Зерттеу материалдары мен әдістері Мемлекеттің рөлі, мемлекеттің барлық субъ-
ектілері энергия тұтынатын объектілерінің энер-
гия тиімділігін арттыруға мүдделілік жағдай-
ларын жасаудан тұрады. Энергия тиімділігінің
өсуі мемлекетті энергетикалық шығындарды,
атап айтқанда жылу мен газдың төмен бағалары
арқылы артық субсидиялаудан құтқаруға, мемле-
кеттің энергетикалық қауіпсіздігін және отандық
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қор-
шаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға
мүмкіндік береді.
2020 жылы Қазақстан 108 млрд кВт/сағ электр
энергиясын өндірді. Елде энергия тұтынудың
жалпы жоғары деңгейі кезінде Қазақстанда пай-
далануға елде өндірілген жылу энергиясының
шамамен 54% жұмсалады, ал батыс елдерінде
бұл үлес 30-32%-ды құрайды [2]. Халықаралық
стандарттар бойынша электр энергиясының та-
рифтері Қазақстанда өте арзан. GlobalPetrolPrices
интернет порталының деректері бойынша Қа-
зақстанда бір кВт*сағ үшін электр энергиясының
құны $0,04 құрайды, ал әлем бойынша орташа
баға $0,14 құрайды. Белоруссияда бір кВт*сағ
электр энергиясы 0,07 доллар, Грузияда 0,06 дол-
лар, ал Украинада 0,05 доллар тұрады [3]. Құны
төмен энергияны бақылаусыз жұмсауға құқық
бермейді. Қазақстан Республикасында энергия
үнемдеу мәселелері бойынша ҚР ҚМ 2.04-04-2011
«Ғимараттарды жылумен қорғау», ҚР ҚЖ 2.04-
106-2012 «Ғимараттарда жылу қорғауды жобалау»
және т. б. белсенді позицияны белгілейтін бірқа-
тар нормативтік құжаттар әзірленді, қабылданды
және қолданысқа енгізілді.
Теориялық бөлім Ғимараттарда энергияны үнемдеу мәселе-
сін шешу үшін кез-келген шараларды орындау
кезінде санитарлық-гигиеналық талаптар, микро-
климаттың жайлылығы және экологиялық қа-
уіпсіздік шарттары орындалуы қажет.
Құрылыс конструкцияларының материал-
дары, ғимараттың инженерлік жүйелері беріл-
ген, қамтамасыз етілген үй-жайлар үшін зиянды
бөлу көздерін қамтымауын, оларда температу-
ралық-ылғалдылық режимді сенімді ұстауы тиіс.
Ғимараттар бойынша, жылумен жабдықтау жүй-
елері, энергия үнемдеу шараларының жиынтығы
тұрғын үйдің жылу жайлылығының барлық қа-
жетті параметрлерін сақтай отырып, жылу энер-
гиясының пайдалану шығындарын 2 және одан
да көп есе азайтуға мүмкіндік береді. Энергия
үнемдеу іс-шараларының кешенін іске асыру,
отын-энергетика ресурстарын үнемдеу пробле-
масына кешенді көзқарас кезінде толық көлемде
жүзеге асырылуы мүмкін. 1-суретте ғимараттағы
жылу жоғалту көздері көрсетілген.
Ғимараттың үй-жайларында берілген жағдай-
ларды қамтамасыз ететін негізгі іс-шаралар мен
инженерлік шешімдер:
•
ғимараттың сәулеттік-жоспарлау шешім-
дері (қала құрылысы, көлемдік-жоспарлау, қор-