«заманауи сын-тегеуріндер мен қОҒамның жаһандану жағдайында қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық Ҽлеуеті»



Pdf көрінісі
бет44/69
Дата06.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#7955
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69

28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



жолдарын  және  білімді  танымдық  белсенділікпен  меңгеруді  басты    кәсіби  бағдар  деп  

тҥсінуімен сипатталады.        

Іс-әрекеттік  –  мектеп  оқушыларының  оқу-тәрбие  ҥдерісінде  зияткерлігін 

дамытуда оқу-танымдық іс-әрекетте ізденімпаздық танытып, шығармашылық ойлауын 

қалыптастыру  арқылы  интеллектуалдық білім шеңберін кеңейтуі; ӛзінің танымдық  іс-

әрекетіне  рефлексивтік  бағытының  болуы  және  ӛзінің  білімі  мен  білік,  дағдыларын 

жаңа  жағдайда  ҧтымды  пайдалана  білуі,  тапсырманы  жоғары  деңгейде  орындауға 

қабілеттілігі,  жаңа  идеяларды  сараптап  іс-тәжірибеге    енгізуге  және  кез  келген 

жағдаятта теориялық білімін мақсатты қолдана білуге дағдыларының болуы. [5]      

 

ҼДЕБИЕТТЕР: 

1.

 

Программа  «100  конкретных  шагов»  Президента  Республики  Казахстан 



Н.А.Назарбаева – газета «Казахстанская правда» от 6 мая 2015 г. №80 (27956).  

2.

 



«Интеллектуалды  әлеуеттен  -  интеллектуалды  ҧлтқа»  ҧжымдық  монография. 

Алматы, 2012. - 216 б. 

3.

 

Формирование интеллектуального потенциала нации в условиях высшей школы: 



Сб.науч.тр. – Алматы: Издательство «Ҧлағат» КазНПУ им.Абая, 2012. – 297 б.  

4.

 



Жексенбаева  У.Б.  Теоретико-методологические  основы  работы  с  одаренными 

детьми: Дисс. док. пед.наук:  13.00.01 – / Алматы, 2005 

5.

 

Пралиев  С.Ж.,  Намазбаева  Ж.И.,  Каракулова  З.Ш.,  Садыкова  А.Б.  Развитие 



творческой интеллектуальной личности. Учебно-методическое пособие. Алматы, 2013, Б. 

10 


6.

 

Краморенко  В.Ю.,  Никитин  В.Е.,  Андреев  Г.Г.  Интеллект  человека.    Воронеж, 



1990. - Б.248 

7.

 



Интеллектуалды  білім  берудегі  қажет  кейбір  мәселелер,  Сейсенбаева  Ж.А.: 

«Ізденіс» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал. Алматы №4 / 2014 – 270б. 

8.

 

Аширбаева  Н.Н.  Оқыту  барысында  жасӛспірімдердің  зияткерлік  қабілеттерінің 



психологиялық дамуы. // ПМУ Хабаршысы. Павлодар қ., №2, 2013.Б.31 

 

 



ҼЖК  378.02:3728 [514.74+512 

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТҼСІЛДЕР МЕН ҼДІСТЕРДІ ТИІМДІ 

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Окпебаева Г. Ш. 



І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

gulnur_8331@mail.ru 

  

Ҥшінші  мыңжылдықта  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше 



сауатты,  жан-жақты  жетік  маман  болу  мҥмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру 

мҧғалімнің ӛзін - ӛзі дамытып, оқу – тәрбие ҥрдісін жаңаша қҧруды кӛздейді. Ол ҥшін 

мҧғалімнің,  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  ҧмтылған  инновациялық 

дайындығын қалыптастыру қажет. 

Мҧғалімнің  инновациялық  дайындығын  қалыптастыруда  ,  мҧғалімнің 

инновациялық белсенділігін ескерген жӛн. Ол дегеніміз – мҧғалімнің жаңа ӛзгерістерге 

кӛзқарасы,  жаңаны  білсем,  ҥйренсем,  қолдансам  және  т.с.  жаңа  іс  -  әрекеттерін 

жатқызуға болады. 

Адамзат қоғамы ғылыми  – техникалық прогресс керемет дамыған XXI ғасырға 

қадам  басты.  Біздің  еліміз  де  білім  берудің  жаңа  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  бағыт 



 

252 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

алды. Білім беру парадигмасы ӛзгерді. Білім берудің мазмҧны жаңарып, жаңа кӛзқарас, 



жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 

Қоғамның  қазіргі  даму  деңгейі  жас  ҧрпақтың  білімінің  жоғары  болуын  талап 

етеді.  Сапалы  білім  жҥйесі  –  ел  экономикасының  тҧрақты  ӛсуін  қамтамасыз  ететін 

негізі факторлардың бірі  және ол мемлекет дамуының тҥп қазығы. Қазіргі мҧғалімдер 

ӛзгермелі  жағдайға  тез  бейімделіп,  педагогикалық  ҥрдісті  жҥйелі  жҥргізуге 

бағытталған  ойлаудың  жаңа  типін  меңгеріп,  шығармашыл  –  кәсіби  іс-әрекетті 

оқушылармен ынтымақтаса жҧмыс істеуді игеруі керек.  

Оқыту  мен  тәрбие  ҥрдісінде  оқушы  шығармашылығын  дамытудың  бір 

қажеттілігі қоғам талабынан туындап отыр.  

Педагогтардың  алдына  қойылып  отырған  басты  міндеттердің  бірі  –  оқытудың 

әдіс-тәсілдерін  ҥнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияны 

меңгеру.  Жас  ҧрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мҧғалімдердің 

инновациялық  іс  -  әрекетінің  ғылыми  педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  –  маңызды 

мәселелердің бірі. Жаңашыл педагогтердің негізгі мақсаты шәкірт қауымының алатын 

білімін сапалы ету, оның толықққанды жеке тҧлға болып қалыптасуына негіз қалау.  

Педагогикалық  озат  тәжірибе  оқу-тәрбие  жҧмысын  ҥнемі  дамытып  және 

жетілдіріп  отырады.  Сондықтан,  әрбір  мҧғалім  еліміздегі  жаңашыл  ҧстаздардың  бай 

тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, 

олардың ҧсынбаларын ӛз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жӛн.   

Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мҧғалім 

ӛз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бір  сарынды  сабақтардан  гӛрі  жаңа  талапқа  сай 

инновациялық  технологияларды  ӛз  сабақтарында  кҥнделікті  пайдаланса,  сабақ 

тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сӛзсіз.  Бҥгінгі  таңда  білім  саласының 

алдында  дайын  білімді  дағдыларды  меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес, 

шығармашылық  бағытта  жҧмыс  істейтін,  тың  жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау 

қабілетімен ерекшеленетін жеке тҧлға қалыптастыру міндеті тҧр.   

Қоғамның, білімнің, технологияның  дамуы бір деңгейде тҧрып қалмайды, ҥнемі 

ӛзгеріп  отыратындығы  заңдылық.  Осындай  жағдайды  кӛргендігімен  ескеріп  отырған 

Елбасы  білім  беру  саласының  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуімізге  ӛте  ҥлкен 

мҥмкіндік жасап отырғаны баршамызды қуантады. Әлемдік білім беру жҥйесінің озық 

тәжірибелерін  енгізуді  мемлекеттік  деңгейде  іске  асыру  бағытында  Кембридж 

Университетінің  мамандарының  тәжірибесімен  бӛлісе  отырып,  ҧйымдастырған 

жобаның маңызы зор [1].  

Ал осыған дейін қолданып келген «дәстҥрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі 

мҧғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті.  Мҧғалім кіреді, сабақ сҧрайды,  сабақ тҥсіндіреді. 

4-5  оқушыны  бағалайды,  қалғандары  сол  қалпында  қалады.  Бҧл  жердегі  мҧғалім 

тарапынан  берілген  дайын  білімге  оқушылар  ӛздігінен  ары  қарай  дамыту,  іздену, 

ойласу,  ат  салысу,  салыстыру,  пікір  алмасу,  пікір  таластыру  т.б.  жайлар  қолға 

алынбайды.  Мҧндай  білімнің  аясы  тар,  кӛбіне  жаттанды  есте  сақтауға  алып  келеді. 

Сондықтан  кӛбіне  санада  механикалық  есте  сақтау  арқылы  алынған  білім  ойлаудың 

тӛменгі  деңгейінде  ғана  жҥзеге  асырылады.  Ары  қарай  терең  ойлану  ҥрдісі  іске 

асырылмайды.  Ал  сындарлы  («конструктивті»)  оқытуда  керісінше,  мҧнда  басты 

басымдылық  оқушыға  беріледі.  Мҧғалімнен  гӛрі  оқушы  кӛп  ойланып,  кӛп  талқылап, 

достарымен кӛп сӛйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мҧғалімнен ӛз сабақтарын оқушының 

идеясын,  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  етіп  ҧйымдастыру 

талап етіледі. Мҧндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін ӛз 

деңгейінде кӛрсетіп, кейбір болжамдар бойынша кҥмәнды ойларын  білдіре алатындай 

пікір-кӛзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ҧғым-тҥсініктерін  ӛрістетуге  орайластырылып 

қҧрылады. 


 

253 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



Барлық  оқыту  ҥдерісін  ҧйымдастырып,  кӛшбасшылық  жасайтын  мҧғалім 

болғандықтан,  бағдарлама  ең  алдымен,  мҧғалімге  қарай  бағытталады.  Ӛйткені 

мҧғалімдер 

ойлау 


қабілеттері 

жоғары 


деңгейде 

дамыған 


оқушыларды 

қалыптастырғылары  келсе,  онда  алдымен  ӛздерінің  де  терең  ойлау  қабілеттерін 

дамытқан жӛн. Сонда ғана біржақты, «тек менікі дҧрыс» деген сенімнен гӛрі, жаңашыл 

идеяларға деген кӛңіл кӛкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мҥмкін. 

Бҧрын  оқу  ҥдерісі  кезінде  бар  салмақ  мҧғалімге  тҥсетін.  Ол  белгілі  шеңберде 

жҧмыс  жасайтын.  Жаңаша  оқытудың  «Кембридждік»  жҥйесі  бойынша  бҧл  тәсіл 

біршама  ӛзгереді.  Мҧнда  балаларға  білім  дайын  кҥйінде  берілмейді,  керісінше 

оқушылардың ӛздерін еркін ҧстауға, ойлануға мҥмкіндік жасалады. Олар ӛз беттерімен 

және  ӛзара  әрекеттесе  оқып-ҥйреніп,  ортақ  бір  шешімге  келуге  бағытталады. 

Сондықтан  да  қазіргі  таңдағы  әрбір  ҧстаздың  да,  оқушының  да  іс-әрекеті  ерекше 

шығармашылық сипатта болуы керек. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі 

білімді дамыту тҧжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби 

дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, ӛзін-ӛзі іске асыруға, ӛзін-ӛзі дамыту және 

ӛз бетінше дҧрыс адамгершілік тҧрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тҧлғаны 

қалыптастыру»  делінген.  Ал  ҧстаздың  міндеті  жеке  тҧлғаның  ӛзіне,  қоғамға  қажетті 

қабілеттерін  қалыптастыру,  дамыту  және  ӛз  бетімен  білім  алуына,  ӛзін-ӛзі  дамытуға 

қолайлы жағдай туғызу. Осы тҧрғыда жаңа форматта оқыту мен оқудың кембридждік 

әдіс-тәсілін  қазақстандық  мҧғалімдерге  меңгерту  қолға  алынды.  Себебі,  жоғарыда 

айтылғандай,  ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  –  оқушыларға  ақпараттық  білім 

негіздерін  беру,  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту,  ақпараттық  технологияны 

пайдалану  дағдыларын  қалыптастыру  және  ақпараттық  сауатты  болып  ӛсу  мен  ғасыр 

ағымына  бейімдей  тәрбиелеу,  яғни  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу  болып  табылады. 

Ағылшындардың озық тәжірибесі осыған сәйкес келеді. 

Аталған бағдарламаның негізгі мазмҧны жеті модуль тҥрінде берілген [2]: 

1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 

2) Сыни тҧрғыдан ойлауға ҥйрету; 

3) Оқыту ҥшін бағалау және оқуды бағалау; 

4)  Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) 

пайдалану; 

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту; 

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; 

7) Оқытуды басқару және кӛшбасшылық. 

Дәстҥрлі  сабақтарда  сыныпта  оқушылардың  аз  сӛйлеп,  кӛбінесе  мҧғалімнің 

сӛзін,  берілген  тапсырмаларды  ҥн  –  тҥнсіз  тыңдау  ҥдерісі  қалыптасқанын  байқауға 

болады. Ондай сәттерде ҥлгерімі жақсы оқушылар зерігіп, ал ҥлгерімі тӛмен оқушылар 

ӛзінің тілдік қорын дамыта алмай немесе тҥсінбегендерін сҧрауға дәті бармай, сабақты 

тҥсінбестен  ҥйіне  қайтады.  Әрине,  бҧрынғы  дәстҥрлі  сабақтағы  әдістерді  де  жоққа 

шығаруға болмайды, әр тәсілдің ӛзіндік артықшылықтары болады. 

Бағдарламаға  сҥйене  отырып,  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер  бойынша 

оқушыларға  алдымен  әр  сабақ  сайын  тренинг  ӛткізілсе,  сабақ  кӛңілдірек  болатынына 

кӛз  жеткізуге  болады.  Тренинг-оқушы  назарын  жаңа  сабаққа  аударуда, 

қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақ 

бастамас бҧрын тренинг ӛткізу  оқушыларға жағымды, оң  әсер  ететіні  сӛзсіз.  Топқа бӛлу 

барысында  оқушылардың  сабаққа  белсенді  қатысулары,  ӛз  ойларын  ашық,  еркін 

жеткізулері,  бастысы,  топта  оқушы  оқшауланып  қалмайтындығын  кӛрсетті.  Топтық 

жҧмыс,  біріншіден,  оқушыларға  бірігіп  жҧмыс  істеу  мҥмкіндігін  тудырады.  Екіншіден, 

ҧйымшылдыққа тәрбиелейді. Ҥшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі ҥйренуге жағдай 

жасайды.  Бҧл  әдіс  сонымен  қатар  топ  болып  ынтымақтастықпен  бірігіп  жҧмыс 



 

254 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

жасауға,ойын  еркін  ортаға  салуға,  бірінен-  бірі  ҥйренуге  септігін  тигізді.  Яғни,  топтық 



жҧмыс  оқушылар  арасында  әлеуметтік  ӛзара  қарым-қатынасты,  тиімді  араласу, 

проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға кӛмектеседі [3].  

Ғылыми  зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтің  маңызды  рӛл  атқаратынын 

кӛрсетті.  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  ӛз  еңбектерінде  диалог  сабақта  оқушылардың 

қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің  ӛсуіне  ҥлес 

қосатындығын  атап  кӛрсетеді.  Мерсердің  зерттеуіне  сәйкес,  әңгімелесу  оқушылардың 

білім  алуының  ажырамас  бӛлшегі  болып  табылады  және  әңгімелесудің  ҥш  тҥрі 

бар,олар: 

-Әңгіме-дебат барысында; 

-Топтық әңгіме барысында; 

-Зерттеушілік әңгіме жҥргізілу ҥстінде байқалады екен. 

«Диалогті  оқыту  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру,  олардың 

білім деңгейін кӛтеру, сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға кҥштеп білім беруден 

гӛрі, баланың білімге деген қҧштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский  

айтқандай  баланың  білім  алуға  деген  қҧштарлығын  ояту  ҥшін  мҧғалім  кӛп  ізденіп, 

сабақтың  тиімді  ӛтуіне  жҧмыс  жасап,  сабақ  барысында  оқудың  белсенді  әдістері, 

диалогтік  оқыту  және  оқу  әдісін  қолдануда  білім  сапасын  арттыруға  кӛп  кӛмегін 

тигізеді.  Оқушылар  диалог  әдісін  қолдана  отырып,  білімді  бірлесіп  қҧру,  талқылау, 

тҥсіну  мен  дағдыларды  қалыптастыру  арқылы  білім  алады.  Әр  сабақта  оқушыларға 

сҧрақтар  қою  арқылы,  тақырып  бойынша  ӛз  ойларын  ашық,  еркін  айтуға  мҥмкіндік 

береді.  Ӛзара  талқылау  арқылы,  тҥрлі  ойлардың  болатындығын,  бір  бірінің  тҥсінуіне 

кӛмектесетінін кӛрсетсе, сҧхбаттасу арқылы ӛз ойларын дәлелдеуге тырысады. Жҧмыс 

жасау барысында оқушыларға кӛптеген сҧрақтарды қоюға болады. Мысалы, кез келген 

сабақтың  басталуы  сҧрақ-жауаптан  тҧрады.  Сҧрақтардың  берілуіне  байланысты 

оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға  болады.  Оқушы  мен  мҧғалім 

арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында 

да туындауы мҥмкін. Мҧнда оқушылар бір-біріне сҧрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына 

қанағаттанбаса, қосымша да сҧрақтар беруі мҥмкін [4]. 

Сын тҧрғысынан ойлау  – креативті тҧлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни 

тҧрғыдан  ойлануды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  тҥкпір-тҥкпірінен  жиылған  білім 

берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жҥйеге  келтіргендер  –  Джинни,  Л.Стил, 

Куртис,  С.Мередит,  Чарльз  Темпл.Жобаның  негізінде  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский 

теорияларын  басшылыққа  алады.  Сыни  тҧрғыдан  ойлану  әдіс-тәсілін  қолдану 

нәтижесінде  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  бақылау,  сӛйлеу,  тыңдау  қабілеттерінің  артқаны 

байқалды. Бұл әдіс-тәсілдер оқушыларға: 

 



еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

 



ақыл-ойын дамытады; 

 



шығармашылық белсенділігі артады; 

 



ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; 

 



тіл байлығы жетіледі; 

 



жан-жақты ізденеді; 

 



өз ойын жеткізеді; 

Білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  –  заман 

талабы.  Әр  мҧғалім  ӛз  сабағын  тҥрлендіріп  ӛткізгісі  келеді.  АКТ-ға  теледидар, 

интернет, ҧялы телефон, ҧтқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатқызылса, 

әрқайсысының  ӛзіндік  қолданылу  орны  бар.  АКТ  оқушы  қызығушылығын  арттырады 

және есте сақтауға кӛмектеседі. Ӛйткені естігеннен, оқығаннан гӛрі кӛзімен кӛрген есте 

жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Интерактивті 

тақта  арқылы  оқытудың  басқа  тәсілдерге  қарағанда  (салыстырғанда),  кӛптеген 



 

255 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



жетістіктері  бар.  Қарапайым  тақта  және  компьютер  проекторына  қарағанда, 

интерактивтік  тақта  сабақ  мазмҧнын  кеңінен  ашуына  мҥмкіншілігі  ӛте  зор.  Сабақта 

мҧғалім  интерактивтік  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана  алады,  қарапайым 

тақтаға  қарағанда  интерактивті  тақта  пайдалануға  ыңғайлы,  әрі  уақыт  ҥнемдейді. 

Материалдарды оқып ҥйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім ӛрісін 

кеңейтуге  мҥмкіндік  береді,  сондықтан  мҧғалімдердің  дайындаған  материалы 

оқушыларға тҥсініктірек болады. 

Бағдарлама  бойынша  бҧрын-соңды  қолданбаған  жаңа  тәсілдің  бірі  –  критерий 

бойынша  бағалау.  Осы  7  модульді  сабақта  колданған  кезде  сыныптагы  кӛрініс, 

оқушылардың  кӛзқарасы  мен  оқу  ҥрдісіне  қатысы  бойынша  орын  алған  ӛзгерістерге 

соның  ішінде  оқытуды  бағалау  және  оқыту  ҥшін  бағалау  модуліне  тоқталған  жӛн. 

Бағалау  –  оқыту  ҥрдісінде  және  мҧғалімнің  қолындағы  маңызды  да  әсерлі  қҧрал 

екендігі рас. Ол бізге тек қана оқушының білім деңгейі мен жетістіктері туралы ақпарат 

беріп  қана  қоймайды,  оқушылармен  кері  байланыс  орнату  қҧралы  болып  табылады. 

Бағалаудың  мақсатына  қарай  оның  бірнеше  тҥрлері  бар.  Олар:  формативтік  бағалау 

және жиынтық бағалау. Бҧл бағалау жҥйесін ӛзгертуге әкеледі. Бір  мҧғалім оқытса да 

оқушылардың  білім  игеру  деңгейлері  әр  тҥрлі  болып  табылады.  Әр  оқушының 

мҧғалімді  тҥсінуі  мен  тақырыпты  қабылдауы  әр  тҥрлі,  сол  себепті  жетістіктері  де 

бірдей  емес.  Оқыту  ҥшін  бағалау  бҧл  білім  алушылар  ӛздерінің  оқудың  қандай 

сатысында  тҧрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және  қажетті  деңгейге  қалай  жету 

керек  екендігін  анықтау  ҥшін  оқушылар  және  олардың  мҧғалімдері  қолданатын 

мәліметтерді  іздеуі  және  тҥсіндіру  ҥдерісі.  Берілген  анықтаманың  маңызды 

элементтерінің  бірі  оқушылардың  деректерді  қолдануына  баса  назар  аударту  болып 

табылады.  Бҧл  ретте,  мҧғалімдер  жалғыз  бағалаушы  тҧлға  болмайтындығына  назар 

аударылады.  Оқушылар  ӛздерінің  сыныптастарын  және  ӛздерін  бағалауға  тартуы 

мҥмкін  және  мҧғалімдер  бағалауды  белсенді  жҥргізген  кезде  оқушылар  белсенді 

қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар ӛз білімін арттыру 

ҥшін  бағалауды  ҥйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  ӛзінің  оқуын  жақсарту  ҥшін 

кері байланыс арқылы ақпаратқа сәйкес жҧмыс істеу қажет. Бҧл олардан тҥсінушілікті, 

қызығушылықты  және  ықыласпен  әрекет  етуді  талап  етеді.  Оқытуды  бағалаудың 

мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. 

Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға ҥлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды. 

Бағдарламаның  жеті  модулінің  соңғысы  –  «  Білім  берудегі  басқару  мен 

кӛшбасшылық».  Білім  беруде  басты  кӛшбасшы  тҧлға  –  мҧғалімнің  ӛзі.  Жоғарыда 

айтылған  идеялардың  барлығын  қамтып,  бір-бірімен  тығыз  байланыстыра,  шебер 

қолдана білсе, ол мҧғалім кӛшбасшылығы болмақ.  «Нағыз ҧстаз ӛзінің білімділігімен, 

жҥріс-тҧрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына 

жақсы мағынада қатты әсер етеді», – деген екен Мәлік Ғабдуллин. Оның бҧл сӛздерінен 

кӛп нәрсе аңғаруға болады. Оқушы ӛзінің ҧстазына қарап, еліктеп ӛседі. 

Оқушы бойындағы кӛшбасшылық қасиеті: 

 

топтық жұмыс кезінде оқушының топтарды басқаруы; 



 

жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі; 



 

мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы; 



 

топтық жұмыстарды жүргізуде көмекші болуы; 



 

сынып оқушыларын бір іске жұмылдырып, ұйымдастыра білуі; 



 

тапсырылған істі жауаптылықпен орындауы  



сияқты  іс-әрекеттерінен  байқауға  болады.  Әр  сабақ  сайын  оқушылардың  орнын 

ауыстырып,  топқа  бөлу  де,  топтасып  жұмыс  жасау  да,  ақпараттық  технологияны  жиі 

пайдалану да, сыни тұрғыдан ойлату да, қажымай, талмай дарынды, талантты оқушыны 

анықтап,  оның  дарындылығын  одан  әрі  дамыту  да,  шығармашылық  тапсырмаларды 



 

256 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

кӛптеп беру де оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім беру жҥйесінде 



оң  нәтижелер  береді  деп  ойлаймын.  Мҧғалім  мен  оқушы  кӛшбасшылығы  –  мҧғалім 

жеті  модульді  тиімді  пайдаланып,  нәтижеге  қол  жеткізе  алса  –  мҧғалімнің 

кӛшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бӛлінгеннен кейін-ақ кӛшбасшы кӛрінеді, топта 

айрықша  белсенділік  танытқан  оқушы–кӛшбасшы,  ол  әдетте  басқа  оқушыға 

кӛмектесіп,  соған  жауап  бергізуге  тырысады,  ӛйткені  ол  ӛзін  емес,  сыныптастарын, 

топты алға сҥйрейді. 

Осыған  орай,  бағдарламаның  модульдерін  сабақта  тиімді  қолданысқа  енгізсек, 

баланың танымдық белсенділігін арттыруға, ӛз бетінше білім алуға, шығармашылығын 

қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін,  оқудың  қызықты  әрі  жеңіл  ӛтетіндігін,  топта 

бірлесіп  жҧмыс  жасауда  білімнің  тереңдігі,  әрі  тиянақтылығы  артатындығын  білдім. 

Оқушы ӛз ой пікірін ашық еркін айтады, бір бірін тыңдауға ҥйренеді.  

Қорытындылай келе, жеті модульді де сапалы қолдана алсақ, оқушыларымызды 

сыни  ойлай  алатын,  білімге  қҧштар,  алған  білімдерін    талдап,  жинақтап,  практикада 

қолдана алатын нағыз кӛшбасшы етіп тәрбиелейтіндігіміз сӛзсіз.     

 

ҼДЕБИЕТТЕР: 

1.

 



Жеті модульді ықпалдастыра оқыту, оқу әдістемелік құрал, Алматы, 2013ж; 

2.

 



Тренерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері»ДББҰ, 2015ж; 

3.

 



Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,  «Назарбаев  Зияткерлік  Мектептері»ДББҰ, 

2013ж; 


4.

 

Б. Маралова «Жаңа әдіс тәсілдерді математика пәнінде қолданудың тиімділігі»,  



Жеті модульді ықпалдастыра оқыту, оқу әдістемелік құрал, Алматы, 2013ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет