Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
103 СН РК 4.02-01-2011 (2)

ҚР ҚН 4.02-01-2011* 
14 
және желдеткіштің, ауа баптаудың, ауаны тоңазыту және ауа-жылу бүркеу суды 
жылытатын жүйелерін (бұдан әрі – «жылыту жүйелерінің құбырлары») сәйкестікті 
дәлелдеу үдерісінен өткен болат, мыс, жез құбырлары, померлік материалдардан (соның 
ішінде металлополимерден және шыныпластиктен) жасалған жылуға төзімді құбырлардан 
жобалау керек. Пластмас құбырлармен жиынтықта қолданылатын құбырлардың үлгісіне 
сәйкес келетін біріктіретін бөлшектер мен бұйымдар қолданылуы қажет. 
6.4 Пәтер бойынша және жеке жылумен жабдықтау жүйелері 
6.4.1 Пәтер бойынша жылумен жабдықтау жүйелері 
6.4.1.1 Пәтер бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін биіктігі 75 дейінгі бір 
пәтерлі және көп пәтерлі тұрғын ғимараттарға, сондай-ақ осы ғимараттарға кіріктіріле 
салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардағы от жағу, желдету және пәтерлерді ыстық 
сумен жабдықтау үшін қолдану керек. 
6.4.1.2 Пәтерлер бойынша жылумен жабдықтау жүйелері үшін жылу көзі ретінде 
тұрақты қызмет көрсету персоналынсыз жұмыс істейтін толық зауыттық 
дайындығындағы жеке жылу генераторларын (12.25 сәйкес автоматтандырылған 
қазандықтар) қолдану керек. 
Жаңасын салу, сондай-ақ тұрғын көп пәтерлі ғимараттарды және оларға кірістіріле 
салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды реконструкциялау кезінде жабық 
(герметикалық) жану камерасы бар газ тәрізді отында жылу генераторларын қабылдау 
керек. 
6.4.1.3 Жану үшін ауаны тарту: 
- жанудың жабық камералары бар жеке жылу генераторлары үшін – ауа 
өткізгіштерімен тікелей ғимараттың сыртқы жағынан көделуі керек. 
6.4.1.4 Газ түтіндерінің шығуы ғимарат шатырының жоғарғы жағынан арнайы 
бірлескен түтін құбырлары арқылы орындалуы керек. Тұрғын көп пәтерлі 
ғимараттардағы сыртқы қабырға арқылы (соның ішінде терезе, балкон асты және лоджия 
арқылы) әр жылу генераторынан шығатын түтін шығару құрылғысына рұқсат берілмейді. 
6.4.1.5 Түтін шығарғыштар, біріктіру құбырлары және түтін құбырлары жанбайтын 
материалдардан жасалған, П тығыз сыныбында орындау керек, тасымалданатын және 
қоршаған ортаға төзімді механикалық жүктемелерге герметикалықты және беріктікті 
жоғалтпастан қайшы тұруға қабілетті түтін құбырына біріктіру және қосу 
орындарындағы ауаны соруға рұқсат етілмейді. Асбоцементтен, хризотилден, 
керамикадан және басқа материалдардан жасалған біріктірілген құбырларды және түтін 
құбырларын, түтін шығарларын дайындау тиісті рұқсат беру құжаттары болған жағдайда 
рұқсат етіледі. 
6.4.1.6 Түтіндік, біріктірілетін құбырлар және түтін шағарулары жанбайтын 
материалдармен жылу-оқшаулануы қажет. Түтіндіктің ішкі жоғарғы температурасы 
(конденсациялық қазандықтардан шығатын түтін құбырларын басқа) жұмыс режимінде 
жылдың суық кезеңіндегі сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде түтін 
газдарының шық нүктелері температурасынан жоғары болуы қажет. 
6.4.1.7 Газ жылу генераторлары және басқа газ жабдықтары орнатылатын үй-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет