°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Дамыту, градация (латынша gradation - бiрден-бiрге күшейе беру) – 
алдыңғы сӛзден соңғы сӛздi, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы 
құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Мысалы: 
Шырағым, Бурыл шу!-дедi. Арандай аузын ашады, 
Құбылып Бурыл гуледi. Аяғын топ-топ басады. 
Табаны жерге тимедi. Бiр тӛбенiң тозаңын 
Тау менен тасты ӛрледi. Бiр тӛбеге қосады. 
(“Қобыланды батыр”) 
Қиқу салып құзға ұшқан Бұлттан биiк кӛкке ұшқан 
Құздан суық мұзға ұшқан, Қарулы қыран кiм едi? 
Мұздан биiк бұлтқа ұшқан,
(Т.Жароков) 
Градацияның прозадағы тамаша үлгiсiн М. Әуезов ӛзiнiң әйгiлi 
эпопеясында жасап кеттi. Мысалы: “Ақшоқыда туған ӛлең, ӛлең мен ән, сан 
салалы жырлар кӛшiрiлiп, жатталып, әуендеп, толқып тарап жатты. Алуан 
сырлы жаңа сӛз Арқаның қоңыр желiндей жай жылжып, бiрақ кең жайылып 
тарады…” 
Профессор Е.Ысмайылов градацияны шартты түрде түйдектеу және 
баяулату деп екiге бӛледi. I.Жансүгiровтiң “Күйшi” поэмасынан алынған 
мына бiр шумақта түйдектеу де, баяулату да бар: 
Соқ, жiгiт! Соқ! Соқ жiгiт! Күйiңдi тарт! 
Лапылдат! Жандыр! Күйдiр! Құмарт! Құмарт! 
Безiлдет! Сарнат! Зарлат! Үздiктiршi! 
Керек жоқ! Лақтыр әрi! Қысқарт! Қысқарт! 
(I. Жансүгiров) 
 
Сӛз орнын ауыстыру, яки инверсия (латынша inversio-орын ӛзгерту, 
тӛңкеру) – прозалық, әсiресе поэзиялық шығармаларда сӛздердiң әдеттегi 
грамматикалық түзiлу тәртiбiнен тыс, орындарын ауыстырып, ӛзгеше 
тiркестер құру тiл мен стильдегi үйреншiктi машықтан бӛлек бiр алуан 
мәнер iздеп байқау үшiн бұл тәсiлдi де оқта-текте орнымен қолданудың 
оғаштығы жоқ. Қазақ жазушыларының iшiнде инверсияға кӛбiрек бой 
ұратын Ғ.Мұстафин едi. Мысалы: “Сапардың Аманы… шаңқан боздың 
басынан аса секiрердей, ерiнен кӛтерiле, ұмтыла бередi алға… Жаныңнан 
безгенiң келе бер, - дегендей, етпетiнен түсiп, кӛзiнен от шаша күрiлдеп 
жатыр кӛкжал… Қайтып тұра алған жоқ, талшоқпар жүйемелдете тидi 
шекеге” (“Дауылдан кейiн”) Осы үш сӛйлемнiң аяқталуы да әдеттен тыс, 
соңғы сӛздерi ӛз орындарынан ауысып түскен. Жазылған емес, айтылған, 
оқылған емес, естiлген сӛздер тәрiздi оқыс әсер етедi. Инверсияның құбылу 
күнi де, мүмкiн, осында шығар. Инверсия ӛлеңдi сӛзде осындай әсерлi болу 


53 
үшiн ғана емес, сонымен қатар әсiресе ұйқас үшiн, ырғақ үшiн жиi 
қолданылады. Ақынның: 
Сен құрметте оны! 
Түсiндiң бе, қарағым? 
Ол ақшаға сатқан жоқ, 
Тiзеден кесiп аяғын. 
Ерiккеннен де ұстап жүрген жоқ, 
Қолтықтағы ұзын таяғын. 
(Ә.Сәрсенбаев) 
Осы ӛлеңдi әдеттегi заңды тiркестер тәртiбiнен құрсақ, мұншалықты 
әсерлi болып шықпас едi. Ақын айтар ойын инверсия айшығына салып, әдейi 
“бұзған” да, жай сӛз емес ӛлеңге айналдырып, бұрылған ұғым үстiне ендi 
әсерлi жылу, қызу қосқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет