1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Автономды (вегетативтік) жүйке жүйесінің сомалық (анималді) жүйеден



Pdf көрінісі
бет101/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Автономды (вегетативтік) жүйке жүйесінің сомалық (анималді) жүйеден 
айырмашылықтары : 
1. Эфферентті нервтендіру аймағы. Сомалық жүйке жүйесінің бөлігі теріні және қаңқа 
бұлшықеттерін нервтендіреді (нервтендіру аймағы шектелген), ал автономды жүйке 
жүйесі — ішкі ағзалар мен қантамырлардың, жүректің тегіс бұлшықеттерін нервтендіреді 
және трофикалық қызмет атқарады (нервтендіру аймағы кең). 
2. Сегменттік бағытта нервтендіру. Сомалық жүйке жүйесінің орталықтары сегментті 
түрде орналасады. Автономды жүйке жүйесі үшін орталықтар ұяшық түрінде орналасады. 


3. Эфферентті нейронның таралуы. Сомалық жүйке жүйесінде эфферентті нейрон 
(мотонейрон) орталық жүйке жүйесінде— жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде 
немесе бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларында орналасады. Шеткі жүйке 
жүйесінің эфферентті нейроны шет жақтарда ағзадан тыс және интрамуралді түйіндерде 
орналасқан. 
4. Эфферентті нерв талшықтарының құрылысы. Сомалық жүйке жүйесінде эфферентті 
талшықтар миелинді, нерв сезімдерін тез арада өткізеді, автономды — эфферентті 
талшықтара (постганглионарлы, түйіннен кейінгі) миелинсіз, нерв сезімдерін баяу 
өткізеді. Түйіннен кейінгі аксондардың ұштары болмайды. 
5. Рефлекторлы доғаның сезімтал звеносы. Сомалық жүйке жүйесінде рефлекторлы 
доғаның бірінші афферентті нейроны жұлын және бассүйек нервтерінің сезімтал 
түйіндерінде орналасқан. Автономды жүйке жүйесінің афферентті нейроны екі түрде 
орналасады: жұлын және бассүйек нервтерінің сезімтал өрімдерінің нейрондары, жүйе 
аралық байланыстар және висцеросомалық рефлекстерді жүзеге асыра отырып, ағзаларды 
орталық жүйке жүйесімен байланыстырады. Меншікті афференттік нейрондар 
симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндерінде және интрамуралді түйіндерінде таралады. 
112.ВНЖ жіктелуі, бөлімдері және олардың топографиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет