Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Арманыңдағы жұбыңды қалай табуға болады?



Pdf көрінісі
бет81/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 
Арманыңдағы жұбыңды қалай табуға болады? 
(психологиялық жаттығу) 
 
Алғашқы қадам: Өзіңе тең келетін жұп қандай болуы 
керек? Оның бойынан қандай қасиеттерді іздейсің? Оған ұқсас 
жан бар ма? Сондай жанның жанындамын деп сезін. Екеуіңнің 
бірге қыдыратындарыңды, махаббат пен нәзік сезімді сезінуде 
көңілденетіндеріңді, бірге күліп, қайғыратыныңды ойла. Өз 
серігіңнің бейнесін елестетіп көр. Бет пішінін анық бейнелеймін 
деп әуреленбе, оның бойына өзің ойлағандай адами сапалар мен 
ерекшеліктер бере біл. 
Екінші қадам: Бұл адамға не бере алатының жөнінде өз 
ойыңды жинақта. Көп нәрсе ұсынуға болады. Бұл адамға өзің не 
бере аласың жіне не нәрсе бөлісесің, осы жөнінде жақсылап 
ойла. 
 
Үшінші қадам: Өзің елестеткен жұбың арқылы сана 
түбіндегі ойыңа көмек бер. Бұл сыңарыңды қалай кездестіруге 
болатынын елестетуді сана түбіндегі ойыңнан сұра. Кездесемін 
деген сенімді кеудеңе орнат және оны іштей қайталап айтып 
жүр. Миыңа тапсырма беріп және оның орындалатынына сен. 
Төртінші қадам: Мынаны естен шығармаңыз: бұл 
әлемде мыңдаған адам сенің беретін, бөлісетін нәрсеңді 
қалайды, сенімен кездескісі келеді. Сенің ойша құрған бейнең, 


181 
ниетің мен қалауың, ішкі түйсігің қозғаушы күшке айналады да 
арманыңдағы жұбыңмен кездесуге мүмкіндік береді. 
Еске сақтаңыз: бұл адам да саған ұқсас біреуді іздеп 
жүр. 
 
БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ СЫРЛАРЫ 
 
Ықылас-ниет пен талап 
Айналамызда босағасы берік отау құрып, бақытты 
тұрмыс кешіп жатқан жұптар қаншама. «Ата көрсеткен 
жолымыз бір, ана тіккен тонымыз бір» демекші, ата-
әжелеріміздің бұрыннан бұзылмай келе жатқан үлгілі өмір-
тәжірибелерін көз алдымыздан бір өткізіп шығуды жөн-көрдік. 
Дана халқымыз «ақыл-ауысты, ырыс-жұғысты» дейді 
емес пе, бізге де солардың басында болған бақ-береке мен 
бірлік-ынтымақ жұғысты болса екен деген тілектеміз.
Сонымен, отбасылық өмірде кездесетін қиындықтарға 
қарсы тұра білу үшін қандай амал-әрекеттер жасауға тиіспіз? 
Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Не нәрсе талаптансаң 
табылады», - дейді. Талаптану дегенді бір іске ниет ету деп 
түсінсек те болады. Ендеше, жақсы өмір сүріп, бақытқа қол 
жеткізу үшін ең алдымен шын ниет пен талап қажет. Ниетсіз, 
талапсыз бақытты бола қаламыз деу бос әурешілік қана. Дініміз 
Исламда мұсылманның ең асыл қазынасы – оның ниет-ықыласы 
саналады. «Әрбір іс ниетпен жасалады және әрбір іске сол 
ниетке қарай қарымтасы беріледі» деген хадистің әрбір 
шаңыраққа берері мол. Олай болса, ерлі-зайыптының әрқайсысы 
өз ұяларының жылы, отбасының берекелі, өмірлерінің мәнді 
өтуіне тастай бекем ниетпен кірісуі ауадай қажет. Жатса, тұрса 
осы ниеттен айнымауы керек. Осы ретте, осындай нәтижеге 
жеткізетін ниет пен ықылас деген не, соны айта кетейік. Ықылас 
деп жасаған әрбір ісімізде, сөйлеген әрбір сөзімізде заттық 
немесе рухани пайда көздемей, тек қана Алланың разылығы 
үшін атқаруды айтамыз. 
Ендеше, отбасындағы ниетіміз: «Уа, Алла Тағалам! 
Сенің ғана разылығың үшін отбасын құрдым. Сенің ғана 


182 
разылығың үшін осы жанұямда кездесетін барлық түйткілдерге 
шыдап, ақыретте де осы отбасыммен бірге жұмағыңда шалқуды 
қалаймын» деген мазмұнда болғаны дұрыс. Осы бір ниетке 
берік болып, отбасымыздың берекелі болуына талаптанған әрбір 
шаңырақ екі дүниеде бақытты болары даусыз. 
Жаратқан Ием баршамызға берекелі шаңырақ нәсіп 
етсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет