3. Актиномицеттер. Бұл әр түрлі морфологиялық ағзалар тобын біріктіреді:
бұтақталған жіпшелер түзетін немесе дамыған мицелийден тұратын кокк немесе таяқша
пішінді ағзалар. Субстрат мицелийі агарлы ортаның тереңдігіне еніп дамиды, қоректік
ортаның бетінде ауа мицелийінің гифтері дамиды. Актиномицеттер әртүрлі тәсіл арқылы
көбеюімен сипатталады. Көпшілігі арнайы спора түзетін мүшелер – спорангилерде
түзілетін споралар көмегімен көбейеді. Спорангийлердің құрылысы (ұзын немесе қысқа, тік
немесе спираль тәрізді) және орналасуы (тізбекті, қарама-қарсы, шоқталып) бойынша
айырмашылықтары болады.
Стрептомицеттер және туыс формалар. Жақсы дамыған ауа мицелийін түзеді.
Көбеюі гифтердің ұшында немесе вегетативті мицелийдің бөліктерінде түзілетін споралар
арқылы жүзеге асырылады. Қатаң аэробты хемоорганогетеротрофтылар. Негізгі туысы
Streptomyces 500 - ге жуық түрі белгілі. Көптеген стрептомицеттер бактериялар,
саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар, фагтарға және ісікке қарсы белсенді
әрекеті бар антибиотиктер синтездейді.
Достарыңызбен бөлісу: