Қазақстан Республикасының білім және
ғылым министірлігі
Алматы технологиялық университеті
«Тағам өндірістері» факультеті
«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы
5В073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы үшін
KV MEPP 2204– «Тағам өнімдерін микробиологиялық сараптау»
пәні бойынша
Дәрістік кешен
Алматы, 2021 ж.
Дәріс 1 – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі.
Микробиологияның даму тарихы.
Дәріс жоспары:
1.
Микробиология пәні мен міндеттері.
Микроағзалар әлемі.
2.
Микробиологияның даму тарихы. А. Левенгук еңбектері, микробиологияның ашылу
кезеңі. Л. Пастер, Кох және басқалардың ашқан жаңалықтары.
Дәріс мақсаты: Микробиология пәні, мақстаы және міндеттерімен және даму тарихымен
танысу.
1. Микробиология (грек тілінен аударғанда,
mikros – кішкентай,
bios – өмір,
logos -
ғылым) - микроағзалар немесе микробтар деп аталатын көзге көрінбейтін ұсақ ағзалар
туралы ғылым.
Микробиология ғылым ретінде микроағзалардың морфологиясын, жүйеленуін
(систематикасын) және физиологиялық ерекшеліктерін, олардың
тіршілік әрекеттерінің
жағдайларын, адам өміріндегі және табиғаттағы рөлін зерттейді. Микробиологтар
адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің ауруын тудыратын патогенді
микроағзалармен күресудің әдіс – тәсілдерін, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте
тиімді микробтарды қолдану жолдарын жасап шығарады.
Микроағзаларды тек қана оптикалық немесе электрондық микроскоптың көмегі
арқылы көруге болады. Оптикалық микроскоптың максималды ұлғайту мүмкіндігі 3000
құрайды. Бұл 0,1 – 0,2 мкм өлшемдегі бөлшектерді ажыратуға мүмкіндік береді. Заманауи
электрондық микроскоптар тек кіші ағзаларды ғана емес, олардың жасушаларының өте ұсақ
құрылымын көруге мүмкіндік беретін 0,15 нм2 дейін үлкейтуге қабілетті.
Мұндай
микроскоп зерттелетін объектті 750 мың есе ұлғайтады.
Табиғатта микроағзалар әлемі әр түрлі. Олардың біраз бөлігі бактериялар, оның
ішінде цианобактериялар түрінде (көк-жасыл балдырлармен) белгілі. Микроағзалардың
көптеген топтарын саңырауқұлақтар құрайды.
Ультрамикроскоптық ағзалардың ерекше тобына жасушалық құрылысы болмайтын,
өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың әртүрлі ауруларын тудыратын вирустарды
жатқызуға болады. Сонымен қатар фагтар деп аталатын микроағзалардың
ультрамикроскоптық паразиттері белгілі, оларды басқаша микроб вирустары деп атайды.
Микробиология сонымен бірге микроскоптық өлшемі бар көптеген қарапайым жануарлар
(протозоа) мен балдырларды зерттейді.
Көптеген микроағзаларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінде қолданады.
Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және медицинада,
оның ішінде нан пісіру,
сүтқышқылды өнімдерді дайындау, шарап жасау, дәрумендерді, ферменттерді, тағамдық
және
мал азықтық ақуыздарды, органикалық қышқылдарды және көптеген заттарды алу
өндірістері әртүрлі микроағзалардың әрекетіне негізделген.
Пайдалы
микроағзалармен
бірге
ауыл
шаруашылығы
жануарларының,
өсімдіктерінің, бунақденелілерінің және адамдардың әр түрлі ауруларын тудыратын
патогенді микроағзалар немесе ауру тудырушы микроағзалар деп аталатын үлкен тобы
кездеседі. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде қоғамның өндірістік күшінің және
экономиканың дамуына кері әсерін тигізетін адамдар мен жануарлардың жұқпалы
ауруларының эпидемиясы пайда болады.
Қазіргі кезде микроағзалардан бөлінетін антибиотиктер ашылған және оларды
адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді емдеу үшін, сонымен қатар ауыл
шаруашылығы өнімдерін сақтау кезінде қолдану мүмкіндіктері дәлелденген.
Топырақ
микроағзаларының биологиялық белсенді заттарды: дәрумендер, аминқышқылдар,
өсімдіктердің өсуін ынталандырушы және т.б. заттарды түзуге қабілеттілігі анықталған.
Ауадағы азоттың топыраққа түсуін арттыратын микробты препараттар жасап шығарылды.
Тиімді микроағзалардың генетикалық өзгертілген түрлерін шығарудың жаңа
әдістерінің ашылуы микроағзаларды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінде,
сонымен қатар медицинада кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді. Әсіресе, гендік немесе
генетикалық инженерия микробиологияның болашақта қарқынды дамуына жағымды әсерін
тигізді. Оның жетістігі биотехнологияның дамуын, өсімдік
және мал шаруашылығы
өнімдері үшін қажетті ақуыздарды, ферменттерді, дәрумендерді, антибиотиктерді, өсіруші
және басқа да заттарды синтездеуші жоғары өнімді микроағзалардың пайда болуын
қамтамасыз етті.
2. Жаңа белгісіз әлемнің ашылуы микрографияның, яғни, жазба микробиологияның
атасы саналатын, голландиялық ғалым
А. Ван Левенгукке (1632-1723) тиесілі. Кенеп
матасын сатушы А. ван Левенгук өзінің барлық бос уақытын
линзаларды жасау өнеріне
арнаған. Ол сол заманда қолданылып жүрген оптикалық жүйелерге қарағанда,
нысандардың анағұрлым үлкейтілген суретін көруге мүмкіндік беретін құрал жасап
шығарды. А. ван Левенгуктің жүйесі нысандарды 280 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ол
қанның құрамындағы компоненттерді, қанайналым жүйесін, өсімдік ұлпаларының
құрылысын, жәндіктерді, балдырларды, қарапайымдарды және т.б. бақылады.
1676 жылы А. ван Левенгук бірнеше күн бойы
бөшкеде тұрып қалған жаңбыр
суының тамшысын микроскоптан қарағанда көп мөлшерде қозғалып жүрген өте ұсақ
микроағзаларды байқауы микробтардың тікелей ашылуына себеп болды. Ал жаңа жауған
жаңбырдың суында мұндай микроағзалар байқалмаған. Осыған байланысты ғалым
ағзалардың ұрықтары суға ауадан келіп түседі деген қортындыға келген. А. ван Левенгук
бұрын – соңды судың тамшысындағы мыңдаған тірі ағзалар - «анималькулалардан» (тірі
ұсақ жыртқыштар) басқа ғажайып көріністерді кездестірменін жазған. А. ван Левенгук
өзінің бақылаулары туралы Лондон корольдық қауымдастығына хат арқылы жариялаған.
Біз үшін оның, әсіресе, адамның ауызында тіршілік ететін алуан түрлі бактериялар туралы
толықтай жазылған және бейнеленген хаттары қызығушылық тудырады. Зерттеушінің
қазіргі таңда 20 көлемді қол жазбалары жиналған.
А. ван Левенгуктің ашқан жаңалығынан кейін оптиканың дамуы нәтижесінде
микроағзалар әлеміне деген жалпы көзқарас кеңейе түсті.
Олардың жекелеген өкілдері
зерттеле бастады. Сонымен қатар сол уақыттағы ғалымдар микроағзалардың табиғаттағы
рөлі туралы ештеңе білген жоқ. Бақылаушылар үшін бұл тек микроскоптық зерттеушілерге
ермек болатын күлкілі де қызықты тіршілік етушілер ретінде қала берді.
Микроағзалардың пішіні және алуан түрлілігі туралы мәліметтердің жиналуы өте
ұзақ уақытқа созылды. Нысандардың көлемі зерттеу жүргізуді қиындата түсті. Оларды
танып білуде, тіпті тәжірибелі зерттеушілердің өздерін тығырыққа тіреді. XIX ғасырдың
ортасында микроағзалардың әр түрлі топтары туралы көптеген мәліметтер жиналды.
Дегенмен, микроскопиялық ағзалардың физиологиясы мен зат алмасуын зерттерушілер
қозғалған жоқ. Сондықтан да микроәлемнің табиғаттағы рөлі және сонымен қатар адам
өміріндегі қызметі зерттелмеген күйінде қалды.
Бұдан кейінгі микробиологияның кеңінен дамуы атақты француздық ғалым