БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
БҚМУ
ХАБАРШЫСЫ
Жылына 4 рет шығады
№ 3 (63) - 2016
ВЕСТНИК ЗКГУ
Выходит 4 раза в год
Орал-Уральск
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ
им. М. УТЕМИСОВА
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
2
Выпуск
3 (63)
шығарылым
Шілде
–
Июль
,
Тамыз
–
Август
,
Қыркуйек
-
Сентябрь
Педагогика,
филология,тарих
Педагогика, филология, история
Бас редактор – Главный редактор:
ИМАНҒАЛИЕВ А.С.
педагогика ғылымдарының докторы, профессор/
доктор педагогических наук, професор
Бас редақторының орынбасары –
Заместитель главного редактора
Ғ.И.ИМАШЕВ
п.ғ.д., М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры
д.п.н., проректор по НР и МС ЗКГУ им. М.Утемисова
Редакция алқасы – Редакционная коллегия:
Т. Вюнш
–
философия докторы (
PhD)
, профессор,
доктор философии (
PhD)
, профессор,
Пассау университеті (Германия, Пассау қ.)
доктор философии (
PhD)
, профессор,
Университет
Пассау
(Германия, г. Пассау)
П.М. Кольцов
-
т.ғ.д., профессор, Қалмақ мемлекеттік
университеті (Ресей, Элиста қ.)
д.и.н., профессор, Калмыцкий
государственный университет (Россия, г. Элиста)
А.С. Тасмағамбетов
-
т.ғ.д., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, бірінші
проректор
д.и.н., доцент, первый проректор
ЗКГУ им. М.Утемисова
Т.З. Рысбеков
-
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
д.и.н., профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова
А.С. Турчин
-
психол.ғ.д., доцент, Иванов мемлекеттік
университеті (Ресей, Иванов қ.)
д.психол.н., доцент, Ивановский
государственный университет (Россия, г. Иванов)
А.С. Қыдыршаев
-
п.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
д.п.н., профессор,
ЗКГУ им. М.Утемисова
Ж.И.Сардарова
-
п.ғ.д.,М.Өтемісов атындағы БҚМУ
д.п.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
А.В. Скали
–
п.ғ.к., доцент, Экономика университеті
(Польша, Быдгощ қ.)
д.п.н., доцент,
Университет экономики (Польша, г. Быдгощ)
К. Кайнер
-
ф.ғ.д., профессор, Йоханнес Гутенберг
атындағы университет (Германия, Майнц қ.)
д.ф.н., профессор, Университет
им. Йоханнеса Гутенберга (Германия, г. Майнц)
А.Р. Габидуллина
-
ф.ғ.д., профессор,
Донбасс мемлекеттік педагогикалық университеті
(Украина, Горловка қ.)
д.ф.н., профессор, Донбасский
государственный педагогический университет
(Украина, г. Горловка)
М.К. Бисемалиева
-
ф.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
д.ф.н., профессор,
ЗКГУ им. М.Утемисова
Г.К. Хасанов
-
ф.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
д.ф.н., профессор,
ЗКГУ им. М.Утемисова
А.Г. Абуханова
-
ф.ғ.к., доцент,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
к.ф.н., доцент,
ЗКГУ им. М.Утемисова
2000 жылдан бастап шығарылады. Жылына 4 рет шығады.
Жинақ ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет министрлігінің келісімімен 07.12.1999ж. тіркеліп,
№971 – Ж куәлігі берілген.
Жинақ ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет министрлігінің келісімімен 09.08.2000ж. қайта
тіркеліп, №1432 – Ж куәлігі берілген.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің келісімімен мерзімді баспасөз
басылымдарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 26.01.2011ж. есепке алу туралы №11389-Ж куәлігі берілген.
Жинақ филология, тарих және педагогика ғылымдары бойынша диссертациясының негізгі нәтижелерін
жариялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми
басылым Тізіміне енді.
Издается с 2000 года. Выходит 4 раза в год.
Свидетельство о регистрации издания № 971-Ж от 07.12.1999г. выдано Министерством культуры,
информации и общественного согласия РК.
Свидетельство о перерегистрации №1432-Ж от 09.08.2000г. выдано Министерством культуры,
информации и общественного согласия РК.
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания и (или) информационного
агентства №11389-Ж от 26.01.2011г. выдано Комитетом информации и архивов Министерства связи и
информации РК.
Журнал включен в Перечень научных изданий Комитета по контролю в сфере образования и науки
Республики Казахстан, рекомендованных для публикации основных результатов диссертаций по
филологическим, историческим и педагогическим наукам.
ISSN 1680-0761
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2016.
ТІРКЕУ НӨМІРІ 1432
-
Ж
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
3
ПЕДАГОГИКА
ПЕДАГОГИКА
PEDAGOGICS
ӘОЖ: 371.3
Мұхамбетжанова Ә.М. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Медешова А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: medeshovaa@mail.ru
ІС-ӘРЕКЕТТІК ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Единственный путь, ведущий к знанию – это деятельность
Б.Шоу
Аңдатпа. Мақалада оқу үрдісінде іс-әрекеттік оқыту тәсілінің маңыздылығы
баяндалады. Оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі мен оның жеке
тұлға ретінде дамуын, заман талабына сай біліммен қаруланып, өзіндік өмір
сүруінде кездесетін проблемаларын шешуге құзыретті болуын қамтамасыз ету
үшін түрлі оқыту технологияларын интеграциялап қолдану тиімділігі
қарастырылады. Оқытудың іс-әрекеттік тәсілінің тұлға құзыреттілігін
қалыптастыруда рөлі зор.
Тірек сөздер: Білім мазмұны, іс-әрекет, оқу әрекеті, оқыту тәсілдері,
құзыреттілік, тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы, интеграция.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінің тиімді жүргізілуіне құзыреттілікті
қалыптастыруға негізделген білімдік орта мен пәндік оқу бағдарламаларындағы
оқушыларды тұлғалық бағдарлау қабілетінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-
қайшылық әсер етіп отыр. Бұл қарама-қайшылық тұлғалық-бағдарлы оқыту
технологиясы бойынша іс әрекеттік тәсілді пайдаланып, оқушылардың оқу, зерттеу
және өзіндік жұмысын кешенді оздырудың алғышарты болып табылады [1]. Мұны
шешу үшін мынадай оқыту тәсілдері қолданылады:
Жеке
тұлғалық
бағдар
вариативтік және сараланған
бағдарламаларды
оқу
және
оқудан
тыс
іс
әрекетті
ұйымдастыру,
оқушылардың
жеке білім траекторияларын
(жеке оқу жоспарын) құру
арқылы жүзеге асырылады
Іс-әрекеттік бағдар
оқушының дербес өнімді
іс-әрекетін ұйымдастыру
жағдайында тұлғаның
мүмкіндіктері мен
қабілеттерін неғұрлым
толық көрсету мен
дамытуды көздейді
Құзыреттілік бағдар
оқушылардың тұлғалық
сапаларын дамытуға, білім
беруден күтілетін нәтижелер
ретінде білім, икемділікке
негізделген құзыреттіліктерді
қалыптастыруға бағытталады
Оқыту тәсілдері
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
4
Сурет 1. Оқыту тәсілдері
Мұндағы, іс-әрекетті оқушының тұлға ретінде дамуын анықтайтын шарт, яғни,
танымдық қызығу мен қоршаған ортаның шындығына орай түрлендіруге бағытталған
қажеттіліктен туындайтын қасиет деп түсінеміз.
Жалпы алғанда, іс-әрекет — мақсатқа жету үшін қандай да бір құралдарды
пайдалану үрдісі. Іс-әрекет ерекшеліктері мақсат, пән мазмұнына сәйкес нәтижеге
жеткізетін тәсілдер мен құралдар арқылы анықталады. Психологтар іс-әрекет
түрлерін ойын, танымдық (оқу), еңбек, қарым-қатынас деп бөледі [2].
Сурет 2. Іс-әрекет құрылымы
Іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан бірнеше түрге бөлуге болады. Инженер, агроном,
сәулетші, музыкант, дәрігер, полицей, мұғалім, оқушы іс-әрекеттері, т.б. Біз
солардың ішінде оқу және оқыту іс-әрекеттеріне, яғни оқушының, мұғалімнің іс-
әрекеттеріне тоқталамыз.
Блум таксономиясына сүйенсек, қызығу арқылы меңгерілген білім іс-әрекетті
жоспарлап, ұйымдастыра және қолдана білуге ықпал етеді. Өйткені білім іс-әрекет
кехеңдерін толық өту арқылы меңгеріледі
жеке әрекеттер
Іс-әрекет – қажеттілікті қанағаттандыруға
қоршаған
ортаны
шығармашылықпен
түрлендіруге бағытталған белсенділік.
Ол белгілі бір мақсатқа жету барысында
атқарылады.
Ынта
Әрекет–жалпы
іс-әрекеттің
аралық
мақсатына
жетуге
бағытталған аяқталған бөлігі
Мақсат
Жақын -
алыс
Жеке -
қоғамдық
интериоризация
(сыртқы әрекеттің
ішкіге өтуі)
Сыртқы,
пәндік
Ішкі, ақыл-
ой
өзара байланыс
Экстериоризация
(ақыл-ой әрекетінің
сыртқы пәндік жоспарда
жүзеге асырылуы)
операциялар
Жақын -
алыс
Жеке -
қоғамдық
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
5
бағалау
жүйелеу
талдау
пайдалану
түсіну
білу(қабылдау)
қызығу
Сурет 3. Білімді меңгеру кезеңдері
М.С. Каган [3], Л.Н. Коган [4], А.Н. Леонтьев [5], Б.П. Есипов [6], т.б.
еңбектерінде адами іс-әрекет мәселелерін жүйелі шешу негізінде көкейтесті
теориялық мәселелерді тиімді зерттеу мүмкін болып отырғандығы талданған. Тек іс-
әрекет арқылы қоғамда, ұжымда адамның физикалық, рухани мүмкіндіктері көрініп
дамиды. Жалпы алғанда, іс-әрекеттің құрылымы А.Х.Аренованың пікірінше мақсат
қою қабілеті, әрекетті жоспарлау икемділігі, операцияны шығару икемділігі, түрткі
мен мақсат арасында қатынас орнату икемділігі, өзіндік бақылау мен өзіндік реттеу
дағдыларынан тұрады.
Оқушының алған білімінің қолданбалы болатынына сену қажеттігі іс-әрекетке
(activity) бағытталудың мәнін білдіреді, іс-әрекет грек терминдерімен автопсия
(өзіндік бақылау), автопрасия (тәжірибелік жүзеге асыру), автохресия (алған білім,
икемділік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану), автолексия (нәтижелерді
өзіндік баяндау икемділігі) деген кезеңдерге бөлінеді. Мұның нәтижесінде
қалыптасатын жұмысты жоспарлай білу, өз уақытын тиімді бөліп пайдалану, жұмыс
орнын ұйымдастыра білу, сөздіктерді пайдалана білу, бақылау күнделігін жаза білу,
т.с.с. оқушының оқу іс-әрекеті дамиды [7].
Білім мазмұнында басты мақсаттардың бірі ретінде іс-әрекеттің негізгі түрлеріне
қатысуға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру алға қойылған, өйткені, ол қоршаған
ортаны шығармашылықпен түрлендіруге бағытталған белсенділіктің түрі [8].
Оқушылардың оқуға қажетті білім, икемділік пен дағдыны меңгеру және
оқушының оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренетін саналы қызметі
оқу іс-әрекеті деп аталады. Оқу іс-әрекетінің (“learning activity”) басты белгілері -
мақсат, мазмұн, тәсілдер, нәтиже болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу іс-
әрекеттер құрамына оқу жағдаяттары немесе тапсырмалары, оқу әрекеттері, бақылау
және бағалау әрекеттері жатады [9]. Бұл белгілер оқу іс-әрекетінің құрылымдық бөліктері болып
табылады. Дей тұрғанмен, оқу іс-әрекетін анықтайтын элементтер туралы ғылыми көзқарастар
тұрақтала қойған жоқ. Біз кейбір пікірлерді қарастыралық.
Д.Б. Эльконин оқу іс-әрекетінің құрылымы
оқу мақсаты;
оқу әрекеті;
бақылау әрекеті;
бағалау әрекеті сияқты бөлімдерден тұрады деп көрсетеді [10].
А.У. Варданян, Г.А. Варданян: оқу тапсырмалары мен әрекеттері, оқу іс-
әрекетінің эмоционалды бояу сипаты, мақсаты, құралдары (әдіс-тәсілдер), нәтижесі
(оқу материалын игеру), мазмұн мен іске асыру тізбегі ретінде әрекеттер жиынтығы
құрамына енетін үрдіс сипаты оқу іс-әрекетін құрайды [11].
В.В. Репкиннің еңбегінде
оқу іс-әрекеті танымдық қызығушылықты өзектендіру,
оқу мақсатын анықтау,
аралық мақсаттар мен оларды шешу тәсілдерінің жүйесін алдын-ала анықтау,
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
6
өзіндік оқу әрекеттер жүйесін орындау,
бақылау әрекеті
бағалау әрекетінен құрылады [12].
Г.А. Буткиннің зерттеулеріне сәйкес оқу іс-әрекеті 1) ұғымнан шығатын
әрекеттер (түзулер параллельдігін, кесінділер теңдігін дәлелдеу сияқты әрекеттер),
2) оқушыға белгілі белгілердің қажетті және жеткілікті жүйелерінің біреуін таңдау
әрекеті (әр түрлі белгілер арқылы ұғымды айқындау), 3) салдарды табу әрекеті
(түсініксіз берілген есептер мен теоремалардан ұғымды анықтау), 4) іздеу аймағын
анықтау (ізделінді белгінің қандай шарт бөлігінен алынғанын айқындау)
құраушыларынан тұрады [13].
Оқу іс-әрекеті үйреншікті жағдайда ғана емес, өзгерген жағдайларда орындауға
мүмкіндік жасайтын жаттығулар арқылы қалыптасады. Оқушының өмірдегі
тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде орындалатын тәжірибелік-теориялық іс-
әрекеттерге даярлығы олардың икемділігін көрсетеді [14].
Түрлі тұжырымдарды зерделей келе, оқу іс-әрекет белгілі бір мақсаттың жүзеге
асуы, ол мақсатты дәл анықтаудан және әрекеттер жүйесінен тұратыны айқын
көрінеді. Әрекеттер жүйесіне оқу тапсырмасын білу, түсіну, оны шешу жолын іздеу,
шешу тәсілдерін орындау, талдау, өзіндік пікірін шығару, жүйелеу, бақылау, бағалау,
т.с.с. жатады. Оның жеке-жеке әрекет түрінде қалыптасып, кейін тұтас жүйе ретінде
қарастыруға мүмкіндік беретін өзіндік іс-әрекет екені көрінеді.
Г.А. Цукерман оқу іс-әрекетін үлкендерден тәуелсіз болу және нәтижеге емес,
өзі мен серіктесінің әрекетіне көңіл бөлу деп сипаттайды [15]. Бұл жерде оқу
үрдісіндегі серіктестер мұғалім мен оқушы болып табылады. Сонда оқу іс-әрекеті
мұғалімнің оқыту іс-әрекетінен де тәуелді екені көрінеді.
Кеңестік кезеңде оқыту іс-әрекеті мақсаттан, субъектіден (мұғалім), объектіден
(оқушы), мазмұннан, тәсілдерден және нәтижеден тұрады дейтінбіз. Қазіргі педагогикада
мұғалім де, оқушы да оқу үрдісінің субъектілері ретінде қарастырылады.
Кесте 1. – Оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру
Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Оқу іс-әрекетінің міндетін
түсіну.
1.Сабақтың мақсатын анықтап, оны оқушыларға
таныстыру.
2.Сабақтың әрбір кезеңінің дидактикалық бөлігін
анықтап, оны оқушыларға түсіндіру.
3.Соңғы нәтижені анық, дәл көрсету.
2.Үлгі
бойынша
жұмысты
орындау.
1.Тапсырманы
орындау
алгоритмін
құрып,
оқушыларды сол алгоритм бойынша жұмыстануға
үйрету.
2.Оқушыларды өз бетімен алгоритм құра білуге
үйрету.
3.Жұмысты
орындауға
өз
элементін енгізу.
1.Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілдерін
табуға үйрету.
4.Өзіндік
бақылау
әдісін
меңгеру.
1.Оқушылардың өзін-өзі бақылауына үйрету.
5.Сыныптастарын бағалай білу. 1.Сабақ барысында ауызша, жазбаша жауаптарға,
оқушылар толықтыруларына түзетулер енгізуге
үйрету.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыға жан-жақты білім
беру, ғылым негіздерімен қаруландыру көзделіп отыр. Алайда, әрбір оқушының
қабілеттерін жеке-дара дамытудан гөрі пән мұғалімдері сыныптағы орташа деңгейде
оқитын оқушыларға бағдар жасап, сынып оқушыларының білім мазмұнын
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
7
“жалпылама” меңгеруіне көбірек мән беріледі. Бұдан қабілеті жоғары оқушылардың
танымдық дамуы әлсіреп, орташа және төмен деңгейді құрайтын оқушылардың оқуға
қызығушылығы, ынтасы жылдан-жылға төмендей түсетіні көрінеді. Мәселен, соңғы
жылдарда бастауыш мектепті 80-90%, негізгі мектепті -17%, орта мектепті -2% оқу
озаттары бітіреді екен. Мұның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыстана
алмауы мен белсенділіктің төмендігінде. Өйткені, оқушылар сабақтың 10%-ында
ғана өз бетімен жұмыстанады, қалған 90% уақытында сабақ сұрау мен жаңа
материалды түсіндіруге кетеді. Сонымен қатар, үй тапсырмасын тексеру, өткенді
қайталау кезеңдері біраз уақыт алады. Сөйтіп, сабақта белсенді рөлді оқушы атқару
керек болғанымен, керісінше мұғалім атқарады. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы,
басқарушы рөлінен ауытқып, оқулықтағы ақпаратты тасымалдаушы, бақылаушы
ретінде қызмет етеді. Бұған себептер көп, алайда мұғалімнің ең бастысы міндеті –
сапалы білім беру, оқушының тұлғалық қабілетін шыңдау.
Мұғалімдердің 85%-ға жуығы білімді түсіндіру, анықтау, әңгіме (сөздік);
мәтінді оқу, анықтаманы жаттау, жалпы қарап шығу, тапсырманы орындау, сұраққа
жауап беру (кітаппен жұмыс) сияқты дәстүрлі оқыту әдістерін қолданады. «Білімді
дайын күйінде беруге болмайды. Тіпті балалардың танымын дамытуға баулудың
ешқандай мүмкіндігі болмаса да, ізденіске жағдай туғызу мүмкіндігі барлық кезде
болады» [16]. Білім мен икемділікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын
және өзіндік әрекет ете алатын тұлғаны құзыретті деп есептеуге болады. Жеке
тұлғаның білімі, икемділігі, дағдысы мен іс-әрекеттерінің жиынтығы құзыреттілік
деп аталады. Құзыреттілік латын тілінен аударғанда «өз ісін жоспарлау мен
орындауды жақсы білу, танымы мол, тәжірибелі» дегенді білдіреді [17].
Қазіргі уақытта құзыреттілікке бағдарлап білім беру «білімді адамнан» «мәдениетті
адамға» өту парадигмасына негізделеді және ол маңызды болып табылады [18].
Мұндай үрдісте оқу пәндері мазмұны жағынан бір-бірін толықтыруы қажет.
Оқулықтар мен оқу құралдары құзыреттілікке бағдарланып құрылады, электрондық
оқулықтар дәстүрлі оқулыққа қосымша көмекші құрал есебінде ұсынылады, білім
мазмұны ұлттық мазмұнға ие болады. Оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оған
ұсынылатын тапсырмалар мен жобалар оның құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталады. Тұлғалық бағдарлы білім беру негізінен кұндылыктарға
бағытталады. “Тұлғалық-бағдарлы тәрбие” тәжірибесі ерте заманнан басталады.
Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотельдің жан-жақты дамыған,
еркін тұлғаны тәрбиелеудің мақсатын, мазмұны мен әдістерін анықтауға арналган
жұмыстарын кездестіруге болады [19].
Дегенмен, бірдей жастағы, бір сыныпта оқитын оқушылардың білім деңгейлері
әр түрлі, қабылдаудан бағалауға дейінгі атқаратын ісәрекеттері де түрлі дәрежеде
байқалады. Бұл орайда Дж.Дьюи, Дж.Гилфорд және Дж.Рензулли, Ф.Уильямстың
тұлғалық оқыту модельдері кең танымал. Олар дарынды балаларды орташа даму
деңгейлі
балалармен
бірге
оқытуды
ұйымдастыруға
мүмкіндік
береді.
Дж.Рензуллидің ұсынысы бойынша оған қол жеткізу үшін оқу бағдарламаларын
жетілдіру қажет, себебі ол жалпы танымдық әрекетті қалыптастыруға бағышталады.
Соңғы кездері қазақстандық білім мазмұны өзгертілгенімен, оны меңгерудің
қиын екені анықталып отыр. Мәселен, бастауыш мектепте жүргізілген сауалнама
бойынша ата-аналардың 95%, мұғалімдердің 72% -ы оқу материалдарының мазмұны
күрделі екендігін, кейбір мәтіндер мен есептерді түсінуге өздері қиналатынын
көрсетті. 1975-2000 жылдарға дейінгі оқулықтар мен қолданыстағы оқулықтарды
салыстыру бойынша ата-аналардың бұрынғы оқулықтарды сапалы, жүйелі десе, мұғалімдер
қолданыстағы оқулықтарда ұлттық мазмұндағы материалдардың саны артқанын, сөздердің
мемлекеттік тілде берілгендігіне мән берген. Сонымен қатар, мұғалімдердің барлығы оқыту
технологияларын білу және қолдану өте қажет деп пікір білдіреді.
Сонда тұлғалық-бағдарлы технологияға негізделген білім мазмұнының
көзделген мақсатқа жетуде әдістемелік тұрғыдан толықтырылуы қажет пе, әлде білім
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
8
мазмұнын түбегейлі қайта қарау керек пе деген заңды сұрақтар туындайды.
Мәселенің алғашқы бөлігі бойынша былай тұжырымдауға болады:
Қазіргі педагогикалық сөздікке жүгінсек, «тұлға» –
1) дербес әрекет ететін субъекті ретіндегі нақты жеке адам болмысының
қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен
анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам [14].
Оқушының жеке тұлға ретінде ақпараттық қоғам талабына сәйкес оқу іс-
әрекетін ұйымдастыру үшін біз мектепке дейінгі ұйымнан бастап дайындауымыз
керек. Оқушыны өзіндік әрекет етуге үйретуіміз, алған білімін пайдалана білуге
баулуымыз қажет. Оқу материалдары оқушы өз бетімен талдап, қорытынды ой
шығаратындай етіп дайындалып, деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар қоршаған
ортамен, тұрмыспен байланыстырыла берілуі тиіс. Әсіресе, оқушылардың басым
көпшілігі ақпараттық техникамен жұмыс жасауға көп уақытын бөлетінін ескергеніміз
жөн. Үнемі ұялы телефонның мүмкіншілігі жоғарысын ұстауды, планшетті
пайдалануды қалайды. Сол себепті мұғалім де оқушылардың қызығушылығын ескере
отырып, олардың техникадан тәуелді болуын болдырмау үшін оқу үрдісінде қажетіне
қарай пайдалануға назар аударады. Мысал ретінде біз өзіміз құрастырып, оқыту
үрдісінде пайдаланып жүрген қоршаған ортаны, ұлттық дүниетанымды,
математиканы оқытуға арналған электрондық оқу құралдарынан (Зияткерлік меншік
куәліктері: 004924, 004818, 0010412, 002289) үзінді келтіреміз. Суретте көрсетілген
электрондық оқу құралдары мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланыс
негізінде дайындалады. Өйткені теория мен практиканың үндесуі оқушының оқу
материалын меңгеруін толық жүргізуге ықпал етеді.
Сурет 4. Бастауыш мектепке арналған электрондық оқу құралдары
Екінші мәселе де ауқымды. Мұғалімдер әрбір оқыту іс-әрекетін дұрыс жоспарлауы
және оны инновациялық оқыту технологиясын пайдаланумен үйлесімді ұштай алуы тиіс.
Елімізде мұғалімдер жаппай біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр, ал
педагогикалық оқу орны студенттері арнайы курс оқып жатыр. Өйткені мұғалімдер
дәстүрлі оқытуды тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілікке бағдарланған, ақпараттық,
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
9
сыни тұрғыдан ойлау, модульдік, деңгейлік-саралау, даралау, ұжымдық, т.с.с. оқыту
технологияларын интеграциялау икемділігі болғанда ғана нәтижеге қол жеткізуге
болады. Бұдан оқытуға ақпараттық технологияның өзін пайдалану оқушыларды
толық белсендірмейді, сондықтан оқу материалын ұсынуға эстетикалық талғам ғана
емес, интеграциялық іс-әрекетке баулитын тәсілдердің шоғырлануы қажет екендігі
айқын көрінеді. Бұл туралы өз тәжірибемізге сүйене отырып, оқулықта берілген
материалды сол күйінде оқушыға тасымалдаудың қажеті жоқ. Оқушы оны өзі оқи
алады. Мұғалім электрондық оқу құралын немесе интерактивті тақта мүмкіндігін
пайдаланып, анимациялық материал ұсынады. Тұрмыстан мысал келтіреді. Топтық
жұмыс ұйымдастырып, талдауға немесе жүйелеуге арналған тапсырма береді. Оқушы
сабақта тыңдайды, көреді, естиді, желідегі ақпаратты пайдалана алады, пікірін ортаға
салады, тұжырым жасайды, бейнелейді, жазады (кейде сызады немесе оқулықтағы
материалдан тауып, тезистейді). Мұғалім мұны жүзеге асыру үшін көп уақыт
жұмсайды, еңбек.тенеді. Сөйтіп сабақта оқушылардың оқу іс-әрекеті дұрыс
ұйымдастырылады. Оқушы негізгі мен қосымша ақпаратты айыра білуге үйренеді, өз
бетімен әрекет етуге бейімделеді, ойын еркін жеткізудің тәсілін таңдай алады,
қажетті ақпаратты іздей және пайдалана алады.
Герберт Спенсер «Білім берудің ұлы мақсаты – білім емес, іс-әрекет,»-демекші
оқушылар өзіндік қызметін ұйымдастыра білуге үйренеді. Іс-әрекетті жоспарлай
және ұйымдастыра білетін тұлға көп (шетел тілдерін білетін) тілді, әрі білімді болса,
онда ол бәсекеге қабілетті. Бәсекеге қабілеттілік тұлғаның жұмыспен қамтамасыз
етілуіне үлкен жол ашады. Өйткені ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін
ауылшаруашылық, техникалық мамандық иелері (механик, инженер, т.с.с.) халықтың
50-70%-ын құраған. Қазір жоғары білімді интеллектуалдық қызметкерлер оларды
алмастырады. АҚШ, Жапония сияқты елдерде мұндай қызметкерлер халықтың
жартысын құрайды [20]. Шетел тілдерін білетін, мәдениетті, өз саласында құзыретті
компьютерлік технология маманы біздің елімізде де жұмыспен қамтылады. Оқу іс-
әрекеті қоғамдық құбылыстар мен олардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Адамның іс-әрекеті өмір бойы оқуға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |