Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БИЯРОВ Б.Н. 
 
САН ЕСІМДЕР МЕН САНДЫҚ ҦҒЫМДЫ БІЛДІРЕТІН СҾЗДЕРДІҢ 
ТОПОНИМЖАСАМҒА ҚАТЫСУ ҚАБІЛЕТІ 
 
Топонимжасамда ҿнімді болып саналатын біріккен топонимдердің кҿлемді 
бір тобы  сан есім  +  зат есім ҥлгісі бойынша жасалады. Алдыңғы сыңары сан 
есім,  лексика-семантикалық  жағынан  сандық  ҧғымды  білдіретін  сҿздер  де, 

29 
 
соңғы сыңары негізінен, географиялық терминдер, басқа да зат есімдер болып 
келетін кҥрделі топонимдер ауқымы жағынан сын есім + зат есім, зат есім + 
зат  есім  ҥлгілерінен  кейінгі  орынды  иемденеді.  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сан 
есімдер – заттың немесе заттық ҧғымдар мен қҧбылыстардың санын, мҿлшерін, 
бҿлшегін,  ретін  білдіретін  сҿз  табы  («Қазақ  грамматикасы»,  2002,  469) 
болғандықтан,  жаратылысынан  зат  есімге  жататын  жалқы  есімдермен  бірігуі, 
тіркесуі  заңды  тілдік  қҧбылыс  болып  есептеледі.  Адамзат  біртекті  табиғи 
нысанның  бірнеше  тҥрін  байқаған  соң,  олардың  сындық,  сапалық 
ерекшеліктерін  елемей,  бірден  сан-мҿлшерін  атауға  уҽж  етіп  алған.  М.: 
Алтықарасу, Бесағаш, Екіаша т.б. 
Сан  есімнің ҿзі бар-жоғы жиырма шақты сҿзден тҧратынына, туынды сан 
есім  жасайтын  қосымшаларының  аздығына,  басқа  сҿз  таптарынан  сан  есім 
жасалмайтынына қарамастан, тілдің барлық қажетін ҿтеп тҧрады. Жер-су атын 
жасауға олардың оннан астамы қатысады (бір, екі, үш, он, жүз, мың т.б.) жҽне 
семантикалық  жағынан  сан  есімге  жақын  біраз  сҿз  де  бар  (егіз,  жалғыз, 
жарты,  кӛп  т.б.).  Соңғылары  «сан-мҿлшерлік  мағынада  қолданылғанымен, 
лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сҿз таптарына жатады» [1; 
470].  
Біріккен  сҿздер,  кҽдімгі  сҿз  сияқты,  ҽрі  лексикалық,  ҽрі  грамматикалық 
мағынаға  ие  болады  дегенімізбен,  сҿзжасамда  лексика-семантикалық  мағына 
алға шығады. Нақтылап айтқанда: «Сҿзжасамдық процесс барысында атаудың 
морфологиялық сипаты, қай сҿз табына қатысты болатыны басты мҽселе емес. 
Сҿзжасам  процесіндегі  басты  меже  жаңа  атау  жасау,  туынды  сҿз  туғызу». 
[2;87]. Демек сан-мҿлшерлік мағынада қолданылатын егіз, жалғыз, қос тҽрізді 
сҿздерді  сан  есім  +  зат есім ҥлгісіне  салып  қарауға  болады  деген сҿз.  Қазіргі 
қазақ тілінде мҧндай сҿздердің семантикалық жағынан сан есімге жақын екені 
мойындалады. Сондықтан біз де оларды топонимжасамның сан есім + зат есім 
ҥлгісіне жатқызамыз (Егізтӛбе, Жалғызағаш, Жартытам т.б.). 
Топонимжасамда  сан  есімдер,  ҽдетте  морфологиялық  ҿзгерістерге  тҥспей 
қолданылады:  Алтықұлаш,  Бесқауға,  Үштӛбе,  Мыңшұңқыр  т.б.  Бірақ  сан 

30 
 
есімнің  ҿзіне  тҽн  шектеулі  қосымшаларының  кейбірі  жер-су  атын  жасауға 
қатысуы мҥмкін. Біріншібаз, Бірінші Қарасай, Үшіншіауыл т.б.  
1. Сан есімдердің топонимжасамға қатысуы  
Қазіргі  қазақ  топонимиясында  кездесетін  сан  есім  +  зат  есім  ҥлгісі 
бойынша жасалған біріккен жҽне тіркескен топонимдер мыналар: 
1)
 
«Алпыс» сан есімі + зат есім 
Алпыс  есептік  сан  есімі  «елу  тоғыз  бен  алпыс  бірдің  аралығындағы  сан» 
(ҚТТС,  1т,  233)  екені  мҽлім.  Тіл  білімінде  алпыс,  жетпіс  сан  есімдері  кҿне 
дҽуірде  алты  +мыш,  жеті+міш  тҧлғаларының  бірігуі  арқылы  жасалғаны, 
мҧндағы -мыш, -міш «мҥше» (он саны) екендігі дҽлелденген. Топонимжасамда 
алпыс  сҿзі  «табиғи  нысанның  нақты  санын  емес,  мол,  кҿп  екенін»  білдіру 
мақсатында қолданылады.  
Алпыс базар          (айырық. Павлодар обл., Баянауыл ауд.) 
Алпыс сала            (шатқал. ШҚО, Кҥршім ауд.) 
Алпыс су                (кҿл. Павлодар обл., Ақтоғай ауд.) 
2)
 
«Алты» сан есімі + зат есім  
Алты  сҿзі  –  «бестен  кейінгі  есептік  санның»  аты  (ҚТТС,  1т,  233). 
Топонимжасамда  алты  сан  есімі  «нақты  біртектес  алты  табиғи  нысанды 
білдіруі  де  мҥмкін  (Алтыкӛл)  жҽне  біршама  шағын  кҿлемді  нысандар  тобын 
атауы  да  мҥмкін  (Алтыағаш)».  Соңғы  мағына  «алты  айлық  жол»,  «алты 
қырдың асты» тҧрақты тіркестерінен айқын кҿрінеді. 
Алты ағаш             (қыстау. Жамбыл обл., Шу ауд.) 
Алты + апан             (қыстау. БҚО, Ақжайық ауд.) 
Алты + баз                (е.м. БҚО, Қаратҿбе ауд.) 
Алты + кӛл               (кҿл. Қарағанды обл., Ҧлытау ауд.) т.б. 
3)
 
«Бес» сан есімі + зат есім  
Бес  есептік  сан  есіміне  «тҿрттен  кейінгі  сан»  (ҚТТС,  2т,  277)  деген 
анықтама  беріледі.  Жер-су  атын  жасауда  тым  белсенді  бес  сан  есімі  «кейде 
нақты  біртектес  бес  нысанды,  кейде  аздаған,  шағын  топ  нысанды»  атайды. 

31 
 
Соңғы  мҽн  «бес  тал  шаш»,  «бес  тиынға  тҧрғысыз»  тіркестерінде  анық 
байқалады.  
Бес + ағаш                      (ҿзен. Алматы обл., Талғар ауд.) 
Бес бақан                    (тҿбе. ШҚО, Ҥржар ауд.) 
Бес + кемер                   (жайлау. Ақтҿбе обл., Мартҿк ауд.) 
Бес қайнар                (е.м. Алматы обл., Кҿксу ауд.) 
Бес + қотыр                (қыстау. Атырау обл., Қызылқоға ауд.) 
    Мҧндағы қотыр сыңары ор. хутор сҿзінің ҿзгеріске тҥскен тҥрлері.  
Тіркесті атаулар да жасалады: 
Бес Басқан              (асу. Алматы обл., Ақсу ауд.) 
Бес Тӛрткіл             (қоныс. Маңғыстау обл., Қарақия ауд.) 
4)
 
«Бір» сан есімі + зат есім  
Бір сҿзі «есептік санның ең алғашқысы» (ҚТТС, 2т, 608) мағынасын береді 
жҽне кҿптеген басқа мағыналары емес, «табиғи нысанның жалғыз, дара» екенін 
білдіретін негізгі мағынасы ғана кҥрделі топоним жасауға қатысады.  
Бір айрық               (е.м. Ақмола обл., Қорғалжын ауд.) 
Бір есек                  (ҿзен. ОҚО, Тҥркістан қ.ҽ.) 
Бір кӛлік                (е.м. ОҚО, Тҿле би ауд.) 
Бір қазан                (кҿл. Қостанай обл., Ҽулиекҿл ауд.) 
Мҧндағы  Бірқазан  атауы  қҧс  атынан  шығуы  да,  «бір  қазандай  шағын, 
дҿңгелек, шҧңғыл кҿл» мағынасында тҧруы да мҥмкін.  
5)
 
 «Екі» сан есімі + зат есім  
Екі сҿзі – «бірден кейінгі санның» аты, есептік сан есім. Топонимжасамда 
«кҿбінесе қатар орналасқан жҧп, қос табиғи нысанның»  санын білдіреді. Бірақ 
егіз    сҿзі  арқылы  жасалатын  нысандардай  тҥрлерінің  бірдей  болып  келуі 
міндетті емес.  
Екі + аша                  (ҿзен. Алматы обл., Ескелді ауд.) 
Екі + ащы                 (е.м. Алматы обл., Сарқант ауд.) 
Екі + бас + тұз          (тҧзды кҿл. Павлодар обл., Екібастҧз қ.ҽ.) 
Екі + дың                (кҿне ескерткіштер. Қостанай обл., Амангелді ауд.) 

32 
 
Екі лас                   (қыстау. Қарағанды обл., Ҧлытау ауд.) т.б. 
Мҧндағы  дың    сыңары  «тас  ескерткіш,  балбал,  сынтас»  мағынасында 
қолданылып тҧр. Ал  Екілас атауының екінші сыңары  лас қаз. «кір, лай, арам» 
мағынасын, не моңғ. уллас «терек» мҽнін береді.  
Тіркесті атаудан бір ҥлгі кездеседі: 
Екі Ағайынды (тау. Ақтҿбе обл., Мҧғалжар ауд.) 
Алайда  ағайынды  сҿзін  қазақ  жер-су  атына  қолданбаған,  сондықтан  бҧл 
орыстың  Два  брата  атауының  қазақша  аудармасы  екені  кҿрініп  тҧр.  Мҧндай 
аударма  атауларды  қалыптастырғанда,  тіліміздің  сҿжасам  (топонимжасам) 
ерекшеліктерін ескеру керек.  
6)
 
«Жеті» сан есімі + зат есім  
Жеті  сҿзі  «алты  мен  сегіздің  арасындағы  тең  санның»  аты,  есептік  сан 
есім.  Қазақ  халқы  киелі  сандар  қатарына  жатқызады.  Топонимжасамда  «тура 
жеті геонысанды немесе бір ҥйір, шоғыр нысандар тобын» атап кҿрсетеді.  
Жеті арал                    (е.м. ШҚО, Тарбағатай ауд.) 
Жеті ген                      (е.м. Алматы обл., Іле ауд.) 
Жеті жал                     (жота. Жамбыл обл., Қордай ауд.) 
Жеті жылдық             (қоныс. БҚО, Бҿкей ордасы ауд.) т.б. 
Ҥлгілер  тізіміндегі  Жетіген  атауы  антротопоним  ретінде  кҿрсетілген 
[3;178].  Сонымен  бірге  Жетіген  «музыкалық  аспаптың  аты»  жҽне  Жетіген 
«жеті ҿзен, су» мағыналарымен де жер-су атын жасауы мҥмкін. 
Ал Жетіжылдық ойконимі «жеті жылдық мектеп» мҽнінде тҧрмаса, онда 
Кеңес  дҽуірінде  ел  экономикасын  «жетіжылдық»,  «бесжылдық»  кезеңдерге 
бҿлген саясаттан қалған, ауыстыруды қажет ететін атау болғаны.  Бесжылдық, 
Жетіжылдық топонимдері енді ҥлгі болуға жарамайды.  
7)
 
«Жҥз» сан есімі + зат есім 
Жүз сҿзі «тоқсан тоғыздан кейінгі санның, он ондықтың» аты  (ҚТТС, 4т, 
248) екені мҽлім. Топонимжасамда нақты жҥз санынан гҿрі «табиғи нысанның 
біршама мол, кҿп шоғырын, тобын» атауға қатысады.  
Жүз + ағаш               (ҿзен. ШҚО, Кҿкпекті ауд.) 

33 
 
Жүз + адыр               (қҧдық. Маңғыстау обл., Қарақия ауд.) 
Жүз + асу                  (асу. Алматы обл., Жоңғар Алатауында) 
Жүз + қарағай           (жҧрт. Павлодар обл., Аққу ауд.) 
Жүз + ұйық               (қоныс. Ақмола обл., Шортанды ауд.) т.б. 
Мҧндағы ұйық сыңары «тартпа батпақ, не тартпа қҧм» мҽніндегі ГТ болып 
табылады.  
8)
 
 «Қырық» сан есімі + зат есім  
Қырық  сҿзі  «отыз  тоғыздан  кейінгі  есептік  санның»  (ҚТТС,  7т,  14)  аты 
екені  мҽлім.  Топонимжасамда  «табиғи  нысанның  нақты  қырық  санынан  гҿрі 
біршама мол, кҿп шоғырын топтап айту» мҽні басым болып келеді (М.: қырық 
жамау, қырық қҧбылады тіркестері тҽрізді). 
Қырық + бақыр                         (жҧрт. Жамбыл обл., Меркі ауд.) 
Қырық + басан                          (тау. Маңғыстау обл., Маңғыстау ауд.) 
Қырық + бұлақ                         (ҿзен. Алматы обл., Райымбек ауд.) 
Қырық + кӛшек                     (қҧдық. Маңғыстау обл., Тҥпқараған ауд.) 
9)
 
«Мың» сан есімі + зат есім  
Мың  есептік  сан  есімі  «он  жҥздің  қосындысынан  тҧратыны»  (ҚТТС,  7т, 
282)  белгілі.  Ал  топонимжасамда,  ҽрине,  нақты  мың  санын  емес,  «табиғи 
нысанның мол, аса мол» екенін айғақтап тҧрады. 
Мың + адыр                       (таулар. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд.) 
Мың + арал                        (қҧдық. Қызылорда обл., Қармақшы ауд.) 
Мың + атыз                        (қыстау. Қостанай обл., Қарасу ауд.) 
Мың + бұлақ                      (тау. ОҚО, Қазығҧрт ауд.) 
10)
 
 «Он» сан есімі + зат есім 
Он  сҿзі  «тоғыздан кейінгі  есептік  санның»  (ҚТТС, 7т, 425)  аты, сан  есім. 
Топонимжасамда «біртекті табиғи нысанның нақты он екенін немесе шағын бір 
тобын» білдіру арқылы біріккен атаулар жасайды.  
Он  + бұлақ      (ҿзен. Алматы обл., Ақсу ауд.) 
Он  + жас          (е.м. Алматы обл., Кербҧлақ ауд.) 
Он  + кере         (бҧлақ. Маңғыстау обл., Қарақия ауд.) 

34 
 
Он  + құдық      (қҧдық. Маңғыстау обл.,Бейнеу ауд.) 
Мҧндағы кере сыңары «кере қарыс», «кере қҧлаш» ҥғымдарына қатысып, 
ҧзындық ҿлшемін білдіріп тҧр. Онкере  гидронимі «ені он қарыс, не ҧзындығы 
он қҧлаш бҧлақ» мағыналарының бірін береді.  
Он  дара  сан  есімі  тағы  бір  дара  сан  есіммен  тіркесіп  барып,  кҥрделі  сан 
есімге айналатыны белгілі. Егер табиғи нысанның мҿлшері кҥрделі санға келіп 
тҧрса,  онда  кез  келген  кҥрделі  сан  атау  қҧрамына  ене  алады.  Ондай  кҥрделі 
атаудан бір ғана ҥлгі кездесіп отыр: 
Онбес + құлаш (қҧдық. ОҚО, Созақ ауд.) 
«Онбес қҧлаш тереңдіктен су шыққан қҧдық» мағынасындағы атау. Ертеде 
қҧдық  қазушы  шеберлер  қҧдық  тереңдігін  қҧлаштаған  арқанмен  ҿлшегені 
белгілі.  
11)
 
«Сегіз» сан есімі + зат есім  
Сегіз  есептік  сан  есімі  «жетіден  кейінгі  сан»  мағынасында  қолданылады 
жҽне топонимжасамға да осы мҽнмен қатысып, «нақты сегіз табиғи нысанды» 
атап кҿрсетеді.  
Сегіз + құм               (е.м. БҚО, Сырым ауд.) 
Сегіз + қырқа           (қоныс. Атырау обл., Жылыой ауд.) 
Сегіз + саяқ              (қоныс. Павлодар обл., Железин ауд.) 
Сегіз + үй                  (е.м. БҚО, Сырым ауд.) 
Мҧндағы Сегізсаяқ атауы «ҥйірден айғыр қуып жіберген бойдақ жылқылар 
санын, немесе бҿлек, оқшау тҧрған сегіз геонысанды» білдіреді. 
12)
 
 «Тоғыз» сан есімі + зат есім  
Тоғыз есептік сан есімі «сегіз бен онның аралығындағы санды» білдіретіні 
мҽлім  (ҚТТС,  9т,  156).  Топонимжасамда  «тура  тоғыз  санымен  саналатын 
табиғи  нысанды,  не  бір  шағын  нысандар  тобын»  атап  кҿрсетеді.  Оған  қоса 
тоғыз тҥркілердің киелі сандарының біріне жататынын да ескерген жҿн.  
Тоғыз + балауса     (қоныс. СҚО, Мамлют ауд.) 
Тоғыз + бұлақ         (қоныс. Алматы обл., Райымбек ауд.) 
Тоғыз + кебен         (қыстау. Қостанай обл., Жангелдин ауд.) 

35 
 
Тоғыз құмалақ     (тау бҿктері. Алматы обл., Ақсу ауд.) 
Тоғыз тарау          (е.м. Жамбыл обл.,  Жуалы ауд.) 
Тоғызкебен  - мҧндағы кебен сыңары Батыс Қазақстан, Торғай ҿңірлерінде 
«ҥйілген  шҿп,  отау»  мҽнінде  қолданылатын  диалект  сҿз  [4;  490].  Топоним 
«тоғыз отау, немесе отауға ҧқсас тҿбелер» мағынасында тҧр.  
Тоғызқұмалақ  –  «тоғыз  біркелкі  жҧмыр  тҿбелер  немесе  қазақтың  ҧлттық 
ойыны тоғызқҧмалақ шаршысына ҧқсас жер» мҽндерінің бірін береді.  
 13) «Тоқсан» сан есімі + зат есім 
Тоқсан сҿзі «сексен тоғыздан кейінгі есептік санның» аты (ҚТТС, 9 т, 171). 
Топонимжасамда  сирек  қолданылады  жҽне  «табиғи  нысанның  біршама  мол 
екенін» білдіру мақсатында атау қҧрамына енеді. 
Тоқсан + сай 
(е.м. ОҚО, Ордабасы ауд.) 
14) «Тӛрт» сан есімі + зат есім 
«Ҥштен кейінгі есептік санның» (ҚТТС, 8т, 243) аты болып келетін тӛрт 
сҿзі топонимжасамға қатыса алады жҽне «біртектес тҿрт табиғи нысанды» атап 
кҿрсетеді.  
Төрт + ай 
(е.м. Павлодар обл., Ақтоғай ауд.) 
 Төрт + бастау 
(қыстау. ШҚО, Ҥржар ауд.) 
Төрт + кӛз 
(жайлау. Павлодар обл., Аққу ауд.) 
Тӛрт + кӛл 
(қыстау. ШҚО, Ҥржар ауд.) 
15)  «Ҥш» сан есімі + зат есім  
Үш есептік сан есімі «екіден кейінгі есептік санның» (ҚТТС, 10т, 17) аты 
жҽне  осы  мҽнде  топонимжасамға  қатысып,  «нақты  біртекті  ҥш  табиғи 
нысанды» атап кҿрсетеді.  
Үш + ағаш 
(ауыл. БҚО, Қаратҿбе ауд.) 
Үш + биік  (е.м. ШҚО, Жарма ауд.) 
Үш + құю  (қҧдық. Маңғыстау обл., Қарақия ауд.) 
Үш пура 
(жҧрт. Ақтҿбе обл., Ырғыз ауд.) 
Үш фонтан 
(кҿл. Атырау  обл., Жылыой ауд.) 
Үш шоқы 
(тҿбе. Қызылорда обл., Арал ауд.) т.б. 

36 
 
Мҧндағы  Үшқұю  атауы  тура  мағынасында  «ҥш  қҧдық»  мҽнін  береді, 
ҿйткені кҿне тҥркі. құй > құйы «қҧдық» деген сҿз болған [5;228]. 
Үшпура  –  дҧрысы    Үшбура  атауы.  Ілгерінді  ассимиляция  қҧбылысы 
бойынша ҧяң б қатаң п-ға алмасқан.  
Үшфонтан атауын келешекте ҥлгі етпесін деп ҽдейі тізімге енгіздік, себебі 
фонтан кірме сҿзінің ҿзі қазіргі кезде бұрқақ тҥрінде аударылып қолданылады.  
2. Сандық ҧғымды білдіретін сҿздердің топонимжасамға қатысуы  
1. «Егіз»  сан-мҿлшер мҽнді сҿзі + зат есім  
Егіз  сҿзі «бір анадан бір мезгілде туған екі бала» мағынасын береді жҽне 
ғалымдар егіз сҿзінің тҥбірінде екі сан есімі жатқанын мойындайды:  екі + з > 
егіз  (мҧндағы  -з,  -ыз,  -  із  кҿптік  мҽн  беретін  кҿне  жҧрнақ).  Топонимжасамда 
«нысанның  екі  данадан  тҧруы»  ғана  шарт  емес,  ол  «нысандар  ҿзара  ҧқсас, 
бірдей болып келуі» де талап етіледі. Ҿйткені егіз сҿзінің ендігі бір мҽні «ҧқсас, 
бірдей» дегенге саяды (М.: Егіз қозыдай ұқсас).Сонымен бірге тілші-ғалымдар 
Н.А.Баскаков  егіз  сҿзінің  кҿне  тҥркі  тілінде  эес  (>  егис)  «биік»  мағынасын 
беретінін,  Э.Мурзаев  қырғыз.  эгиз  «биік»,  «биік  таудағы  жайлау»  мағынасын 
беретінін  жазады  [3;538].  Ҽрине,  егіз  сҿзінің  қай  мҽнде  атау  жасауға  қатысып 
тҧрғанын геонысанның ҿзі ғана айғақтап бере алады.  
Егіз ен                (тау. Қарағанды обл., Ҧлытау ауд.) 
Егіз қақ              (қҧдық. Қызылорда обл., Қармақшы ауд.) 
Егіз қара            (қырат. Қызылорда обл., Жалағаш ауд.) 
Егіз қыз             (кҿл. Ақмола обл., Шортанды ауд.) 
Егіз қызыл        (тж. бекеті. ШҚО, Аягҿз ауд.) 
Егіз лақ             (қҧм. Маңғыстау обл., Маңғыстау ауд.) 
Егіз тӛбе           (қыстау. БҚО, Қаратҿбе ауд.) 
Мҧндағы  ен компоненті  – «еркек  малдың ҧрық безі» мағынасындағы сҿз. 
«Екі бірдей жҧмыр тасты тау» мҽнінде атау жасауға қатысып тҧр (қазақ тілінде 
«сыңар ен» тіркесі де кездеседі). 
2. «Жалғыз» сан-мҿлшер мҽнді сҿзі + зат есім  

37 
 
Жалғыз сҿзі «жеке, дара, бір» мағынасын береді  жҽне «жеке, дара, тҧрған 
табиғи нысанды» атау арқылы  кҥрделі атаулар жасайды. Оның ішінде біріккен 
жҽне тіркесті атаулардың  аралас келуі сияқты тың ҥлгі де кездеседі: Жалғыз + 
ағаш Талдық  (Ақмола обл., Жарқайың ауд,.) 
Жалғыз + ағаш           (ҿзен. Ақмола обл., Жарқайың ауд.) 
Жалғыз + апан            (е.м. Атырау обл., Қҧрманғазы ауд.) 
Жалғыз + дала            (қоныс. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд.) 
Жалғыз + жиде           (қыстау. Ақтҿбе обл., Шалқар ауд.) 
Жалғыз + кӛл               (кҿл. Қостанай обл., Амангелді ауд.) 
Жалғыз +қайың            (тау. Павлодар обл., Баянауыл ауд.) 
Жалғыз + қайыр           (шығанақ. Алматы обл., Балқаш ауд.) 
Жалғыз + қара              (жайлау. БҚО, Ақжайық ауд.) 
Жалғыз + қарағай         (ҿзен. Алматы обл., Талғар ауд.) 
3. «Жаңғыз» сан-мҿлшер мҽнді сҿзі + зат есім  
Жаңғыз  сҿзі  жалғыз  «жеке,  дара,  бір»  мағыналы  сҿзінің  ауызекі  тілде 
қалыптасқан  нҧсқасы  екені  белгілі.  Бҧл  жерде  фонетикалық  ҿзгеріс  қана  бар 
(л~ң дыбыс алмасуы). Топонимжасамда да сол мағынада қолданылады.  
Жаңғыз ағаш          (қыстау. Атырау обл., Индер ауд.) 
Жаңғыз апан          (қыстау. БҚО, Ақжайық ауд.) 
Жаңғыз жар           (қыстау. Қызылорда обл., Шиелі ауд.) 
Жаңғыз кӛл            (кҿл. Қостанай обл., Ҽулиекҿл ауд.) 
Жаңғыз құдық        (жайлау. БҚО, Бҿрілі ауд.) 
Жаңғыз мола          (бейіт. Ақтҿбе обл., Байғанин ауд.) 
Жаңғыз тӛбе           (кент. ШҚО, Жарма ауд.) 
Жаңғыз шағыл       (қҧдық. Ақтҿбе обл., Шалқар ауд.) 
4. «Жарты» сан - мҿлшер мҽнді сҿзі + зат есім 
Жарты сҿзі «бір бҥтін нҽрсені тең екіге бҿлгендегі бір бҿлігі, екіден бірі» 
мағынасымен  сан  есімге  жуық  қолданылады.  Топонимжасамда  «толық  емес, 
жарым-жарты нысандарды» атауға қатысады.  
Жарты кӛл               (кҿл. Ақмола обл., Ақкҿл ауд.) 

38 
 
Жарты құм               (жҧрт. Қызылорда обл., Сырдария ауд.) 
Жарты сор                (тҧзды кҿл. Ақмола обл., Шортанды ауд.) 
Жарты там                (мола. Павлодар обл., Екібастҧз қ.ҽ.) 
Жарты тӛбе               (е.м. ОҚО, Созақ ауд.) 
5. «Кӛп» сан-мҿлшер мҽнді сҿзі + зат есім 
Кӛп  сҿзі  «мол,  қыруар»  (ҚТТС,  5т,  181)  мағынасын  ҿзгертпей-ақ 
топонимжасамға  қатысып,  «санауға  келмейтін  мол,  бір  жерге  шоғырланған 
нысандарды» білдіретін атаулар жасайды.  
Көп + бұлақ                  (бҧлақ. Ақтҿбе обл., Байғанин ауд.) 
Көп + бірлік                  (е.м. Алматы обл., Қаратал ауд.) 
Көп + ерен                     (қоныс. Алматы обл., Ҧйғыр ауд.) 
Көп кӛл                       (тҧзды кҿл. Павлодар обл., Аққу ауд.) 
Көп күтір                    (е.м. БҚО, Казталов ауд.) 
Көп қорған                 (қоныс. Алматы обл., Жамбыл ауд.) 
Көп құдық + сай         (ҿзен. Қарағанды обл., Ҧлытау ауд.) 
Көп + құжыр                  (е.м. БҚО, Казталов ауд.) 
Көп шалаш                   (қыстау. БҚО, Бҿкей ордасы ауд.) 
Көп ши                         (ҿзен. Алматы обл., Алакҿл ауд.) 
Көп шоқыр                     (тау. Қарағанды обл., Ақтоғай ауд.) 
Көп ісек                        (қыстау. ШҚО, Тарбағатай ауд.) 
Ҥлгілер  тізіміндегі  Кӛперен  атауы  моңғ.  эрээн  «шҧбар,  ала,  теңбіл»  сын 
есімінің  заттануы  арқылы  жасалған:  «кҿп  шҧбарлы  жер,  не  шҧбар  тас» 
мҽніндегі топоним.  
Кӛпкүтір – ор. хутор сҿзінен жасалып тҧр.  
Кӛпқұжыр- мҧндағы құжыр сыңары моңғ. хужир «ащы, сор жер» сҿзінен 
немесе араб. құжыра «мешіт, медресе, баспана, мола» сҿзінен шығуы мҥмкін.  
Кӛпшалаш  –  мҧндағы  сыңары  кҿне  тҥркі.  шалаш  «жеңіл-желпі  баспана, 
кҥрке» [6;408]. 

39 
 
Кӛпшоқыр  –  мҧндағы  шоқыр  «еті  мен  уылдырығы  бағалы  семсертҧмсық 
балық (осетр)» (ҚТТС, 10т, 246) екені мҽлім, алайда Қарағанды облысында ол 
балық кездесе ме деген сҧрақ туады.  
Кӛпісек – мҧндағы ісек сҿзі «екі жасқа келген еркек қой» (ҚТТС, 10т, 448) 
мағынасын  береді.  «Ісек  қой  бағылған  жер,  немесе  ісек  қойдай  тастары  бар 
жер» мҽнінде атау жасауға қатысады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет