Ұрпақ тазалығы – әйел құрсағынан
«Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, жігіттің жақсы
болмағы – нағашыдан», «Алып анадан туады», «Қызға қырық
үйден тыю, қалса күңнен және бір тыю» деген сияқты
мақалдардың мағынасын бала кезде ұқпаушы едім. Есейген соң
оқысам былай екен...
Ер мен әйел қосылған соң ананың жатырда бір клеткалы
эмбрион пайда болады. Ең басында ядродағы хромосома саны
екі тараптан тең түседі. 23 хромосома әкеден, 23 хромосома
анадан. «Генетикалық ақпаратты ана жатырына алып келген
сперматазойд пен іштегі ооцит деп аталатын аналық клетка тең
дәрежеде тұрғанда неліктен болашақ ұрпақтың жақсы болуы
негізінен
әйелдікіне
тәуелді?»
деген
сұрақ
туады.
Себебі, дейді генетик ғалымдар, қыз бала бүкіл өмірінде бала
тууға себеп болатын аналық ұрығымен (яғни ооциттермен) бірге
туылады.
Қыз баласы шақалақ кезінде қанша ооцитпен дүниеге
келсе, өмірінің соңына шейін сонша аналық клеткамен өмірін
сүреді. Аналық клетка ер адамның ұрығы сияқты ұдайы ауысып,
178
жаңарып тұрмайды. Саны да ешқашан көбеймейді. Қыз бала
өскен сайын оның бұрынғы ооциттері пісіп жетіліп, дамып қана
отырады. Қыз бала бой жеткен соң ай сайын бір ғана ооцит
шығын қылады. Мұны хайыз кезеңі деп атайды.
Ер адамда керісінше, сперматозоидтар күн сайын, апта
сайын жаңарып, көбейе береді. Ер баланың ұрығы миллиондап
шығын болса да, тез арада толысып, қалпына қайта келеді. (Ер
бала ұйықтап жатып поллюция болады) Ұл бала зиянды әдетке
бой алдырып, ішіп, шегуге үйір болса сөз жоқ, оның ұрығының
сапасы нашарлайды. Маскүнем, насыбайшы, нашақордан зерек
бала туылуы неғайбыл.
Еркектер емделіп, тақуалық ұстанып, зиянды заттардан
тыйылса, ұрығының сапасы қайтадан қалпына келеді. Қыз
балаға табиғат мұндай мүмкіндік бермепті. Қыз бала
албырттықпен зиянды әдетке бой алдырып, ішіп, шеге бастаса
ооциттегі генетикалық кодтар зақымданады. Бұндай бойжеткен
өсе келе өкініп, салауатты жолға бет бұрса да, қанындағы
бүлінген аналық клеткалары ұл баланыкі сияқты басқасымен
жаңаланбайды. Яғни, генетикалық кодтары зақымданған, нашар
хромосомалар сол күйі тұра береді. Бұл - мәселенің бір қыры
ғана.
Екіншіден, әдетте ерлі-зайыптылар қосылғанда, әкенің
белінен 300 миллионға жуық сперматозоид «бала жасау»
жарысына аттанады. Олардың ең жүйрік, ең алғыр, ең қуатты,
ең пысық, ең асыл дегені мәреге бұрын жетуі шарт. Жатырда
жалғыз жатқан ооцитке «ең қуатты», «ең күшті», «ең зерек»
деген сперматозоид келіп кіргенімен қуануға әлі ерте. Себебі,
аналық клетка жалғыз. Выбор жоқ. Бірінші боп келіп жеткен ер
адамның мықты ұрығы сол жердегі жалғыз ооцитпен «отау»
құруға мәжбүр. Ол жерде сперматозоидтар: «Маған мына клетка
ұнайды» деп, көп ішінен артықша жаралған күштісін таңдай
алмайды.
Ер азаматтың ұрығы қанша жерден қасиетті болса да,
сапасы нашарлаған ооцитпен қосылғанда болашақ бөпені кемел
дәрежеге көтере алмайды. Қалай болғанда да нәрестенің зиялы,
зерек болуы ең бірінші аналық клетканың сапасына тәуелді. Қыз
179
баланың қанында ағып жүрген санаулы ғана ооциттерді
барынша күтіп, баптап, олардың сапасын арттыру арқылы ғана
ақылды адамдарды көбейтуге жол ашылады.
Тоқсан ауыз сөдің тобықтай түйіні – қыздарын бағып-
қақпаған ел, ешқашан салауатты қоғам құра алмайды екен.
(Санжар Керімбай)
Достарыңызбен бөлісу: |