан  келетін  инвестицияларды 
халықаралық 
нарықта 
бәсекеге 
қабілетті 
отандық 
туристік 
өнімді 
қалыптастыруға  жұмсалуы  тиіс.  Бұндай  өнімдер  азар  болса  рентабельді  болып 
келеді. IPK Group компаниясының зерттеулерінің нәтижесі бойынша Еуропадан 
келетін  туристерге  Қазақстандағы  жағажай  туризмі  (32 %),  біріккен  турлар 
(20 %)  және  қалалық  турлар  (14 %)  қызықтырар  еді.    Егер  аталып  кеткен 
сегменттің  біреуі  орындалмаған  жағдайда  Еуропалық  туристерді  Қазақстанға 
тарту қиыншылық тудыру мүмкін. Ал Азия мемлекеттерінен келетін туристерге  

290 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
біріккен  турлар  (50 %),  қалалық  турлар  (18 %)  және  жағажай  туризмі  (15 %) 
қызық болар еді [2]. 
Бірақ соған қарамастан біздің ойымыз IPK Group компаниясының тарапынан 
ұсынылған нәтижелермен сәйкес келмейді.  Біздің  ойымызша  Испания,  Италия, 
БАӘ,  Доминики  және  Түркия  жағажайларына  үйреніп  қалған  Еуропалықтар 
республикамыздағы  табиғи-климаттық  жағдайлардың  құбылмалы  болуынан 
еліміздегі  жағажай  туризмге  қызығушылық  танытпауы  мүмкін.  Сонымен  қатар 
алыс  емес  болашақта  Қазақстанда  қалалық  туризмінің  дамуы  да  күмәндік 
тудырып  отыр.  Бізде  әлемдік  брендтер:  Париж,  Рим,  Прага,  Петербор  сияқты 
қалалармен бірдей деңгейде бәсекелестікке түсе алатын елімізде қалалар да жоқ.  
Біздің пайымдауымызша әлемдік туристік нарықта бар туристік өнімдерден 
өзгеше  отандық  туристік  өнім,  экологиялық  және  қазақ  халқының  дәстүрі  мен 
көшпенділердің  өмірінің  негізіндегі  этнографикалық    бренд  құрастырып 
шетелдік туристерді елімізге тартуларымызға болар еді. Соған қоса нарықта жаңа 
бағыттарды  үнемі  іздеп  отыратын  танымдық  туризммен  айналысатын 
сегменттерді  де  ескеру  қажет.  Бірақ  соның  барлығына  қарамастан  ең  алдымен 
Қазақстанда  туристік  инфрақұрылымды  және  жоғары  білікті  мамандарды 
даярлау алдыңғы қатарлы мақсатттардың бірі болып табылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің ресми сайты – 
www.stat.kz
  
2.
 
Қазақстан Республикасында  туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  авторы  проанализировали  тенденции  развития  туристской  отрасли  в 
Казахстане,  в  том  числе  развития  въездного  туризма  в  Республике  Казахстан.  Также  авторы 
рассмотрели  такие  показатели  как  лидеры  –  регионы  по  развитию  туризма,  цель  поездок  не 
резидентов в страну и их предпочтения в выборе транспорта во время путешествия.  
(Тлеубердинова А.Т., Мукашев А.С.
 
Анализ развития въездного туризма в Казахстане)
 
 
SUMMARY 
The  authors  have  analyzed  the  tendency  of  tourism  sector  development  in  Kazakhstan  in  this 
paper, including inbound tourism development in the Republic of Kazakhstan. Also the authors have 
considered  the  indicators  such  as  leader-region,  concerning  tourism  development,  the  purpose  of 
journey of non residents to the country and their preferences in choosing transports during traveling. 
(Tleyberdinova  A.T.,  Mukashev  A.S.  Analysis  of  Inbound  Tourism  Development  in 
Kazakhstan) 
 
 
 
 
 
 

291 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
ӘОЖ-332.6
 
Б.С.МЫРЗАЛИЕВ 
экономика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
А.Қ.РЫСБЕКОВ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ 
 
Қаржылық  есеп  негізінде  субъектінің  қаржылық  жағдайының  нашарлай 
бастау  тенденциясын  дер  уақытында  анықтап,  оның  шаруашылық 
қызметіндегі  жағымсыз  құбылыстардың  алдын  алуға  болады,  сондай-ақ 
пайданы  молайту  үшін  ішкі  резервтерді  көрсетіге,  соны  жұмылдырып, тиімді 
пайдалану  арқылы  табысқа  жетуге  болады.  Кәсіпорындардағы  қаржы 
қызметінің  ойдағыдай  барысы  алға  қойған  мақсатқа,  жоспарланған 
көрсеткіштерге  қол  жеткізуге  қажетті  жағдай  жасайды,  кәсіпорынның 
өндірістік  қызметінің  үздіксіздігі  қаржылық  жағдай  қалыпты  тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді. 
Алайда  субъектілердің  қаржылық  есебін  пайдаланушылар  мүдделерінің 
айырмашылықтарына  қарамастан,  субъектінің  өмір  сүруінің  басты  шарты  – 
оның  қызметіне  қажетті  капиталдың  жеткіліктілігі  болып  табылады. 
Сондықтан  капитал  иелері  мен  басқа  да  инвесторлар  есептен  алатын 
ақпаратқа  қанағаттануға  тиісті  мұндай  жағдай  ақпарат  падаланушыларға 
ортақ  сипат.  Осы  талапқа  жауап  беретін  қаржылық  есеп  жалпы  мақсаты 
есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық 
есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін 
атқарады.  Алайда,  тұтас  алғанда  есеп  беру  тұғырнамасы  сыртқы 
тұтынушылардың  жалпы  қажетіне  қатысты  және  ол  бұрын  өз  капиталын 
субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады. 
 
Кілт  сөздер:  қаржы  нарығы,  қаржылық  инвестициялар  есебі,  мемлекеттік 
құнды  қағаздар,  халықаралық  қаржылық  есеп  стандарттары,  қысқа  және  ұзақ 
мерзімді инвестициялар. 
 
Қазақстанның  нарықтық  экономикалық  жолымен  дамуы  барысында 
қаржылық  инвестициялардың  маңызы  зор.  Ал  еліміздің  экономикасын  көтеру 
үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті бағыттарының бірі 
болып отыр.  
Қазақстан  Республикасының  қаржы  нарығы  әлемдік  деңгейде  жаңадан  бой 
көтеріп  келе  жатқан  қаржы  нарықтарының  қатарына  жатады,  ал  қаржы  нарығы 
келесі  нарықтардан  пайда  болады:  валюталық  нарық;  құнды  қағаздар  нарығы; 
несие-капиталы нарығы (ақша нарығы); асыл тастар нарығы (алтын нарығы);  
Қаржы  нарығының айрықша  бөлігі  ол  құнды қағаздар  нарығы және де бұл 
бойынша  осы  кезде  қалыптастыру  үрдісі  аяқ  басып  келеді.  Ал  қаржылық 
инвестициямен  осы  құнды  қағаздар   нарығы   тікелей   байланысты.   

292 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
Еліміздегі  акционерлік  қоғамдар  мен  басқа  да  шаруашылық  субъектілері, 
сақтандыру  компаниялары,  инвестициялық  және  мемлекеттік  емес  зейнетақы 
қорлары  тіркелген.  Осы  жоғарыда  аталған  субъектілер  құнды  қағаздар 
нарығының  әлуетті  қатысушылары  қатарына  жатады.  Олардың  кейбіреулері 
эмитент,  яғни  айналымға  құнды  қағаздар  шығарушылар  болса,  ал  екіншілері 
инвесторлар ретінде қызмет атқарады. 
Шаруашылық 
субъектісіне 
жаңа 
технология 
енгізу, 
өндірісті 
модернизациялау,  реконструкциялау  әрқашан  ірі  капитал  салымын  керек  етеді. 
Ал  мұндай  жұмысты  атқару  үшін  өндірушілерде  әр  уақытта  жеткілікті  көлемде 
капитал бола  бермейді. Бұл  шаруашылық  субъектілері  қарыз  капитал  нарығына 
несиелер  мен  заемдарының  қаражаттарын,  айналымға  акциялары  мен 
облигацияларын шығарса, олар бағалы қағаздар нарығына айналымға түседі.  
Іс  жүзінде  акция,  облигация  және  басқа  да  бағалы  қағаздарын  шығару 
арқылы  капиталды  тартуды  көздейтін  заңды  тұлғалар  эмитент  деп  аталады. 
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің 
алдында  белгілі  бір  жағдайда  борышты  болып  табылады.  Сонымен  бірге 
эмитенттің  кім  болуына  байланысты  бағалы  қағаздар  мемлекеттік, 
муниципалдық және кооперативтік болып бөлінеді.  
Мемлекеттік  құнды  қағаздар  бағалы  қағаздардың  бұл  түрі  Қазақстан 
Республикасының  заң  актілеріне  сәйкес  мемлекеттің  сыртқы  және  ішкі 
қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банк  мекемесімен  эмитенттелінетін  бағалы 
қағаздар  болып  табылады.  Үкімет  өз  атынан  бағалы  қағаздардың  бұл  түрін 
шығара  отырып,  Республиканың  бюджеттік  тапшылығын  қысқартуға, 
инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк айналымдағы 
ақша  қаражаттарының  қозғалысын  реттеуді  көздейді.  Мемлекеттік  бағалы 
қағаздардың  мынадай  түрлері  бар:  Ұлттық  жинақ  облигациясы;  Мемлекеттік 
қысқа  мерзімді  қазынашылық  міндеттеме  (МЕККАМ);  Мемлекеттік  орта 
мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);  
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті 
бюджеттен  эмиссияланатын  жергілікті  атқарушы  органдар  шешімімен 
шығарылады.  Бағалы  қағаздардың  бұл  түрін  шығарудағы  басты  мақсат  - 
құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын 
үйлер,  жолдардың  жағдайларын  жақсарту,  аймақтың  әлеуметтік  мәселелерін 
шешу тағы да басқалар болып табылады.  
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне 
байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті 
бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын 
жетілдіруге  белгілі  бір  талаптар  қойыла  бастады.  Шетелдік  инвесторлар 
қазақстандық  ұйымдарға  ақшалай  қаражат  сомасын  салғаннан  кейін  олардың 
барлығына  түсінікті  есептілік  табыс  ету  қажет  болды.  Осыған  байланысты 
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ХҚЕС) жалпы қабылданған 
кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады [1]. ХҚЕС - қаржылық 
есеп  берудің  халықаралық  стандарттары  жөніндегі  комитет  қабылдаған 
стандарттар мен түсініктемелер. Оларға: 

293 
 
                           АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
1) Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (IAS);  
 
2) Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (IFRS); 
 
3)  Түсініктеме  түріндегі  ресми  құжаттар  -  қаржылық  есеп  берудің 
стандарттарын түсіндіру жөніндегі комитет дайындаған және шығаруға бекіткен  
ХҚЕС-на түсініктемелер; 
 
4) Түсініктеме беру жөніндегі тұрақты комитет дайындаған және ХҚЕСК 
шығаруға бекіткен түсіндірмелер кіреді. 
ХҚЕСК  әзірлеген  халықаралық  стандарттар жүйесі ұйымдардың қаржылық 
есеп беруін жасаумен байланысты барлық негізгі мәселелерді қамтиды. 
Сонымен  ХҚЕСК  41  стандарт  әзірледі,  алайда  нормативтік  шаруашылық 
жүргізудің кеңеюіне орай олардың кейбіреуі алынып тасталды, сондықтан қазіргі 
кезде 37 стандарт, оның ішінде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 30 
және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары 7 қолданылады [2]. 
Қаржылық  есеп  беру  мекеме  қызметінің  қаржы  жағдайы  мен  қаржы 
нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің 
мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның 
қаржылық  жағдайы,  қызмет  нәтижелері,  қаржылық жағдайының өзгеруі  туралы 
пайдалы  ақпаратпен  қамтамасыз  ету.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  қаржылық  есеп 
беру  белгілі  жорамал  негізінде  құрастырылады,  сапалы  сипаттамаларға  ие 
болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ, мекеме 
басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді 
[3].  
1  –  «Қаржылық  есеп  беруді  ұсыну»  IAS  қаржылық  есеп  берудің 
халықаралық  стандартына  сәйкес жалпы мақсаттағы  қаржылық  есеп беру  –  бұл 
өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын 
талап  етуге  мүмкіндігі  жоқ  пайдаланушылардың  қажеттіліктерін  қамтамасыз 
етуге арналған есептілік.  
Қаржылық есеп берудің нысандары мыналарды қамтиды:  
-  бухгалтерлік баланс;  
-  пайдалар мен залалдар туралы есеп; 
-  ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп; 
-  меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп; 
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа 
да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер. 
Қаржылық инвестициялардың есебі №32 ХҚЕС (IAS)  «Қаржы құралдары – 
ақпаратты  ашу  және  беру»,  №39  ХҚЕС  (IAS)    «Қаржы  құралдары:  тану  және 
өлшем», №2 ҰҚЕС стандартарына сәйкес жүргізіледі.  
Қаржылық  инвестицияларды  ақпараттау  барысында  бухгалтерлік  есеп 
шоттарының  жұмыс  жоспарында  І  және  ІІ  бөлімдерінде  1100-1150,  2000  -2040 
шоттар қарастырылған.  
Қаржылық  инвестициялар  –  бұл  субъектінің  табыс  алу  мақсатында 
пайдаланатын  активі  (пайыздар,  роялтилер,  дивидендттер,  жал  ақысы), 
инвестицияланған  капиталдың  өсімі  немесе  алынатын  басқа  да  олжалар 
(коммерциялық мәміле). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған 
жылжымайтын мүліктер  де  жатады. 

294 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет