ҚР ҚН 4.02-01-2011* 36
баспалдақ торларынан шығу кезіндегі тамбур-шлюздер;
н) әр түрлі мақсаттағы ғимараттардың цоколь, жер асты қабаттарының
шығуларындағы тамбур-шлюзде (лифт холлдары);
п) қауіпсіздік аймақтарындағы үй-жайларда көзделуі керек.
Жану өнімдері тікелей жойылатын үй-жайлардың жалпы дәліздерінде, сондай-ақ
сорғы түтінге қарсы желдету жүйелерімен қорғалатын басқа дәліздермен, холлдармен,
атриумдармен, рекреациямен хабарланатын дәліздерде артық қысымды құру үшін
сыртқы ауаны беруге рұқсат етіледі.
8.14 Сорып тарататын түтінге қарсы желдету үшін сыртқы ауа шығыны артық
қысымды қамтамасыз етуге есептелінуі керек:
а) лифт шахталарында – ауа шығынының алынған мәндерінен көбірек қабылдай
отырып, барлық қабаттардың (негізгі отырғызылатын қабаттардан басқа) жабық
есіктерінде;
б) дәліздерден және холлдардан немесе өрт қабатындағы үй-жайлардан тікелей
баспалдақ торларына немесе көшіру жолдарындағы ашық есіктерде немесе
ғимараттардан сыртқа шығатын ашық есіктерде және барлық қабаттардағы дәліздерден
және холлдардан шығатын жабық есіктерде Н2 үлгісіндегі түтіндемейтін баспалдақ
толарында;
в) өрт қабатындағы тамбур-шлюзде (жабық есіктерде) жабық есіктерде.
Н2 үлгісіндегі немесе Н3 үлгісіндегі түтіндемейтін баспалдақ торларындағы
шығуларда, 2-ші үлгідегі ішкі ашық баспалдақта, жер асты автотұрақтарының лифт
холлдары алдында жертөле және цоколь қабаттарындағы деңгейлерден атриумдарға және
пассаждарға шығуда орналасқан тамбур-шлюзге берілетін ауа шығыны ашық есік ойығы
арқылы ауаның бітуінің орташа жылдамдығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша
есеппен анықталуы керек. Жабық есіктерде басқа тамбур-шлюздерге берілетін ауа
шығыны есік жабулығының тығыз болмауынан ауаның кемуін ескере отырып есептелінуі
керек.
Артық қысым көлемі қорғалатын үй-жайдың шектес үй-жайларына қатысты
анықталуы керек:
г) тікелей жану өнімдері жойылатын үй-жайлардың жалпы дәліздеріне берілетін ауа
шығыны жабық есіктер (бір жанатыннан басқа барлық үй-жайларда) арқылы ауаның
кемуін ескере отырып жану өнімдерін жоюға жататын (бір үй-жайдан) ең жоғарғы
шығыны бар жаппай теңгерімсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары бойынша есебімен
анықталуы қажет. Цоколь және жер асты қабаттардың лифт холлдары үшін берілетін ауа
шығынының есептік мәні лифт шахталарының жабық есіктері және осы холлдардың
жабық есіктері арқылы кеміту бойынша анықталуы керек.
8.15 Сорып тарататын түтінге қарсы қорғаныш жүйелері үшін:
а) олардың ауа өткізгіштерін қиып өтетін конструкциялар үшін кем емес талап
етілетін отқа төзімділік шектері бар құрылыс конструкцияларымен қоршалатын басқа
мақсаттағы үй-жайлардағы желдеткіштерден жеке желдеткіштерді орнату көзделуі керек.
Бір өрт бөлігі шегінде сорып тарату түтінге қарсы желдету жүйелерінің желдеткіштерін
жалпы алмастырылатын желдету жүйелерінің, сондай-ақ тікелей қорғалатын баспалдақ
торлары, дәліздері және тамбур-шлюздері көлемдерінде, ағынды қондырғылардың
сыртқы ауа қақпақтары алдындағы өртке қарсы қалыпты ашық қақпақтарын орналастыру