АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
191
әскерінің күшін біледі. Аз ғана қазақ жиылып
қолына қару алғанда зиян орысқа емес, қазаққа
тиетінін де біледі. Сондықтан да ол басында
Жұпар бастаған қарулы күрес жолын құптамаған.
Кейін барлық қазақ ауылдары Жұпарға еріп,
орыс патшасының әскерлеріне тойтарыс бере
бастаған тұста Сәрсенбек те түрлі ойға қалады.
Сәрсенбектің Жұпарға деген көзқарасын оның
Қабдешпен болған әңгімесінен танимыз:
«- Мен саған айттым ғой кеше. Бәріне
басшы болған қарғадай жалғыз қыз. Алты
Алашқа аты жайылып, қазақтың бостандық туын
көтеріп отыр. Әйел!.. Әйел!.. Қолына шоқпар
алды.
Біз
кімбіз?..Өңшең
сары
түймелі
төрелерміз. Біз жылы үйде отырмыз! Бұл дегенің
барып тұрған біз үшін ұят, оңбағандық. Бізге
солар көргенді көріп өлу де керек. Неде болса
сонда барамыз. Қазақтың көтерген туын шама
жеткенше құлатпай ұстап қалу керек [1,52].
Бұл үзінді Жұпар бейнесін аша түсуімен
қатар, жалпы бұқара халық, алты алаш патшаға
қарсы көтерілгенде қазақ зиялыларының басым
көпшілігінің бұғып қалғандығын да байқаймыз.
Жұпардың бет-бейнесі, азаматтық, ерлік
қасиеттері, асқан жүректілігі көбіне шығарманың
бас
қаһарманы
Сәрсенбектің
аузымен
сипатталып отырады. Мысалы, Сәрсенбек пен
Бұқармен сұхбатында былай дейді:
«- ...Енді көтерілген туды құлатпау керек.
Әрине,
орыс
халқының
күшті
екендігіне
қарағанда, олармен соғысу – текке қан төгу.
Бәрібір
жеңілеміз
дедім.
Басқа
одан
да
маңыздырақ болжамдар жасасаң, мүлдем олай
емес екен. ...Оның үстіне біздің жақтың ішінде
әйел бар. Мен бұған үлкен мағыналы мән
беремін. Менің ойымша, бұл бізге жіберілген
әулие. Сондықтан біз өлмейміз. ...Оны бізге
«намысыңды оятыңдар» деп жаратушының өзі
жіберді [1,55]».
Бұл жерде Жұпар ер-азаматтардың намы-
сын оятушы, жаратқанның елшісі, әулие ретінде
көрінеді.
Әйел
баласын
бұлайша
жоғары
дәріптеу қазақ әдебиетінде сирек кездесетін
жағдай екенін де айта кету керек. ХХ ғасырдың
басындағы «әйел теңсіздігін» арқау еткен саяси-
науқандық шығармалар шоғырындағы әйелдер
бейнесімен салыстырғанда Жұпар бейнесі өзінің
өміршеңдігімен, романтикалық асқақтығымен,
халықтық идеялармен сабақтасып жататындығы-
мен Шолпан жұлдызындай ерекше жарқырай
көрінеді.
Жазушы Жұпар бейнесін ел аузындағы
әңгімелер арқылы да беріп отырады. Мысалы,
Сәрсенбек жолаушылап келе жатып, түнемекке
түскен ауылдың ақсақалымен әңгімесінде ақса-
қал аузымен Жұпар былайша суреттеледі:
«- Жұрт ұрандарыңды – «Алаш Орда»
дейді. Аман-сау жетіңдер. «Бәрін бастап жүрген
жас бала» дейді. «Атса оқ, шапса қылыш
өтпейді» дейді. Өзі жүректі, қорқуды білмейтін
батыр болса керек...
-Ататай, ол бала кім екен?
-Қарағым, сұрама. Кім екенін! Ана жылы
әкесін, ағасын орысөлтіріп кеткен екен. Аты –
Жұпар, өзі қыз дейді [1,60]».
Келтірілген сұхбат үзіндісінен Жұпардың
есімінің қалың ел арасына кең таралып, аңызға
айналғандығын аңғарамыз. Бейнені ашудағы
мұндай тиімді тәсіл Смағұл қаламына ғана тән.
Жұпар
бейнесіне
ұқсайтын
белсенді,
қайраткер, ел тұтқасын ұстаған, ел қамын
ойлаған, шығарма желісі бойында үнемі көш
басында көрінетін әйелдер бейнесі ХХ ғасырдың
басындағы қазақ әдебиетінде мүлдем болған жоқ
деуге болмайды. Оған мысал ретінде Б.
Майлиннің «Раушан – коммунист» атты повесін
келтіруге болады. Бірақ қазіргі заман тұрғысынан
«Раушан – Коммунистегі» Раушан мен «Сәрсен-
бек» романындағы Жұпар бейнелерін салысты-
рып көрсек, раушан бейнесіне жинақталған идея-
лардың өміршең емес, жалған, саяси-партиялық
(коммунистік парияның) идеяларға құрылған-
дығын аңғарамыз, керісінше Жұпар бейнесі қай
дәуірде
оқылмасын,
оқырманды
ұйытып,
нандырады, сендіреді. Себебі шығарма халықтық
идеялармен
астасып,
сабақтасып
жатады.
Бұдан шығаратын қорытындымыз, егер шығар-
маға өзек болатын тақырып идеясы жалған
немесе жасанды болса, ол шығарма қаншама
талантты жазылғанымен де, өмірі ұзаққа бармай-
ды. Мысалы, «Раушан – коммунист» Коммунистік
партия үстемдік еткен Кеңестік дәуірде әрбір
қазақ баласы жатқа білетін шығармалардың бірі
болса, кеңес дәуірі құлап, коммунизм идеясының
жалған екеніне көз жеткеннен кейін, шығарма да
өзінен-өзі оқылмай қалды. Қазіргі ұрпақ тек қана
«Раушан – коммунист» емес, сол дәуірде дарын-
ды жазушыларымыздың партиялық әдебиет ұс-
танымдарымен жазылған шығармаларын өте
ауыр қабылдайтыны сөзсіз.
«Сәрсенбек» романының кейіпкерлерінің
бірі – Күлпаш. Күлпаш – орысша оқыған, «қыз
айттыру» секілді қазақтың ескі салтына қарсы,
шынайы махаббатты аңсайтын жас қыз. Ата-
анасының
қалауымен
жастайынан
Күдеріге
атастырылған Күлпаш Жұмажанды ұнатады.
Күлпаштың өзі бұрын көріп-білмеген Күдеріге
барғысы да жоқ. Бар арманы – өзі сүйген
Жұмажанға қосылып, бақытты өмірге қол жеткізу.
Сондықтан да, ол оқыған, келбетті әрі жас
Жұмажанның дегеніне көнеді. Бірақ Жұмажанның
өзін
тек
қана
төсек
ләззаты
үшін
ғана
пайдаланып жүргенін Күлпаш кеш сезінеді. Аңғал
да сенгіш, орысша оқығанның бәрін адал деп
қабылдайтын Күлпаш ата-анасы атастырған
күйеуі келетін күні Жұмажанға қашып барады.
Бірақ Жұмажан қызға қорған бола алмайтынын,
тіпті өзінің оған үйленетін ойы жоқ екендігін де
білдіреді. Екі жүзді Жұмажанның мәселенің
барлығын арзан әзілге бұрмақ болғанына
көнбеген әрі періште деп жүргені адам кейпіндегі
әзәзіл болып шыққан Күлпаш өкініш пен ашу
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
192
қысқан күйінде өз ауласындағы құдыққа секіріп
өлмек болады. Осы сәтінде оны атастырылған
күйеуі Күдері құтқарып алады. Күдері – оқымаған,
орысша сауаты жоқ, бірақ адал, парасатты,
салмақты адам. Шығармада Күлпаш өзі сүйіп
таңдаған
әрі
оқыған,
білімді
Жұмажанмен
салыстырғанда
Күдерінің
адамгершілік
қасиеттері әлдеқайда мол, ішкі жан дүниесі
әлдеқайда кең. Жазушы Күдері мен Күлпаш
бейнесі арқылы ата салт атастыру, қыз айттыру
дәстүрлерін қорғайды.
С. Садуақасұлы «Сәрсенбек» романының
кейіпкерлері Күдері – Күлпаш – Жұмажан
арасындағы оқиғалар желісін әрі қарай дамытып,
1926 жылы «Әйел теңдігі» журналының 4 – 5
сандарында романнан үзінді ретінде жариялай-
ды. Ал Смағұлдың әдеби мұраларын зерттеп,
жинап, екі томдық кітап етіп құрастырған профес-
сор Д. Қамзабекұлы «Біздің байқағанымыз,
«Сәрсенбек» романында Күлпашқа қатысты желі
бар. Бірақ екі нұсқа нақпа-нақ бірдей болмаған-
дықтан, «Күлпашты» үзінді ретінде ұсындық
[2,347] – деген түсінік ұсынып, бұл шығарманы
«Күлпаш» деген атаумен жеке повесть ретінде
береді.
«Күлпаштың» ХХ ғасырдың басында жа-
зылған өзімен жанрлас шығармалардан басты
ерекшелігі – біріншіден, қоғамдық құбылыстар
кезеңіндегі адамның ішкі жан-дүниесінде өтетін
өзгерістерге
психологиялық
талдау
жасай
отырып, егер адам жаны бай, жүрегі кең
болмаса, қанша білім алдым дегенменен, бәрібір
адамгершілік асқары мен парасат биігіне жете
алмайсың деген идеясында жатыр. Екіншіден,
жоғарыда
атап
кеткеніміздей,
«Күлпашта»
қазақтың ескі салт-дәстүрлері – «қыз айттыру»,
«атастыру» секілді ғұрыптары мадақталады. Бұл
дәстүрлер ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте
«ескіліктің
көзі»,
«қараңғылықтың
белгісі»,
«надандықтың жұрнағы» деп танылып, аса қатты
сыналғаны белгілі. Ал сол әдебиеттің көрнекті
өкілдерінің бірі С. Садуақасұлы бұл дәстүрді
Күдері – Күлпаш арасында өрбитін оқиға желіле-
рі арқылы атадан қалған озық дәстүрлердің бірі
ретінде көрсетеді. Керісінше, осы кезеңдегі әде-
биетте жаңалықтың жаршысы ретінде аса жо-
ғары бағаланып, көп мадақталған жастардың бір-
біріне өз қалаулары бойынша қосылуын Күлпаш
– Жұмажан арасындағы оқиға желілері арқылы
түйрей сынайды.
Әдебиеттер:
1 Садуақасұлы С. 2 томдық шығармалар
жинағы, ІІ том. – Алматы: Алаш, 2003.
2 Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы. –
Алматы: Қазақстан, 1996.
3 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. –
Астана: «Фолиант», 2002.
УДК 82-1:821.512.122
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ РЕВОЛЮЦИЯШЫЛ ЖЫРЛАРЫ
Кульбаева М. М. - практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мақалада ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылардың шығармаларындағы қазақ халқының
азаттық жолындағы күресі.
Негізгі ұғымдар: Отан, ақын, тарих, қазақ поэзиясы.
Қай ұлт болмасын өз елінің, өз жерінің
тәуелсіздігін қалайды. Туған Отанының бір уыс
топырағы үшін күш-жігерін аямай, сол жолда
жанын
құрбандыққа
да
шалады.
Өйткені,
тәуелсіздік киелі - еркіндік, азаттық, бостандық
деген сөздермен байланысып, ұштасып жатады.
қай елдің болмасын тарих қойнауына көз
жіберсек, өз Отаны үшін күрескен ерлерінің
ерлігін жыр етіп, оны мәңгі жадында ұстап,
ғасырлар бойы мақтан етеді.ХХ ғасыр басындағы
қазақтың азаттық жолындағы күресіне елеулі
үлес қосқан талантты ақындарының бірі - Сәкен
Сейфуллин (1894-1938) еді. Алғашқы шығарма-
шылық еңбегін демократтық, ағартушылық ба-
ғытта бастаған ол төңкеріс тұсында отаршылдық
езгі мен ұлттық қанауға қарсы батыл үн көтеріп,
ақындық қызметін халықтық күреспен тікелей
байланыстырды. Әлеуметтік төңкеріс тұсындағы
жолайырықта большевиктер партиясы сапына
қосылып, солардың қатарында күрестің азапты
жолын басынан кешірді. Содан бастап ақын ха-
лықтың азаттығы мен тәуелсіздігі мәселесін про-
летарлық
күрес
идеясымен
байланыстыра
қарады. Езілгендер мен қаналғандарға теңдік
әперіп, қатарға қосамыз, қоғамның қожасы етеміз
деген ұранға сеніп қызмет етті. Сондықтан да
өзінің саяси қоғамдық қызметімен де шығарма-
шылық еңбегімен де қазақстандағы социалистік
құрылыс ісіне берілгендік танытты және осы сая-
сатты батыл жырлаушы болды. Кеңес өкіметінің
орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен
қаналғандарды жақтауы елдің кедей шаруалары
тарапынан
қолдау
тапты.
Теңдік,
әділдік
ұрандары
елді
сендіре
бастады.
қазақ
қаламгерлерінің бір бөлігі осы идеяны мадақтап
жырлар туғызды. Олардың басында Омбыда
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
193
оқып, орыс большевиктерімен тұрақты байланыс
жасап келген қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин
болды. Төңкеріс алдында халықтың азаттығы
мен бостандығы идеясын қолдаған Сәкен
бостандық, теңдік осы жолмен келеді деп ұқты.
Халық мұңы мен азаттыққа ұмтылу арманы оны
бұл жылдары бұрынғыдан да гөрі көбірек
ойландырады. 1915 жылы жазған «Көңіл» деген
өлеңінде ол революция қарсаңындағы халық
көңіліндегі
толқуды
суреттейді.
Лирикалық
кейіпкерде іздену, жанжаққа шарқ ұрып, талпыну
бар. Ақын көңіл талабына қосылады, оның
мұратына жетуін қолдайды. «Мұң» деген өлеңде
ескі өмірден шаттық таппай күйінеді. 1916 жылғы
халықтың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде жазған
«Толқын» атты өлең көкіректі кернеген елдің
қайғы-қасіреті толқынына толы. Ақын сұрапыл
соққан көп толқыны да, дүңкіп жарылған жер
толқыны да басылар, бірақ халық ашуының
толқыны басылмайды деген оптимистік ой
айтады.Сәкеннің табиғат жырлары өз елін оның
табиғатын сүйген ақынның шын сезімін бей-
нелейді. Ол табиғатты ел өмірімен, олардың
тіршілігімен, халықтың азаттық тілеген арман-
қиялымен байланыстырады. «Май айында»
(1917) атты өлеңдерінде ақын жаздың шығуы
мен жаңа жылдың тууын символды түрде өмірдің
жаңаруы, жаңа заманның келуі туралы ойлары-
мен ұштастырады. Күз туралы өлеңін ол «Өткен
күн» деп атаған. Ақын жазды жыл жастығы деп
атаса күзді өтіп бара жатқан ұсқынсыз заман
бейнесінде алады. 1922 жылы Орынборда
басылған «Асау тұлпар» жинағына жазылған
алғы сөзінде Сәкен оны қоғамның жас күштеріне
арнай отырып:
«Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген, жастар!
Сендерге арналады бұл әндер!
Осы өлеңде ақынның сол тұста ұстаған
жолы, шығармаларының идеялық эстетикалық
мұраты айқын көрінеді. Оның күрескер жырлары
«әділдік, теңдік іздеуге» арналады. Ол халықтың
азаттығы жолындағы күреске ақын болып қана
емес, солдат болып та қатысты. 1917 жылдың
наурызында жазған Сәкеннің «Асығып тез
аттандық», «Кел, жігіттер» деген өлеңдері күрес
дәуірі тудырған қазақ әдебиетінің алғашқы сөзі,
азаматтық, саяси лириканың басы. Бұл өлеңдер-
де ақын патшаның құлауына қуаныш білдіре
отырып, «атқан таңды қарсы алуға» асығыс
жолға шыққан ерлердің ісін паш етеді.
Таңды қарсы алмаққа
Тұлпарларды таптық біз.
Айдарына қызыл шоқ
Үкілеп, сүзіп тақтық біз ...
Азаттық өзінен өзі келмейтінін түсінген
халықтың езілген, қан алған бөлігінен «топ»
құрып, оларды күреске үндеуі де осыдан. Бұл
жырлардың бұған дейін жазылып келген жалпы
халықтық, бостандық, азаттық деген ұғымдардан
елеулі
айырмашылықтары
бар
еді.
Сәкен
халықты
жалпы
алмайды,
оның
езілген,
қаналған, кедей тобына іші бұра қарайды.
Азаттық
солар
үшін
деп
түсінеді.
Отаршылдықтан азат бола отырып, бұқара
халықты ұлттық езгіден босатуды қалайды. Ақын
өлеңдерінің кейіпкері де осы бағыттағы күрескер.
Бұл - Сәкеннің қоғамдық шындыққа тап тартысы
тұрғысынан қарай бастағанының белгісі болатын.
Осы
дәуірден
басталған
Сәкеннің
революцияшыл жырлары ұлттық әдебиетімізге
азаттық жолындағы күрес рухын кіргізді.Оның
«жүген-құрық тимеген, алты жасар асуды»
революцияның бейнесінде алып, «кең даланы
күңірентіп, қатты айғайлап ән салуы» да жаңа
дәуірдің үнін танытады. Ол оқырман алдына
үлкен талап - заман талабын қоя сөйлейді.
«Талай ерлер қасірет, жапа шегіп, жалпы әлемге
бақыт іздеп құрбан болған» тәуекел, күрес
жолына
үндейді
[1,112].Осы
өлеңдерден
Сәкеннің өз басынан өткен күрес жолының
шындығын да тануға әбден болады. Патшаның
құлауы мен азаттық жолындағы күреске ол
жоғарыдағы
өлеңдерімен
үн
қосса,
«Адасқандарға»,
«Қамаудан»,
«Тұлпарым»,
«Сағындым» тәрізді өлеңдерін контрреволюция
күштерінің қолында тұтқын болып жүргенде
жазған. «Түрмеден қашып шыққанда», «қамыққан
көңілге», «Бабаларыма», т.б. өлеңдерінде ақын
тұтқыннан қашып шыққан күрескер азаматтың
көңіл-күйін
бейнелейді.
Ал
«Жас
қазақ
марсельезасы», «Шөлде», «қашқынның ауылы» -
жауынгер ақынның күрес жолына аттанған
кездегі үні. Бұл өлеңдерінде халықтың азаттығы
ісіне басын тіккен, шын күрескердің жалынды
бейнесі жасалады. Лирикалық қаҺарманның
бостандық сүйгіш көңілі жау қолында да
жасымайды,
қайта
күрес
қиындығы
оны
ширатып, жігерлендіре түседі. Ол тұлпарына
мініп, жауға аттанар күнді аңсайды.
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен
Қанатты тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден.
Ақын
қандай
жағдайда
жүріп,қандай
қиыншылықты бастан кешсе де,езілген халық
тілегенде екенін білдіреді. Осы өлеңдерде айқын
танылатын азаттық идеясы Сәкеннің күресшіл
поэзиясын орыстың классикалық әдебиетінің
озық үлгілерімен туыстырады. Түрмеде жазылған
«Қамаудан» атты өлең Сәкенді сезімтал, ойшыл
лирик ақын есебінде танытады.
Отырмын күзет қамауда
Дұшпаннан тәнім жеңілді.
Жеңе алмас бірақ, еш пенде
Асау
еркін
көңілді,
-
деген
өлең
жолдарында
лирикалық
қаҺарманның
табиғатпен тілдесіп, «шын ғашығы - бостандық
екенін айтады. Ақынның ендігі бір топ өлеңдері
оның күрес жолына қайта аттанып, елді
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
194
азаттыққа шақырған жаңа үнін бейнелейді. Оның
«Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар» өлеңі
сол кездегі қазақ ауылдарында революция
гимінің қызметін атқарады. Бүкіл дүниежүзіндегі
революциялық күрестің гимні «Марсельеза» мен
«Интернационалдың» әсерімен туған екі өлең
мазмұны жағынан да солармен үндес. Ақын
мұнда кедейлерді қол ұстасып, теңдік ұранын
салуға, қызыл тудың астында бірігіп күреске
шығуға шақырды. Патшаның әділетсіз болғанын,
ұлықтардың
парақорлығын,
байлардың
мейірімсіздігін әшкерелеп, теңдікті майданда алу
керектігіне назар аударды.
Азамат жүнжіме жүрме бос!
Қол үстас, бірігіп, тізе қос!
Ту ұстап дұшпанға барайық!
Күн туды - біз теңдік алайық!- деп
басталатын «Жас қазақ марсельезасы» шақыру,
ұран стилінде жазылған. Күрескерлер бейнесі
Сәкеннің тек азаттық үшін арпалыстың от-
жалынында туған өлеңдерінде ғана емес, кейін
жазылған шығармаларында да кең орын алады.
Оның «Біз», «қызыл ерлер» атты өлеңдері де
күрес адамының характерін нақты іс-әрекет
үстінде бейнелеуге құрылған. Жаңа заман
адамының өсу жолын ақын «Біздің ұлан да» қара
баланың бейнесі арқылы ашады. Әбілқайыр
Досовтың өмірін негізге алып жазған бұл өлеңнің
қаҺарманы «жалба-жұлба қойшы» - қара бала
«құстай түлеп ұшып», «Жер күңірентіп ұран
салады», революция жеңісін қорғауға қатысады
[2, 56]. Жаңа туған қоғамды, заманды Сәкен
әділет пен теңдік заманы деп ұқты. Ескі тәртіпті
қиратып,
жаңа
социалистік
принциптерді
қалыптастыру жолындағы өкімет шараларын да
ол қолдады [3, 35]. Сондықтан оның кеңес
тұсындағы жырларында жаңа тәртіпті, қоғамның
даму беталысын бұрынғы қазақ өмірінің мешеу
көріністеріне қарсы қоя суреттеу анық байқа-
лады. Жаңа өмірдің қарқынды өзгерістерін, нақты
образдар арқылы бейнелеуге ұмтылады.
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік тақырыбы
жаңа зерттеулерді қажет ететін, қазақ әдебиетіне
үлкен тәлім-тәрбиелік маңызы зор тақырыптар-
дың бірі.Келешек ұрпақтың рухани байлығы-
туған жері, еліне деген ұлттық рухта тәрбиелеп,
ғасырлар бойы аңсаған бабамыздың арманы-
тәуелсіздікті қадір тұту мақсатында, поэзиядағы
ерекшелігін көрсету тақырыптың зәрулігі осыдан
көрінеді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері
Кеңес үкіметі кезінде көптеген бұрмаланған тари-
хи фактілер жаңа көзқараста зерттеле бастады.
Тәуелсіздік поэзияның басты тақырыбы – халық
бостандығы жолындағы күрес, оның қозғаушы
күші – езілген шаруа, бұқара халық. Азаттық
тақырыбын халық ақындары биік идеал етіп, өз
туындыларында жырлап өткен. Тәуелсіздік тақы-
рыбы жайлы поэзияның соңғы кезеңіне 90 жыл-
дардағы тәуелсіздік жайлы өлеңдері жатады. Бұл
кезеңнің ақындары егемендігін алған еліміздің
тәуелсіз өмірін,қайта жаңғырған рухани байлық-
тарымыз жайлы жыр етеді. Еліміз егемендігін
алып, бар әлемге өз тәуелсіздігін жариялаған
кезде ғасырлар бойы аңсаған халқамыздың ар-
манын ақындарымыз поэзияда шабытпен жырла-
ды. Ол арман - азаттықтың таңы, тәуелсіздік!
Өшкені тіріліп, ұмытылғаны қайта жаңғырып,
ұлтымыздың өміріне елеулі өзгерістер ене
бастады.Салт-дәстүр,
әдет-ғұрып,
халықтың
мұрасын жырға қосқан ақындардың қатары
көбейді.Солардың
ішінде
Қазыбек
Исаның
«Ақиқаттың
дауысы»,Аманжол
Шәмкеновтың
«Менің үнім», Ақылбек Шаяхметтің «Бақыт
жұлдызы» атты өлеңдерді ерекше атап өтуге
болады.
Қазақ поэзиясының қай дәуірін алсақ та
тәуелсіздік тақырыбы ерекше орын алатынын
ақын-жыраулардың шығармаларынан көреміз.
Тәуелсіздік тақырыбының ең басты маңызы,
ерекшелігі қандай ғасырды алсақ та алдымен
бұл тақырыптың тәрбиелік мәні-бірлікке шақыру,
Отанды сүю,азаттықтың қадір-қасиетін ұғыну
болып табылады.
Әдебиеттер:
1 Мырзахметов М. Түсініктеме. ІІ Әуезов
М. Әде6иет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991 ж. -
240 б.
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. - А.,
Қазақ университеті, 2002 ж. - 82 б.
3 Қозы6аев М. Ақтандақтар ақиқаты. -
Алматы: қазақ университеті, 1992 ж. - 272 б.
УДК 378:37.036
Достарыңызбен бөлісу: |