Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Абай»
  романының  жарық 
кҿруіне  орай  (1942),  бҧл  шығарманы  қазақ  ҽдебиетінің  зор  табысы  деп 
бағалаған  Б.Кенжебаевтың,  Е.Ысмайыловтың,  Т. Нҧртазиннің, Ғ.Мҥсіреповтің, 
т.б.  пікірлері  жарияланды.  Романның  2-кітабы  жарық  кҿрген  соң  (1947), 
одақтық 
мерзімді 
басылымдарда 
В.Жирмунскийдің, 
Л.Климовичтің, 
З.Кедринаның, М.Фетисовтың, П.Скосыревтің, т.б. мақалалары басылды [3].  
Жазушының  кҿзі  тірісінде  жарық  кҿріп,  оларды  1950  жылға  дейінгі  ҿмір 
жолы  мен  шығармашылығының  басты  тҧстарына  қысқаша  шолу  жасаған 
З.С.Кедрина  мен  бҧл  ізгілікті  істі  ҽрі  жалғастырған,  жазушының  60-жылдарға 
дейінгі  ҿмір  жолынан  анықтама  беріп,  шығармашылығына  «Абай  жолы» 
романының  маңыздылығы  тҧрғысынан  терең  талдау  жҥргізген  талантты 
ҽдебиеттанушы  А.Нҧрқатов  еңбектерінің  орны  ерекше.  Жазушының  60 
жылдығына  орай  жазылған  Ы.Т.Дҥйсенбаев  пен  Е.В.Лизунованың  зерттеу 

130 
 
еңбегі  де  оның  ҿмір  жолы  дҥниетанымдық  тҧрғыдан  тануға  талпыныс 
жасаушылар  ҥшін  қҧнды  дҥние.  М.О.Ҽуезов  дҥниеден  ҿткеннен  кейін 
республика  ҽдебиеттанушылары,  Ҽуезов  атындағы  Ҽдебиет  пен  ҿнер 
институты  мен  ҽдеби-мемориалдық  мҧражай  ҥйінің    қызметкерлері  жоспарлы 
тҥрде  іргелі  ізденістер  жасады.  Соның  арқасында  танымал  ҽдебиетші-сыншы, 
тарихшы 
ғалымдар 
М.Қаратаев, 
Е.В.Лизунова, 
Л.М.Ҽуезовалардың 
жазушының  қиындығы  мол  шығармашылық  ҿсу  жолдарын  тарихи  тҧрғыдан 
кҿрсеткен,  кҿркем  эстетикалық  танымына  терең  талдау  жасаған  туындылары 
жарық кҿрді.  
Соғыстан кейінгі жылдары идеологиялық қысым қайтадан кҥшейе тҥсті де, 
М.Ҽуезовтің  шығармашылығы  тағы  да  сынға  ҧшырады.    Жазушының 
ҧлтшылдығы жайлы бір жылдың ҿзінде 1951 жылы 15-тей мақала жарияланған. 
Ҽуезовтің  шығармашылығындағы  «буржуазиялық-ҧлтшылдық  сарындар», 
«идеялық»  кемшіліктерді  сынауға  республика  баспасҿзімен  бірге  Мҽскеудің 
«Правда»  (30.01.1953  ж.)  газеті  де  атсалысты.  М.Ҽуезовке  қарсы  соңғы 
шабуылды  1971  жылы  Мҽскеудің   «Вопросы  литературы»  журналы  жасады. 
Ондағы  негізгі  пікір  «Абай  жолы»  шын  мҽніндегі  роман  емес,  аңыз-
ҽңгімелердің  жиынтығы  дегенге  сайды.  Ҽуезовтің  шығармашылығының 
ғылыми  тҧрғыдан  зерттеліне  бастауы  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының 
аяқталып, 1959 жылы Лениндік сыйлық алуына байланысты болды. 1957 жылы 
«Абай  жолына»  арналған  ғылыми-шығармашылық  конференция  ҿтіп, 
материалдар «Қазақтың тҧңғыш эпопеясы» деген атпен кітап болып шықты. 
М.Ҽуезовтің  алпыс  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  ол  туралы  25  мақала 
жарияланса, 70, 80, 90, 100 жылдықтары тҧсында жазушының шығармашылығы 
жайлы жазылған мақала, зерттеулердің саны мен кҿлемі арта тҥсті. 
Ҽуезовтанудың ҥшінші кезеңі М.Ҽуезовтің шығармалары ҽлемге танымал 
болып, жан-жақты зерттеу объектісіне айналған кезден басталады. Бҧл кезеңде 
«Абай  жолы»  эпопеясы  туралы  белгілі  ҽдебиеттанушы  ғалымдар  М.Қаратаев, 
З.Қабдолов,  З.Ахметов,  А.Нҧрқатов,  З.Кедрина,  Ы.Дҥйсенбаев,  Е.Лизунова, 
Р.Бердібаев,  Л.Ҽуезова,  т.б.  ғалымдар  ҿз  монографиялық  зерттеулерін 

131 
 
жариялады. Қазақ жҽне  шетел  тілдерінде  мыңдаған  зерттеулер  жарық  кҿрді. 
Ҽуезов  драматургиясынан  кандидаттық,  докторлық  диссертациялар  қорғалып, 
кҿлемді  монографиялық  зерттеу  жҧмыстары  жазылды  (Р.Нҧрғалиев, 
Б.Қҧндақбаев, А.Тоқпанов, С.Ордалиев). 
Ҽуезовтің  дҥниетанымы  мен  философиялық  кҿзқарасы  (Ҽ.Нысанбаев, 
А.Тайжанов), Қазақ ҽдеби тілін байытудағы орасан зор еңбегі (Ж.Жанпейісов, 
М.Балақаев, Е.Бектҧрғанов, Р.Сыздықова, т.б.), психологиялық, педагогикалық, 
эстетикалық  ойлары  (Қ.Жарықбаев, Қ.Есбаев,  А.Тайжанов),  кҿсемсҿзі 
(Қ.Сыздықов),  қҧқықтық  танымы  (Т.Кҥлтелеев)  жҿнінде  іргелі  зерттеулер 
жарық кҿрді.  
1950-60  жылдары  ҽуезовтану  ғылымына  қҧнды  монографиялық  еңбектер 
келіп  қосылды.  Олар:  М.Қаратаевтың  «М.Ҽуезов»,  Ы.Дҥйсенбаевтың 
«М.Ҽуезов»,  А.Нҧрқатовтың  «М.Ҽуезовтің  творчествосы»,  Е.В.Лизунованың 
«М.Ҽуезовтің  шеберлігі»,  Л.М.Ҽуезованың  Ҽуезов творчествосында Қазақстан 
тарихының проблемалары,    Ҽ.Байтанаевтың  «Шын  шеберлік»,  Р.Нҧрғалиевтің 
«Трагедия табиғаты», «Кҥретамыр».  
Кейінірек  ҽдебиеттанушыларымыз  ҿз  зерттеу  аяларын  кеңейтіп,  жазушы 
шығармашылығының  сан-салалы  бағыттарына  бетбҧрыстар  жасады.  Ғалым 
ҽдебиеттанушылар  Ы.Дҥйсенбаев,  З.Қабдолов,  З.Ахметов,  Р.Нҧрғалиев, 
К.Сыздықов  басқа  да  кҿптеген  зерттеушілеріміз  оны  ҽдебиеттанушы,  сыншы, 
аудармашы,  драматург,  кҿркемсҿз  шебері  ретінде  танытқан  кҿлемді 
монографиялық  еңбектер  жазды.  Ал,  Мҧхтар  Ҽуезов  абайтану  мҽселелері 
бойынша  еткен  еңбектері,  ізденістері  мен  табыстары  туралы  жазылған 
М.Мырзахметҧлының ғылыми монографиясының орны ҿз алдына бір бҿлек.  
Ҿткендегі ҿмір  болмысын, ҿз табиғатына сай айрықша қҧбылысты кім де 
кімнің  болса  да  терең  танып,  білгірлікпен  пайдаланып,  сырлы  сҿзбен 
қайталанбас  кҿркемдік  ҽлем  жасауы  екіталай  болар.  Мҧхтар  Ҽуезов  қай 
заманда  да  кҿшпелі  ҿмір  болмысының  қайталанбас  кемеңгер  суреткері  болып 
қала бермек. Міне, осы ерекшеліктердің ҿзі де жазушы тілінің сҿздігін жасау – 

132 
 
кезек кҥттірмейтін ділгір де ғылыми ҽрі практикалық мҽні терең мҽселе ретінде 
алға қойылуда.  
Ҽуезовтану  тарихын  жасау  арқылы  кемеңгер  жазушының  зерттелу  жайы, 
қай  мҽселені алдымен зерттеу нысанасына алып, келесі мҽселеге аяқ басудың 
жолын  таппақпыз.  Ҽуезовтану  саласында  бҧл  іспеттес  ғылыми  таным 
тҧрғысынан  қарап  ҥңілу  –  қазіргі  замандағы  қазақ  ҽдебиетінің  кейбір  кҥрделі 
мҽселелерін  танып-білуге  бағыт-бағдар  бере  алар  қҧбыламызға  айналары  хақ 
деп кҿрсетті [3, 42]. 
К.Сыздықовтың  «М.Ҽуезов  -  ҽдебиет  сыншысы»,  «Мҧхтартанудың 
беймҽлім  беттері»,  Б.Майтановтың  «М.Ҽуезов  -  суреткер»  сияқты 
монографиялық  еңбектері  ҽуезовтану  ғылымының  дамуына  зор  ҥлес  қосты. 
«Абай  жолы»  эпопеясы  басқа  да  қоғамдық  ғылым  салаларының  зерттеу 
обьектісіне айналды. М.Ҽуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сҿзі» (1979 
ж.)  жарық  кҿрді.  «М.Ҽуезов  творчествосы  бойынша  библиографикалық 
кҿрсеткіш»  (1917-1971  ж.ж.),  «М.О.Ҽуезовтің  ҿмірі  мен  шығармашылық 
шежіресі»  атты  кҿлемді  еңбек  жасалынды.  М.Ҽуезовтің  шығармашылық 
мҧрасы жайлы ондаған диссертациялық жҧмыстар жазылды.  
1967-1969 жылдары М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының 
ғалымдары  М.Ҽуезов  шығармаларының  12  томдығын,  1979-1985  жылдары  20 
томдығын  жариялады.  1997  жылы  50  томдық  толық  жинағын  шығару  қолға 
алынды.  М.Ҽуезовтің  шығармашылығы  туралы  3.Ахметов,  Р.Бердібай, 
М.Мырзахметҧлы, Б.Қҧндақбайҧлы, Т.Жҧртбай, Т.Ҽкімов т.б. еңбектері жарық 
кҿріп,  кандидаттық  жҽне  докторлық  диссертациялар  қорғалды.  Институттың 
қатысуымен М.Ҽуезовтің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар мен 
ғылыми-теориялық конференциялардың материалдары «Мҧхтар Ҽуезов - совет 
ҽдебиетінің классигі» (1980), жазушының 90 жылдығына байланысты мерекелік 
шаралар  мен  ғылыми  конференциялар  материалдары «Мҧхтар  Ҽуезов  жҽне 
қазіргі заманғы ҽдебиет» (1989) жинақтары жарық кҿрді.
  

133 
 
М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының ҧйымдастыруымен 
2002  жылдан  бастап «Ҽуезов  оқулары» атты  халықаралық  ғылыми-
теориялық конференция дҽстҥрлі тҥрде жыл сайын ҿткізіліп келеді. 
1997  жылы  ЮНЕСКО-ның  шешімімен    М.Ҽуезовтің  100  жылдық 
мерейтойы  халықаралық  деңгейде  аталып  ҿтуіне  байланысты,  жазушы 
шығармашылығы туралы зерттеулер жаңа бағытта ҿріс алып, кҿптеп жариялана 
бастады. Баспасҿз бетінде жҥздеген материалдар жарияланды; ондаған зерттеу, 
естелік, кҿркем кітаптар жарық кҿрді. М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер 
институтының  ғалымдары  «Мҧхтар  мҧрасы  –  Наследие  Мухтара»  (1997  ж.), 
«М.Ҽуезов  ҥйі»  ғылыми  орталығы  «М.О.Ҽуезовтің  ҿмірі  мен  шығармашылық 
шежіресі»,  «М.Ҽуезов  туралы  естеліктер»  (1997  ж.),  «Мҧхтар  ҽлемі»  атты 
ҧжымдық 
кітаптар 
шығарды. 
Мерейтой 
қарсаңында 
шыққан 
М.Мырзахметҧлының «Ҽуезов жҽне Абай», «Восхождение Мухтара Ауэзова к 
Абаю»,  «Абайтану  тарихы»,   Т.Жҧртбайдың  «Талқы»,  «Бесігіңді  тҥзе», 
Р.Бердібайдың  «Мҧхтар  шыңы»,  К.Сыздықовтың  «Мҧхтартанудың  беймҽлім 
беттері», З.Қабдоловтың «Менің Ҽуезовім», З.Ахметовтің «М.Ҽуезовтің роман-
эпопеясы»,  Р.Нҧрғалидың  «Ҽуезов  жҽне  Алаш»,  Ҿ.Кҥмісбаевтың  «Мҧхтар 
Ҽуезов  жҽне  ҽдебиет  ҽлемі»  атты  еңбектері  М.Ҽуезовтің  ҽдебиеттегі  орнын 
арттырып,  ҽуезовтанудың  кҿкжиегін  кеңейте  тҥсті.  Тҽуелсіз  елдің  ҧлттық 
мҥддесі  тҧрғысынан  жазушы  шығармашылығын  жаңаша  бағалаған  тың 
еңбектер болды.  
Ҽ.Молдахановтың  «М.Ҽуезов  -  фольклортанушы»,  А.Тайжановтың 
«М.Ҽуезовтің дҥниетанымы» (орыс тілінде) т.б. атты еңбектерінде М.Ҽуезовтің 
жазушылық  дарыны  мен  ғалымдық  тҧлғасы  анықтала  тҥсті.  М.Ҽуезовтің 
туыстары  Г.Омарханова  мен  Ҽ.Ҽзиевтің  «Мҧхтар  аға»,  М.Ҽуезованың 
«Тҧңғышы едім ҽкемнің» атты естеліктер кітабында жазушының ҿмір жолына, 
жеке басына қатысты деректер мол айтылды.  
Жазушы К.Оразалиннің ―Абайдан соң‖ атты тҿрт кітаптан тҧратын романы 
-  (1982,  1987,  1989,  1995  ж.ж.)  М.Ҽуезовтің  тҧлғасын  кҿркем  туындыда 
эпикалық  кең  қҧлашпен  сомдаған  еңбек.  Д.Досжанның  «Мҧхтар  жолы»  (1998 

134 
 
ж.),  «Алыптың  азабы»  (1997  ж)  шығармаларында  М.Ҽуезовтің  ҧлы  тҧлғасын 
кҿркемдік тҧрғыдан бейнеленеді.  
2011 жылы  «Атамҧра» баспасынан "Мҧхтар Ҽуезов энциклопедиясының" 
жарық  кҿруі  -  ҽуезовтануға  қосылған  ең  бағалы  да  қҧнды  еңбек  болып 
табылады.  Редакция жазушының ҿсіп-ҿнген ортасы, айналасы, шығармашылық 
мҧрасы  мен  басқа  да  мҽселелерді  жан-жақты  қамтыған  3  мыңдай  мақала  мен 
500-ге  жуық   суреттерді жинақтаған. Энциклопедияға ҽр  тақырыпта мақалалар 
жазған авторлардың саны 200-ден асады.  
Осы  жылдың  тағы  бір  ҥлкен  жетістігі  –  М.Ҽуезовтің  50  томдық 
академиялық  шығармалар  жинағының  кҿп  жылғы  еңбектің  соңғы  50-томы 
жарық кҿруі еді.
 
 
Қазақстан  тҽуелсiздiк  алған  жылдардан  бастап  ҽуезовтану  саласында 
жазылған  зерттеу  еңбектерiнiң  бағыт  бағдары  да  ҿзгерiп,  ғылыми  тҧрғыдағы  
ҧлттық  таным  негiзi  шешушi  орынға  шыға  бастады.
 
Кеңес  дҽуірі  кезеңіндегі 
социалистік  реализм  тҧрғысынан  ғана  тар  шеңберге  салып  қарастырған 
мҧраларды  бҥгінгі  кҥні  тҽуелсіз  қазақ  елінің  ҿзіндік  кҿзқарасымен  бағалау 
дҧрыс  жолға  қойылды.  Коммунистік  идеологияның  ҽсерімен  жазылған 
шығармалар  жаңа  тҧрғыда  қарастырылып,  М.Ҽуезов  шығармаларындағы 
тҽуелсіздік идеясының кҿрініс табу принциптері мен ҽдістері кҿрсетілді. 
Осындай бағытта жарық кҿрген «М.О.Ҽуезов жҽне қазіргі қазақ ҽдебиеті» 
(2009  ж.),  «М.Ҽуезов  шығармашылындағы  тҽуелсіздік  идеясы»  (2011ж.)  атты 
ҧжымдық  монографияда  М.Ҽуезовтің  кҿркем  туындыларындағы  ҧлттық  идея, 
тҽуелсіздік  тақырыбы  тарихи  жағдай,  қоғамдық  оқиғаларға  қатысты  ғылыми 
тҧрғыдан зерделенеді. 
Мҧхтар  Омарханҧлы  Ҽуезовтің  даналық  парасатын  жан-жақты  ашуға 
арналған  Д.Қонаевтың,  С.Майлыбаеваның,  Ҽ.Қуанышбаевтың  қҧрастыруымен 
«Мҧхтар  Ҽуезов  туралы  естеліктер».  2-басылымы  (Алматы,  2007), 
З.Қобдоловтың  «Дана  дидар».  Романдар,  жолжазбалар,  аудармалар.  (Астана, 
2009  ж.),    Д.Байқадамованың  «Мен  білетін  Ҽуезов»  (Алматы,  2006)  атты 

135 
 
естеліктер  кітаптары  жазушының  адамдық,  азаматтық,  қаламгерлік,  қоғамдық, 
қайраткерлік тҧлғасын таныстырады. 
Г.Пірҽлиева  «Қазіргі  мҧхтартану»  (Алматы,  2014)  атты  монографиясында 
ҽуезовтану  ғылымының  қалыптасуына  ҥлес  қосқан  ҽдебиеттанушы  ғалымдар 
еңбектеріне талдау жасайды.  
М.Ҽуезов  шығармашылығын  жоғары  оқу  орнында  оқытуға  арналған 
Е.Кҥзембаевтың 
«Мҧхтартану», 
А.Картаеваның 
«Мҧхтар 
Ҽуезовтің 
шығармашылық  ҽлемі»,  Н.Рахманованың  «Ҽуезовтану  дҽрістері»  атты  оқу 
қҧралы жазушы мҧрасын жаңаша таныммен танытады.   
 Мектепте  М.Ҽуезов  шығармашылығын  оқытуды  тҧтастай  қарастырып, 
іргелі  еңбек  жазған  белгілі  ҽдіскер-ҧстаз  Қ.Бітібаева  «М.Ҽуезов  туындыларын 
мектепте  оқыту»  атты  оқу  қҧралында  ҧрпақ  санасына  Ҽуезов  тағылымын 
сіңіруді  мақсат  етіп,  жазушы  шығармашылығын  оқытудың  тиімді  жолдарын 
ҧсынады.  
Ҽдебиеттану ғылымының кҿрнекті бір саласы ҽуезовтану  ауқымы кҥннен-
кҥнге  кеңейіп,  қанатын  жайып  келеді.  Алғаш  1917  жылдан  басталған 
ҽуезовтану  ғылымының  100  жылға  жуық  тарихы  бар  кең  арналы  салаға 
айналып  отырғанына    куҽ  болып  отырмыз.  М.Ҽуезовтің  ҿмірі  мен 
шығармашылығын  зерттеу,  тану,  насихаттау,  келешек  ҧрпаққа  таныту  -  кезек 
кҥттірмейтін  келелі  мҽселелердің  бірі.  Ҽуезовтану  ғылымын  одан  ҽрі  дамыта 
тҥсу – бізге қойылар басты міндет.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Ҽдебиеттану. Терминдер сҿздігі / Қҧраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – 
Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. 
2.
 
Ахметов З. Суреткердің биік нысанасы. // Қазақ ҽдебиеті. - 1992, 23 
қазан. 
3.
 
Дҽдебаев Ж. Мҧхтар Ҽуезов. – Алматы: Рауан, 1991. –186 б. 
4.
 
https://kk.wikipedia.  

136 
 
КЕЛГЕМБАЕВА Б.Б. 
 
 «ЖҤРЕГІМНІҢ СОҒЫСЫ ЖЫРЫМДА ТҦР...» 
(Дҽулектерей Кҽпҧлының поэзиясы хақында) 
 
Ақындық  –  Алланың  пҽрмені.  Алланың  бҧйыртуымен  қара  тасты 
тілімдейтін  ҿткір  тіл,  қияндағыны  шалатын  ҧшқыр  қиял,  телегей  терең  ақыл 
берілмек  хас  жҥйрікке.  Ақындық  –  тағдыр,  пенденің  пешенесіне  жазылар 
қасиетті    жазу.  Хақтың  қалауымен  тҥйір  ҿлең  Дҽулеткерейдің  де  таңдайына 
дарыпты...  Ал  пешенесіне    атаның  қаны,  ананың  сҥтімен  сіңген  бекзат  ҿнерге 
адал болуды  бҧйыртыпты...  
Жҿргегінен  ж
ыр  уызына  жарып  ҿскен  жігітті  айтыс  жҥйріктері  «Егеухан 
анаң тойғызған, Ҿлеңге сені жҿргекте...» деп ҽспеттесе, а
қынның
 
ҿзі де жҧмыр 
басты пенденің бҽріне бҧйыра бермес ҿнер бақытына 
разы кҿңілмен:  
Анамды айтып кеттің ғой, 
Қулықтан туған қҧбаша, 
Ененің сҥтін еметін.  
Анамды айтып жатырсың, 
Мҽңгілік менің ақылшым  
Мейірім нҧрын тҿгетін, - дейді. 
Дҽулеткерейдің  ҽкесі  Кҽп  а
қсақал  да 
ақын.  Ошағында  жыр  оты  лаулаған 
ақын  баланың  ата-анасы  бірдей  ақын  болуы  сирек. 
Дҽулеткерейдің  ақын 
болмасқа  ҽддісі  жоқ.
  А
қындық  оның  пешенесіне  жазылған.  Дейтініміз 
сондықтан. 
«Дарын»  Мемлекеттік  Жастар  сыйлығының   лауреаты,  Қазақстан 
Жазушылар  Одағының  мҥшесі  Дҽулеткерей  Кҽпҧлы  –  айтысқа  тоқсаныншы 
жылдардың бел ортасында келген кең тынысты, еркін ойлы, тҽуелсіз рухты жас 
буын  ҿкілі.    Бойында  бахадҥр  бабалардың  бҧла  қаны  бар  ҿр  рухты  жігіт  жай 
оғындай  жарқ  етіп  бірден  кҿзге  тҥсті.  Тҧяғының  дҥбірі  алыстан  естілер 
ақтаңгер ақынның сол жылдардағы 
Мҧхаметжан, Мэлс, марқҧм Оразалы сынды 

137 
 
айтыстың  жас  перілерімен  сҿз  сайыстары  алты  алашқа  аңыз  боп  тарады.
 
Дҽстҥрлі  ҿнер  додасына  тҥскен  сҽттердегі  тҧшымды  сҿздері,  орайлы  ойлары 
елдің  жҥрегіне  жетіп,  санасында  сақталды,  рухын  оятты,  намысын  қыздырды. 
Ойдың парқы, сҿздің нарқы артты, айтыс тілі айшықтана тҥсті.  
Дҽулеткерейдің  айтыстағы  ҿнері  жайлы  Мырзатай  Жолдасбеков  былай 
дейді: «Қазіргі заман айтыскерлерінің тағы бір ерекшелігі – ҽр дҽстҥрді бірдей 
меңгерген  ақындар  шыға  бастады.  Бҧл  ретте  Шығыс  пен  Батыстың  дҽстҥрін 
қатар ҧстанған Дҽулеткерей Кҽпҧлын ерекше атауға болады»  1 . Шын мҽнінде 
Дҽулеткерейдің Шығыстағы Дулат, Жанақ ақындар жҥгінген қасиетті қара ҿлең 
мен  Батыстағы  жыраулық  ҥлгі,  Сҥгірдің  дҽстҥрін  ҽдемі  ҥйлестіре  білетін 
шеберлігіне ҽр айтыстарында куҽ болып келдік.   
Қазақылықтың  қаймағы  бҧзылмаған  Байҿлкеде  туып,  аңыз  Аягҿздің 
бойында жетілген, Алматыдағы білімнің қара шаңырағында ғҧламалардан дҽріс 
алып, зерделі баладан зиялы жасқа айналған Дҽулеткерейдің Мені – қазақ, Мені 
– ҧлт.  Ақын ҿз басының мҧқтажын сҿз етуге пейіл емес,  ҽрдайым елдің мҧңын 
мҧңдауға  бейім.  Оның  дҽлелін  айтыс  тҿрінен  айтылған  ҽрбір  шумақ,  ҽрбір 
жолынан  тауып  келтіре  беруге  болады.  Қарсыласымен  сҿзбен  найзаласу,  ой 
жарыстыру,  кҥш  сынасуларының  арасында  еркін  кҿсіліп,  тереңнен  толғап 
айтатын  ҧлттың  арғы-бергі  тарихы,  ҿткеннің  сабақтарын  кейінгіге  тҽлім  етуге 
бейімділік,    ойшылдық  сана  онда  басым.  Мҽселен,  отаршылық  дҽуірінің 
шындығын: 
Кешегі кер заманда, ел қамауда 
Ерлерімнің қылышы қында кетті. 
Қарғыланған тҿбеттей елді талап, 
Бір сатқынның бҽлесі мыңға жетті. 
Ҧлыңның тҧрпатынан тҧлға кетті, 
Сҧлудың қҧлағынан сырға кетті. 
Арбалмаған алаштың нары қалмай, 
Тал қармаған талайлар суға кетті. 
Жҧлын қҧрттай жҧлынып ердің басы,  

138 
 
Туырлықтай далаңды тулақ етті.  
Ҿз несібең бҧйырмай ҿз аузыңа,  
Сары табақтың сарқытын қҧл дҽметті, 
-деген сҿздермен ҿрнектеді. Бҧл заманның зарын толғаған Дулаттың Барақ 
тҿреге қарата айтылатын:  
Қазіргі қазақ ҧлығы 
Жаман иттен несі кем? 
Жемтік, кҿрсе қан кҿрсе, 
Айрылар мҥлде есінен... 
Сендер атқа мінген соң, 
Тандыр болып суалды  
Шалқар кҿлдей несібем! 
-деп  келетін  қаһарлы  сҿздерімен,  болмаса  кер  кеткен  заман  келбетін 
бейнелеген: 
Бҽйбіше – тантық, ханы – арам, 
Бозбаласы бошалаң,  
Қырсыға  туды  қыз  балаң,  -  деген  у  мен  зарға  толы  жолдарын  ойға 
оралтады.   
 Ел  бірлігі  мен  бҥтіндігі  жайын  сҿз  еткенде  қарсыласы  Мҧхаметжанға 
Дҽулеткерей былай дейді:   
Ҽрине, бҥтіндігін ойлап жатсың 
Тҽуелсіз Қазақстан тҧғырының. 
Сол тҧғырды сақтайтын қалың қазақ, 
Танытпасаң ішіңнен тірілігің. 
Ішіңнен ірір болса ірілігің, 
Ҿлерсің ажалыңнан кҥні бҧрын. 
Қазіргі айтыстағы мҧндай ҥрдіс тыңдарманына ой тастап, ҿмірдегі қҧнды 
мен  қҧнсыздың,  мҽнді  мен  мҽнсіздің,  жақсы  мен  жаманның  парқын  ҧғынуға 
жетелейтіні сҿзсіз. Шын ақындар жеке басын кҥйттемей, елінің ертеңімен ҿмір 
сҥреді, халқының  мҧңын  мҧңдап,  жоғын  жоқтайды, ҿзінің бақытын халқының 

139 
 
жарқын  болашағынан  кҿреді,  ру  атынан  емес,  ҧлт  атынан  сҿз  сҿйлейді. 
Дҽулеткерей ақын да ат тҿбеліндей аз ғана топтың сойылын соғушы емес, арда 
қазақтың  сҿзін  сҿйлеп,  намысын  жыртушы  ҿнерпаз  ретінде  танылды, қаймана 
қазаққа. 
Ҿміріміздің  ҿзекті  де,  толғақты  мҽселелерін,  шетін  тақырыптарды,  ҿткір 
проблемаларды  бейне  тамыршыдай  дҿп  басып,  батыл  айту  –  ойы  ҧшқыр,  сҿзі 
мерген  Дҽулеткерейдің  тҿл  мінезі.  Оның  ана  тілінің  тағдыры,  мҽдени  мҧраны 
сақтау,  халқымыздың  демографиялық  ахуалы,  табиғаттың  кҿркем  сҧлулығын 
сақтай  білу,  тарихи  ескерткіштерді  қорғау,  халықтық  жақсы  дҽстҥрлерді 
дамыту,  ел  ішіндегі  дарынды  ҿнер  иелеріне  назар  аудару  жайындағы  ойлары 
кҿптің  кҿкейінен  шығып,  ҧлт  болып,  ҧлыс  болып  ҧйысып,  ҧлы  істерге 
ҥндеуімен ерекшеленеді: 
Экология ҿртінің ҿршіп кетіп, 
Каспийдің бар аймағын шарпуын-ай. 
Қадалған қақ жҥректен шаншуын-ай. 
Кҿр қазғандай кҿл тҥбін ҥңгіп жатқан 
Келімсектер кеніңді аршуын-ай. 
Тіршіліктің тамырын қияды екен 
Теңізге тамып кеткен тамшы мҧнай.  
Жҥректен  шықпаған  сҿздің  жҥректерге  қонақтамайтыны  да  белгілі. 
Дҽулеткерейдің  айтыстағы  қҧнарлы  да  бейнелі  тілі  ерекше  кҿз  тартады.  Сҧлу 
сҿзден  сарай  соққан  ақынның  халықтық  тілдің  байлығын  арттыруға,  тілді 
ҧстартуға қосқан ҥлесі елеулі: 
Саумал жыр – сіргежияр алып келдім 
Сарыарқа – сҽнді алқаптан, дҽнді алқаптан. 
Немесе: 
Жасымнан уыз ӛлең ҧртқа жаққам, 
Сыбаға дҽметпеймін сырт  табақтан.  
Мҧндай сыры мен сыны келіскен сҿз-образдардың небір ҥлгісін ақынның 
айтыстарынан кҿптеп келтіруге болады. Айтыс жанашыры, айтыскерлердің бас 

140 
 
бапкері 
Жҥрсін  Ерман  ақын  інісінің  ҿнердегі  бет-бейнесі  жайлы:    «Кҿшпелі 
ҿркениеттің  бел  баласы  болғандықтан  Дҽулеткерей  –  тілге  шешен  де  шебер. 
Бҧл  да  оның  ҿзге  ақындардан  бір  ерекшелігі.  Бізге  белгісіз  архаизмдердің 
(бҽлкім  диалектілердің)  ҽр  шумақтың  ҿн  бойынан  жҧмбақ  жалаулап,  ҿлеңнің 
айбаты мен арынын асыра тҥсетіндігі де сондықтан...» 2 , - дейді.  Бҧл сҿздерге 
алып, қосарымыз жоқ.  
Дҽулеткерейдің  айтыстары  эстетикалық-кҿркемдік  жаңашылдыққа  ие. 
Оның айтыстарының кҿркем тілі, ерекше сҿз қолданыстары дҽмді сҿздің ділгірі 
тыңдарман қауымның таңдайын тҧщытты.  
Оның  жазба  поэзиядағы  ҿзіндік  ҥніне  қҧлақ  салсақ  та,  кешегі  жыраулар 
мен  сҿз  сҥлейлерінен  мҧраға  қалған  ерекше  ҽуен,  таза  далалық  сазға 
тҧщынамыз. Кешелері жыр ҽлеміне Ол балғын ҥнімен: 
Ал, мен болсам, теріскейінде Алтайдың,
 
Марқа қозы даусыменен марқайдым. 
Таң кҥзетте шҧрқырата жылқы айдап, 
Жалқы мҧңын тыңдап ҿстім жарты Айдың
 -  деп  келген-ді. 
Бҥгінде  оның  алдаспан  жырлары  «Жыр  тҽңірі»,  «Ҿлеңге 
ҽркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік 
тҧмалары»,  «Тҽуелсіздіктің нҧрлы  таңы»,  «Шабыт»,   «Жидебай»,  «Жанартау», 
«Азаттық  таңындағы  азат  жыр»  т.б.  қазақ  ақындарының  біріккен  жыр 
жинақтарында,  «Сҥтті  іңір»  (2007),  «Бҥлдірген  ағып  тҥскенше»  (2011), 
«Бҿрісырғақ»  (2014)  атты  жеке  жыр  жинақтары  арқылы  оқырманына  жол 
тартты.  Дҽулеткерейдің  жазба  позиясы  қаймана  қазақтың  қамы,  ордалы 
жҧрттың  жайына  арналған  азаматтық лирика.    Дҽулеткерейдің  ҧлтжандылығы 
ақындығы  секілді  талбесіктен  беріліп,  тҽрбиесіне  сіңген.  Ҿз  жерінде  жетім 
ҧлдың кҥйін кешіп, жалтаңкҿз кҥн кҿріп жҥрген ҧлты жайлы шындықты:  
Тастан да тасқа секіріп,  
Тауда бір ойнар кекілік. 
Біздің елде... жалғыз ғана жетім ҧлт, 
Сен ешкімге айтпа, кекілік! 

141 
 
Кекілін самал сҥйген қҧс, 
Тау тҧғырында билер қҧс. 
Бҧратаналар – хан ҧлындай шіренген, 
Мен Қазақ боп қалдым – именгіш, - деп ҿрнектейді. 
Дҽулеткерейдің поэзиясы – ерекше тереңдігімен баурайды. «Қыздырманың 
қызыл сҿзіне» ҥйірсектік оның қаламынан сырт.  Талғампаз ақын тек тереңдікті 
таңдайды.  Ҽсіресе,  адам  жанының  терең  сырларын,  қҧпия  қалтарыстарын 
игеруге, адам-жҧмбақтың ішкі ҽлемін безбендеуге тым шебер. Ақын «мені» ҿз 
дҽуірінің  қуаныш-қайғысымен,  кҥйініш-сҥйінішімен    терең  астасып,    биіктей 
тҥскен: 
Толыбай да жоқ заманда, Кҥреңбай да жоқ,  
Қазанат тҧқым кеттің бе кілең майда боп? 
«Ҽбдіғайса шал жасаған ауыздықпенен, -  
Ауылға барсам, іздеймін, - жҥген қайда?» - деп... 
Заманның мынау жеткендей заңды асқарына, 
Кҿшпелі кербез тірліктен мҽн қашқаны ма? 
Сҧлу жорғаны ҽспеттеп сҿйлеп қайтейін 
Сҧлы дорбаны білмейтін қандастарыма?! 
 
Бабын тапсам ба деп едім бабамдай жырдың
Бҥгінде жҥйрік мінбедім, соған қайғырдым. 
Атам басына барар ем, білмеймін, қайда, 
Алаяқ аттың басына бара алмай жҥрмін!  
Аттың жалын тартып мініп, ҥзеңгіге табан тіреген қазақтың айбары астам, 
мерейі  ҥстем  еді,  бір  кездері...  Қазақ  жауды  жасқар  айдыны  мен  айбынынан 
аттан  тҥскен  кҥні  айрылған  дейді  ақын  тҥйсігі.  Сҽйгҥліктің  сынын  шаппай 
танитын  сыншы  да,  жігіттің  сырын  зерделер  зерек  адамдар  да  селдіреп  бара 
жатқаны  да  ащы  шындық.    Бҧл  –  қазақты,  қазақтықты,  ҧлттық  рухты  аңсау. 
Сарыарқада  еркін  жортқан  ерте  кҥндерді  сағынып,  Кҿкбҿрінің  айға  қарап 
ҧлуындай бір алапат сезім: 

142 
 
Кҥрсіне айтып жҧртқа жырымды, 
Естідім ҥнін Ҧмайдың. 
Тҥркіден қалған тҥпқазығымды 
Қҧшақтап тҧрып мҧңайдым. 
 
Бабамның бағзы кҥлтҿкпесіне 
Айналып қайта соғайын. 
Жҥрегім сонда бҥлк етпесіне 
Сезік келтірме, ағайын!.. 
Ақын  тарихты  ҧлттық  мҥдде  тҧрғысынан  сҿйлетеді.  Сағымға  жҧтылған 
кҿненің  бҽрі  қазіргі  заман  шайырының  жан  ҽлемінде  тірі  қалпында  тыныстап 
тҧрғандай: 
Мен – Алтайдан аққан Қобдамын
Арнама асып толғамын.  
Дастан да қылған тарихын, 
Тастан табылған олжамын... 
Мен – Жҽнібек мінген кҿк дҿнен, 
Жоңғармен жойқын ҧрыста 
Абылай ханның алдына  
Тартылған кесе-кҿлденең. 
Мен – Кҥлтегін бабамның 
Моласының тасы едім. 
Қазақ деген халқымның 
Тарихының бас едім 
Мың жылдан кейін сҿйлеген! 
Дҽулеткерейдің туған ел мен туған жер туралы жҥрекжарды жырларының 
бҽрі  Алтайдың  шыңдарындай  асқақ,  Сарыарқаның  даласындай  кең  жазира. 
Балғын  шағында  ата-анасымен  бірге  тҥп  тамырын  іздеп  келген  ақын  ініміз 
кіндігінің қаны тамған киелі ҿлкені қия қоюы да екіталай. Ақынның туған жері 
–  Байҿлкеге  арналған  ҿлеңдері  елге,  жерге  деген  ҿз  сағынышы  ғана  емес, 

143 
 
алмағайып замандарда ата қонысынан амалсыз ажыраған кҥллі қазақ халқының 
басынан кешкен сартап сағынышты лирикалық сазбен ҿрнектеген туындылар: 
Алтайдан Кҥн кҿтерілді, 
Ақ бесік – нҧр мекенімді еске сап. 
Қайқы бас ер мен бірге тебінгі
Есіме тҥсті-ау ескі ошақ, 
Менің айбалта тҿзімімді тҿске сап!  
Немесе: 
... Кҿкше кҿңіл жон жайлауға кҿсіліп, 
Кҿкбастауға ҽкем қонған ірге ҿшкен. 
Шіркін, Алтай, бері болсаң «сызықтан», 
Қансонарда алтайыңды ілмес пе ем?! 
Кҿксоқтада кҿктемірге мінгеспей, 
Кҿкжорғаның жотасында жҥрмес пе ем?!  
Ақын  «сызықтың»  ар  жағында  қалған  туған  жердің  ғажайып  суреттерін 
санасында жаңғыртқанда ҿзінің сҽби шағын кҿргендей кҥй кешеді. «Ахмет пен 
Жҥніс қажы» деп басталатын ҿлеңіндегі Алтайдан ауып Анкараны мекен еткен 
қос лирикалық персонаждың  басындағы хал бір кездері туған жерінен амалсыз 
ажыраған кҥллі ата-бабалардың қайғылы жайын еріксіз ойға оралтады. Жалпы, 
нағыз  бірдің  мҧңын  айта  отырып,  мыңның  басындағы  ахуалды  сҿз  ету, 
жалқының жҥрек тҥкпіріндегі сезім сырын бейнелеу арқылы жалпының жҥрек 
қылын тербету нағы ҿнер туындысына тҽн қасиет екені белгілі.  
Ахмет пен Жҥніс қажы, 
Тағдыр емей кім ҧстазы?! 
Анкарада кҽрілік кешкен, 
Алтайда ҿтіп кҥміс жазы.  
 
«Шилі ҿзенім, қамыс-ай» деп 
Ҽнге басты жарыса-ай кеп. 
Жас сорғалап сақалынан

144 
 
Самайының ағы сҿйлеп. 
 
Қҧмыл қайда, Алтай қайда, 
Кҽрі кеудең зар толғай ма?! 
Туған жердің боз жусаны 
Татыр ма енді бал таңдайға?!  
Алтайдан ауған қос қарияның туған жерді аңсауы, жҥрекжарды сағынышы 
лирикалық кейіпкердің ішкі ҽлеміне де жат емес: 
... Сағынышы, қҧр сҥлдері, 
Кҿк Тҽңірдің тылсым демі. 
Жҥрегімді жылатпашы, 
Қос қажының кҥрсінгені.   
Қай  заман,  қай  қоғамда  да  ақын  жҥрегіндегі  мҧңын,  кҿңілдегі  шер, 
кҿзіндегі жасын – жырына тҿкпек. Дҽулеткерей ақын да: 
Қара ҿлең – қайғым, кҿз жасым, 
Шемен шерімді қозғасын. 
Атанның жҥгін кҿтерер –  
Атамның жыры болғасын! – дейді.  
Мен  ҥшін  Ақын  –  ар,  намыс,  жігер  деген  сҿздердің  синонимі.  Ақын  – 
замана  перзенті  болса,  оның  ой  кҿрігінде  қорытылып  шыққан  кҿркем  сҿз  – 
уақыттың  айғағы.  Ҽлмисақтан  бері  адами  мінез  бен  ақындық  мінез  ажырамас 
бірлікте. Ақынның жаратылыс табиғаты қалай болса, ҿлеңі де сондай. Шынайы 
ҧлт  ақыны  –  еш  қалыпқа  сыймайды,  бҧғау  мен  ноқтаға,  тҧсау  мен  арқанға  да 
кҿнбейді.  Асау  да  тарпаң.  Қарағайдың  қарсы  біткен  бҧтағындай  қайсар. 
Осындай қайсарлық пен тарпаңдықты Дҽулеткерейдің ҿзінен де, ҿзегін жарып 
шыққан ҿлеңінен де кҿреміз: 
... Жолымды бірақ бермеймін тҧлпарға нағыз, 
Қалжың деп ойлап, шынымнан кҥлкі ауламаңыз. 
Шын жҥйрік озып алады ҿресі жетсе, 
Арыңның аппақ жолынан бҧлтармасаңыз. 

145 
 
 
Жолымды бірақ бермеймін қыранға текті, 
Тырна емес болса кҿшпейтін тыраулап кҿкті. 
Қҧзғындай қҧлдиламасын ҿлексе кҿрген, 
Қос жанарында тҧрса егер Кҥн аунап кекті.  
... жалғанның мынау жамалы ерікті арбаса, 
Кереметіне кҿз жетер кҿріп-барласа. 
Жол берем бірақ, ажалға алдымнан ҿтсін, 
Қасқа маңдайдан қасқайып келіп қалмаса!.. 
Нағыз еркектік мінез! Тамырындағы тарпаңдықтың танылуы. Қазанат қана 
шыдас  берер  ҿнер  жарысына,  азамат  қана  тҿзер  ҿмір    бҽйгесіне  тҥскендегі 
нағыз  ақынның аузынан шығар сҿздер бҧл!  
Халықтың  дҽстҥрлі  ҿнерін  тҧғыр  етіп,  дегдар  жыр  кҿгіне  самғаған 
ақынның  шумақтарынан  қҧс  жолындай  сайрап  жатқан  Ақан  серінің 
сыршылдығын,  Иманжҥсіп  пен  Мҽдидің,  Біржан  салдың  ҿр  ҥнін  естігендей 
боласың.  Қазақы  ортада  сегіз  қырлы  бір  сырлы  жігіт  болып  қалыптасқан 
ҿнерпаздық  болмысынан  да  сол  серілер  мен  салдардың    жҧрнағы  екені 
андағайлап  танылып  тҧрады.  Олай  дейтініміз,  ақын  жігіттің  атбегілігі, 
кҥйшілігі, ҿрімшілігі, аңшылығы қазақ халқының рухани ҽлемінің кҿрінісі ғана 
емес, жҥйрік ат, қҧмай тазы, алғыр бҥркіт ҧстаған серілер сҥрлеуінің жалғасы 
ретінде дербес ҽңгімеге тақырып болардай. 
 
«Жҥрегімнің  ішіндегі  Қазаққа,  Ғҧмырымды  сыйлағам!»  деп  Дҽулеткерей 
ақынның  ҿзі  айтқандай,  Ақынның  ғҧмырының  Қазаққа  сый  етіп  тартылғаны 
қандай  ақиқат  болса,  Қазақтың  ҧлы  жҥрегінен  ақынның  орын  алуы  да  айдай 
ҽлемге  танылған  шындық.    Кҿненің  сарқытындай  киелі  ҿнер  айтыс  пен  жазба 
поэзияны  егіз  ҿрімдей  ҿміріне  ҿзек  еткен  жақсы  інімізге  ҿнеріне  тҽнті, 
марқайған  кҿңілмен  жырсҥйер  қауымды  жауһар  жырларымен  қуанта  бер 
дейміз,  ал  Алаш  жҧртына  бҧл  қуаныш  ҧзағынан  болсын  деп  ниет  білдіреміз! 
Лайым солай болсын! 
 

146 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1  Жолдасбеков  М.  Алғы  сҿз  /  Қазіргі  айтыс.  Қҧраст.  Нҧрахметҧлы  И., 
Дҥйсенғазин С. – Астана: «Кҥлтегін» баспасы, 2004. – 1 кітап. – 312 бет. 
2.  Ерман  Ж.  Алдаспан  ҿнердің  аяқ  алысы  //  Қазақ  ҽдебиеті.  –  28  наурыз. 
2001.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет