алаңы болатынын тілге тиек етті.
11
№27 (1337)
8-13 шілде
2016 жыл
АНА ТІЛІ
ХАБАРЛАМА
Сапаралы Бейбіт Т леубайұлының әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің (КазНУ) журналистика
факультетін 1984 жылы оқып бітіргені туралы дипломы,
Дәулет Ләйле Ноғайқызының әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің (КазНУ) филология факультетін
1993 жылы оқып бітіргені туралы дипломы, Сапаралы Сана
Бейбітқызының Экономикалық университетті 2015 жылы
оқып бітіргені туралы дипломы жоғалуына байланысты жа-
рамсыз деп танылсын.
Қ
Қ
ұрақ көрпе
ұрақ көрпе
Қ
Қ
ұрақ көрпе
ұрақ көрпе
зірлеген Нұрлан ҚҰМАР
1884 жылы Шотландияның
бір шахтасынан жұмысшылар
к мір кесегіне қағылған қазық
секілді бір затты табады.
Ары қарап, бері қарап,
мұның шеге екенін анық-
тайды. Жер бетіне шыға-
рылған шегені де зерттеушілер
ж а п а - т а р м а ғ а й з е р т т е у г е
кіріседі. Бірақ кәдімгі біз
пайдаланып жүрген шеге-
ге к бірек ұқсайтын бұл заттың к мір арасынан
қалай пайда болғанын сол күйі ешкім түсіндіре
алмайды. Жалпы, мұндай шегелер талай шахтадан
табылған екен. сіресе, америкалық кеншілер
к птеп кездестірген. Тіпті бір шеге алтын арасы-
нан шыққан. Жұмбақ темірді 1821 жылы Невада
штатының тұрғыны, алтын іздеуші Хайрем Уитт
тапқан. Бір қызығы бұл заттардың барлығы да неге
екені белгісіз ХІХ ғасырдың 80 жылдары табылған
екен.
«Еуропаның орман цехы» атанған ел – Финлян-
дия. Ал Орталық Еуропада орналасқан Швейцарияға
«Еуропаның сүт фермасы» деген ат берілген. Жал-
пы Швейцария сағат, банкісімен әлемге танымал.
Сондықтан бұл елді кейде әртүрлі атайды.
Швейцарияда адамдарды бір-бірінен артық
санамау үшін орден, медальдармен марапаттамай-
ды. Араб тілді Кувейт пен Катарда табыс салығы
салынбайды.
Батыс Еуропада дамыған Ұлыритания мем-
лекетінде бір қызығы конституция жоқ. Ал бір
кезде ағылшындықтардың отарында болған Науру
мемлекетінің ресми астанасы жоқ екен.
лемдегі ең суық астана Моңғолияның бас
қаласы Улан-Батор. Таяу Шығыстағы Сауд Арабия
елінде бірде-бір зен жоқ.
Пошталық ж нелтулер тегін болатын жалғыз ел
– Андорра. Ал Италияның астанасы Рим қаласы-
ның атауы барлық құрлықта бар.
Адам баласын ежелден-ақ
жұлдызды аспанның құпиясы
қызықтырғаны белгілі. Осыған
орай адамдар ғарыш кеңістігін
зерттеуге арналған орталықты
құрды. Кейін бұл атау обсервато-
рия деген атқа ие болды.
« О б с е р в а т о р и я » л а т ы н
тілінен аударғанда «бақылаушы»
д е г е н м а ғ ы н а н ы б і л д і р е д і .
О л ж е р д е а с т р о н о м и я л ы қ ,
физикалық, метеорологиялық және тағы басқа зерт-
теу жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми мекеме арнаулы
зертханалық құралдармен, ең бастысы, телескоптармен
жабдықталады. Мұнаралар мен павильондардан тұрады.
Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу,
құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне орай ежелгі
заманда пайда болған.
Ежелгі обсерваториялардың қалдықтары Вавилон-
да, Мексикада, Перуде, Англияда, сондай-ақ Армения
мен збекстанда сақталған деседі.
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Обсерватория дегеніміз не?
ҚЫР-СЫРЫ МОЛ ДҮНИЕ
ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР
Шахтадан табылған шеге
Елдер мен халықтар
жайлы не білеміз?
Бұл сімдік тау жоталарында, тастақты, қыратты
аймақтарда седі. Ата-бабаларымыз еңлікті табиғи бояу
алу үшін қолданған.
Тамырын қазып алып, аршығында шығатын
қызғылт сары бояуды қыздар сән ретінде еріндеріне
жаққан. Ал бозбалалар желдің тіне беттері жарылмас
үшін жұқалап жағып жүрген. йелдер ақ шәйі, жібек,
үлбіреген жүн тоқымаларын еңлік тұнбасына малып, ң
берген. Ал Ташкент, Қоқан ңірінің әйелдері еңліктің
тамырын суға бұқтыра отырып, шыққан қызғылт түсті
тұнбаға мата батырып, бет жүздеріне жағатын қызғыш
түсті дайындаған.
П и р а м и д а л а р ә л і к ү н г е
адамзат үшін толық құпиясын
аша қоймады. Содан болар,
оған жұрттың қызығушылығы
да ешуақытта басылмайтын
сыңайлы.
Себебі Тутанхамонның сар-
кофагын тауып, оны зерттеген
барлық ғалымдар қысқа уақытта
б і р і н е н к е й і н б і р і ж ұ м б а қ
жағдайда к з жұмды. Салмағы
100 тоннадан басталып, 1000 тоннаға дейін жететін ауыр
шақпақ тастарды 150 метр биіктікке қалай к терген?
Кезінде Кеңес елі атақты Жуковқа ескерткіш қоямыз
деп, мүсін жасайтын 100 тонналық тасты Мәскеудің
ортасына жеткізе алмай әуреге түскен. Ақыры әлгі та-
сты жеткізу үшін бір танк дивизиясы қажет болды. Бұл
ғылым мен техника жетілген заманда болған оқиға. Ал
ескі заманда мысырлықтар 1000 тонналық ауыр тастар-
ды биікке қалай к терді? Бұл да бір ашылмаған жұмбақ.
ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ
ТЫЛСЫМ
Еңлік
Пирамидалардың құпиясы
ЛЫТАУ –
ЖОЛЖАЗБА
Қазақтың қасиетті жері – Ұлытау өңіріне сапар шегу, осынау киелі өлкенің мән-
мағынасына терең бойлау өз жеріңе, тарихыңа деген мақтаныш сезімін оятып,
кеудеңді ғажайып күй тербейді. Жуырда хандарымыз бен батырларымыздың,
би-шешендеріміздің ізі сайрап жатқан өлкеге жол тартқан «Ұлытау экспеди-
циясына» біз де қосылдық. Мұндай сапарға мүмкіндік берген белгілі кәсіпкер
Марғұлан Сейсембаевтың ұйымдастыруымен қолға алынған «Nomad explorer»
жобасы еді. Көлікпен жетуімізге қолдау көрсеткен Сәбит Бүкіров есімді аза-
мат екенін де айта кеткеніміз жөн. Сонымен ұйымдастырушыларға мың да бір
алғысымызды айта отырып, енді сапар жайын баяндауға көшсек. Экспедиция
құрамында Гүлжанат Бүкірова, Нұржан Бүкіров, Абай Әуезов, Бақыт Аңдағұлов,
Дулат Хасенов есімді қатысушылар болды.
ТЕРЕКТІ УЛИЕ МЕН
ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ...
Ұлытау сапарының мән-жайын
түсін діріп, ескерткіштерге мұқият
қарау, мән беру, қауіпсіздік шараларын
сақтау туралы топ басшысы Марғұлан
Сейсембаев пен «Ұлытау» музейінің ди-
ректоры Бақтияр Қожахметов хабардар
етті. Алғашқы бағытымыз Теректі әулие
кеше ніне ат басын бұрудан басталды.
Мұнда жылқы бейнелі петроглифтер, та-
рихтан сыр шертетін таңбалар мен жар-
тас суреттері молынан кездеседі екен.
Теректі әулиенің зіндік кереметі де жоқ
емес екені байқалды. Ол жерге келуші
адамдар дұға тілеп, жүрек тасын тамаша-
лап, құдыққа тиындар тастайды. Жалпы,
бұл мекенде зиярат жасайтын орындар
жетерлік. Тағы бір айта кетерлігі, Теректі
әулие кешенінің айналасында қола
дәуірінен бастау алатын ескі қорымдар
бар екен.
рі қарай Жошы хан мен Домбауыл
кесе нелеріне жолға шықтық. Бұл кешен-
дерді кешкі мезгілде араладық. Шыңғыс
ханның үлкен ұлы Жошы жерленген
мазардың тарихы туралы жергілікті
лкетанушы, тарихшы Айдар Ысқақов
кеңінен әңгімелеп берді. К к күмбезді
мазар жақтаулары рнекті кірпішпен
б е з е н д і р і л г е н . М а з а р д а е к і м ә й і
жерленіпті. Археологиялық зерттеулер
барысында бірінші қабір ішінен тақтай
табытқа жерленген адамның сүйегі
шыққан. лгі сүйектің оң қолы жоқ
екендігі анықталған. Оның үстіне қабір
ішінен салтанатты киім жұрнақтары,
қызыл сафиян етіктің қалдығы, түйенің
бас сүйегі мен аң сүйектері, темір қарудың
сынықтары табылған. Бұл «Жошыны
аң аулап жүргенде құланның айғыры
шайнап лтірді» деген халық аңызымен
үндес келеді. Халық аңызында «Жошы-
ны жерлегенде бір қолы жоқ болған»
немесе «Жошының тек бір қолын тауып
қойған», кейде «бір шынашағын ғана
тапқан» деген әртүрлі жорамалдар бар.
Екінші кешен – Домбауыл кешені
деп аталады. Оның да айналасында
к птеген молалар бар. Оғыз-қыпшақ
үлгісінде салынған құрылыс туралы да
аңыздар аз емес. Сондай аңыздардың
бірінде Домбауылды Кетбұғы жыраудың
әкесіне салынған мазар деп қарастырады
екен. Жошы хан мазары маңындағы
Қара кеңгір зені жағалауында үй тігіп,
қонып шықтық.
Экспедиция барысында жол бас-
шымыз Марғұлан Сейсембаев Қара
кеңгір зенін кесіп тетін т те жолды
таңдаған екен. Міне, атақты Алаша
хан кесенесіне де табан тіредік. Бұл
биіктігі 10 метрге жететін мұнаралы
тарихи нысан үлкендігі жағынан осы
маңдағы ең зәулім кешен саналады.
Кіре берісінде үш жүздің руларының
таңбалары салынған. Аңыз бойынша
Алаша хан үш жүздің басын қосқан ең
алғашқы хан ретінде айтылады. Енді
біреулер Қазақ хандығының негізін
қалаған Керей мен Жәнібек хандардың
ақылшысы болған деген жорамалды
алға тартады. Алаша хан кесенесінің
айналасындағы к не қорымдар бұл
киелі мекен
киелі мекен
жердің киелі де қасиетті екендігін
әйгілеп тұрғандай. Бізді Алаша хан
кесенесіндегі аң-құс аяқтарының іздері
таңбаланғаны қызықтырды. Мұнара
басына к теріліп жазиралы кең алқапқа
к з жүгіртіп, дарқан далаға іштей тағзым
жасадық. Одан шығып, Жезді кентінің
маңындағы к рікті шатқалда түскі ас
қамын ойластырдық.
рмен қарай, экспедиция мүшелері
Тау-кен және балқыту ісі мұражайына
келді. Музей директоры Қазақстандағы
кен игеру ісінің тарихы сонау қола
дәуірінен басталатындығына ерекше на-
зар аударып, қызықты мәліметтерімен
б лісті. Айтуынша, Ұлытау ңірінен
қола дәуіріне тән 20-ға жуық кен игеру,
балқыту ошақтары табылған. Бұл жер-
лерде қола дәуірі заманында 2 мыңға
жуық адам металл бұйымдар ңдіру
ісімен шұғылданған деп болжанады.
Музейде қола дәуіріндегі рудаларды
сұрыптау, балқыту, оны қалыптарға құю
к ріністері к рсетілді. Осы мақсатта
сол заманның құралдары мен балқыту
пештері қолданылды.
С з реті келіп тұрғанда айта ке-
тейік, Ұлытаудың ең биік те, к ркем
шыңдарының бірі « улие тау» деп ата-
лады. Осынау шыңға әрең к терілдік.
Бұл тау басында жеті әулие жерленген
деген дерек бар. Тау басына к теріліп
келе жатқанымызда улие таудың
шырақшысы бдірахман ағамыз осы
жерде тілеген тілектерім қабыл бола-
тынын айтып тті. Биіктеген сайын
тастардың үйіндісінен жиналған обалар-
ды к зіміз шалып келеді. Мұндай оба-
ларды Моңғолиядағы Ханғай тауынан
да кездестірген болатынбыз. Шырақшы
ақсақал әулие-бақсылардың есімі
жазылған т рт бұрышты барықтарға
құран оқып, дұға тілеп отырды. Темірден
жасалған киіз үйге кіріп, шырақшы алып
шыққан шелпектен ауыз тидік. Жылжып
ағып жатқан бұлақтың да шипасы ерек-
ше деседі жергілікті жұрт. Шын мәнінде,
т мен қарай түсіп келе жатып бойымызға
бір күш-қуат біткендей сезіндік...
К п ұзамай Терісаққан ауылына
да келіп жеттік. Ауыл мектебінің ау-
ласына қаз-қатар болып киіз үйлер
тігі ліп ті. Үлкен мерекеге дайындық
жүріп жатқаны бірден сезіледі. Ауыл
тұрғындары бізді те жылы қарсы алды.
Таңертеңгілік бие байлау, үйірге айғыр
қосу рәсімдерін тамашаладық. рбір
отбасы қонақтарға дастарқан жайып,
былтырдан сақталған сүрленген еттерін,
құрт-ірімшіктерін тағы басқа ұлттық
тағамдарын ұсынып жатты. Берік
бдіғали, Марғұлан Сейсембаев сынды
азаматтар бие байлаған отбасыларға
шағын сыйлықтарын тарту етті.
Жанайдар батыр ескерткішінің
аллеясының ашылуына дәл келгеніміз
мерейімізді одан әрі тасытып жіберді.
Б ұ д а н с о ң « Т е р і с а қ қ а н к к т е м і »
фестивалінің салтанатты шарасы бастал-
ды. Онда Ұлытау ауданының әкімі Хамит
Омар «Ұлытау мұрасы» экспедициясын
бастап келген Марғұлан Сейсембаев,
Сәкен Сейфуллин есімді кәсіпкерлерді
Алғыс хаттармен марапаттады. Шараға
ЮНЕСКО-ның кілі ретінде қатысқан
Ахмет Тоқтабай «Терісаққан к ктемі»
фес ти валінің тәрбиелік маңызын,
ЮНЕСКО тізіміндегі тарихи-мәдени
шара лар санатына енгізілуі ықтимал
екен дігін айтты. Экспедиция жетекшісі
Марғұлан Сейсембаев «Терісаққан к к-
темі» этнофестиваліне 500 000 теңге қол-
ма-қол беріп, сонымен қатар «Ұлы тау»
қорық-мұражайын дамытуға 1 000 000
теңге қаражат аударуға уәде берді.
Шеңбер ауылына жақын маңдағы
Ақжарға да соқтық. Т бесі қызылкүрең,
жалдары сарғыш түсті табиғат жынысы
күн к зімен түрлі-түсті болып құбыла
түседі. Жалт-жұлт еткен шақпақ тастар
да к здің жауын алатындай. «Тұран-
тв» телеарнасындағы Ерлан Сыздық
киіктің мүйізін тауып келіпті. Сәкен
Орынбекұлы Сейфуллин қырдың арғы
жағынан 5-6 киік к ргендігін айтты.
Біздің экипаждың жетекшісі Сәбит
Бүкіров бала кезінде отар-отар қойдай
далада ріп жүрген киіктерді осы Ұлытау
лкесінен кезіктіргенін айтып берді.
«МАҚАТ САҒАНАСЫ»
Ж НЕ АЛТЫНШОҚЫ
« М а қ а т с а ғ а н а с ы » а т а л а т ы н
күмбезді кесене ХХ ғасыр басында
жергілікті Мақат есімді бақуатты кісінің
басқаруымен салынған екен. зінің
және ұрпақтарының бір жерде тіршілік
кешуін ойластырып, кесене астында
арнайы камералар жасатқан. Камералар
орналасқан жер д ңгелене пішінделген
тастармен к мкерілген. Мұнда ең соңғы
мәйіт 1994 жылы қойылған екен. Осы
тәріздес жерлеу орындары Қарағанды
облысында сирек те болса, кездесіп
тұрады деседі жұрт.
рі қарай экспедиция мүшелері
кешкісін Кененбай тоғанына келіп орна-
ласты. Рахым жібаев есімді жергілікті
азаматтың зен маңындағы үйінде дас-
тарқан жайылды. Бұл отбасының етті
сүрлеу, қымыз дайындау технология-
сымен таныстық. Кененбай тоғанынан
аймақтағы к птеген ескерткіштерге бару
жақын әрі ыңғайлы. Тоғаннан балық та
аулауға болады. Енді бұл жерден демалу-
шылар мен саяхатшыларға арналған
демалыс орны ашылмақ.
Барлық жаңа бастамаларға з
тілектестігімізді білдіріп, Алтыншоқы
т а у ы н а ж о л т а р т т ы қ . О н д а м і р
Темірдің қалдырған тасының к шірме-
сі тұр. Ескерткіш тастың түпнұсқасы
Ресейдің эрмитажында сақтаулы
тұр. 1391 жылы мір Темір 200 мың
әскерімен Тоқтамыс ханды кшелей
қуып Ұлытауға келгенде табиғаттың
сұлулығын к ріп тамсанып, осы тас-
ты ескерткіш ретінде қоюға бұйрық
б е р і п т і . К е й і н 1 9 3 5 ж ы л ы ә л г і
белгітасты Қаныш Сәтбаев жергілікті
ақсақалдардың к рсетуімен тауып, ең
алғаш баспас зге жариялайды.
Ел аузындағы аңыз бойынша мір
Темір Тоқтамысты уысынан шығарып
алғанымен, оның аста-т к алтын-күміс
байлықтарын қолға түсіреді. «Біздің
іздегеніміз байлық емес, Тоқтамыстың
зі» деп осы Алтыншоқыда бар байлықты
ртеуге бұйрық берген деседі. Шоқы
басындағы жанған металл қалдықтарын
Тоқтамыс қазынасының ртке балқы-
тылған сықпыты дейді қарапайым халық.
Ал ғылыми зерттеулер тұжырымы мүлде
басқаша. Шоқы металл ндіруге арналған
пеш қызметін атқарған. Тастан қаланған
қазандықтың жан-жағынан жел үрленетін
тесік саңылаулар бар. Металл балқыту
орны бір қарасаңыз, сақ қорғандарына
да ұқсайды. Шоқыдағы жанған руда
қалдықтары күннен-күнге азайып келеді.
Оны Тоқтамыстың балқытылған байлығы
деп есептейтін жұрт теберікке алып кетуге
құмар болса керек.
Келесі бағытымыз Хан ордасы болды.
Бірер сағаттардан кейін ежелгі қалашық
орнына келіп жеттік. Халық «Хан орда-
сы» атап кеткен жер бүгінде патша тақ
ескерткішімен, тас қорғанмен, арыққа
салынған к пір, т.б. заманауи архитек-
туралары арқылы қайта жаңғырғандай...
Бұл, әрине, Ұлытау ауданы әкімі Хамит
Омардың қажырлы еңбегі. «Ұлытау
аймағында мұндай қалашықтардың саны
9-ға жетеді» дейді Ұлытау музейінің ди-
ректоры Бақтияр Қожахметов.
Аз уақытта барлық экспедиция
мүшелері бір-бірімізбен бауыр басып
қалған екенбіз. Жезқазғанға жеткен соң
Бақыт Аңдағұлов, Дулат Хасеновтай
азаматтармен қимай-қимай қоштастық.
Жезқазған қаласында құрметті ин-
женер-металлург, техника ғылымының
докторы Т леген Бүкіров ағамыздың
үйінде қонақта болдық. Ол кісі бүгінде
«Қазақтың Кетбұғасы» қорын басқарады
екен. Кетбұғы туралы материалдар жи-
нап, ұлы бабамыздың мұрасын түгендеу
шарасының басы-қасында жүрген
ағамыздан сыйлыққа қызықты кітаптар
арқалап қайттық. Т леген ағамыздың ба-
уыры Сүтемген Бүкіров лкей Марғұлан,
Қаныш Сәтбаевтарға жолбасшылыққа
жүрген әйгілі лкетанушы болса, әкесі
де осы ңірге танымал журналист болған
екен.
Осы керемет саяхатты ұйымдас-
тырған белгілі кәсіпкер Марғұлан
Сейсембаевқа, осы жолсапарға менің
қатысуыма демеушілік к рсеткен
жаны жомарт Сәбит Бүкіровке шексіз
алғыс білдіреміз. Ұлытау ңірін лкей
Марғұлан 1945-1970 жылдар аралығында
үздіксіз зерттеген. Араға елу жылдай
уақыт салып Марғұлан Сейсембаев
«Ұлытау мұрасы» атты экспедиция
ұйымдастырып отыр. С з соңында ай-
тарым, ұлы бабаларымыздың ізі қалған
Ұлытау ңіріне жасаған сапарымыз бізді
ұмытылмас әсерге б леді.
Арман УБ КІР
Алматы – Жезқазған – Ұлытау –
Алматы
ХАТ ЖОЛДАРЫНАН
Осыдан үш жыл бұрын, зінің
туған күні – 9 шілдеде мірден
озған кезде ағайын-туыстар, бірге
жұмыс істеген әріптестері мен
жерлес жегжаттар қабырғалары
қайыса, егіле отырып жоқтаған
еді. Міне, содан бері үш жыл, яғни
отыз алты ай тіпті. Жеңешемнің
орны үңірейіп тұр.
з о й ы н і ш к е б ү г і п
қалмайтын, туа бітті қасиеті –
турашыл еді. Кімге болса да
әділдіктің ақ туындай турасын
айта қарап тұратын. Осы мінезі
болар ауылдастар арасында «Би
келін» атандырған.
Үлкендер солай десе, жасы
кішілері жақсы к ргендіктен
«Біздің Айқай апамыз» деп атай-
тын.
Қай жерге, кімнің үйіне бар-
масын сол үйдің үлкендері түгілі
жас балаларына дейін «О, біздің
Айқай апамыз келді» деп мәз-
мейрам болып, қуанып қалатын.
й т к е н і о л к і с і н і ң ж ү р г е н
жері, отырған орны сауық-
сайран, жеңіл әзілге, қуанышқа
толы болатын. Ол айтқан әзіл,
ескертпелер басқа біреулердің
аузынан шықса әсерсіз, ерсі
к рінер еді. Ал оған не айтса да
жарасып тұратын.
Менің жеңешем – Мафуза Сүлейменқызы жігерлі, қайратты жан
еді. Ұйымдас тырғыш қабілеті зор, т ңірегіне беделді болатын. Егер
ондай қабілетті болмаса, республикалық балалардың тіс ауруын
емдейтін емханада жиырма жылдан астам уақыт партия ұйымының
хатшысы болар ма еді?!
Біздің ата-анамыз ауылдық
жерде – Қызылорда облысы
Қазалы ауданы Мұратбаев
атындағы колхозда тұрды. Жол
түсіп, сәлем бере келгенде басқа
келіндердей сызылып тұрмай,
«К кем-ау» деп әкеме қызындай
еркелей амандасатын. Соған
әкем де «Менің Мәтенім келді
ғой» деп мәз болушы еді.
Міне, сол к ріністер сар-
ғ а й ы п а р т т а қ а л ғ а н ы м е н ,
жеңе шемнің дара мінезі, бізді-
қайынсіңлісі Бейбітті «Ерке-
жаным», мені «Ақдәкенім» деп
ерекше қайталанбас мейіріммен
е р к е л е т і п , м а ң д а й ы м ы з д а н
сипағаны естен кетпей, жыл
ткен сайын зін сағындырған
үстіне сағындыра түсуде.
Дәурен БИЖАНОВ
Кітапхана әлемімен
қауышты
Би келін атанған...
РУХАНИЯТ
Жаз айлары мектеп
оқушылары үшін ерекше
ықыласпен күтілетін уақыт.
Осы жаз мезгілін тиімді пай-
даланып, баланың рухани
болмысының қалыптасуына
әсер ететін кітап оқуға к ңіл
б лгеннің еш артықтығы жоқ.
Біздің ойымызша, кітапхана
бала тәрбиесінде ойып тұрып
орын алуы тиіс. Соны ескер-
ген №36 қазақ орта мектебінің
ұстаздары кішкентай оқыр-
мандарымен бірге кітап ханада
болды.
М ә с е л е н , А қ т б е д е г і
С.Жиен баев атындығы облыс-
тық жас спірімдер кітапхана-
сына №36 мектеп жанындағы
«Ертегі» демалыс лагерінің
«Шұғыла» тобы келіп, кітапха-
наны аралап, ғимаратпен та-
нысып, «Мен ұнаған кітаптар»,
«Менің қалам Ақт бе», «Сағи
Жиенбаев қазақ поэ зиясында»
а т т ы к р м е н і т а м а ш а л а -
ды. Қыз меткерлері балаларға
арналған сан түрлі кітаптар
әкелді. «Даналық әліппесі»
инно вациялық с йлейтін қалам
ерекше қызығушылық тудырды.
Оқушылар «Қастерлі қаламмен»
ертегі оқып, жұмбақтар шешті.
Достарыңызбен бөлісу: