81
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
– əйел теңдігін мəселе етіп көрсетуінде. Қыз «өзімді сөзден жеңген
теңіме тием» деп серт береді. Қыз бен жігіттің айтысы беріледі. Сөз
үстінде жігіттің əйелі бар екенін білген қыз:
Ақ көлдің оты жақсы, суы тəтті,
Бір аққу талып келіп, қона қайтты.
Аққудың оттайтұғын оты басқа,
Жемісі маңайында болса жақсы.
Ақ көлде от жоқ болса, су да опасыз,
Ей, мырза, осы арасын ойлап тапшы
145
, –
деп əйел үстіне баруды ар көретінін аңғартады. «Бұзылған шырыш
болсаң, маңайында жеміс жоқ тақыр көл боласың, қонақтайтын мен
жоқ» деп тұжыра сөйлейді.
Жайы баяндалған жігіт пен қыздың түсініктері бір-біріне
жуыспайды. Жігіт надандық шырмауында жүргендігін білдірсе,
қыз əділдікті, мəдениеттілікті аңсаған, қалың малға қарсы, əйел
теңдігін тілеген адам болып көрінеді. Дандайси сөйлеген қаракесек
Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі:
Жақсы болсаң, аламын қатын қылып,
От жаққан жаман болсаң, күң боларсың.
Қызыл тілдің қиналған бір олжасы,
Сатсам да, басың жас қой, пұл боларсың, –
дейді.
Жігіттің тұрпайы сөздерінен түңілген қыз аузына:
Шошқаның ең үлкені қара қабан,
Бас қостым жақсылармен ода заман.
Мысыққа ойын, тышқанға өлім керек,
Қалады құмар болып сендей жаман, –
деген сөздер түседі.
«Қалқаман–Мамырда» өткен кездегі қазақ халқының көне өмірі
көрсетіледі. Арманы ақталмаған жастар жайы сөз болады, заманының
өктем өкілдерінің теріс істері сыналады. Шығармада, дəл «Еңлік–
Кебектегідей», егескен азулы екі ру, елдің асқынған дауы баяндал-
майды, бір ру ішіндегі адамдардың өзара кектесіп, кісі өлтіріскені сөз
болады. Жайы баяндалған Мамыр мен Қалқаманның тағдыры, көрген
зорлықтары кейде Еңлік пен Кебекке ұқсас келгенмен, бірақ олардың
істері, мінездері, түсініктері бір өреде емес. Қалқаманның Кебек-
тей ел үшін «жанын сыйлаған» батыр екені айтылмайды. Қалқаман
ғашықтығын діни ұғымдарға сүйене түсіндіреді.
145
Достарыңызбен бөлісу: