50
схемалармен берілетін алгоритм. Алгоритмнің әр пунткті геометриялық фигура –
блоктың ішінде бейнеленеді. Орындалатын іс - әрекеттердің түріне қарай оларға
әртүрлі геометриялық фигуралар сәйкес келеді. Геометриялық фигуралар
арасындағы байланыс жолдарынұсқама арқылы көрсетіледі.
Алгоритмді блок – схема түрінде жазғанда арнайы қабылданған мемлекеттік
үлгі бойынша мына блоктарды пайдаланады: алгоритмнің басы мен соңын элиппс,
алгоритмде мәліметтерді еңгізу мен шығаруды параллелограмм, ақпаратты
өңдеуді тіктөртбұрыш, шарттарды тексеру ромб фигураларының ішіне жазылады.
Блоктардың атқаратын қызметіне байланысты олардың ішіне және жанына
түсініктеме сөздер жазылады. Олар оқуға ыңғайлы болуы керек.
Блок – схема алгоритмді сипаттаудың графикалық тәсілі. Блок-схема деп,
бағытталған байланыс нұсқамалармен геометриялық фигуралар формасында
алгоритмді графикалық түрде жазуды айтады. Ал әрбір фигура алгоритмнің бір
әрекетін бейнелейді олардың арасындағы нұсқамалар фигурадан фигураға
алмасуды білдіреді. Блок-схемада алгоритмді басқару көрнектілігін анық көруге
болады.
Блок-схема пайдаланатын геометриялық фигуралар блоктық-таңбалар, ал,
байланыс-нұсқамалар ағын сызығы д.а. Ағын сызығы фигурадан фигураға өту
жолын көрсету, яғни ақпараттарды және мәліметтерді өңдеудің ретін көрсету үшін
пайдаланылады.
Әрбір блок-схеманың басы және соңы болады. Барлық блоктар ағыны
сызықтармен байланысады. Әрбір блокта,»басы», «соңы»- қызметші блоктардан
басқасында, ақпарат ағынының бір кіру және бір немесе екі шығу сызықтары
болады.
Достарыңызбен бөлісу: