2-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау
22. Егер жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) білім алушылары жеке оқу жоспарына
сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан
шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын
өтеген жағдайда, оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдана
алады.
Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына,
кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
23. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру
ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.
24. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу курсы
пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады.
Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін
өтеуге шақырылған білім алушылар тиісті оқу курсына қайта қабылданады.
Бұл ретте жоғары оқу орындары ағымдағы оқу жылы ішінде тапсыруға қажетті пререквизиттер
тізбесін анықтайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
№ 591
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
25. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер
тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен құзыреттерді,
сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
26. Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды бақылау
нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы
20 сәуірдегі № 152
бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
бұйрығымен
тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес сынақ ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-
100%) аралығындағы диапазонда төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім
алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
27. Білім алушыларды курстан-курсқа ауыстыру оқу жылының қорытындылары бойынша (аралық
аттестаттау) жазғы семестр нәтижелерін және алынған орташа үлгерім балдарын (GPA - Grade Point
Average) ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
28. Білім алушының ЖОО-да белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (
GPA - Grade Point Average) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты
болып табылады.
29. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
30. Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа ауыстырылған білім беру
гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша білім
алушылар академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру грантын немесе мемлекеттік тапсырыс
орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.
Білім беру гранты бойынша білім алушы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне бір курсқа төмен
ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
31. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа
ЖОО-ға ауыса алады.
Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ
бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы
негізде ғана ауыса алады.
32. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар басқа ЖОО-ға тек ақылы
негізде ауысады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 28.04.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
201
) бұйрығымен.
33. Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа
ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте, студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің
сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы және орташа үлгерім балы (GPA - Grade Point
Average (Грейд Пойнт Эверейдж)) аталған ұлттық ЖОО-дағы белгіленген ауысу балынан төмен болмауы
тиіс.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 28.04.2017
№
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
201
) бұйрығымен.
33-1. Білім алушыларды шетелдік ЖОО-дан ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-параграф 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
28.04.2017
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
№ 201
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Білім алушыны курстан курсқа, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан
екіншісіне, бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ақылы негізде ауыстыру және қайта қабылдау рәсімін ЖОО
дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетілуі тиіс.
Бұл ретте білім алушының жеке іс қағазында бакалаврат үшін - ҰБТ немесе КТ тапсырғаны
туралы сертификат, магистратура үшін - түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификат болуы
тиіс.
35. Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі
мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына
ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып,
қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі
проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты
иегері куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр
басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу
жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу
курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді
және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
4) факультет деканы (институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге
жетекшілік жасайтын бөлімше басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, ЖОО басшысы қойған
бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
№ 591
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
35-1. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
Қайта қабылдау рәсімін жоғары оқу орны дербес анықтайды. Бұл ретте білім алушы өзінің
оқуын жалғастырғысы келген ЖОО басшысының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта
қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі.
Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
36. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.
Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
37. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін "(ЖОО атауы)
ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады
және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын
қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жолдайды.
Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипттің көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билет және
жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады.
38. Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде ауыстыру кезінде
қабылдаушы ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін оның атына
жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті
органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін түзету үшін
ұсынады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
39. Оқу кезеңінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны
туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім беру гранты бойынша білім
алушы бір мамандықтан екіншісіне білім беру тапсырысы бойынша бос орынға ауысады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2015
(
№ 591
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |