Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі59,14 Kb.
#79210
1   2   3   4
Байланысты:
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта

1. Жалпы ережелер
1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау 
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан 
Республикасы Заңының 5-бабының 
сәйкес әзірленген және меншік нысанына және 
16) тармақшасына
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстырудың және қайта 
қабылдаудың тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015 
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
бұйрығымен.
2. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан
екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа
ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады.
Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға 
ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген 
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру 
сәйкес білім алу процесінде
ережесіне
босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау 
туралы өтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде
бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарастырады.
Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін 
білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан
сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады.
4. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық 
кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.
5. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру 
ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі - 
анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық 
сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.
6. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде 
меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 
бұйрығымен
бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып 
тіркелген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген 
тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы 
деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.


Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 28.04.2017 
№ 201
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
бұйрығымен.
6-1. 1-курстың бірінші семестрінен кейін шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдану
кезінде, тұлғалар 
көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім 
6-тармақта
және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 "Білім беру ұйымдары 
білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" 
бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 
бұйрығымен
болып тіркелген) үлгідегі ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (
бұдан әрі – КТ) сертификатын ұсынады.
ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған немесе өту балын жинамаған тұлғалар Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 5-бап, 
сәйкес уәкілетті органмен
12-тармақшасына
бекітілген, ҰБТ және КТ өткізу қағидаларында көрсетілген мерзімде КТ тапсырады.
Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 
28.04.2017 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
№ 201
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-2. Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде тұлғалар 1-курстың бірінші 
семестрінен кейін 6-тармақта көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ шетелдік ЖОО-ға түсер алдындағы 
сынақ нәтижелерін ұсынады.
Ескерту. 1-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 
28.04.2017 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
№ 201
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы 
пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы 
бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының 
кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.
8. Жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық 
кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет