IX
Қала күн санап ӛсуде. Шахта, шурфтар, барлаушылардың вышкалары,
тас, известь карьерлеры, кірпіш заводтары жан-жаққа шашырап кеткен.
Солар шанжау шығып ұзаған сайын артжағы қоюланып, қомақтана береді.
Қала шетіне қазір кӛз жетпейді, бірнеше белдерден асты. Орталықтан ұзаған
бұл ӛндіріс бӛлшектеріне су, бу трубаларын, электр, телефон столбаларын
жеткізу, техникамен құралдандыру әлі де мехцехтық мойнында.
«Мехцех» деп жұмысшылар әншейін бұрынғы әдетпен айтып жүр,
шынында, механикалық үлкен мастерскойға айналған. Ішінде: ұсталар,
токарьлар, кателшілер, слесарьлар, құюшылар цехы аталатын бӛлек-бӛлек
цехтар, машина бӛлімі, кочегар бӛлімі бар. Бйыл Донбастан келген екі жүз
маман жұмысшылардың бірсыпырасы осы цех, бӛлімдерге орналасты.
«Мехцехтың» ағылшындардан қалған жапырақ тас қорасы жаңа цехтардың
қоршауында қалды. Механик Козлов сол тас үйдің бір бӛлмесінде,
Қарағандыға келген бетінде орналасқан ӛзінің жұмыс кабинетінде отыр.
Кӛзінде кӛзілдірік, аузында газет қағазына орап мундштукке тыққан шылым
түтіні анда-санда бұрқ етеді. Сұқ қолы екі буыннан жоқ болатын,
қарындашты ортан қолы мен аты жоқ қолының арасына қыса ұстап, сыдырта
жазып келеді де, кілт мүдіреді. Ойлағанда қырма, кӛкшіл сақалының
ӛсіңкіреген тұқылын тықырлата қасып қояды. Столында жұмысшы қолынан
шыққан кірлі қағаздар жатыр. Әр шахтадан, әр бригададан түскен қағаздар
ғой, сӛз аз, сызық, цифрлармен кӛрсетіп, механизмнің түрлі бӛлшектерін
сұрап жатыр. Бірін орталық складтан алуға «требование» жазса, бірін қолдан
жасауға наряд беріп отыр Козлов. Жүздеген қойды түстеп танитын зерек
173
Sauap.org
қойшы сияқты механизмнің қай бӛлшегі болса да қағазға қарай қалғанда тани
қояды.
Кішкене, жұпыны бӛлмеде үстінде кӛк түсті жұмыс костюм, шағын
денелі, бурыл тартқан бұл адам үлкен істі қозғаушы екендігі бар қылығынан
байқалып тұр. Оқтын-оқтын шырылдаған телефон трубкасын кӛтерген
сайын, қилы адамдармен, қилы жұмыстар жайында сӛйлеседі. Соның бірінде
қолы істен тоқтамап еді, есіктен Лапшин енгенде ғана:
— Жақсы келдің, Костя,— деп кӛзілдірігін алды қолына.— Иван мен
Антон бригадаларының арасында социалистік жарыс қызды. Қарт Иван ӛзі
келіп жүз фланец алып кетті жаңа. Антон жанымды шығарып барады.
Екеуіне екі күн ішінде үш жүз фланец беруіміз керек. Токарьлар мен ұсталар
жарысын үрлей түс, үлгерсін.
— Бұлар да аянбай жатыр. Мен цехтарды аралап келіп тұрмын.
Үлгеретін түрі бар.
— Жұлдыздың жиырмасына дейін екі бригада монтаж жұмысын бітірсе,
ерлік Костя, ерлік! Жаңадан екі шахта қосылады. Мыңдаған тонна кӛмір
артық шығады!..— деп Козлов тұрып кетті орнынан. Енді жүре сӛйледі.—
Бірсыпыра шахталарда бір болтик үшін камерон әлденеше сағат тоқтайды.
Ұсақ жұмыстар басып барады бізді. Ол ұсақты әр шахта ӛзі істеп, біз
үлкенірек жұмыстармен айналысуымыз керек. Сен не айтасың бұған?
— Ол үшін әр шахтаның ӛз мехцехы болу керек те.
— Әрине.
— Кадр қайда? Сергей Петрович кеше осы үшін ренжімеді ме бізге?
— Босқа ренжиді ол, басқа! Екінші шахтаның кӛтергіш машинасын кім
жүргізіп отыр? Балжан. Бірінші шахтаның камероншысы кім? Жолтай.
Майпа машинист, Жанабіл токарь. Боқай кочегар, Жамантік кочегар болғалы
тұр. Шайкен слесарь... Үйретпесек, баулымасақ бұл не? Барлық шахтаға
маман кадрды бізден алмақ па? Одан да ӛзінің кадр бӛлімін қыса түссін...
Кеше осы уақытта Щербаков келіп донбасшылардың мәжілісін ӛткізген.
Ұлт кадрларын ӛсіруді қатты қойды алға. Козловтан бастап, жәй токарь,
слесарьға дейін сынады. Үйрету, баулу әлі жетімсіз дегенде, Козлов оның
кадр бӛлімін мінеді. Қазір де сол бетпен сӛйлеп бара жатыр еді, Лапшин
ұнатпай басын шайқаған соң тоқталды.
— Немене, бекер ме?!
— Бәрі рас. Табыс айтпасаңыз да кӛрінеді. Жетімсіздікті кӛрейік.
Лапшин бұнда партия ұйымының секретары. Түсі суық, мінезі қатал
жігіт. Кісіге тура қарамайды. Еңкіс біткен қалың қабағының астында, тереңде
жатыр кӛзі. Даусы зор, жәй сӛзінің ӛзі қатты естіледі. Сырын білмегендерге
ол ашулы, ызбарлы кӛрінсе де сирек ашуланады, сыпайы сӛйлейді. Сол
қалпын бұзбай отырып, бір пікір айтып тастады:
— Менімше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты. Біздегі маман
жұмысшылардың сексен, сексен бес проценті орыс, украиндік болғанда,
балғашылардың тоқсан тоғызы қазақ екені бекер ме?
174
Sauap.org
— Олардан станок аядық па? Мамандығы болмаған соң ауыр жұмыста
жүр.
— Мақсат ауыр еңбекті жеңілдетіп, ӛнімсіз еңбекті ӛнімді етпек қой!
Әзірге кӛрік басуын машиналандырсақ, соның ӛзі қаншама жеңілдік. Одан
әрі балғаны электрдің ӛзіне ұрғызамыз.
Козлов әдетінше тұқыл иегін ұстап ойлана қалды. Сӛйлеуге ыңғайланып
әнтек ашылған аузы жабылған жоқ.
— Болады екен, болады!—деді кӛп кідірмей,— еске жақсы салдың. Бір
ғана движок керек.
— Аз түзеумен қорада жатқан горизонтальный движок те жарайды.
— Әбден жарайды. Поршеннің сақинасын жаңартса болғаны.
Әңгіме үстінде Ермек енді. Маңдайында аккомуляторлы шам, үстінде
жұмыс киім. Лапшинмен амандықтан бұрын қиғысты:
— Секретарьдің ӛндіріспен ісі бар ма, сірә?
— Сендерде болса, бізде неге болмайды?
— Болса, заказдың орындалуын неге бақыламайсың.
— Кеше ғана бес вагонетка түзеп бердік.
— Овчаренкоға да бесеу бердіңдер. Екі шахта тең бе? Бұларың кулакша
теңеу.
— Тең болмаса онымен неге жарысасың?
— Чудак!—деп мырс етті Ермек.—Қарағанды мен Кузбасс немесе
Кузбасс пен Донбасс теңдіктен жарысып жатыр ма? Әрқайсысының әліне
қарай алған міндеті бар. Соны жақсы орындау үшін жарысады да. Жоспар,
жоспарға қарай жабдықтау қилы-қилы емес пе?
— Жеңілдік Костя, жеңілдік!— деп қарқ-қарқ күліп жіберді Козлов.—
Ермек Барантаевич, ертең кешке дейін тағы да бес вагонетка береміз.
Овчаренко қу кемірек алу керек еді, тең алып кеткені рас.
— Рақмет, Борис Михайлович, мынаның секретарьлық ӛр кеудесіне мені
бір шығардыңыз. Кӛтергіш машинаны да бір қарап ӛтіңіздер. Кейде бӛгеп
тастайды.
— Костя, сен бар, қазір бар, бұлар қызу жарысып жатыр. Қақ қасымызда
тұрған шахтада механизмнің бір минут бегелуі де ұят бізге, ұят.
Ермек Лапшинды қолтығынан кӛтеріп алып кетті. Бірі шахтаның, бірі
мехцехтың секретары, жасы, қайраты тең, мінездес жігіттер. Былай шыға қол
қысысып, күш сынасып, ойнап барады. Соңырақ шыққан Козлов оларға
сыртынан қарап тұрып:
— Екі аюдың ойнаған түрін,— деді де жебелей баса жӛнелді.
Мехцех албары бұрынғысынан әлдеқайда кеңіген. Кең албардың ішінде
әр тұста шаңқылдаған темір даусы, шашыраған от ұшқыны бүгін тіпті
толастаған жоқ. Жұмысты сдельный, аккордно алған слесарьлар тынымсыз
қимылдап, тез үлгіруге бар ынтасын салып жатыр. Бұрын озық
жұмысшылардың кӛлеңкесінде жүре беретін керенауларға орын тар: аз
істеген аз, кӛп істеген кӛп алады. Күндеме ақыдан сдельный, аккордный,
175
Sauap.org
прогрессивті ақыларга кӛшу әдісі кімнің, қалай істегенін әйгілеп қана
қоймай, әркімге аянбай істеуге жол ашты. Оның үстіне социалистік жарыс
туы жоғары кӛтерілген. Мәртебе, еңбекақы мақсаты ұласқан шақ. Козлов
күйкі денесін құнжыңдата, салған бойы движокке келді. Беті ашық аранда
бояуын күн жеп, тотыға бастаған машинаны тінте қарап тұр. Одан әрі
вагонетке шегелеп, балғасын жантая ұрып Бондаренко жатыр еді.
— Бері кел!— деді дауыстап. Бондаренко жүгіре басып жетті.
Жолдастық соттың қаулысынан кейін бұрынғы шадыр мінездері сынып,
иығы түсіңкіреп кеткен, Козлов оған түс жылытпай қысқа сӛйлесетін. Бұл
жолы да:
— Қашан бітеді?— деп қабағын түйіп қойды.
— Ертеңнен арғы күн.
— Ертең бітірсең, бүрсігүні мына движокты қолға алып, бір жұмада
ремонттап, орнатып берсең, саған кӛптің кӛзқарасы ӛзгерер еді. Жалақы
разрядың да бұрынғы қалпына келер еді.
— Борис Михайлович, мүмкін бе сол! Кӛріп тұрсыз ғой...
— Мүмкін, тек ынтаң, шеберлігің жетсін.
Бондаренконың сулы кӛзі құрғап, ойнақшып сала берді. Движоктың о
жағына бір, бұ жағына бір шығады. Біресе вагонеткаларға жалтақ-жалтақ
қарайды. Берілген аз уақытта екеуін бірдей бітіру ӛте қиын. Бітірмеу одан да
қиын. Бұрын орта қолды слесарь еді, енді тӛмен қолды слесарь. Оның үстіне
кӛп назары еңсесін кӛтертпейді. Болмашы жанжал, жалақы разрядын кемітіп,
жауапты қызметтен алғанымен қоймай, қадірін де алып болған. Сондықтан
басқа слесарьлар ала қоймайтын істі.
— Бітіремін!—деді ол қатуланып.— Күндіз-түні бірдей істеймін:
— Онда, мен де уәдемді орындармын. Профком, партком қарсы
болмас,— деді де Козлов жӛнеле берді. Бондаренко бұрынғы жағдайымды
алам деп қуанса, Козлов шахтаға вагонетка берем, балғашыларды кӛрік
басудан босатам деп қуанып келеді. Сол беті де токарьлар цехына енді. Он
шақты станок бірдей фланец жонып жатыр. Әр токарьдың қасында үйренуші
бір қазақ жасы. Әзірге Жанабілден ӛзге қазақ токарі жоқ, бәрі орыс,
украиндықтар. Козлов үнсіз, байыпты кӛзімен станоктарды жағалай келіп,
біріне бӛгелді. Фланецке бұран салып, үңіле қалған токарьдің қасында
құныға қарап қазақ бала жігіті тұр. Болат резецтің сүйір ұшы темірді таспаша
сыдырған сайын, жігіт сүйсініп, станокке тӛне түседі. Қызыққаны сонша,
байқамай токарьмен басы соғысты бір кезде.
— Ковалюк! Кӛрсетіп қана үйретпей, істетіп те үйрету керек,— деді
Козлов. Станокті тоқтатты да, апсағай денесімен бұрыла қарады Ковалюк.
Ашық омырауынан кеуде жүнi құлаңжалданып кӛрініп тұр,әдетінше, тісін
ақсита, жымия күліп, украин тілімен баяу сӛйледі:
— Бір фланецтың жонуы елу тиын, ұсталардың соғуы елу тиын,
материал да елу тиын тұрар. Сонда...
176
Sauap.org
— Ия, сонда кӛп болса, бір жарым сом болады. Үйренушінің жаттығуы
одан қымбатырақ. Кейде тым үнемшілсің!
— Алдымен ұқыптылыққа, бүлдірмеуге үйреткен жақсы. Аз шығынды
елемесек, кӛбеюі оп-оңай,— деді Ковалюк. Жанабіл, Шәйкендерді үйретіп
шығарған егде мастер осы ӛндірістің құты сияқты. Далада, албар ішінде
үйілген темір қиқымдары тек осы Ковалюктің жиғаны. Жұмысқа ол жарты
сағат бұрын келіп, жарты сағат кейін қайтқанда, басқалар елемеген ұсақ-
түйекті жиыстырумен, жұмыс жабдықтарын дайындаумен болады. Сасқаның
тарыққанын кӛрмейсің. Жай жүріп, ӛнімді істейтін, кең мінезді, ұқыпты
адам. Козлов оның бұл жолғы ұқыптылығына шыдамады. Бала жігітке
супорттың тұтқасын ұстатты да:
— Кәне, істеп байқашы!— деді. Жігіт сасыңқырап қалды. Дәлдігін
қолмен қозғап байқап алмай, станокті жүргізіп жібергенде, бұранның бір
қыры қиылып кетті. Болашақ токарьдің маңдайынан тер бұрқ ете түсті.
— Бүлдірдім! Қап!
— Неғып бүлдіргеніңді білдің бе?
— Білдім...
— Сол білгенің керек!—деді де жігітті арқаға қағып, Ковалюкке
бұрылды Козлов.— Шығын бір жарым, пайдасы мың жарым. Ол
қайталамайды бұл қатені. Осындай арзан істе қымбатты тәжірибені үйретіп
алайық.
Ковалюк жауап қайырмастан бүлінген фланецты қолына алып кӛрді де,
басын бір шайқап былай тастады. Мына жақтан Жанабіл дауыстады оған:
— Бетімен жіберсе брак пайданы жеп бітіреді.
Козлов енді Жанабілдің қасына келді. Жас токарьдің таңқы мұрны шып-
шып терлеп, қызараңдап тұр екен.
— Бачеш, Борис Михайлович!— дегенде күліп жіберді Козлов,—
Украинша да сӛйлейсің бе?
— Ковалюктен жұқты. «Бачеш», «вин», «кажи» деп азғана орысшамды
әбден шұбарлады.
— Оқасы жоқ, кәне, нені кӛрсетпексің?
Жанабіл станокті тоқтатып, жонып жатқан фланецын кӛрсетті.
Фланецтың бір шеті қалың, бір шеті жұқа, ұсталар байқамай шалыс жасаған,
тегістеп жона келгенде шалыс жағы жұқарып, қаймыжықтай болыпты.
Козлов кӛре сала:
— Брак,— дегенде:
— Кім кінәлі?— деп Жанабіл оған тӛне қалды.
— Әрине, ұсталар.
— Қайсысы сонда?
— Табылады.
— Табу қиын. Сіз түгіл ұсталар ӛзі де білмес қайсысы жасағанын...
Козлов үндемей иегін тықыр-тықыр қасыды. Ӛскелең ӛндіріс ӛз тәртібін
ұсынғанын сезіп тұр. Бұған дейін кімнің не істегенін жатқа білетін. Енді
177
Sauap.org
жұмысшы саны да, ӛндіріс те ӛсіп кетті. Бәрін еске сақтау мүмкін бе? Қатаң
тәртіп, дәл есептің күні туды. Жанабіл жаратпай лақтырып тастаған екі
фланецты сымға тізіп алып:
— Комсомолдар не тәртіп ұсынады?—деді Борис Михайлович.
— Токарь, ұста, слесарь әрқайсысы ӛзі жасаған іске, ӛз белгісін салса,
сол белгі бойынша брак иесін әруақытта табуға болады.
— Әр жұмысшы бір белгі салғанда, белгі саны қаншаға барады?
— Рас, кӛбейеді. Басқа шара не?
— Жоқ. Бұл әдіс ауыр. Одан да барлық ұсақ жұмыстарды қабылдауға бір
маман жұмысшы бӛлу керек. Үлкен істерді комиссия қабылдайды.
— Таптыңыз, Борис Михайлович!— деп Жанабіл жайнап сала берді.—
Жұрт кӛп істеп, кӛп алуға құнығады. Ала берсін. Бірақ, сапаны тӛмендетуге
ешкімнің правосы жоқ. Сіз бұл жаңа тәртіпті бұйрықпен бекітсеңіз, біз
комсомолдар
ӛндіріс
мәжілісінде
бетке
соғуға
дайынбыз
брак
жасаушыларды...
Жанабіл бұнда комсомол ұйымының секретарьі. Жиында, ӛндіріс
мәжілістерінде қызу сӛйлеп кӛрінген жас. Оның ӛткір тілінен біреу сескенсе,
біреудің мейірі қанып отырады. Зерек, батыл, әзілқой жігіт аз уақытта ел
аузына іліне бастаған. Қалалық комитет комсомол жұмысына алып,
жоғарылатпақ. Козлов ӛндіріс командирі етіп шығармақ. Бұл ойын осы арада
бір басып етті:
— Бала, сен бізді таластырмай, ӛз бетіңді білдірші!
— Кім білімді кӛбірек берсе, мен соныкі.
Есіктен он шақты жұмысшы кӛрінді. Орталарында үлкен станок.
Станокті тақтайға отырғызған. Тақтайдың астына жұмыр ағаш, труба
кесінділерін тӛсеп, сонымен жылжытып келеді. Совет заводтарынан жаңа
шыққан алып станокке цех ішіндегі токарь, слесарь, машинистер аңыра қарап
қалды. Оны орнатуға әкеле жатқан жиынды бригаданың да тұлғасы бӛлек:
қазақ, орыс, украин, татар, армян, эстон — бәрі бар бұл бригадада. Команда
орыс тілінде.
— Еще раз взяли!—деген кезде жұмыла күш қосып, лықсытып жібереді
алға. Козлов та кӛз алмай бұлардың қимылына қарап тұрып:
— Мастерскойымыз заводқа айналғанда, крандар бүркітше бүріп
апарып, мына станокті қоя салады ана жерге!— деді.—Мен сені сондай
заводтың командирі болса екен деймiн. Ӛзің білесің. Ойлан.
— Түптей келгенде партия біледі ғой, Борис Михайлович,— деп күлді
Жанабіл.
— Партия біздің пікірімізбен санасады,— деді де Козлов далаға шығып
кетті. Жарамсыз екі фланецты ала кетті. Алдында ұсталар, құюшылар цехы
тұр. Есіктері ашық. Шыжылдап, шашыраған от ұшқындарының ішіне барып
енді ол. Ойдан, қырдан жиылған осынау құрама кӛпте әкімдігінен ұстаздығы
басым еді оның. Шақылдаған кӛп балғаның ішінде сампылдаған даусы
естілді:
178
Sauap.org
— Кешеден бүгін, бүгіннен ертең жақсы істеуіміз керек.
179
Sauap.org
X
Күн бүгін жексенбі болса да Антонина Федоровна мерзімді уақытында
— сағат сегіз жарымда оянды. Кӛзін аша сала қасында бӛлек кроватта жатқан
Сергей Петровичке қарап еді, ол бүрсіңкіреп жатыр екен, ӛзінің кӛрпесін
соның үстіне ептеп жапты. Түнде оқып жатқан кітабы ұйықтағанда қолынан
түсіп кеткен, кітапты алып тумбочканың үстіне қойды. Үй іші әлі ала
кӛлеңке, салқын, жылы тӛсектен тұрса да салқыннан денесі сескенбеді. Сырт
киімдерін қолына ала, іш киімшең орталық бӛлмеге шықты. Форточканы
ашты. Үлкен айнаның алдына келіп, күндегі әдетінше физзарядка жасады.
Жасы қырыққа жуықтаса да, ет, бет ажары, қимылы отыз жасар әйелдер
шамасында, әлі еш жеріне ақау түспеген қайратты, орта бойлы, кеуделі, беті
толықтау келген ақсары кісі. Таза кӛк кӛздері күлімдеп кербез қарайды.
Физзарядкадан соң кухняға келді.
Кухняда Антонинадан айнымаған, ӛңді, сымбатты, денесі ӛлі тіп-тік ақ
шашты әйел ас қамдап жүр. Сыры кетсе де сыны кетпеген бәйбіше еңбекке
бап, еңбек үстінде де кербез кӛрінеді: ақ алжапқышында кіршік жоқ.
Антонина келе:
— Саумысың, мама,— деп бетінен сүйді кемпірдің.
— Саумын, жалғызым, қызығым.
— Жалғызым болса мен кӛпке балар едім, мама.
— Қайтейін тәңір ісі,— деп, қарт ана баласының баласыздығы үшін де
бір күрсініп қойды. Антонина баладан ерте қалған әйел. Бір ұлы еңбектеп
жүргенде, бір қызы жүгіріп жүргенде ӛлді. Бала десе кӛкірегі қарыс
айырылады. Әр адамның ӛз басындың бір кемшілігі не бақытсыздығы болса,
Антонинанікі осы баласыздық еді.
— Нәресте ӛзіңнен туса да, басқадан туса да сүйкімді ғой, мама,—
деді.— Сергей Петровичке бәрібір, ол тек бала десе ӛледі.
— Ӛзіңнен күдер үзгенің бе бұл?! Қырықтан асқан жоқсың, емдене бер.
Елу жасында бала тапқан, он жыл тоқталып жүріп бала кӛтерген әйелді
кӛргенбіз...
— Апыр-ай, солай ма?
— Е-е, күдер үзбе, қарағым. Берейін десе құдайға қиын емес.
— Кәне, қолқабыс етейін, нең бар?
— Ӛзім де үлгірем. Далаға шық. Күн бүгін тіпті жақсы. Есік алдын
сыпырып тасташы.
Түн бойы қылаулап жауған қар тоқталған. Жер үсті аппақ. Жаңарған
жер, таза ауаға шыға келгенде Антонинаның кӛңілі кӛтеріле түсті. Тымық,
жалтыр аспан, борамай тыныш жатқан қар Қарағандыда сирек кездеседі.
Антонина үйге қайта кірді де Сергей Петровичті оятты.
180
Sauap.org
— Арыстаным, тұр. Күн тамаша боп ашылыпты. Аспанда алақандай
бұлт, үп еткен жел жоқ. Шаңғы тебе Жайлаубайдікіне барып қайтайық,
шақырып жүр ғой.
— Тауып айттың,— деп, Сергей Петрович тӛсектен тұрды.— Қар
борамап па?
— Борамапты.
— Онда із бар екен. Мылтық ала жүремін. Жолшыбай қоян атамыз.
— Тіпті жақсы,— деді де Антонина кетіп қалды. Сергей Петрович
трусишаң, аяғына тәпішкесін іле сала сенекке шықты. Сенекте екі гирь
тұрған, әрқайсысы пұт, екеуін екі қолына ала кӛтере бастады. Антонина
«Арыстаным» десе дегендей. Мейлінше денелі, иықты, кеудесіне құшақ
толады. Балтырлары жүндес, қалың, қатаң қара шаштары тарлан тартса да әлі
сиремеген, жасымаған. Екі гирьді бірден басынан асыра кӛтергенде,
мықшимай, демікпей, тіпті еркін тұр. Бірақ, сырты қанша айдынды
болғанмен сыртынан іші мықтырақ, кӛріктірек еді. Талай адам сырт кӛзге зор
кӛрінеді, үй ішінде, ошақ басында, ұсақтап қалады. Сергей Петрович үйде,
түзде бірдей. Үй ішінде болмашыға тарылып не дардиып, шапшаң, саяз
мінездер кӛрсеткен емес. Зады онда жасанды мінез жоқ. Ол қоғамға да, үй
ішінде де, үлкен-кіші, алыс-жақын адамдарына да адамшылық, әділдік бір
ғана тұрғыдан қарайтын. Оның бұл қасиеттерін Антонинаның білетіндігі,
бағалайтындығы сонша — «оның табанына қадалған шегір менің
маңдайыма» деп тілейді.
Міне, Антонина есік алдын сыпырып тастап, бетінің ұшы қызара үйге
енді. Сӛйлей енді:
— Әлі киінбегенсің, Сергей Петрович. Қорадан кӛрмегеніңді кӛрсетейін
деп едім.
— Е, ол немене?
— Үй айналасы, шарбақ іші соншалық ақ, таза, аяғыңмен басуға аяйсың.
Күн соншалық тымық, сенің еккен ағаштарыңның бұтағына қар қонып,
қамыс бастанып тұр. Жорытқан бір аңның ізі жатыр.
Сергей Петрович күліп жіберді.
— Дәуде болса, тышқанның ізі шығар.
— Жоқ, одан үлкендеу бірдеме.
— Мысықтікі болар?
— Мысықтың ізі қандай еді!
— Қарсақтың ізін кӛріп пе едің?
— Жоға тәйірі.
— Онда саған түсіндіру қиын екен.
— Бұндай күн Алматыда ғана ма десем, мұнда да болады екен ғой.
— Неге болмасын. Социализм жасаушылар бара-бара Қарағандының
жаратылыс жағдайын да ӛзгертеді. Бұл жалаңаш далаға қолдан орман, бұл
құрғақ далаға қолдан дария жасайтын күндер де болар...
181
Sauap.org
Бәйбіше келіп асқа шақырды. Ac ішетін бӛлмеге енді екеуі. Барлығы екі-
ақ бӛлме, бір кухня. Мүлік те шағын, ұстауға, пайдалануға керексізді
жинамаған. Дастарқан үстінде үшеуі шүңкілдесіп, кейде әзілдесіп қойып
отыр.
— Сүтпен біткен мінез сүйекпен кететін болар ма,— деді Сергей
Петрович Антонинаға.—Ӛзің анасың, тіпті егде анасың. Сӛйте тұра шешеңе
еркелейсің.
— Оның несі сӛлекет? Бала қанша үлкейсе де анасының алдында
әрдайым бала-дағы. Менің мамам мамасына әлі еркелейді.
Шай құйып отырған бәйбіше аузын кемсеңдетіп, орамалмен кӛзін сүртті.
Тістері әлі қаладай болса да, сӛздер пышырап шықты:
— Сағындым мамамды, түсімнен шықпайды. Сағындым Донбасты,
түсімнен шықпайды...
— Күлермісің, аярмысың!— деп Сергей Петрович сәл ойланып алды.—
Сағынсаңыз Москваға барғанда ала кетейін. Ар жағы жақын ғой, біреуге
қосып жіберемін. Қайтарда ала қайтармын.
— Пәле, үйді қайтем?! Антонина жүдеп қалмай ма?
— Үйге қызметші ала тұрармыз, әйтпесе Антонина столовойдан іше
тұрар.
— Мен кеткен соң үйдің де, Антонинаның да күйі кетеді. Жоқ, мен бара
алмаймын...
Жәрдемінен тілегі кӛп қамқор ананың ақ жүрегін Антонина анық кӛріп
отырған сияқты. Күлімдей, тесіле қараған мӛлдір кӛк кӛзінен ірі екі тамшы
жас ыршып кеткенін қасындағылар байқағанша сүртіп тастады.
— Мамажан-ау!— деді сонан кейін — дүниеге тек мен үшін келген
тәріздісің. Ӛзім ертіп барамын сені. Алдағы жазда әжеме сексен бес жас
толады. Сол қарсаңда барамыз.
— Иә, әжеңнің сені де кӛргісі келеді. Қандай жақсы кӛретін еді сені,—
деп бәйбіше Антонинаның алыста қалған балалық шақтарын да еске түсіріп
қойды.
Сергей Петрович жүруге қамданды. Шаңғысы, қосауыз мылтығы әмен
дайын. Әйтсе де әдет бойынша оларды сүртіп, қайта бір қарап, тексеріп ӛтті.
Антонина да шаңғы киімдерін киіне бастады. Дене шынықтыру бұларға әдет
болып кеткен, екеуі алғаш танысқанда катокта — мұз үстінде танысқан
болатын. Бүгін он екі километрдегі Жайлаубайдікіне жаяу бара жатқандары
да дене шынықтыру құмарлығы. Жайлаубай бірінші совхозда сиыр фермасын
басқарады. Совхозға бұйраттарды жұлықтап, жолмен, тегіс жермен баруға да,
бұйраттарды аралап, қиялап, ӛрлі тӛтемен асуға да болатын еді.
— Тӛтелеп жүреміз,— деді Сергей Петрович.— Жол үстінде аң
жатпайды, бұйрат ішінен кездеседі.
— Кӛзілдірігіңді ұмытпа...
Кӛзілдіріктерін үйден шыға бере-ақ киіп алысты. Күнмен шағылысқан
шаңқан қарадан кӛз ұялады. Екі шаңғышы үздік-создық сырғи жӛнелді.
182
Sauap.org
Қарағанды қазақтары шаңғыны әзір аз біледі. Үлкені тосырқай, жасы қызыға
қарады, бұларға. Үйінен жаңа шыққан Бәйтеннің де кӛзі шалып қалып:
— Еріккен екен Щербаков,— деді ішінен,— Ерке қатын қасынан
қалмайды. Не керек қатынды сонша еркелетіп.
Қаланың бұл шеті жақын, бұйраттармен ұштасып жатады. Темір жолды
кесіп ӛтіп, бірінші тӛбені қиялай ӛрледі шаңғышылар. Тӛбенің үстіне
шыққанда Сергей Петрович кідіріп темекі тартты, жан-жаққа кӛз жіберді.
Дайектей жердің бетінде Қарағанды қарауытып тіпті айдынды тұр екен.
— Ӛсіп барады, ә, ӛсіп барады!— деді күлімдеп.
— Балқашқа тартқан мына темір жол бойлай, қаланың оңтүстігіне,
батысына ормандар егіледі. Орман ығына сонау кӛрінген биік белдердің
үстіне жаңа қала салынады. Қалалық совет қызу кірісіп жатыр іске. Жаңа
председатель дұрыс адам екен.
— Ақ жарқын, күлдіргі кісі ғой ӛзі,— деп еді Антонина.
— Оптимист,— деді Сергей Петрович.— Қиындықтан қорықпайтын,
жұмыстан жалықпайтын, біздің Козлов сияқты ма деймін. Аз күнде-ақ
қаланың қожасы барын сезе бастады жұрт.
— Иә, клуб үйі бітпей қойып еді, сол кісі келген соң бітті. Кинотеатр да
бітіп қалыпты, қандай әдемі! Стадион жасалып жатыр...
Қанабекті әңгімелей тӛбеден асты бұлар. Бұйрат ішіне еніп барады.
Күнмен шағылысқан кӛбік қар бриллиантша жылтылдап жатыр. Із жоқ, тіпті
тышқан ізі де жоқ. Елсіз ақ бұйраттарды қыбыр еткен жан, кӛз тосар қара
кӛрінбейді. Шаңқан дүниені екі шаңғышы кезіп келеді, ағып келеді.
— Күн таң алдында ашылса керек. Қан сонар емес, келте сонар
сияқты,— деп Сергей Петрович белестердің, біріне шыға келгенде, белес
етегінде бір атты атынан түсе сала ақ қарға қызыл түлкіні ұрып жатты.
Түлкіні ол ӛлтіріп, қанжығасына байлағанша, Антонина келді ағызып.
— Саламатсыз ба, ата!
Ақ сақалды, қоян терісінен істеген ақ тымақты, қоян жүнінен тоқыған ақ
бӛкебайлы қызыл кӛз қарт орысша сӛйледі. Тілі тіпті жатық. Бірақ, ұнатпаған
адамдай солғындау сӛйлеседі. Сұлап жатқан түлкіні, жабулы жатқан
қақпанды қанжығасына байламай дел-сал тұр. Сергей Петрович фамилиясын
айтқанда ғана жылы шырай кӛрсетті:
— Сен, завод бастығы Щербаков емеспісің?
— Ия, сол Щербаковпын.
— Мына кісі кім болады?
— Менің әйелім.
Қарт басын изей ыңылдап біраз тұрды да:
— Жақсы кездестік,— деді,— мен анау кӛз ішінде кӛрінген «Аққұдық»,
орысша —«Тихоновка» аталатын колхоздың мүшесімін.— Атым —
Мұздыбай, әкем аты — Ақшолақ. Жас ұлғайып, қатты қайырымға әл
келмеген соң, колхоздың аңшылық кәсібін істеп жүрмін. Бұл түлкі кеше
тазыдан қашып інге кірген. Қазақ салтында аңшы алған аңын қасындағы
183
Sauap.org
жолдасына не ӛздеріңдей кӛлденеңді кӛк аттыға байлап береді. Колхозда,
орыста бұл салт жоқ. Екі салттың қайсысын бұзарымды білмей тұрдым
қапелімде. Болмас енді, әйел жолы үлкен, келін, мына түлкіні жаға қылып ки.
Мұздыбай түлкіні әкеле жатқанда Щербаков пен Антонина бірден
безектеді:
— Қозғамаңыз, байламаңыз, рақмет!
— Бізге тіпті керегі жоқ, рақмет!
— Жо-о-оқ, кӛнбеймін,— деді Мұздыбай.— Білемін-түлкіге зәру
емессіңдер. Мен бір елдің ақсақалымын. Сен бір елдің азаматысың, елімді,
жерімді кӛркейтіп, завод салып жатырсың. Саған білдірген ырзалығым бұл.
Әйтпесе, қақпанға түскен аңды байламауға да жол бар.
— Қария, сіздің ризалығыңыз бүкіл ұлтыңыздың ризалығы деп білемін.
Байлаңыз онда, қуана-қуана аламын.
Мұздыбай түлкіні Щербаковтың беліне орай байлап берді. Мырза,
жолшыл, есті қартқа қатты риза болып, Щербаков пен Антонина қонаққа
шақырып тұр:
— Ата, келіңіз бізге.
— Бәйбішеңізді ала келіңіз, бізде де бәйбіше бар. Танысайық,
араласайық. Колхозда танысымыз жоқ,— деп еді Сергей Петрович.
— Танысып алып, құтыла алмай жүрмеңдер,— деді Мұздыбай
қалжыңдап.— Барамыз бір күні. Бірақ, қонақ болу үшін емес, колхоздың
қамы үшін барармын.
— Тіпті жақсы. Колхозға жәрдемдесуге әрқашан даярмыз. Мүмкін,
шефке —қамқорлыққа алармыз. Колхоздарыңыздың халы қалай?
— Жаман емес. Жылдан жылға ӛсіп келеді. Ӛскен сайын машина керек
екен. Адам, кӛлік күші жетіспей кетеді.
— Машинаға әзір біз де бай емеспіз. Әйтсе де орақ, кӛктем кезінде
кӛмектесуге болады. Жұмысшыларда «сенбілік» деген дәстүр бар. Бұл дәстүр
Қарағандының мешеу шағында зор күш болды. Айтсақ, сұрасақ сол сенбілік
кӛмегін жұмысшылар сіздерден де аямас.
Мұздыбайдың қызыл кӛзі жайнап, екеуінің қолын кезек-кезек ұстады.
Қуанышын жасыра алмады.
— Осы беремін дегеніңнің ӛзі бергендей болды. Қуанышым қойныма
сыймай, колхозға қайтқанша, айтқанша асығып тұрмын. Қош, енді, сау
болыңдар, шырақтарым.
Шоқыта жӛнелген қазақ шалының ат үстінде ширақтығына сүйсіне
қарап тұрып:
— Бізді қарыздар қылып кетті!— деді Щербаков.
— Ал, біз не береміз оған сонда?
— Мен қосауызымды берсем қайтеді?
— Берсең бер. Аңға анда-санда бір шығасың. Босқа тұрады, одан да шал
қызығын кӛрсін.
184
Sauap.org
Екеуі тұра жӛнелді. Бұдан былай құлама болатын, терең сайды бойлай
сынапша аққанда, бұлар шоқытқан аттан шапшаңырақ кетті. Сай біткен соң
оң жаққа кілт бұрылып, биік белеске кӛтерілді. Ферма аяқ астында тұр.
Шекер ат үстінде, қорадан шыққан сиырларды ойдағы суатқа айдап келеді.
Кӛшпелі елдің әйелі еркекше киініп, шалбарланып алған — қала еркегінен
мықты отырады атқа. Ӛзек ішінде «Кӛкпектінің» үзік-үзік суларының бірінен
суат ойып жатқан Жайлаубай кӛрінеді. Байлаудан, ала кӛлеңке қорадан
шағыл далаға шыққан мал елігіп, бетімен жӛнелмек болып, жастары ойнақ
салып, қаша жӛнеліп қояды. Шекер ондайларды ақырып, атпен бастырып
әкеліп ортаға тығады.
— Шіркін, ат үстіне үйренер ме еді?—деді Антонина,— Дене
шынықтырудың бұл ең жоғары түрі ғой.
— Уақыт ӛте қойды ма екен, әлі де үйреніп байқасаң қайтеді?
— Ӛтіңкіреп кетті ғой.
Зулатып келіп қалған екі шаңғышыны Жайлаубай қасына келгенде бір-
ақ кӛрді.
— Апыр-ау, Сергей ме, Антонина ма?— деді де әдетінше жай жүріп
келіп қол алысты. Қуанғанын күлімдеген кӛзі, тісін ақсита ыржиғаны айтып
тұр. Сонда да асығу жоқ, мұртына қатқан мұзды қолымен түсіре сӛйлеп тұр.
Шекер шұрқырай келіп амандасты. Амандық, әңгіме екі тілде бірдей жүріп
жатыр. Ара тұра ымдасып күліседі. Сергей Петрович қазақшаны әлі жете
білмейді, Жайлаубай орысшаны жаңа үйреніп жүр. Шекер мен Антонина бұл
екеуінен де аз біледі. Сондықтан ымның кӛбі сол екеуінің арасында. Шекер
атты кӛрсетіп:
— Мынадай атқа мініп неге келмедіңдер, жаяу жүргендерің қалай?—
деп еді, Антонина «атқа мін» деп тұр деп ұғынып лып ете түсті:
— Жуас па ӛзі? Мінсем мініп байқайыншы.
Тіленген Антонинаны атқа міңгізіп, аттың басын ӛзі жаяу жетелеп
Шекер үйіне беттеді. Су ішкен сиырлар да бүрсеңдеп жылы қораға қайтты.
Сергей Петрович Жайлаубайдың шаруа жайын сұрап келеді.
— Қалай, мал күйлі ме?
— Күйсіз болса ойнақтай ма, қорадан ойнақтап шығады.
— Мал азығы жеткілікті ме?
— Екінші қысқа асып қалады.
— Тек мына суаттарың жайсыз екен. Суықта, боранда қиын ғой мал
суару.
— Ондай күндерде суармаймын, қар берем малға. Боранда шӛп тасып
беруі қиын. Сондықтан ашықта біраз шӛпті қораға тығып алғамын.
— Малда ауру, ӛлім жоқ па?
— Шүкір, әзір тышқан мұрны қанаған жоқ.
Сергей Петрович түсінбей қалды.
— Тышқанның мұрны неге қанайды? Қанаса не болады?
Жайлаубай мырс етті. Жауап қайырғанша бірсыпыра уақыт ӛтті.
185
Sauap.org
— Орыстың талай сӛзіне мен де осылай түсінбеймін. Екеуміз бұл жӛнде
бастас екенбіз. «Тышқан мұрны қанаған жоқ» дегенім — мал дін аман
дегенім ғой.
Ферма совхоз орталығынан жарты километр жерде, оңаша, биік қабақта
тұр. Совхоз конторынан бұлғақтай шыққан біреу әндетіп тура осылай
беттеді. Әнінде де, жүрісінде де береке жоқ. Болжырап келеді, оңай
жығылады, орнынан азар тұрады.
— Бұл кім?
Жайлаубай кім екенін айтуға ұялып, қыбыжықтаса да тура берілген
сұрақтан жалтара алмады. Жалтарса мынау адамның ӛзі-ақ ұстап беретін еді.
— Директорымыз,— деді сонсоң күмілжіп.
— Директорымыз?! Апыр-ау ол осылай ма еді?!
— Күн демалыс қой.
Сергей Петрович жай ғана басын шайқады. Жайлаубайға ере жүріп,
малды қораға қамасты. Сауыншы әйелдер әр сиырды ӛз орнына байлады.
Қора жылы, бірақ, мәдениет кемдеу. Бұл үшін Жайлаубайды кінәлауға
болмайды. Ол қолынан келгенше білгенінің бәрін істетті. Соған куә есебінде.
— Міне, биыл сыйға алған торпағым,— деп қызыл тайыншаны нұсқап
кӛрсетті.
— Қайырлы болсын, ала бер, екпінді бола бер. Тек мал күтуге де
мәдениет керек екенін ұмытпау керек.
— Онда қандай болу керек?
— Қора бұдан жарық, таза болады. Әуе винтиляциямен жаңартылып
тұрады. Мал астына тӛсеген мына шӛпшалам, қордалар мүлде құриды. Су
сиырлардың алдына түткікпен келіп тұрады, керегінде сиыр ӛзі ішеді. Шӛп
машинамен кесіліп, ұнтақталып... сиыр машинамен сауылады... Неғұрлым
жақсы істесек, жақсы басқарсақ, солғұрлым тез болады. Әрдайым естен
шығарма Жайлаубай, бұл мемлекет шаруашылығы. Маңайдағы колхоздар
сенің фермаңнан, колхозшылар сенен үлгі алатын болсын.
Mac директор келіп әңгімені бӛліп жіберді. Күжілдетіп, ӛлеңдетіп келіп
еді, Сергей Петровичті кӛрісімен жым болды. Тіпті айығып қалған тәрізді,
кәдімгі адамша қол ұстасып, жалпылдап амандасып жатыр. Мастығын ӛзі де
білді білем.
— Бүгін күн демалыс қой,— дей берді.
— Жолдас Әлібаев, үйіңізге қайтыңыз да ұйықтаңыз,— деді Сергей
Петрович. Қарағанды қалалық советінің бұрынғы председателі Кәрібай
Әлібаев еді бұл. Арақ бұрынғысынан әрі бишара ете түскен екен.
Жағымпаздықтың талай түрін кӛрсетіп тұр:
— Қонақ болып кетіңіз. Келініңіздің сізге сақтаған қазысы бар. Сізді
бала-шағамызбен жақсы кӛреміз.
— Рақмет, уақыт аз, осы арадан қайтамын.
— Онда сыбағаңызды әкеліп берейін осында?
— Рақмет. Бұйырса бір уақытта барып жерміз.
186
Sauap.org
— Апыр-ау, енді, сіздің ризалығыңызды қайтсем табамын...
— Жолдас Әлібаев, керексіз сӛздерді сӛйлеп барасыз.
— Солай ма, қойдым, онда, қойдым. Сергей Петрович ұрысқалы келеді.
Ұрысқанның ӛзі басқаның айналайын дегенінен артық.
— Қайтыңыз, ұйықтаңыз. Сағат беске маған ат-шана жіберіңіз.
— Ӛз атымды жіберемін. Ауыздығымен алысады. Жарты-ақ сағатта
жетіп барасыз...
— Барыңыз, ұйықтаңызшы енді.
Кәрібайдан азар құтылды бұлар. Оның сонша жалпылдауында мән бар.
Бұл совхоз Қарағанды тресіне қарайды. Кәрібайды совхозға жіберген
Щербаков, Мейрам онша ұнатпаса да қарсы болған жоқ-ты. Щербаков енді
не оймен қайтар? Mac Кәрібайдың мазасын кетірген осы қауіп. Қауіпті
жоямын деп жиренішті мінездерін кӛрсетіп алды.
— Мен Кәрібайды білмеген екенмін,— деді Сергей Петрович. Басқа
ештеңе айтпастан Жайлаубайға ере үйге енді.
Шағын үш бӛлмелі, ортасынан жал пештермен бӛлген қазақы кірпіші үй
кӛңілді екен. Бұрынғы қазақ үйлерінен бірсыпыра айырмасы бар — биік,
терезелері үлкен, екі қабат, үш бӛлменің үшеуінен де күн сәулесі құйылып
тұр. Әлі еден жайылмаған, кірпіштен саты жасап, сылап тастапты. Тӛбе де
сылаулы. Үйдің құрылысы қазақша, биіктігі, жарықтығы қалаша, сылауы
поселкеше. Жасының кӛбін кең далада кӛшуен ӛткізген Жайлаубай қалған
ӛмірінде кӛшпеуге бекінген тәрізді. Үй айналасын орлап тастаған, азын-аулақ
eгic те егіп алыпты биыл...
Сергей Петрович Жайлаубайдың, тұрмысына енген ӛзгерістердің бәрін
байқаусыз жіберген жоқ. Бәріне қуана қарап, қуана сұрап, үй ішін кӛріп
жүрді де:
— Еске түсірейікші, Жайлеке,— деді. Осыдан екі-ақ жыл бұрын
Қарағандыдағы алғашқы сенбілікке сіз малыңызды баға жүріп, киіз үймен
кӛше жүріп қатынасқансыз. Мінезіңізге Мейрам екеуміз ішегіміз түйілгеніне
күлген едік. Сіздің сондағы үй, сондағы күй, еңбекке, келешекке сондағы
кӛзқарас бүгін бұнша ӛзгеріпті! Осылай ӛзгере береді. Кәрібайды жаңа
білсем, сізді сонда-ақ білген екенмін.
— Саған ӛле-ӛлгенше қарыздармын, Сергей, жақсы орналастырдың,
орнығып үй болуыма кӛп кӛмектестің.
— Маған емес, партияға, үкіметке қарыздарсыз. Мен тек солардың
ӛмірін орындаушы.
— Қанша кішірейсең де, мына денеңмен сені кіші дей алмаспыз,— деп,
Жайлаубай жымың-жымың етеді.
Шекер мен Антонина келе ас қамдауға кірісіп кетті. Ымдасады да,
түсінісіп күліседі. Шекер, Жайлаубай Мейрамға жексенбі сайын барып
тұратын. Барған сайын Щербаковтікіне, Ардаққа соқпай кеткен емес. Әбден
үйір болып алған. Сондықтан қонақтар бұнда ӛз үйіндей еркін, Антонина
187
Sauap.org
қызара бӛртіп ыстық плитаға жұмыртқа қуырып тұр. Шекер стол үстін
бутылкелермен толтырды. Жайлаубай түлкіні соя бастады:
— Тастап кетіңдер. Келесі демалыста илеп, уқалап, апарып беремін,—
дейді. Сергей Петрович радионы оңдап жатып, Антонинаға кӛзі түскенде
күліп жіберді:
— Танауың тершіп, алдыңдағы табаның үстіне тӛніп барасың ғой. Үйде
мұндайыңды байқаған емен.
— Араным ашылып тұр.
— Жүріс, тұнық, суық ауа солай етеді. Мен де бүгін жуырда тоймаспын.
Кострюльдерің қарамды кӛрінеді, әйтеуір.
— Бір күркетауық жетеді деп едім, болмай екеуін салды Шекер. Бұлар
малды азайтып, құсты кӛбейте бастапты енді.
— Әрі совхоз малын, әрі ӛз малыңды кӛбейту мүмкін емес екен.
Сонысын ойлап-ойлап ӛз малымды азайттым,— деді Жайлаубай.— Ал мына
құс бишараның бағуы тіпті оңай кӛрінеді. Баяғыдан бері білсекші. Бірақ
білгенмен кӛшіп жүрдік-ау онда.
Дастарқан үстінде әңгіме, қалжың, күлкі қыза түсті. Шекер
Жайлаубайды «уайымсыз» десе, Антонина мәз болады
— Неліктен уайымсыз атанғансыз?—деп қоймады сұрап.
— Антонина қарағым, бұл қатын білмей айтады,— деді Жайлаубай.—
Бұл бірнәрсеге тарылып, асығып не ашуланып келгенде, мен — сабыр ет,
жӛні болар деймін...
— Сенің соның сабырлылық емес, уайымсыздық!— деп баспалата
жӛнелді Шекер.— Осы қазына жұмысына енгеннен бері ғана ширай бастады.
Әйтпесе арам ӛлетін қудың ӛзі ғой.
Күліп жатыр бәрі.
Күн батып кетіпті. Қара кашовкаға қос қара атты парлап жегіп, кушер
ӛтті терезеден. Қонақтар жүруге қамданды. Шаңғы киімімен шанада
тоңатындары жаңа түсті еске. Антонина Жайлаубайдың қара сеңсең
тұлыбын, Щербаков қазақы қара шапанын киді. Шанаға отырған соң Шекер
екеуінің аяғына киіз жауып, қымтап орап тастады.
— Мына киімдерді ала қайт,— деді Жайлаубай кушерге дауыстап.—
Естідің бе?
Кушердің құлағы мүкістеу қазақ екен, «Естідім» деді басын изеп. Делбе
ұстасы, ат айдауы тіпті ширақ, ұшырта жӛнелді. Тағалы қос арғымақ аяқ
астын боратып барады. Антонина Сергей Петровичке басын сәл сүйей,
наздана отырып, сыңсып ән сала бастады... Кең, жалтыр кӛк аспанда алтын
теңге — ай жүзіп келеді. Кең, шаңқан далада жалғыз қара дүзіп келеді. Әдемі
орыс әні естіледі...
Достарыңызбен бөлісу: |