53 Раздел Строительство. Транспорт Кіріспе


Зерттеу материалдары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#79845
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
25-61516d88dc3da357000126

Зерттеу материалдары мен әдістері
Мемлекеттің рөлі, мемлекеттің барлық субъ-
ектілері энергия тұтынатын объектілерінің энер-
гия тиімділігін арттыруға мүдделілік жағдай-
ларын жасаудан тұрады. Энергия тиімділігінің 
өсуі мемлекетті энергетикалық шығындарды, 
атап айтқанда жылу мен газдың төмен бағалары 
арқылы артық субсидиялаудан құтқаруға, мемле-
кеттің энергетикалық қауіпсіздігін және отандық 
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қор-
шаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға 
мүмкіндік береді. 
2020 жылы Қазақстан 108 млрд кВт/сағ электр 
энергиясын өндірді. Елде энергия тұтынудың 
жалпы жоғары деңгейі кезінде Қазақстанда пай-
далануға елде өндірілген жылу энергиясының 
шамамен 54% жұмсалады, ал батыс елдерінде 
бұл үлес 30-32%-ды құрайды [2]. Халықаралық 
стандарттар бойынша электр энергиясының та-
рифтері Қазақстанда өте арзан. GlobalPetrolPrices 
интернет порталының деректері бойынша Қа-
зақстанда бір кВт*сағ үшін электр энергиясының 
құны $0,04 құрайды, ал әлем бойынша орташа 
баға $0,14 құрайды. Белоруссияда бір кВт*сағ 
электр энергиясы 0,07 доллар, Грузияда 0,06 дол-
лар, ал Украинада 0,05 доллар тұрады [3]. Құны 
төмен энергияны бақылаусыз жұмсауға құқық 
бермейді. Қазақстан Республикасында энергия 
үнемдеу мәселелері бойынша ҚР ҚМ 2.04-04-2011 
«Ғимараттарды жылумен қорғау», ҚР ҚЖ 2.04-
106-2012 «Ғимараттарда жылу қорғауды жобалау» 
және т. б. белсенді позицияны белгілейтін бірқа-
тар нормативтік құжаттар әзірленді, қабылданды 
және қолданысқа енгізілді. 
Теориялық бөлім
Ғимараттарда энергияны үнемдеу мәселе-
сін шешу үшін кез-келген шараларды орындау 
кезінде санитарлық-гигиеналық талаптар, микро-
климаттың жайлылығы және экологиялық қа-
уіпсіздік шарттары орындалуы қажет.
Құрылыс конструкцияларының материал-
дары, ғимараттың инженерлік жүйелері беріл-
ген, қамтамасыз етілген үй-жайлар үшін зиянды 
бөлу көздерін қамтымауын, оларда температу-
ралық-ылғалдылық режимді сенімді ұстауы тиіс. 
Ғимараттар бойынша, жылумен жабдықтау жүй-
елері, энергия үнемдеу шараларының жиынтығы 
тұрғын үйдің жылу жайлылығының барлық қа-
жетті параметрлерін сақтай отырып, жылу энер-
гиясының пайдалану шығындарын 2 және одан 
да көп есе азайтуға мүмкіндік береді. Энергия 
үнемдеу іс-шараларының кешенін іске асыру, 
отын-энергетика ресурстарын үнемдеу пробле-
масына кешенді көзқарас кезінде толық көлемде 
жүзеге асырылуы мүмкін. 1-суретте ғимараттағы 
жылу жоғалту көздері көрсетілген.
Ғимараттың үй-жайларында берілген жағдай-
ларды қамтамасыз ететін негізгі іс-шаралар мен 
инженерлік шешімдер:

ғимараттың сәулеттік-жоспарлау шешім-
дері (қала құрылысы, көлемдік-жоспарлау, қор-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет