Тік ішектің лимфа тамырлары шырышты негізге келіп өрім түзеді.
Сыртқы өтіс лимфа тамырлары.Бұл лимф а тамырлар өз жолында шатаралық тамырмен
қосылып,беткей шаптық лимфа түйіндерге қарай бағытталады.
Ішкі мықын лимфа тамырлары мен түйіндері кіші жамбас астауы ағзаларынан жинайтын
лимфа өрімін түзеді. Бұл өрім өз жолында лимфаны аяқтан ,жамбас астауынан жинап
келіп,жалпы мықын лимфа өрімін түзеді.Осы өрім өз жолында бел лимфа өріміне
қосылады.
66.Аяқтың лимфа тамырлары мен түйіндері.
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ. Жалпы аяқта 4 негізгі лимфа түйіндері кездеседі.Сонымен қатар
бұл түйіндерден басқа кішкене лимфа түйіндері кездеседі.Олар топтасып аяқтың және
лимфа тамырлары жолында жатады.
1. nodi lymphatici inguinales superficiales бұл беткей шаптық лимфа түйіндер деп
аталады.Орналасуы санның жалпақ шандырында.
2. Терең шаптық лимфа түйіндер латынша nodi lymphatici inguinales profundi деп
атаймыз.Санның жалпақ шандырының астында жатады.
3.nodi lymphatici poplitei бұл бізде тақымдық лимфа түйіндер.Орналасуы тақым артериясы
мен венасы айналасында.
4. Алдыңғы асықты жіліктік лимфа түйіндерін латынша nodi lymphatici tibialis anteriores
деп атаймыз.
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ. Аяқтағы лимфа тамырларды біз беткей және терең деп бөлеміз.
Достарыңызбен бөлісу: