ҚР ҚН 4.02-01-2011* 33
орналасқан болса, онда осы үй-жайлардан жану өнімдерін жою көзделмейді;
д) егер осы дәлізге шығулары бар барлық үй-жайларда тұрақты жұмыс орындары
болмаса табиғи жарығы жоқ дәліздерге және түтін газ өткізудің ең төменгі үлестік
қарсыласуы бар түтін газ өткізбейтін орындауда өртке қарсы есіктер осы үй-жайлардан
аталған дәлізге шығуда көзделуі керек; өртке қарсы есіктердің түтін газ өткізуінің нақты
қарсыласуы белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекет аралық және мемлекеттік
стандарттардың талаптарына сәйкес анықталуы қажет және оларға қолданылмады.
8.5 Сорып шығаратын түтінге қарсы желдетумен жойылатын жану өнімдерінің
шығыны өрт ошағынан жылудың шығу қуаттылығына, үй-жайлардың және желдету
өңештерінің қоршалатын құрылыс конструкциялары арқылы жылуды жоғалтуға, жану
өнімдерін жою температурасына, сыртқы ауа параметрлеріне, есік және терезе
ойықтарының жағдайына (күйіне), геометриялық мөлшеріне байланысты есептеу
бойынша анықталады.
8.6 Жойылатын жану өнімдерінің шығынын анықтау кезінде:
а) сорып шығару түтінге қарсы желдету жүйелерінің тығыз емес өңештері арқылы
ауаны соруды;
б) сертификатталған сынақтардың хаттамалық деректері бойынша (сыналатын
үлгілердің түтін газ өткізуінің үлесті сипаттамаларының нақты мәндері) жабық түтінге
қарсы немесе түтін қақпаларының тығыз емес жерінен ауаны соруды ескеру керек.
8.7 Дәліздерді қорғауға арналған сорып шығару түтінге қарсы желдету жүйелері үй-
жайларды қорғауға арналған жүйелерден жеке жобалануы керек. Әр түрлі функционалық
өрт қауіптілігінің үй-жайларын қорғауға арналған жалпы жүйелерді орнатуға рұқсат
берілмейді.
Үлгілік қабаттарды (бұдан әрі – еркін жоспарлаудағы қабаттар) пайдаланудың
нақты технологиясы жоқ ғимараттар үшін екі аталған үлгілердің сорып шығаратын
түтінге қарсы желдету жүйелері көзделуі керек. Бұл ретте, үй-жайларды қорғау үшін
тағайындалған жүйелермен жойылатын жану өнімдерінің шығыны баспалдақ-лифт
тораптарының қабаттық алаңын шегеріп барлық қабат алаңының есебінде анықталуы
қажет.
8.8 Дәліздерден жану өнімдерін жойған кезде түтінді қабылдау құрылғылары
дәліздің төбесі астындағы шахталарда, бірақ есік ойығының жоғарғы деңгейінен төмен
емес орналасуы керек. Түтін шахталарына баратын тарамдарға түтін қабылдау
құрылғыларын орнатуға рұқсат етіледі.
8.9 Жер үсті бір қабатты ғимараттардан тікелей жану өнімдерін жою, әдетте, түтін
қақпақтары бар шахталар, түтін люктары немесе ашылатын үрленетін шамдар арқылы
табиғи іске қосылатын сорып шығаратын жүйелермен көзделуі керек.
Түтін
люктарының,
қақпақтарының,
шамдардың
және
фрамугтардың
конструкциялары жармалардың қатып қалмау, үрленбеу, іске қосылған кезде ашық күйде
белгіленетін жағдайларды қамтамасыз етуі керек, табиғи іске қосылатын сорып
шығаратын түтінге қарсы желдету әрекетінің есептік режиміне сәйкес келетін өту қимасы
алаңының бар болуы керек.
Көп қабатты ғимараттарда, әдетте, механикалық іске қосылатын сорып шығару
жүйелері көзделуі керек.
8.10 Сорып шығаратын түтінге қарсы желдету жүйелері үшін: