Сабақ №1 (3 сағатқа арналған) Тақырыбы. Жобаланатын кәсіпорынның техникалық-экономикалық негіздемесін жазу



Pdf көрінісі
Дата06.04.2023
өлшемі76,52 Kb.
#80007
түріСабақ
Байланысты:
1 tazhiribelik sabak (1) (1)



Тәжірибелік сабақ №1 (3 сағатқа арналған) 
 
 
Тақырыбы. Жобаланатын кәсіпорынның техникалық-экономикалық 
негіздемесін жазу 
Сабақтың мақсаты: Ет өндірісі кәсіпорынның техникалық-
экономикалық негіздемесін оқып үйрену.
Тапсырма: Нур-Султан қаласындағы ет өндірісі кәсіпорынның 
техникалық-экономикалық негіздемесін сипаттап жазу
Негізгі мәліметтер: 
1. 
Негізгі жобаланатын кәсіпорынның қуаттылығын анықтау; 
2. 
Өнім ассортименттерін негіздеу, шикізатпен, отын, энергиямен, сумен 
қамтамасыз етуді негіздеу; 
3. 
Кәсіпорынды орналастыруды негіздеу және құрылысқа арналған алаң 
таңдауды негіздеу;  
4. 
Бас жоспардың сызбасы, өндірістің құрылыс экономикалық тұрғыда 
негіздеу. 
Технико-экономикалық негіздер әрбір салынатын, қайта жөнделетін яғни 
жобаланатын өнеркәсіп кәсіпорыны экономикалық негізделген болу қажет. 
Себебі экономикалық негіздеу кезінде бірнеше техникалық сұрақтар қозғалады, 
бұл технико-экономикалық негіздеу деп аталады. Оның негізінде жобалауға 
арналған жұмыстар құрастырылады. Технико-экономикалық негіздерде 
келесілер болуы қажет: 

құрылыс ауданының географиялық координатасы мен сипаттамасы; 
-
сол аудандағы өнеркәсіптің сипаттамасы, халық саны, аудан ішіндегі ет 
кәсіпорындарын салу сипаттамасы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 
жаңарту мен кеңейтудің қажеттілігін анықтау; 

шикізат зонасын таңдау; 

жобаланатын кәсіпорындарға келіп түсетін еттің маусымдағы қуаттылығы 
және болашақ кәсіпорынның дайын өнімінің ассортименті; 



технологиялық сипаттама және техникалық жабдықтаудың ерекше 
шарттары; 

салынатын немесе қайта жөнделетін кәсіпорынның қажетті 
материалдармен, энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуін тексеру; 

кәсіпорынды жұмысшылармен қамтамасыз ету; 

қосалқы көмекші қызметтермен қоймаларды жобалаудың ерекше 
шарттары; 

кәсіпорынды жобалау, су, бу, сыуту жүйелерімен қамтамасыз ету; 

қалдық суларды шығару шарттары; 

тұрғын үй құрылысын жобалау шарттары; 

құрылыс мерзімі және қуаттылықты енгізудің кезеңдері. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Техника-экономикалық негіздеудің негізгі бөлімдері.
2) Кәсіпорынның жобалық қуатын анықтау және өнімнің ассортиментін 
негіздеу. 
3) 
Кәсіпорындарды шикізат, негізгі материалдар, жанар май, 
энергетикалық қормен және сумен қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет