°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
negizderi-2016

Әдеби ағым тҥрлерi 
Классицизм (латын. classicus - үлгiлi, ӛнегелi бағыт) – XVII ғ-дың аяқ 
жағында туып, XVIII ғ-дың орта тұсына дейiн ӛнер атаулының бәрiнде, 
әсiресе Еуропа әдебиетiнде орасан кең ӛрiс алған жұртқа мәлiм, латынның 
үлгiлi, ӛнегелi бағыт деген ұғымды бiлдiретiн сӛзiнен шыққан ағым. Ол 
Еуропа елдерiнде абсолютизм дәуiрлеген кезде туған. Негiзгi тақырыбы – 
ежелгi грек әдебиетiндегi сияқты ел ӛмiрiнiң елеулi iрi оқиғалары, негiзгi 
кейiпкерлерi қолбасылар, батырлар, патшалар, корольдар болып келедi. 
Жанрлары кәдiмгi антик әдебиетiндегiдей трагедия, комедия, батырлық 
поэма, желғабаз ода, тiлi де сол кӛне әдебиеттегiдей кӛтерiңкi пафос, шешен 
һәм кӛсем сӛз рухындағы бояма диалогтар мен монологтар, күлдiбадам ақыл-
нақылдар, атам заманғы архаизмдерге толы әсiре айшықтар болып келедi. Ал 
образдары не мiнсiз жақсылар, не iске алғысыз жамандар кейпiнде кӛрiнетiн, 


78 
мазмұны мен пiшiнi үш бiрлiкке (уақыт, орын, оқиға) негiзделген қатаң 
шартқа құрылады. Бұл – ең жақсы үлгiлерi патриотизм, ұлт мақтанышы, 
қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшiн айқас секiлдi асыл 
принциптер ұсынғанымен, ұшы-қиырсыз шарттылығы мен жасандылығы 
ақиқат ӛмiрден алшақтататын ағым. 
Сентиментализм (франц. sentimentalisme - сезiмталдық) – XVIII ғ-дың 
II жартысы мен XIX ғ-дың бас кезiнде ағылшын және басқа Еуропа 
халықтарының әдебиетiнде кеңiнен ӛрiстеген ағым. Мұнда жеке адамның 
жан дүниесiн, кӛңiл-күйiн суреттеуге, отбасылық тұрмысты, күнделiктi 
тiршiлiктi, ұсақ және орта буржуазия, қолӛнершiлер мен шаруалардың ӛмiрiн 
сипаттауға мән бередi. Орыс әдебиетiнде ең кӛрнектi ӛкiлi Н.М.Карамзин 
(“Бейшара Лиза” атты повесi). Әдеби ағымның бұл түрi XVIII ғ-дың орта 
тұсында ӛмiрдегi абсолютизммен күрес идеясынан туып, ӛнердегi 
классицизмдi ауыстыратын ӛз кезiндегi тың ағым болып табылады. 
Натурализм (латын. Natura - табиғат) – ӛмiр құбылыстарын табиғи 
қалпында айтып, баяндауды мақсат ететiн бейнелеу тәсiлi, XIX ғасырдың II 
жартысында батыс еуропа әдебиетiнде пайда болған ағым. Ол ӛмiрдi 
тексерiске, зерттеуге салмай, бар кӛрген-бiлгендi тек тәптiштеп айтып 
беретiн, бiр затты не адамды суреттегенде оның қалып-бейнесiн, не қимылын 
жерiне жеткiзе, майда-шүйде елеусiз бӛлшектерiне дейiн қалдырмай 
жеткiзудi мақсат етедi. Себебi, қоғамдық, әлеуметтiк құбылыстарға бейтарап 
қарайтын ӛмiрдегi, тұрмыстағы жайлардың бәрi адамның биологиялық 
бiтiмiне, жаратылысына байланысты деп ұғады. Ол – адам кейпiн, iсiн, мал-
жануарлар қимылын, айнала табиғат кӛрiнiсiн қаз-қалпында суреттеу арқылы 
кӛбiне анайылыққа, тұрпайылыққа бой ұратын, қара дүрсiн, жалаң баяндау 
арқылы эстетикалық қасиетiнен айрылатын әдеби ағымның бiр түрi. Француз 
әдебиетiне Эмиль Золя енгiзiп, оның шығармаларында ұтымды жақтары 
кӛбiрек кӛрiнген кейiнiрек шығарма-ның негiзгi оқиға желiсiне қатысы жоқ 
жайлар айтылып, осал жақтары бой кӛрсеткен ағым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет