Тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата07.04.2023
өлшемі259,62 Kb.
#80231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тұтастық көзқарас – білім алушы тұлғасының зияткерлік және рухани-
адамгершілік дамуының бірлігін анықтайтын педагогикалық процестің мәнін 
көрсетеді.
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға 
негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс 
ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған 
және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы 
ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалық негіздер тәрбие процесінің келесі 
принциптерін іске 
асыруды жорамалдайды
Гуманистік бағыт принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына 
жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие 
процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара 
әрекет стратегиясы. 
Жалпыадамзаттық құндылықтар принципі тәрбие рухани-
адамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына 
негізделуі қажет деп санайды.
Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық 
құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтар мен 
ұлттық мәдениеттер нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде 
жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени 


10 
өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен 
мүмкіндіктерін байыту.
Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының 
басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие 
жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру. 
Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен 
қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады; 
сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлықтық 
компонент дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет