78
мазмұны мен пiшiнi үш бiрлiкке (уақыт, орын, оқиға) негiзделген қатаң
шартқа құрылады. Бұл – ең жақсы үлгiлерi
патриотизм, ұлт мақтанышы,
қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшiн айқас секiлдi асыл
принциптер ұсынғанымен, ұшы-қиырсыз
шарттылығы мен жасандылығы
ақиқат ӛмiрден алшақтататын ағым.
Сентиментализм (франц.
sentimentalisme - сезiмталдық) – XVIII ғ-дың
II жартысы мен XIX ғ-дың бас кезiнде ағылшын және басқа Еуропа
халықтарының әдебиетiнде кеңiнен ӛрiстеген ағым. Мұнда жеке адамның
жан дүниесiн, кӛңiл-күйiн
суреттеуге, отбасылық тұрмысты, күнделiктi
тiршiлiктi, ұсақ және орта буржуазия, қолӛнершiлер мен шаруалардың ӛмiрiн
сипаттауға мән бередi. Орыс әдебиетiнде ең кӛрнектi ӛкiлi Н.М.Карамзин
(“Бейшара Лиза” атты повесi). Әдеби ағымның бұл түрi XVIII ғ-дың орта
тұсында ӛмiрдегi абсолютизммен күрес идеясынан туып, ӛнердегi
классицизмдi ауыстыратын ӛз кезiндегi тың ағым болып табылады.
Натурализм (латын.
Natura - табиғат) – ӛмiр
құбылыстарын табиғи
қалпында айтып, баяндауды мақсат ететiн бейнелеу тәсiлi, XIX ғасырдың II
жартысында батыс еуропа әдебиетiнде пайда болған ағым. Ол ӛмiрдi
тексерiске, зерттеуге салмай, бар кӛрген-бiлгендi
тек тәптiштеп айтып
беретiн, бiр затты не адамды суреттегенде оның қалып-бейнесiн, не қимылын
жерiне жеткiзе, майда-шүйде елеусiз бӛлшектерiне дейiн қалдырмай
жеткiзудi мақсат етедi. Себебi, қоғамдық, әлеуметтiк құбылыстарға бейтарап
қарайтын ӛмiрдегi, тұрмыстағы жайлардың бәрi адамның биологиялық
бiтiмiне, жаратылысына байланысты деп ұғады. Ол – адам кейпiн, iсiн, мал-
жануарлар қимылын, айнала табиғат кӛрiнiсiн қаз-қалпында суреттеу арқылы
кӛбiне анайылыққа,
тұрпайылыққа бой ұратын, қара дүрсiн, жалаң баяндау
арқылы эстетикалық қасиетiнен айрылатын әдеби ағымның бiр түрi. Француз
әдебиетiне Эмиль Золя енгiзiп, оның шығармаларында ұтымды жақтары
кӛбiрек кӛрiнген кейiнiрек шығарма-ның негiзгi
оқиға желiсiне қатысы жоқ
жайлар айтылып, осал жақтары бой кӛрсеткен ағым.
Достарыңызбен бөлісу: