Әдебиеттер:
1. БҚО ММ. 450-қор. 1-тізім, 5-іс.
2. Шарафутдинов З. Бас тарихшы. – Орал, 2007. – 28 б.
3. Зұлқожа Шарафутдинов. Тағдырын тарихқа жалау еткен // Орал өңірі.
2002. – 9 сәуір.
4. Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ғылыми-әмбебап кітапханасының
басшылығымен. – Кенжалиев Исатай Нәсекенұлы. – Орал, 2002. – 32 б.
5. Ізбасарұлы С. Ешқашан тыным таппайды (Орал қаласының тұрғыны.
тарихшы-ғалым Исатай Кенжалиев) // Орал өңірі. – 2007. – 9 маусым.
6. Қисметов Н. Тыным таппайтын ұстаз // Орал өңірі. – 2007. – 5 мамыр.
7. Кенжалиев И.Н. Көрнекті қайраткер, ғалым-педагог // Коммунизм жолы. –
1990.– 30 тамыз.
Рысбеков Т.З., Дуйсеналиева А.Д.
Талантливый историк – Кенжалиев Исатай Насекенович
В процессе анализа важных трудов в статье рассматриваются вопросы об
образовании И.Кенжалиева, его научно-исследовательские работы и труды.
Ключевые слова: Учитель-историк, педагог, личностевед.
Risbekov T.Z., Duisenalieva A.D.
Тalented historian–KenzhalievIsataiNasekenovich
In the arctici-le considered questions of about I.Kenzhaliev's education, which in the
process of analyzing important questions. And his research works and scientific writings.
Key words: teacher and historian, educator, personality scientist.
ӘОЖ: 94 (574)
Боранбаева Б.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Е-mail: bbaktyly@bk.ru
М.ЫСМАҒҰЛОВ – ӨЛКЕ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ
Аңдатпа. Мақалада Батыс Қазақстан өлкесінің тарихы, мәдениеті мен
этнографиясына қатысты құнды деректердің мол қорын жинақтап, өлке
тарихын зерттеуге сүбелі үлесін қосқан ғалым Мұстафа Ысмағұловтың өмірі мен ғылыми
еңбектері мұрағаттық деректер мен тарихи құжаттар негізінде тұжырымды баяндалады.
Тірек сөздер: Батыс Қазақстан өлкесі, зерттеуші, тұлға, этнография,
тарихи деректер, «Қазақстан» газеті.
Отарлық бұғау өлке тарихын зерттеуге өз зардабын тигізді десек те, кеңестік
тоталитарлық жүйе қыспағына қарамастан ұлтымыздың тарихы, этнографиясы мен
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
274
фольклоріне қатысты тарихи құнды деректер қорын жинақтап, өлке тарихының
жазылуына сүбелі үлес қосқан зерттеуші ғалым, Мұстафа Ысмағұловтың есімі
бүгінгі жас ұрпақ құрметіне лайықты тұлға.
Халқымыз машақаты мол ғылым жолының ауырлығын «Ғылым инемен құдық
қазғандай» деген қысқа да, нақты сөз жолдарымен ұғындырып береді. Олай болса,
ғалым М.Ысмағұловтың мұрағат, музей қорларындағы сарғайған қолжазбаларын оқи
отырып, оның жеке басының атақ-абыройы үшін емес, орыс еліне тәуелді күй кешіп
отырған халқының тарихи мұраларын сақтап қалудағы тырысқан жанқиярлық
еңбегіне еріксіз таңданып, сүйсінесіз. Демек, ғалымның қазақ тарихына қатысты
жазып қалдырған қолжазба мұралары – оның халқын сүйген ұлтжанды тұлға болғандығын
анық дәлелдейді. Біздің бұл пікірімізге зерттеуші М.Ысмағұловтың Батыс Қазақстан
облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында сақталған 428 беттік қолжазбасы дәйек [1].
Өлке тарихын зерттеуге сүбелі үлесін қосқан Мұстафа Шәмбілұлы Ысмағұлов
1914 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық
кеңесінің Свердлов атындағы (бұрынғы К.Маркс) кеңшарында дүниеге келген.
Еңбек кітапшасындағы жазбаларға қарағанда, ол 1930 жылы бастауыш
мектепті аяқтап, Ташкент қаласындағы Қазақ орман техникумына оқуға
қабылданады. Бірақ 1 курс бітірген соң денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра
алмайды. Кейін денсаулығы қалпына келген соң ол енді Қызылорда сауда
техникумына түсіп, аталмыш оқу орнын 1934 жылдың қыркүйек айында есепші -
бухгалтер мамандығы бойынша аяқтайды. Бұдан соң Қазақ Өлкелік комсомол
комитетінің жолдамасымен Қызылордадан Балқаш өңірі құрылысы жұмысына
жіберіліп, ауылшаруашылық комбинатында материалдық қамсыздандыру бөлімінде
есепші қызметін атқарады. 1936 жылы Тынық мұхиты флотының жедел қызмет
бөліміне шақыртылып, Владивосток қаласы маңындағы авиа мектепте оқиды. Алайда
денсаулығы сыр берген соң, 1937 жылы елге келіп, Қарағанды облыстық Кеңесі
төрағасы міндетін атқарады [2].
1939-1954 жылдар аралығында Ішкі Істер Министрлігінің Алматы облыстық
бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен М.Ысмағұлов бұдан соң ғылым жолына біржола
бет бұрады. 1950-1952 жылдар аралығында Түрген педагогикалық училищесін, 1955-
1960 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика
факультетінің кешкі бөлімінде оқып жүріп, 1957 жылдың шілде айында Қазақстан ҒА-ның
Философия және құқық институтына ғылыми қызметкер болып қабылданады. 1981 жылы
зейнет демалысына шыққанға дейін ол осы ғылым ордасында жүріп, көптеген ғылыми
зерттеулер мен ғылыми танымдық еңбектердің авторы атанды [2].
Осылайша зерттеуші М.Ысмағұлов Мәскеу, Ленинград, Астрахан, Саратов,
Омбы, Орынбор қалаларының мұрағат қорларында сақталған қазақ тарихына
қатысты тарихи құнды деректерді ғылыми айналысқа енгізіп, Батыс Қазақстан өлке
тарихының жазылуына зор үлес қосты. Ол Бөкей Орда жерін жаяу-жалпы аралай
жүріп, ел ішіндегі көнекөз қариялардың естелік жазбаларын да жинап қалдырған.
Бұл жөнінде құрметті зейнеткер Аманкелді Уәлиев: «Үстінде желбегей қоңыр плащ,
қолында қағаз толы портфель ұстаған зерттеуші М.Ысмағұлов 1978-1980 жылдары
Жәнібек ауданына келіп, осы өңірді жырға қосқан ақындар Ш.Бөкеев, Ғ.Қараш т.б.
осы өңірден шыққан зиялылар туралы деректер жинады. Мен ол кезде Жақсыбай
ауылында совхоз директоры едім. Оның осы ауылда өлкетану мұражайын ашуға
тырысып жоғарғы жақтарға әлденеше рет ресми хат жазғанын да және Алматы қаласынан 4-
5 қапшық толы тарихи жәдігерлерді арқалап келгенін де білемін» [3, 28 б.],- деп зерттеуші
М.Ысмағұловтың туған өлке тарихы туралы ізденістеріне өзінің куә болғандығын
айтады. Мұнымен бірге Аманкелді ағамыз: «1980 жылы Орал облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы М.Б. Ықсановтың тапсырмасы бойынша Ғ.Қараш пен оның
баласы Қадерге арналған құлпытасты Волгоград қаласынан жасатып әкеліп, осы Мұстафа
Шәмбілұлының көрсеткен жеріне әкеліп қойғанбыз. Міне, Ғұмар бабамызға арналып
қойылған тас белгінің қойылу тарихы осындай» деген еді.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
275
Өлке тарихын зерттеуге сүбелі үлесін қосқан зерттеуші ғалым
М.Ысмағұловтың Бөкейлік алаш зиялылары Бақытжан Қаратаев, Ғабдулғазиз
Мусағалиев, Ишанғали Меңдіханов, Сейтқали Меңдешов, Елеусін Бұйрин, Ғұмар
Қараш сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі жөніндегі қолжазбалары
бүгінде мұрағаттық құнды дерек қорына айналған. Осы айтылған қолжазбада, ол
қазақ халқының келешегін ойлаған ұлт жанашырлары туралы: «Шын саясатқа жетік
қоғам қайраткерлері сан жағынан аз болғанымен, олар ар-ұяты таза, рухани күшті,
қажырлы, қазақ халқының болашақ өміріне көз жіберіп, қайғырғандар болды.
Көздеген мақсаттары үшін ақыл ойын сарп етті. Өздерінің өзектерін өртеген
мәселелер туралы жазып та, айтып та халықтың санасына жеткізу үшін, «тар жол,
тайғақ кешуге» түсті. Мысалы И.Тайманов пен М. Өтемісов ту ұстап, тұлпар мініп
ханға қарсы шықты» [2, 206 п.],-деп тұжырымдайды.
М.Ысмағұлов 1959 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінде жариялаған көлемді
мақаласында Ғұмар Қараштың шәкірт тәрбиесіне қатысты тұжырымдары мен
оқушының жан-жақты еркін өсіп жетілуіне, мектеп мұғалімінің тигізетін ықпалы
туралы айтылған педагогикалық ой-пікірлерін жоғары бағалап, Ғ.Қараштың өмірі
мен қызметін зерттеудің жаңа бағыттарын ұсынады [4, 12 б.]. Сондай-ақ 1962 жылы
академик С.З.Зиманов пен бірігіп жазған «Философская энциклопедия» деген
еңбегінде ол: «Казахский поэт, публицист, мыслитель подвергал критике некоторые
догмы ислама, ратовал за реформу, школы, призывал к сближению с русским
народом.
Философской основой
его
творчества
становятся
стихийным
материализмом» [5, 78 б.], – деп Ғұмар Қараштың қоғамдық қызметі мен оның
пәлсапалық ой-пікірлері туралы нақты тұжырым жасайды.
Ғалым М.Ысмағұлов ағартушы Ғұмар Қараштың туған ауылында мектеп
ашып, жәдидтік оқыту тәсілімен бала оқытуы жөнінде: «Ол 1907-1910 жылдары
Қароба маңындағы Тіленшісай деген жерде, өзі молда болған медреседе балаларға
дін оқуын оқытпай, орысша оқытуды ұйымдастырады. Ауылда асық атып, доп қуып
жүрген қазақ балаларына бірден орысша оқу қиынға соғады деп, оларға қысқа
мерзімде тіл сындырту үшін Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген Паңгерей
Ақыртов дегенді мұғалімдікке тағайындатады. Біздің ойымызша, дін ұясы саналған
мешітті, медресені Ғұмардың нағыз ағартушылық мүддеге пайдалануы: хадімді тастап
жәдитке көшуі жәдитшеге қоса балаларды орысша оқытқаны шын мәнісінде өте зор
қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар жаңалық» [2, 24 п.], – деп тұжырым жасайды.
Өлкемізде 1919 жылы қазақ мектептеріндегі мұғалімдер үшін шығарылғын
тұңғыш әдістемелік «Мұғалім» журналы жөнінде де дерек қорын қалдырған
М.Ысмағұлов: «Журналдың оннан аса саны жарық көрген. Солардың қазіргі
табылғаны 2 және 7 сандары. Осы нөмірде Ғұмардың баяғы Уфада жазылып басуға
үлгере алмай кеткен «Педагогика» деген көлемді ғылыми еңбегі жарияланады. Шын
мәнісінде педагогика теориясын (қағидасын) ана тілімізде жазған тұңғыш автор
Ғұмар Қараш» [6, 178 б.], - деген ой түйеді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында
М.Ысмағұловтың 1951 жылы «Газеттің аты «Қазақстан еді» атты телевизиялық
деректі фильмге арналып жазылған қолжазба сақталған. Бұл оның қазақ тарихына
деген сүйіспеншіліктен туған жанқиярлық еңбегі мен ізденісінің нәтижесін
дәлелейді. Осы қолжазбада автор «Қазақстан» газеті туралы тарихи деректерді өзінің
қалай іздеп тапқаны жөнінде былайша баяндайды:«1935 жылы жазда Алматыда
Қазақ АССР-ның мәдениет қайраткерлерінің сиезінде Балқаш құрылысынан келіп
қатыстым. Сонда Сабыр Нұғманов деген жерлесімнің Москвада тарих архивінде
«Қазақстан» деген газеттің екі-үш сандары сақталыпты дегені есімде жүрді. 1938
жылы Москваның шығыс жағындағы Кусково деген қалашықта екі-үш ай рота
командирі болдым. Сонда «Қазақстан» газетінің екі санын архивке барып оқыдым.
Өте таң қалып қызықтым. Сол кезден бастап бұл газетті шығарушылар туралы
ізденіп, 1941 жылы Саратов облысы Энгельс ауданы жерінде Ғұмардың Нәзия деген
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
276
қызына, ағайындарына барып, азды-көпті бұл ақыннан қалған әдеби мұраларын
Сыдиықтан (немере інісі), Исағалидан (жерлесі) жинап қайтқан едім. Ұлы Отан
соғысы жылдары «Қазақстан» газетінің шығу тарихын зерттеуге, деректер жинауға
мүмкіндігім болмады. 1946-1947 жылдары Алматыда тұратын Ғұмар Қарашевтың
туған баласы инженер, коммунист Бұрхан Қарашевпен әлденеше рет әңгімелесіп,
«Қазақстан» газетін шығаруға тікелей қатысы бар Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей
Бөкеев, Ғабдулғазиз Мусағалиев, Сейтқали Меңдешов, Елеусін Бұйрин, Ғұбайдолла
Бердиев т.б. туралы ауызша түсінік алып, дерек іздеуге кірістім. Бұрхан Қарашев
айтқан түсініктердің көмегі зор болды. Маған документальды деректі іздеп, тауып
алу үшін орталық қалалардың архивтеріне баруға жөн сілтеді. (Қазір осы Бұрхан
Қарашевтің қызы – филология ғылымдарының кандидаты Нәдия Қарашева (1930 ж.)
Москва қаласында тұрады – автор Б.Б.). 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым
Академиясының философия және право институтының еңбектерінің 6-томында
«Қазақстан» газетінің шығу тарихы және оның идеялық мазмұны» 1 баспа табақтай
мақаламды жарияладым» [2], - дейді.
Демек, осы көлемді мақаласында М.Ысмағұлов: ««Қазақстан» газеті 1911 жылы
16 мартта Орда қаласында қазақша, орысша екі тілде шыққан. Көлемі шағындау. «Дала
уалаяты» газетіне ұқсастығы бар. «Қазақстан» газетінің өзіндік ерекшеліктері де
байқалады. Ол ерекшеліктері: ресми редакторы, бастырушысы да қазақтар болған.
Ал «Дала уалаяты» газеті редакторының қарауындағы аударушылар ғана қазақтар,
олар сол кездегі ақсүйектерден шыққандар еді. «Дала уалаяты» газетінің бірінші
бетінде ұдайы әртүрлі ресми хабарлар, бұйрықтар, ережелер, қарарлар сол кездегі
болған губернаторлардың ұйғаруы бойынша басылған. Ал «Қазақстан» газетінде
шаруашылық, тарихи, әдеби және әдет-ғұрып жайындағы әңгімелер басылғаны
мәлім. «Қазақстан» газетінің елеулі ерекшеліктерінің бірі –қоғамдық проблемалық
мәселелер басты мақала ретінде басылып отырған. «Қазақстан» деген газеттің атына
таяу, бас жағына: «Газеттің асыл мақсаты: кәсіп ету, ғылым үйрену турасында» деген
ізгі ниет, тамаша сөздер бар. Ұзақ жылдар шығып тұрғанменен «Дала уалаяты»
газетінде «Қазақстан» газетінің мақсатындай көздеген адал ниетті тілекті көрмейсіз»
[7, 82 б.],-деп екі газетті салыстыра отырып тұжырымды ой түйеді. Сөйтіп,
М.Ысмағұловтың Қазақстандағы тұңғыш басылым саналатын «Қазақстан» газеті және оны
ұйымдастырушы қайраткерлердің тарихи еңбегі жөніндегі жазған қолжазбасы уақыт өткен
сайын құндылығын жоғалтпайтын жазба ескерткіш саналады.
Жоғарыда айтылғандай ғалымның 1911-1913 жылдар аралығында алғашқы 2
саны әуелі Орда ауылында кейінгі 14 саны Орал қаласында шығырылып тұрған
«Қазақстан» газеті жайлы қолжазбасында аталмыш газет туралы Әйнөк Ералиеваның
(Шәңгерейдің көмекшісі Иманғалидың зайыбы – Б. Б.) естелігін былайша келтіреді:
«Ол Ш. Бөкеевтің жанына 10 адамның жасырын түрде кездескенін айтты. Осы жерде
олар баспахана алу мен «Қазақстан газетін шығару үшін қаражат жинауға
уағдаласты» [7, 83 б.],- дейді. Сонымен қатар Әйнөк Ералиеваның газетке
байланысты айтылған осы естелігінде одан әрі ұйымға қатысы бар тоғыз адамның –
Шәңгерей Бөкеев, Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Ғабдолғазиз
Мұсағалиев, Сәлімгерей Нұралыханов, Мұстафа Көкебаев, Сейтқали Меңдешев және
Х.Сембаевтың аты-жөндері көрсетіледі», - дей отырып, бұған қарағанда Шәңгерей Бөкеевтің
төңірегіндегі он адам астыртын ұйым құрып, баспахана жабдықтарын сатып алып,
«Қазақстан» деген атпен газет шығаруға байлам жасаған деп тұжырымдайды.
Сонымен бірге М.Ысмағұловтың қолжазбасында газеттің баспадан
шығарылуы туралы орыс қаріптері Орда қаласындағы Щелкова баспаханасынан, ал
араб қаріптері сол жылдардағы Мұхамедғали Мусин дейтін саудагер татардан сатып
алынғандығы айтылады. Осы құрал-жабдықтардың көмегімен «Қазақстан» газетінің
алғашқы саны 1911 жылғы 16 наурызда Ордада басылған [6, 85 б.],-деп мәлімет береді.
Ол жоғарыда айтылған татар ұлтының өкілі Мұхамедғали Мусин туралы:
«Татар тілінде газет, журналдар шығарып тұрған қайраткер Мұтиғолла Тухватуллин
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
277
1907 жылы Оралдағы №3 мешіттің ахуны атағынан айырылып, қуғындалғаннан
кейін, өз меншігіндегі арапша әріптерді, типографиялық станоктерді қаладағы
Ғұбайдуллин деген купецке сатқан. Осы купецпен шарт жасаған нан пісіруші
жұмысшы Мухамедғали Мусин, «Яна турмуш» газетін қайта шығара бастайды.
М.Мусин 1906-1907 жылдары Орал қаласында болған РСДРП-ның жергілікті
жасырын ұйымдарына қатынасқан. Бұл деректерді ауызша айтып, жаздырған Орал
қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың аға оқытушысы
Абдрахман Кальеев жолдас...» [2, 124-215 п.п.], - деп жазады.
М.Ысмағұлов өлкеміздегі тарихи ірі тұлғалардың бірі, қоғам қайраткері
Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін зерделей отырып: «Қазақ халқының
болашағы, бақыты үшін күрескен абзал азаматтардың бірі – Бақытжан Қаратаев екені
сөзсіз. Оның өмірі қазіргі және келешек ұрпаққа өнегелі үлгі боларлық сыр-сипатқа
өте бай» [8, 17 б.], - деп бағалады. Осылайша ол сол тұстағы Б.Қаратаевтың
қайраткерлік болмысы туралы теріс пікір қалыптастырушылардың еңбектерін сынға
ала отырып, қазақтың тұңғыш заңгері туралы жаңаша ой қорытқан еді. Сондай-ақ
оның «Революция сарбазы» атты мақаласында 1932 жылы көктемде Сталиннің
Қазақстандағы бас жендеті И.Голощекин «Кіші Октябрьді» жан аямай
ұйымдастырып жүрген кезінде Ақтөбе қаласына да келіп, митингіде сөз сөйлеп
тұрғанында оның жанына Бақытжан Қаратаев келіп, тайсалмастан: «Разве
большевики боролись за то, чтобы люди гибли как мухи от голода? Перестаньте
болтать!» деген. Бұл оқиғадан кейін И.Голощекин сөзін аяқтай алмай, халық алдында
масқара болады, әрі тез арада қаладан да тайып тұрады» [9, 73 б.], - деп Бақытжан
Қаратаевты большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, батыл
үн көтерген қайраткер ретінде бейнелейді. Кеңес өкіметі тұсында Бақытжан
Қаратаевтың ІІ Думада сөйлеген сөздеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасап, мол
мұраларын зерттеуші академик С.З. Зиманов пен М.Ш. Ысмағұлов болды [10, 83 б.].
Еліміз тәуелсіздігі тұсында алаш қайраткері Ғ.Мұсағалиевтың өмірі мен
қоғамдық қызметі жөнінде жазылған еңбектерге М.Ысмағұлов қалдырған тарихи
деректер ғылыми негіз болғандығы анық. Зерттеуші дерегіне сүйенсек, Ғ.Мұсағалиев
Каир университетінің заң факультетін ойдағыдай аяқтаған соң, 1909-1910 жылдары
дүние жүзінде болып жатқан ұлттық қозғалыстар мен әр халықтың тұрмыс
тіршілігінен хабардар болу мақсатымен Үндістан, Пакистан, Индонезия, Жапония
сияқты шығыс елдерін аралайды. Осы жасаған сапары барысында әр елдің салт-
санасына үлкен көңіл бөліп, көптеген құнды жазбалар мен күнделіктер жазады. Бірақ
өкінішке орай, Қазан төңкерісі кезеңінде олардың бәрі жоғалып кетеді. Ол араб,
парсы, түрік және орыс, испан, француз тілдерін жетік меңгерген [11, 22 б.].
Ғалым М. Ысмағұловтың фальклорлық, этнографиялық зерттеулерінің де
қазақ тарихы үшін маңызы ерекше. Ол халқымыздың музыка өнеріне қатысты 120
күйдің пленкасы мен сурет деректерді, түркі, араб, парсы тілінде жазылған көне
кітаптар жөніндегі мәліметтерді де жинақтаған. Өткен жылы жазда жолым түсіп
Алматыға барған сапарымда Мұстафа Ысмағұловтың қызы Салтанат апаймен
кездескен едім. Салтанат Мұстафақызы тебірене отырып: «Бірде әкем екеуміз
трамваймен кештетіп үйге келе жатыр едік, әкем жылап отырған жас қыздың жанына
барды да, оның «баратын жерім жоқ, енді қайтсем екен» деп отырғанын білген соң
үйге ертіп әкелді. Аты Гүлбаршын. Семейден екен. Анам Сәнду екеуі жүгіріп жүріп,
ол қызды балабақшаға бала күтушісі қылып жұмысқа орналастырды. Ол біздің үйдің
бір мүшесі болып өсті. Кейін оны Қыздар педагогикалық институтына оқытып,
мамандық алып берді. Мейірімді әкемнің адамдарға жасаған мұндай жақсылығы өте
көп еді», - деп айтқан әңгімесі ғалым Мұстафаның адами қасиеттерінің де жоғары
болғандығын аңғартады.
Бізбен осы кездесуінде Салтанат Мұстафақызы қазақ халқының тарихи және
мәдени құндылықтарының сақталуына өзіндік үлес қосқан әкесінің халық батыры
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
278
Махамбеттің домбырасын тауып республикалық халық аспаптары музейіне
тапсырғандығын айтқан еді.
Ал бұл туралы белгілі өнер зерттеушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші –
Абдулхамит Райымбергеновтың естелігінде: «1980 жылдардың баскезі болатын. Осы
жылдары Мәдениет Министрлігінің жанынан құрылған «Казрестоврация» атты
мекеменің эксперттік комиссиясының мүшесі қызметін атқарып жүрген кезім. Бір
күні «Казрестоврацияның» саз аспаптарын жасау шеберханасына бойы орташа
келген, ашық жүзді бір адам келді. Бұл – Мұстафа Ысмағұлов екен. Қолында қоңыр
матаға ораған бір аспабы бар. Аман-саулық сұрасқаннан кейін, әлгі адам қолындағы
матаны ашып, ішінен бір домбыраны алып, алдымызға қойды. Бәріміз әлгі
домбыраны көріп, аң-таң болып қалдық. Өте ескі домбыра екені көрініп-ақ тұр. Бізді
қайран қалдырғаны – әлгі домбыраны әдеттегідей ойып емес, құрап жасағандығы
болды», - дейді де, одан әрі «1982 жылы ойда жоқта есіктің қоңырауын біреу
сыңғырлатты. Есікті ашсам, қасында аққұба, бойын тік ұстаған бір ақсақал мен
Мұстафа ағамыз тұр. Мұстафа ағамыз алдын-ала хабар бермей, аяқ астынан
келгеніне кешірім сұрап: «Бұл атаң – атақты ақын, философ Шәкәрім
Құдайбердіұлының баласы – Ахат ақсақал. Көк базарды аралап жүрсем, қымыз ішіп
тұрған Ахат ағамен кездесіп қалдым. Бұл атаңның бойында көп қазына бар.
Үнтаспаңды дайында. Атаңның бір сөзін мүлт жібермей жазып ал», - деді. Өзі
домбыра тарта алмаса да, әрбір күйді саралап, жік-жігімен ажырата білетін Мұстафа
ағамызбен одан да бетер жақындасып кеттік. Біраз жылдар бойы әрдайым қолына
кішкентай магнитафонын алып, ел аралап, қай жерде, қай ауылда әнші-күйші бар
дегенді естісе, арнайы барып, жазып алатын. Бір күні Мұстафа ағамыз қолында
магнитафоны бар, үйге келді. «Боғданың күйін тартады деп естіп едім, соны арнайы
жазып алайын деп келдім», - деді. Сөйтсе, Мұстафа ағамыз күйші Боғда туралы ел
ішінен естіген деректерін жинап, оның бірнеше күйлерін магнит таспасына жазып та
алған екен. Махамбеттің замандасы әрі серіктесі болған күйші Боғда туралы тың
мәліметтерді естіп, таңырқап қалдым. Әңгімелесе келе, екеуміз Боғданың бейнесін
салдырып, жарыққа шығармақшы болдық. Көп іздендік. Суретшілермен бірлесе
отыра, Боғданың суретін салып, ең алғаш «Күй қайнары» атты кітап ішіне жарыққа
шығардық. Тағы бір қазақтың ұлы күйшісінің бейнесі бұл жинақтан өз орнын тауып,
өмір деректерінің жүйеленгеніне іштей қатты қуандым. Бұл іске мұрындық болған
ұлы өнердің жанашыры Мұстафа ағамыз болатын. Бір өкініштісі, Мұстафа
ағамыздың нота сауаты болмағандығы. Егер қолындағы жиналған мол мұраны нотаға
түсіріп, жарыққа шығарған болса, Затаевичтің жанынан Мұстафа ағамыздың да
есімін қоса айтар едік» [12], - деп тебірене жазады.
Сондай-ақ Мұстафа Шәмбілұлының Махамбеттің домбырасын ғана тауып
қоймай, сонымен бірге Махамбет күйлерінің шебер орындаушысы Оразғали
Сүйінбековты да іздеп тауып, оның орындауындағы Махамбет күйлерін алғаш
магнит таспасына жазып, ал күйшінің өзін арнайы Алматыға шақырып, қазақтың
белгілі өнер зерттеушісі Ахмет Жұбановқа таныстырғандығы жөнінде Қурманғазы
атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның халық музыкасы факультетінің деканы,
профессор Карима Сахарбаева: «Мұстафа аға қанша жәдігерлерді тауып «Алтын
қорға» қосты. Махамбет күйлерін орындаған О.Сүйінбековты 1957 жылы Алматыда
А.Жұбановпен кездестіріп қазақ күй өнеріне тыңнан түрен салды. Оны жиырма
жылдан кейін Қаршыға Ахмедияровқа табыстап, орақ тілді, от ауыз ақын, құрыш
білекті, арыстан жүректі Махамбет батырды күйшілік қасиетімен де әйгіледі. Алғаш
қолға түскені «Қайран нарын», «Жұмыр қылыш» күйлері болатын. Мұстафа аға
өмірден өткеннен кейін бір күні Сәнду апайды автобуста көріп амандастым, мені
үйге шақырды, алдыма бір сумка толы ескі үн таспалар мен бір папка дерек,
мақалалар берді. Оларды қолыма алған соң жәйлап тыңдап жүріп, Махамбеттің 4
жаңа күйіне тап болдым. Қуанышымда шек болмады. Содан соң 2003 жылы
Махамбеттің 200 жылдығына орай «Шашақты найза-шалқар күй» жинағын қайта
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
279
жинақтадық. Жинаққа Мұстафа Шәмбілұлы тапқан Махамбет домбырасының
суретін және ол туралы деректі сондай-ақ Мұстафа ағаның домбыраны орталық
мұражайға тапсырарда өз қолымен жазған қолжазбасын, 2000 жылы Атырау
облысының белгілі күйшісі С.Мұқатовтың орындауында табылған бір күйді
(Арысымнан айрылдым) де осы жинаққа енгізген едік. Бұл күнде Мұстафа
ағамыздың жинаған мол мұрасы жерде қалмай, халықтың құнды игілігіне айналып
отыр. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» [12], - деген осы деп еске алады.
Бүгінде М.Ысмағұловтың ғұмырнамасына қатысты тарихи құжаттардың
арасында академик С.З.Зимановтың 1979 жылы Философия және құқық институты
директоры Қазақ ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі Ж.М. Абдилдинге және
институттың жергілікті комитет төрағасы А.А.Тарановқа: «Ғылыми зерттеу
жұмыстарымен үздіксіз айналысып келе жатқан кіші ғалыми қызметкер
М. Ысмағұловтың екі монографиялық еңбегі сондай-ақ оның Қазақ Совет
энциклопедиясының жазылуына және ғалымның жергілікті басылымдарда
жарияланған зерттеулерінің нәтижесі, сын пікірлері ғылыми ортада қызығушылық
тудыратындығын айтып, ғалымның жалақысына 30 пайыз үстеме жалақы төлеу
қажет» [2], - деп жазған ұсынысы көп нәрсені аңғартқандай.
Демек, түйіндеп айтқанда, еліміз тәуелсіздігі ұлттық тарихымызды зерделеуге
кең жол ашып, алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін,
шығармашылығын мұрағаттық деректер негізінде зерттеу табиғи түрде күн тәртібіне
қойылған
тұста,
зерттеушілердің
ғылыми
ізденістеріне
тірек
болған
М.Ысмағұловтың артына қалдырған ғылыми қолжазбалары еді. Демек, уақыт өткен
сайын тарихтану ғылымы үшін ғалым Мұстафа Ысмағұловтың артына қалдырған
мол мұраларының маңызы артып, оның халқын сүйген ұлтжанды тұлға ретіндегі
абыройын асқақтары хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |