Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
103 СН РК 4.02-01-2011 (2)

 
7.7 Жабдық
7.7.1 Желдеткіштерді (соның ішінде өңеш үлгісіндегі), кондиционерлерді, ағынды 
камераларды, ауа жылытқыштарды, жылуды кәдеге жаратушыларды, шаңтұтқыштарды, 
сүзгілерді, қақпақтарды, шу бәсеңдеткіштерін және басқаларды (бұдан әрі - жабдық) сору 
және тығыз болмағандықтан жоғалтуды ескере отырып, ауаның есептік шығыны 


ҚР ҚН 4.02-01-2011* 
27 
бойынша таңдау керек:
- жабдықта – дайындаушы зауыт деректері бойынша; 
- 7.11.8 талаптарына сәйкес (олармен қызмет көрсетілетін үй-жайдың шегінде 
төселетін жалпы алмастырылатын желдету жүйелерінің ауа өткізгіш учаскелерін 
қоспағанда) желдетуге дейінгі сору шығару жүйелерінің және желдетуден кейінгі сорып 
тарататын жүйелерінің ауа өткізгіштері. 
7.7.2 Ауа жылытқыштарының түтігіндегі суды қатып қалудан қорғау үшін: 
а) ауа жылытқыштан қайта келетін суды араластыру үшін ауа жылытқыштарының 
контурындағы айналмалы сорғыларды орнату; 
б) ауа жылытқыштарының контурындағы айналмалы сорғылар жоқ болған 
жағдайда түтіктердегі судың жылжу жылдамдығы есептермен негізделуі керек. 
7.7.3 Жарылыстан қорғау орындауындағы жабдықты: 
а) егер ол А және Б санаттарындағы үй-жайларда немесе осы үй-жайларға қызмет 
көрсететін жүйелердің ауа өткізгішінде орналастырылған болса; 
б) жалпы алмастырылатын желдету, ауа баптау және ауа жылытуы (соның ішінде 
ауа-әуелік жылуды кәдеге жарату) және А және Б санаттарындағы үй-жайлардың түтінге 
қарсы желдету жүйелері үшін; 
в) 7.2.11 Көрсетілген сорып шығару желдету жүйелері үшін; 
г) жарылуға қауіпті қоспалардың жергілікті сорғыларының жүйелері үшін көзделуі 
керек. 
Егер жанатын газдардың, булардың, аэрозольдардың, ауа шаңдарының жарылуға 
қауіпті қоспаларының, температурасы тобы және санаты жарылудан қорғалған 
желдеткіштердің техникалық шарттарына сәйкес келмесе, онда эжекторлық 
қондырғыларды көздеу керек. Эжекторлық қондырғылары бар жүйелер сыртқы ауада 
жұмыс істейтін болса, кәдімгі орындаудағы желдеткіштердің, ауа үрлегіштердің немесе 
компрессорлардың көзделуі керек. 
Егер техникалық жобалау нормаланына сәйкес, қалыпты жұмыс кезінде немесе 
технологиялық жабдықтың апаты кезінде қалыпты орындаудағы жабдық бу-газ ауа 
қоспаларын жоятын В1-В4, Г және Д санаттарындағы үй-жайларға орналасқан жергілікті 
сорғы жүйелері үшін көзделуі керек. 
7.7.4 А және Б санаттарындағы үй-жайлар үшін желдетудің, ауа баптаудың және ауа 
жылытудың сорып тарататын жүйелерін жабдықтауд, сондай-ақ желдету жабдығы үшін 
үй-жайларда орналастырылатын басқа санаттардағы үй-жайлардан (А, Б, В1-В2 
санаттарынан басқа) ауа жылуын пайдаланга отырып, осы үй-жайлар үшін ауа-әуелік 
жылуды кәдеге жаратушылары 7.9.11 сәйкес жарылудан қорғайтын кері қақпақтарды 
орнатқан жағдайларда қалыпты орындауда қабылдауға рұқсат етіледі. 
7.7.5 Ауаны тазалау үй-жайлардағы талап етілген ауа сапасын қамтамасыз ету үшін 
көзделуі керек. Сүзгілердің секциясын қызмет ету мерзімін және сүзгілердің шаң 
сыйымдылығын ескере отырып таңдау керек. Жылу алмастыратын жабдықтың (ауа 
жылытқыштар, ауаны суытқыштар және рекуператорлар) қызмет көрсету мерзімін 
арттыру үшін сүзгілердегі қос сатылы ауа тазалауы көзделуі керек. 
7.7.6 Жанатын заттардан жарылуға қауіпті шаң ауа қоспаларын тазалау үшін 
шаңтұтқыштарды және сүзгілерді: 
а) құрғақ тазалау кезінде – тұтылған шаңды үздіксіз жою үшін құрылғылары бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет