БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет18/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

Литература
 
1.
 
Ахметова  Д.,  Гурье  Л.  Преподаватель  вуза  и инновационные  технологии.  // 
Высшее образование в России. – 2001. – №4. – С. 138-144. 
2.
 
Дмитриенко  В.,  Куликов    С.  Концепции  подготовки  специалистов  для 
современной науки // Высшее образование в России. – 2007. – № 8. – С. 141-143. 
3.
 
Дубовицкая  Г.Д.  К  проблемам  диагностики  учебной  мотивации  //  Вопросы 
психологии. – 2005. – №1. – С. 73–78. 
4.
 
Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе (методология, цели 
и содержание, творчество): Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений. 
– 
М.: 
Издательский центр «Академия», 2002. 

 226 с. 
 
Егзалиева А.Б, Черемухина О.В., Тогжанова А.К. 
Заманауи жағдайда экономикалық пәндерді оқыту  методикасының 
ерекшеліктері 
 
Мақалада  экономикалық  пәндерді  оқытудың  мағынасы  мен  ернкшеліктері, 
оқыту  методикасының  негіздері,  оқытудың  әдістері  қарастырылған,  сонымен 
қатар қоғамдық пәндерді оқытудың негізгі формалары қарастырылған. 
Тірек  сөздер:  Оқыту  әдістемесі,  экономикалық  білім,  оқытудың  тиімділігі, 
діріс, оқу әдістемесі, интегралдық оқыту, пәнаралық байланыс. 
 
Egzaliyeva A.B., Cheremukhina O.V., Togzhanova A.K. 
Features of the Technique of Teaching Economic disciplines in modern 
conditions  
 
In  this  article  value  and  features  of  teaching  economic  disciplines  are  considered, 
training technique bases are opened, modern bases and campaigns of teaching are shown, 
the main forms of educational process in teaching social sciences are considered. 
Keywords:  А  teaching  technique,  economic  education,  learning  efficiency,  lecture, 
training methods, the integrated training, intersubject communications. 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
128 
ӘОЖ: 796.417 
Ерниязов О.Н. – оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Шандозтегі А.Т. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: Planeta_79@mail.ru 
 
СПОРТТЫҢ АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН 
ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Аңдатпа.    Мақалада  спорттың  жас  ұрпақтың  психикалық  процестерінің 
дамуындағы алатын рөлі сипатталған. Спортпен айналысу кезіндегі адамның өзін-
өзі  сезінуі  мен  уақытты  қабылдау,  шығармашылық  ойлау,  зейін  және  есінің  даму 
ерекшеліктері туралы ақпарат берілген. 
Тірек  сөздер:  Спорт  психологиясы,  дене  тәрбиесі,  қозғалыс,  стресс, 
психикалық  процесс,  зейін,  уақытты  қабылдау,  шығармашылық  ойлау, 
эмоционалдық ес. 
 
Қазіргі  уақытта  біздің  қоғамымызда  жас  ұрпақтың  жан  және  тән  саулығын 
сақтау,  оны  дамыту  мәселесі  негізгі  міндеттердің  бірі.  Спортпен  және  дене 
тәрбиесімен  айналысатын  жастардың  санының  артып,  көпшіліктің  спортқа  бет 
бұруына байланысты спортшыларды даярлайтын мамандар мен дене тәрбиесі пәнінің 
мұғалімдерінің  спорт  психологиясын  терең  білуі  қажет.  Бұл  жас  буынның 
денсаулығын  сақтауға  және  жоғары  білікті  функционалды  сауатты  мамандарды 
даярлауға үлкен талаптар қояды.  
Қазіргі  таңда  салауатты  қоғамды  қалыптастыру  маңызды  сипатқа  ие.   Бүгінгі 
болашақ  мұғалімді  дайындауда  олардың  салауатты  өмір  сүру  мен  денсаулық,  дене 
мәдениеттерін  өздері  игермей  тұрып,  балалардың  дене  тәрбиесін  жүзеге  асыру 
бойынша  білімдерін  қалыптастыру  күрделі  мәселе.  Яғни,  оларды  білікті  маман 
ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның  денсаулығы жеке 
байлық  қана  емес,  ол  сондай-ақ  халқымыздың  білім  және  экономикалық  қуатының 
өсуі үшін де қажетті шарттарының  бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты - 
мәдени орта, салауатты өмір салты.  
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Салауатты әрі гүлденген экономика 
құрмайынша,   біз  қуатты  мемлекет  пен  қарулы  күштер  құра  алмаймыз,  демографиялық, 
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының 
қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», - деген болатын [1, 2 б.]. 
Білім  беру  жүйесінің  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  дене  тәрбиесі  арқылы 
салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар 
бар,  мәселен:  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1998  жылғы  18  мамырдағы 
«Халық  денсаулығы»  атты  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасының 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  «Салауаттану-денсаулықты  сақтау»  бағдарламалары. 
Бұл  құжаттардағы   негізгі  мәселенің  бірі  –  дене  тәрбиесі  арқылы  салауатты  өмір 
салтын  қалыптастыру,  жастар  тәрбиесі.  Сондықтан  да  болашақ  мұғалімдерге 
қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде 
жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан 
тыс  қалмауы  қажет.  Дене  тәрбиесі  сабағындағы  сауықтыру,  білімдік,  тәрбиелік 
міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани 
жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.  
«Тәні  саудың  –  жаны  сау»  демекші  адам  тәнінің  саулығы  мен  жанының 
саулығы  өзара  тығыз  байланыста.  Сол  себепті  де  адамды  жан-жақты  үйлесімді 
дамыған  тұлға  ретінде  қалыптастыру  үшін  ой  еңбегі  мен  дене  еңбегі  ауыстырылып 
отырады.  Бұл  жас  ұрпақты  оқыту,    тәрбиелеу  және  спортсмендерді  даярлау 
үдерісінде маңызды орын алады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
129 
Спорт  психологиясы  –  жарыс  және  дене  жаттығулары  әрекетіндегі  адам 
психикасының  білінуі  мен  дамуының,  сондай-ақ  топтық  өзара  әрекеттестіктердің 
заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының 
қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге 
жетуіне  жағдай  жасау  ғана  емес,  сонымен  қатар  спортшы  тұлғасын  жан-жақты 
үйлесімді  дамыту,  оның  жалпы  және  психологиялық  мәдениетін  көтеру  болып 
табылады.  Спорттық  жарыстардың  алдында  спортсмендердің  психикасын  сол 
үрдіске  бейімдеп  жаттықтыру  және  бәсекелестік  мәселесінен  жеңімпаз  ететіндей 
нұсқалармен  қаруландыру.  Жарыс  барысында  өзін-өзі  билеп,  басқара  алатын 
дәрежеге машықтандыру. Психологияның басқа да көптеген бағыттары секілді спорт 
психологиясы  XX  ғасырдың  60-70-жылдарында  қауырт  дамыды.  Бастапқыда  бұл 
саладағы  негізгі  зерттеулер  спортшылардың  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін, 
спорттық 
жаттығулардың 
нәтижелілігін 
арттыру 
амалдарын 
зерттеуге 
жұмылдырылды.  Қазіргі  уақытта  спорт  психологиясы  зерттейтін  мәселелер 
анағұрлым  көбейді.  Спорттың  әр  түріне  орай,  жалпы,  педагогикалық,  жастық  және 
әлеуметтік  психологияның  жетістіктері  ескеріле  отырып  арнаулы  жаттығу 
кешендерінің  бағдарламалары  жасалуда.  Олар  спортшылардың  физикалық,  сондай-ақ 
психикалық  жаттыққандығын,  эмоциялық-еріктілік,  этикалық,  моральдық-адамгершілік 
және  ұжымдық  дайындалғандығын  кемелдендіруге  бағытталады  [2,  102  б.].  Спорт 
психологиясында  қозғалыс  дағдылары  мен  біліктерін  нәтижелі  қалыптастырудың 
заңдылықтары, күш, төзімділік, ептілік көрсеткіштерін жетілдірудің әдістері біршама 
егжей-тегжейлі зерттелген және зерттел үстінде. 
Бұл  зерттеулерде  спортшылардың  арнаулы  қабылдауларының,  мысалы, 
уақытты  сезіну,  аралық  қашықтықты  сезіну,  қас  қағым  сәттік  оқиғаларды  болжау, 
«допты сезіну», «суды сезіну» секілді қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен әдістері 
анықталады. Бұған қоса байқағыштықты, елестетуді,  стратегиялық және тактикалық 
ойлауды, топтық ойындарда үйлесімді өзара әрекеттестікті жақсарту әдістеріне назар 
аударылады.  Бұл  зерттеулер  спортшылардың  әр  жастағы  қабілеттерін  және  оларды 
арнайы  іріктеу  амалдарын  анықтау,  сондай-ақ  жаттықтыру  салаларында  одан  әрі 
тереңдетіледі  [3,  221  б.].  Спорт  психологиясының  психикалық  реттелу,  жарыс 
барысында  және  жарыс  жағдаятынан  кейінгі  ұстаным  секілді  бағыттары  ерекше 
проблемалар  болып  табылады.  Соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  спортшының  өз 
жеңістеріне  және  жеңілістеріне  көзқарасы  мәселелеріне  көп  көңіл  бөлінуде. 
Командалар 
құру, 
олардағы 
тұлғааралық 
қарым-қатынастар, 
олардың 
топтасқандығын 
және 
құндылық-бағдарлық 
бірлігін 
нығайту 
мәселелері, 
жаттықтырушымен  немесе  жаттықтырушылар  ұжымымен,  жанкүйерлермен 
(бұлардың  ішінде  «спорт  фанаттарымен»)  қарым-қатынас,  командалар  аралық 
қарым-қатынастар мәселелері әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің өз алдына бір 
бағыты  болып  саралануда.  Спорт  психологиясының  қазіргі  уақыттағы  негізгі 
міндеттері спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана 
емес,  сонымен  қатар  спортшы  тұлғасын  жан-жақты  дамыту,  оның  жалпы  және 
психологиялық  мәдениетін  көтеру  болып  табылады.  Бұл  бағытта  біздің  еліміздің 
түрлі  спорт  саласындағы  жаттықтырушыларымыз  шетелмен  тәжірибе  алмасу, 
өмірлік  тәжірибе,  кәсіби  білім  мен  біліктіліктерін  арттыру  нәтижесінде  жақсы 
нәтижелерге қол жеткізуде.  
Соңғы  жылдары  күн  сайын  өсіп  келе  жатырған  қазіргі  өмір  ырғағы,  «бақыт 
құсы»  сағымына  жету  үшін  жарысқа  түскен  адамның  денелік  және  психикалық 
денсаулығының  соңғы  тамшыларына  дейін  сығып  алуда.  Адамдар  көп  жағдайда 
экономикалық жағдайларын жақсарту үшін дем алмастан, ой еңбегі мен дене еңбегін 
алмастырмай  және  уақытымен  тынықпастан  жұмыс  жасайды.  Сол  себепті  адамға 
түсетін  жалпы  қысым  көбейіп,  стресс  деңгейі  артуда.  Осыған  орай  дәрігерлер  мен 
психологтар  стресті  азайту  үшін  саналы  түрде  фитнес,  тренажер,  суда  жүзу  секілді 
денелік жаттығулармен айналысу қажеттілігін айтып дабыл қағуда.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
130 
Соңғы жылдардағы зерттеулер адам қанындағы стресс гармоны – картизонның 
спорттық  жаттығулармен  жүйелі  айналысумен  тікелей  байланысты  екендігін 
дәлелдеп  отыр
.
  Денелік  жаттығулармен  бірнеше  минут  айналысу  стресс 
табалдырығын  едәуір  төмендетіп,  өмірдегі  негативті  жағдаяттарға  адамның 
психикалық иілгіштігін арттырады. Психотерапевтер мен неврологтар сонымен қатар 
көңіл-күй  гармондарының  деңгейіне  денелік  белсенділік  үлкен  ықпал  ететіндігін 
айтады [4, 87 б.]. Сол себепті стресс, депрессияның алдын алу және онымен күрестің 
негізгі тәсілдерінің бірі жүйелі спортпен шұғылдану болып саналады.  
Дене  тәрбиесімен  айналысуда  жаттықтыру  іс-әрекетінің  де  өзіндік  психологиялық 
ерекшеліктеріне мән берген жөн. Олардың ішіндегі негізгісі бұрын қол жеткізген және әдетке 
айналған денелік және психологиялық ауыртпалықтарға бейімделу.  
Спорт және дене тәрбиесімен айналысуда психикалық процестерге де мән беру 
қажет. Өйкені мұның екі жақты әсері бар. Психикалық процестер спорттық нәтижеге 
жетуге  кері  не  оң  әсер  етсе,  дене  тәрбиесі  және  спортпен  айналысу  психикалық 
процестерге  де  өз  ықпалын  тигізеді.    Мысалы,  зейінді  алатын  болсақ, ол  ішкі  және 
сыртқы  тітіркендіргіштерге  бағытталады.  Сырттай  сақтық,  әрекетке  дайындық 
түрінде  көрінеді.  Ішкі  зейін  өз  ойы,  сезімдері,  күйзелістері,  қозғалыстарына 
бағытталып,  оның  қалпы  тереңдігі,  жинақылығымен  ерекшеленеді.  Адамға  бір 
мезгілде сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге ден қою қиын. Мысалы, қандай да бір 
денелік  жаттығуды  орындау  ережелерін  тыңдау  және  өз  бетімен  қозғалыстардың 
орындалуының дұрыстығын қадағалау өте қиын [5, 175 б.]. Сол себепті дене тәрбиесі 
сабақтарында  зейіннің  ерікті,  еріксіз,  үйреншікті  сияқты  типтерінің  барлығын 
қолданған  жөн.  Егер  сабақта  үнемі  оқушының  ерікті  зейіні  басым  болса  уақыт  өте 
келе оның сабаққа деген қызығушылығы төмендеп, одан ляззат ала алмайды. Еріксіз 
зейінді  қадағаламай  тұрып  белсендіру  оқушыларды  нақты  оқу  тапсырмаларын 
орындаудан  гөрі  жиі  көңіл  көтеруге  итермелеп,  білім  беру  мен  тәрбие  міндеттерін 
шешу  мүмкін  болмай  қалады.  Осыған  байланысты  зейіннің  негізгі  екі  түрі  –  ерікті 
және  еріксіз  зейіннің  кезектесіп  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  ету  керек.  Уақыт  өте 
келе  жаттығулардың  күрделілігі,  ауырлығы  мен  ұзақтығына  бейімделе  бастаған 
жаттығушының  ерікті  зейінмен  жұмыс  жасауы  жеңілдеп,  зейіннің  үшінші  түрі  – 
үйреншікті зейінге ауысады. Яғни, жаттығуларға әбден үйреніп, әдеттенген адам ол 
жаттығуларды әдеттегідей қабылдап, автоматты орындай бастайды.  
Спортпен  айналысуда  қабылдаудың  да  орны  ерекше.  Қабылдаудың  көлемі 
және  формасы,  бақылаушының  қабылданатын  заттан  қашықтығы,  кеңістікті, 
қозғалысты,  уақытты    қабылдау  тағы  да  басқа  түрлері  бар.  Солардың  ішінен  дене 
тәрбиесі  үшін  маңыздылары  қабылдаудың  қашықтығы  мен  тереңдігі.  Қабылдаудың 
тереңдігі мен қашықтығы көздік өлшем функциясына байланысты. Мүнда екі жағдай 
мүмкін:  егер  нысанаға  дейінгі  қашықтық  6  метрден  аспаса  тереңдік  пен  қашықтық 
конвергенция  жолы  арқылы  (көздің  көру  өсінің  шоғырланатын  нысана  туралы 
мәліметі); егер нысана 6 метрден алыс болса көздің ерекше бейімделуі – аккомодация 
жүреді (көздің хрусталінің қисықтығының рефлекторлық өзгерісі). 
Басқаны  санамағанда  көздің  өлшеуінің  көмегімен  көптеген  баллистикалық 
қозғалыстардың  дәлдігі  анықталады.  Көздік  өлшем  туристік  жорықтар  мен  жаңа 
жерде  бағдар  табуда  ерекше  роль  атқарады.  Оқушылармен  жұмыс  жасауда  дене 
тәрбиесінің  мұғалімі  қабылдаудың  кейбір  шарттары  кеңістікті  қабылдауға  әсер 
ететіндігін  ескеруі  қажет.  Мысалы,  аспан  фонындағы  үй  және  жарқырауық  заттар 
орман  немесе  таудың  фонындағымен  салыстырғанда  жақын  көрінеді.  Тереңдікті 
қабылдау  әрқашанда  шынайы  қашықтықпен  салыстырғанда  асыра  бағалаумен 
байланысты екендігін ескерген жөн. Бұл әдетте балаларды сүңгуге, трамплин немесе 
биіктіктен  секіруге  үйреткенде  қосымша  қиындықтар  туғызады.  Бағытты  қабылдау 
кеңістікті қабылдаудың бір түрі  болып саналады. Оның көмегімен адам кеңістіктегі 
заттар өзімен салыстырғанда қай жерде орналасқандығын біле алады. Бұл қабылдау 
көру  және  есту  түйсіктері  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  қабілеттерді  дене  тәрбиесі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
131 
сабақтарында  міндетті  түрде  есте  сақтап,  дамытуға  мән  берген  дұрыс.  Қозғалысты 
қабылдау адам санасында түрлі нысаналар мен бақылаушының өзінің белгілі уақытта 
және  кеңістіктегі  өзгерістерін  бейнелейді.  Дене  тәрбиесі  үшін  қабылдаудың  бұл 
түрінің  маңызы  зор.  Өйткені  денелік  жаттығулар  бейнесі  жеке  қалыптардан  ғана 
емес,  сонымен  қатар  олардың  уақытта  және  кеңістіктегі  өзгерістерінен  жасалады 
(яғни  динамикалық  сипатқа  ие).    Сыртқы  нысаналардың  қозғалысы  көздің  тор 
қабығының  перифериясынан  бастап  фиксацияланып,  көздің  рефлекторлық 
бұрылуына  жағдай  жасайды.  Осылайша  нысана  бейнесі  орталық  көру  алқабына 
келіп,  нысана  анықталып,  танылады.  Адам  нысаналардың  орын  ауыстыруы  туралы 
мәліметті көру арқылы екі түрлі тәсілмен алады: тікелей қабылдау (фиксацияланған 
көру,  көздің  тор  қабығы  бойынша  бейненің  ауысуы  кезінде  және  ауысуды  көздің 
қозғалысы арқылы бақылауы негізінде) және ой қорытындысы негізінде (нысананың 
орналасуын  уақыттық  екі  интервалда  салыстыру  арқылы).  Өз  денесінің  қозғалысын 
қабылдау  бұлшықет-қозғалыстық,  вестибулярлық  және  тактильдік  сезінумен 
байланысты.  Сіңірлерде  орналасқан  рецепторлар  бұлшықеттегі  қысым  мен  жүзеге 
асырылушы күш туралы сигналдар береді. Бұлшықеттегі рецепторлар бұлшықеттегі 
тонус  туралы  сигнал  береді.  Буындар  сөмкесіндегі  рецепторлар  дене  бөліктерінің 
кеңістіктегі қозғалысы туралы ақпарат береді. Айналу, бұрылу, еңкею, қозғалыстың 
жылдамдауы мен бәсеңдеуі сезімдерін вестибулярлық аппарат басқарады. Сипап сезу 
түйсіктері  адамның  қандай  да  бір  нысанаға  жеткендігін  немесе  зат  үстіндегі 
қозғалысын білдіреді. Көру, қозғалыс, вестибулярлық, есту, тактильдік түйсіктердің 
синтезі  (бірнеше  модальдық  қабылдау)  адамға  қозғалыс  формасын,  амплитудасын, 
бағытын, ұзақтығын, жылдамдығын және сипатын білдіреді.  
Сол  себепті  қозғалысты  қабылдаудың  әлсіз  есеп  беруін  атай  отырып, 
оқушылардың  бойында  өзіндік  қозғалыс  параметрлерін  нақты  қабылдауды  дамыту 
үшін  өз  сезімдерін  мұғалімнің  сигналдарымен  сәйкестендіретін  үнемі  талдаумен 
байланысты жаттықтыру жұмыстарын жүргізу керек. 
Қабылдау формаларының бірі уақытты қабылдау шындықтағы құбылыстардың 
ұзақтығын,  жылдамдығын  және  бірізділігінің  адам  санасында  бейнелейді.  Уақытты 
қабылдау  –  денелік  жаттығулардың  интеграцияланған  бейнесінің  құрамды 
бөліктерінің  бірі.  Сондықтан  оның  дене  мәдениеті  үшін  мәні  өте  зор.  Уақытты 
қабылдауда  адамның  өмір  сүру  барысында  жинақтаған  тәжірибесінің  алатын  орны 
зор.  Мысалы,  өтілген  жолды  немесе  жасалған  іс  көлемін  алынатын  мәліметтермен 
салыстыратын  болсақ,  қандай  да  бір  жұмыстың  ұзақтығын  анықтау  оңайға  түседі. 
Спортта спортсменнің қашықтыққа жұмысының интенсивтілігін анықтау және нәтижелерді 
болжау үшін жарысқа басқа да қатысушылардың осы қашықтықты өтуі туралы мәліметтері 
пайдаланылады [6, 95 б.]. Тиісінше оқиғаның ұзақтығын қабылдауды дамыту үшін осы уақыт 
аралығын қандай да іс-әрекетпен толтыру қажет.  
Денелік жаттығулар адамнан ойлаудың барлық түрлерін белсенді пайдалануды 
қажет  етеді.  Сол  себепті  ол  бір  жағынан  зиятты  дамытудың  тамаша  тәсілі  болып 
саналады.  Ол  үшін  дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі  өз  жұмысында  оқушыларға 
қолданатын денелік жаттығулары бастапқы кезеңде қолжетімділігімен ерекшеленсе, 
дене тәрбиесінің кейінгі кезеңдерінде біртіндеп күрделілігі артады.  
Сондай-ақ  ойлау  процесінің  жүру  барысы  мен  дене  қозғалысының  арасында 
қатынас бары белгілі. Адам неғұрлым жай қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның ойла 
процесі  де  баяулайды.  Мұны  кейбір  діндерде  және  иогада  белсенді  қолданады. 
Сонымен қатар қиымл-қозғалыстың және ойдың баялауы ағзадағы қан айналымының 
баялауына  алып  келіп,  бұл  жаттығуларды  уақытылы  және  орынды  қолданған 
жағдайда адам ағзасына пайдалы әсерін тигізеді.  
Дене  тәрбиесі  сабағында  да  оқушылардың  шығармашылық  ойлауын 
дамытудың маңызы зор. Шығармашылық ойлау денелік қозғалыстағы қандай да бір 
қиындыққа кезігуден басталып, соның салдарынан мәселелік жағдаяттар туындайды. 
Мұғалімнің  арнайы  ұйымдастырған  мәселелік  жағдаятының  мақсаты  –  ойлау  іс-

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
132 
әрекетіндегі  шығармашылық  бастауды  анықтайтын  оқушының  бойында  танымдық 
іс-әрекетті ояту болып табылады [7, 157 б.].  
Спортсмендерді немесе оқушыларды салыстыру және   қайшылықты анықтау, 
талдау және жалпылау, негіздеу және бағалауға итермелей отырып, жаттықтырушы 
немесе  мұғалім  олардың  ойлау  операцияларын  белсендіреді,  өз  беттерімен  шешім 
қабылдауға  үйретеді.  Осы  арқылы  шығармашылық  ойлауды  дамытуға  бағытталған 
міндеттерді  табысты  шешу  үшін  психологиялық  негіз  жасалады.  Шығармашылық 
ойлауы  дамыған  адам  спортпен  айналысу  барысында  да  қолданатын  тәсілдері  мен 
айлаларын өзгертіп, жағдайға бейімдеп пайдалана алады.  
Дене  мәдениетімен  айналысуда  тері  рецепторлары  мен  вестибулярлық 
аппараттан,  проприорецепторлардан  ми  қыртыстарына  келетін  сигналдарды    есте 
сақтап,  қайта  жаңғыртып отыратын  қозғалыс, тактильдік  және  вестибулярлық  естің 
ролі  зор.  Бұл  ес  түрлерін  адам  денелік  жаттығулар  орындау  және  ұмыту  үшін 
қолданады.  Түрлі  қозғалыстарды  (олардың  параметрлерін)  түрліше  беріктік 
деңгейінде  үйренеді.  Қандай  да  бір  әрекетті  орындау  үшін  қажетті  бұлшықет 
қозғалысының  нәтижесінде  пайда  болатын  сезімдер  қиын  сақталса,  кеңістіктік 
параметрлер жеңіл, қозғалыстардың уақыттық параметрлері одан да жеңіл сақталады. 
Есте  сақтаудың  беріктік  деңгейінің  сәйкестігі  бұл  параметрлер  бойынша  7:2:1 
болады.  Қимыл-қозғалыстардың  параметрлерін  есте  сақтау  жас  ерекшелік 
кезеңдеріне де байланысты екендігі белгілі. Мысалы, І-ІІІ сыныптардың оқушылары 
қимыл-қозғалыстарды  есте  сақтау  үшін  ұзақ  уақыт  жұмсайды.  Жоғары  сынып 
оқушыларымен  салыстырғанда  олар  бұлшықеттік  қысым  деңгейін  үйренуге  50%, 
қимыл-қозғалыс амплитудасын есте сақтауға 25%, қимыл-қозғалыстардың уақыттық 
сәйкестігін  меңгеруге  11%    ұзақ  уақыт  жояды.    Сондықтан  дене  тәрбиесі  пәнінің 
мұғалімдері мен жаттықтырушылар бұл ақпаратты үнемі есінде ұстауы тиіс.  
Спортсмендердің  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізулеріне  олардың  сезімдері 
мен  эмоциясының  ықпалы  зор.  Дәлірек  айтқанда  қандай  да  жарыстардан  немесе 
спорттық жаттығулардың орындалуынан кейін есінде қалған жағымды не жағымсыз 
сезім, эмоциялар болашақта сол жаттығуды қаншалықты дәрежеде орындауына әсер 
етіп жатады. Эмоционалдық ес – бұл эмоционалдық күйзелістерді есте сақтау болып 
саналады.    Яғни,  есте  сақталған  сезімдер  не  әрекетке  итермелейтін,  не  оны 
тоқтататын  сигналдар  ретінде  көрінеді.  Жағымсыз  эмоционалдық  естеліктер 
оқушының  бойында  денелік  жаттығулар  орындауда  сенімсіздік  тудырады.  Кейде 
тіпті кейбір жаттығуды немесе тапсырманы орындау мүмкін  болмай да қалады.  
Адам бір нәрсені  қатты  уайымдап, ұзақ уақыт  бойы мазасызданып, үрейленіп 
жүретін болса уақыт өте келе оның  ағзасында өзгерістер болып, қан қысымы, жүрек 
ауруы, асқазан жарасы секілді аурулар пайда болуы мүмкін. Кей жағдайларда жан не 
тән  жарақатын  алған  спортсмендердің  қол  жеткізген  жоғары  нәтижелеріне 
қарамастан үлкен спортты тастап кетіп жатырған жағдайлары да кездеседі.  
Жағымды  эмоционалдық  естеліктер  оқушыны  әрекетке  итермелеп,  оған 
сенімділік береді [8, 254 б.]. Бұл өз кезегінде адамның жақсы спорттық нәтижелерге 
жетуіне  түрткі  болады.  Сол  себепті  мұғалім  не  жаттықтырушы  дене  тәрбиесімен, 
спортпен  айналысуында  баланың  темпераменті,  психологиясының  ерекшеліктерін 
ескере отырып  жұмыс жасауы және психикалық жарақат алмауын қадағалауы тиіс.  
Жаттығу  кезінде  ойын  және  күшке  бағытталған  құралдарды  көп  пайдалану 
психикалық  қалыпқа  тиімді  оң  ықпалын  тигізіп,  үрейленушілік  пен  агрессивтілік 
деңгейін реттейді. Сонымен қатар жасөспірім жасындағы жеке тұлғалардың өзіне-өзі 
беретін бағасын 74,3%-ға көтеретіні белгілі болды [9, 98 б.].  
Соққыға  қатысты  спорт  түрімен,  дәлірек  айтқанда  бокспен  айналысатын 
адамдардың    біраз  уақыт  жаттығуларынан  кейін  агрессивтілік  деңгейі  артқан.  Бұл 
бокспен  ұзақ  уақыт  айналысудың  нәтижесі  жағымсыз  мінез-құлыққа  әкелуі 
мүмкіндігін көрсетеді. Дегенмен, мұндай агрессивті спорт түрлеріне мінез-құлқында 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
133 
сылбырлық басым, әлжуаз және өте жуас балаларды беру арқылы олардың өздеріне 
деген сенімділіктерін арттыруға, қимыл және ой әрекеттерін белсендіруге болады.  
Бұл  ортаға  бейімделе  алмайтын  не  мінезіндегі  тұйықтық  пен  жуастық  мінезі    бар 
жасөспірімдерді кейбір спорт түрлеріне тарту арқылы тиімді оң ықпал етуге болатынын көрсетеді.  
Спорттың  барлық  түрлері  барлық  адамдарға  психоэмоционалды  қалыптарын 
реттеуге  және  әлеуметтік-педагогикалық  деңгейін  қалыптастыруға  бірдей  жағымды 
немесе  жағымсыз  әсер  етпейтінін  көреміз.  Позитивті  өзгерістер  негізінен  баскетбол, 
волейбол, атлетикалық гимнастика сияқты ойындық спорт түрлеріне қатысушылардан анық 
байқалады. Бұл спортпен айналысушылардан олардың психикалық қысымдарының азайып, 
әлеуметтік  маңызды  іс-әрекет  түрлеріне  позитивті  қарым-қатынастың  қалыптасқандығын 
байқауға  болады.  Ал  асоциалды  мінез-құлық  мен  құқық  бұзушылыққа  бейім  балаларды 
агрессивті спорт түрлеріне бермеген дұрыс. 
Дегенмен,  бойында  тумысынан  агрессивтілік  анық  байқалатын  адамдардың 
өздері  ойындық  спорт  түрлерімен  айналысқанның  өзінде,  олар  өз  күш-қуатын  арттырып, 
қарсыластарына денелік немесе вербальдық агрессия байқататын кездері болады.  
Спорттағы  қыз  балалардың  жаттығуларды  орындауы  мен  оларға  түсетін 
денелік және психикалық қысымды үнемі қатаң қадағалауда ұстау тиіс. Өйткені қыз 
баланың  анатомиялық-физиологиялық  және  психологиялық  ерекшеліктерін  дұрыс 
ескермей,  жаттықтыру  әдістемесін  сауатты  құрастырмау  олардың  жалпы  ағзалық 
денсаулығының бұзылуына алып келеді. Уақыт өте келе бұл қыз балалар болашақта 
ана болу, төсек қатынасынан ляззат алу мүмкіндігінен айырылып, дене бітімінде де 
үлкен теріс өзгерістерге ұшырауы мүмкін.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет