ҚР ҚН 4.02-01-2011* 15
жайларда метан және оксид көмірқышқылы бойынша газдылық сигнализаторлары
көзделген. Газдылық сигнализаторлары үй-жайдағы газды енгізуде бекітілген ысырма
мүшелермен тез әрекеттесетін және газдылық сигналы бойынша газдың берілуін
өшіретін бұғатталған болуы қажет.
6.4.1.8 Газ жабдығы орналасатын үй-жайлар үшін механикалық сорғы желдеткіші
және табиғи немесе механикалық сорғы желдеткіші көзделуі қажет.
6.4.2 Жеке жылумен жабдықтау жүйелері 6.4.2.1 Ғимараттардың
жеке жылумен жабдықтауы үшін толық зауытта
дайындалған жылу генераторларын қолдану керек. Реттеудің автоматтық жүйесі ыстық
сумен жабдықтау үшін ыстық су температурасы және жылумен жабдықтау жүйесі үшін
берілген жылу тасымалдағыш температурасын ұстауды қамтамасыз етуі қажет.
6.4.2.2 Жылу генераторларының үй-жайларында:
- жеңіл бұзылатын қоршау конструкцияларын (соның ішінде шыныланған терезе
ойықтарын) және арнайы өңештерді;
- тез лақтырылып тасталатын қоршау конструкциялары (соның ішінде шыныланған
терезе ойықтарын) және арнайы өңештерді;
- екі шығу есігін (олардың бірі тікелей сыртқа шығады)
- бір шығу есігі – қызмет көрсетілетін ғимаратқа кіріктіріле салынған жылу
генераторларының үй-жайларында көздеу керек.
Жылу генераторларын:
- отқа төзімділігі V дәрежедегі ғимараттарда;
- С1, С2 және С3 конструктивті өрт қауіпсіздігі сыныптарының өртке төзімді кез
келген дәрежесіндегі ғимараттарда орнатуға рұқсат етілмейді.
6.4.2.3 Жылу генераторларының үй-жайларында метан және оксид көміртегі
бойынша газдылық сигнализаторлары керек.
6.4.2.4 Түтін
құбырлары, түтіндік және түтін шығарларды жанбайтын
материалдардан (тоттанбайтын болат немесе керамикалық материал) орындау қажет.
6.4.3 Пешпен жылыту 6.4.3.1 Пешпен жылытуды тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарда биіктігі
және сыйымдылығы белгіленген нормаларға сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.
6.4.3.2 А, Б, В1 — В3 санаттарындағы үй-жайлар үшін пештік жылытуды қолдануға
рұқсат етілмейді.
6.4.3.3 Бір пешті бір қабатта орналасқан үш үй-жайдан артық жылыту үшін қолдану
керек.
Екі қабатты ғимараттарда әр қабат үшін от жағарымен және түтін құбырларымен
оқшауланған екі ярусты пештерге рұқсат етіледі, ал екі ярусты пәтерлер үшін – бірінші
қабатта бір оттыққа рұқсат етілген. Пештің жоғарғы және төменгі ярустары арасындағы
аражабындардағы ағаш болкілерді қолдануға рұқсат етілмейді.
6.4.3.4 Жылыту пеші бар ғимараттарында:
а) механикалық іске қосылатын ағынмен өтелмеген, механикалық іске қосылатын