Әдістемелік құрал


Сұрыпталған тізбектерді біріктіру



Pdf көрінісі
бет38/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Алгоритм және оның мүмкіндіктері

Сұрыпталған тізбектерді біріктіру. 
Екі А жіне В реттелген тізімдер берілген. Оның ұзындықтары сәйкесінше m 
және n. Біріктіру нәтижесінде ұзындығы m және n болатын С реттелген тізімін алу 
қажет. әрбір элемент бойынша біріктіру жүргізіледі. Ағымдағы өткізу нүктесі 
әрбір тізімнің басына орналасады. Ағымдағы нүктедегі мәндер салыстырылады. 
Нәтижесінде солардың кішісі массивке көшіріледі. Тізбектегі мән өңделіп 
болғаннан кейін келесі санға бір қадам жасалады да, салыстыру жалғастырылады.
Тізімдер алғашында реттелген болғандықтан элементтер шығатын массивке 
сұрыпталған ретпен көшіріледі. Тізбектің біреуі аяқталғаннан кейін келесі 
тізбектің қалған бөліктері яғни элементтері шығтын массивке көшіріле салады.
 
Сұрыпталған тізбектерді біріктіру алгоритмі 
1. 
Бір тізбек немесе тізбектің екеуі де біткенше келесі әрекеттерді 
орындау керек. Яғни, егер 1-тізбектің 1-элементі 2-тізбектің элементіне тең немесе 
кіші болса, онда оны шығатын тізбекке жазып қойып, 1-тізбектің келесі 
элементіне көшу керек. Әйтпесе, шығатын тізбекке 2-тізбектің элементін жазып, 
2-тізбектің келесі элементіне көшу керек. Одан кейін шығатын тізбектің келесі 
элементіне көшу керек.
2. 
Егер біреуі аяғына дейін өңделмесе, онда сол қалдықты шығатын 
тізбекке көшіру керек.
 
Тізімдерде іздеу әректтерін жүргізу 
Іздеу (поиск) екіге бөлінеді: 
1. Тізбектеліп іздеу. 
2. Бинарлық іздеу. 
1. 
Тізбектеліп іздеу. Тізбектеліп іздеудің мағынасы элементтерді 
тізбекпен таңдап алуды және элементтерді кілт мәнімен салыстырудан тұрады.
Функция парамертлер ретінде массивті, элементтер санын және кілт мәнін 
алады. Сәйкес элементтің индексін қайталайды, егер іздеу сәтсіз болса, -1 мәнін 
береді. Тізбектеліп іздеу кез келген тізбек үшін қолайлы, тізбектеліп іздеудің 
орталық тиімділігі O(n) тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет