85
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
кендей.
Шын ойын, ғашықтығын себепсіз жасырып, екі айтқанын да
байқамай қалады.
Баймұхаметке берген алғашқы жауабында басқаның атастырған
жесірі екенін, «құйрық -бауыр жескен» құдалар ұйғаруын бұзуды
жөн көрмейтінін ашық айтады. «Əуелден тəңірім оған несіп еткен,
Тағдырды пенде бар ма бұзып кеткен», басымдағы хал əзелде алланың
жазғаны, оны өзгертуге болмайды, «жақсы əйел жаман ерді жақсы
етеді»
деп бұрынғылар дұрыс айтқан, «Болғанда жарым жаман, өзім
жақсы, Қосылған қос жақсыны іздеп тапшы», теңдікке жетер заман
бар, мені ұмыт дегендерді сылтау етеді. Бірақ кейіннен қыздың да
жігітті бір көргеннен-ақ ұнатқаны мəлім болады.
Менің де сені ойласам, ішім жалын,
Кетеді кей уақытта ықтиярым.
Дүниеде татар демім таусылғанша
Жүремін тарта-тарта ғашық зарын
156
.
Гүлкəшиманың түрлі сөздеріне қарағанда, ол
бір жөннен еңсесі
түсіп, жаны жасып, маңдайыма тағдырдың жазғаны осы деп, талабын,
үмітін кеміткен адам болып та бейнеленген. Заманы, ортасы ойын
өсірмей қор еткен қыздың мүшкілдігін, «сорлы» екендігін аңғартқан
автор:
Бишара Гүлкəшима мұңлы емес пе,
Ғұмырына шырағы өшкен сорлы емес пе.
Ақылы, білімі, ажарын ықтиярсыз,
Қор еткен бір наданға сорлы емес пе
157
, –
дейді.
Қисса-хикаялардың совет драматургтері пьесаларына арқау бо-
лып, қайта жаңғырғандары аз емес. Мұндай
қисса-хикаялар тобында
«Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман–
Шолпан», «Еңлік–Кебек» бар.
«Еңлік–Кебектің» жеті нұсқасы мəлім. Бұлардың екеуі – əңгіме,
екеуі – поэма, біреуі – интермедия, екеуі – пьеса. Əңгімелердің
біріншісі 1892 жылы «Қазақ халқының есінен кетпей жүрген сөз»,
екіншісі 1900 жылы «Қазақ тұрмысынан хикая» деген атпен «Дала
уəлаятының газеті» беттерінде жарияланды.
1892 жылғы нұсқа қазақ арасында болған бір уақиғаны баяндай-
ды. Онда бір кездегі Матай, Тобықты егесі, Нысан абыздың Кебекке
арнап бал ашқаны, Кеңгірбайдың екіжүзділігі, қатал билігі сөз бола-
156
Сералин М. Гүлкəшима. – Орынбор, 1908. 26-б.
157
Сонда, 26-б
86
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ды. Кебек туыстары сырттай айттырып əперген əйеліне
көңілі толмай,
біреудің жесірі Еңлікке ғашық. Еңлік Кебекке тиеді. Жарасқан жастар
нəрестелі болады. Нысан туралы «көп сөйлейтін, түсі суық қарт кісі
екен», бал ашып, темір масағы жыбырлаған қобызын сарнатқанда,
«һешкім шыдай алмай, қашып кетеді» екен. Кебек – ел қамын ойлаған
батыр, «ғаділ, мейірімді» болғандықтан, «қарып-қасер,
кедейлер
мейлінше ырза болып», оның «тілеуін тілейді»
158
екен. «Еңлік ұзын
бойлы, ақ киіктей, шашы қарғаның қанатындай қара» ару еді делінеді.
Ру басы адуындар Еңлік пен Кебекті ауыр жазаға бұйырады. Ақырғы
сөзінде Еңлік анталаған жауларына иілмейтіндігін білдіреді. Кебек
өлгеннен кейінгі тіршілік – қоршылық, ісім ақ, «өлімнен қорықпаймын,
ерімнен қалмаймын» дейді. «Еңлік–Кебектің» осы вариантының
өзінде кейінгі нұсқалардың жалпы сюжеті белгіленген еді. Онда кейбір
кейіпкерлердің адамдық, қоғамдық қалпы да байқалған-тын.
«Еңлік–Кебектің» 1900 жылғы нұсқасы «Қазақ тұрмысынан хи-
кая» деген атпен басылды. Мұнда алғашқы
нұсқа бұзылып кетпеген-
мен, адам аттары өзгерген (қыздың аты Еңлік емес – Қаңлық, жігіттің
аты – Серғали). Мұнда да абыз бал ашып, жігіттің тағдырын болжай-
ды. Ол асқан бақсы еді, «осы күнде ондай ойнауды һешкім білмейді»
деген сияқты қошемет сөз айтылады. Серғалидың ат құйрығына
тағылғаны, оның Қаңлықты, баланы ойлап қатты қиналғаны, «біраз
уақыт өткен соң тас-талқан болған» жазықсыз жас денені Қаңлықтың
алдына əкеліп тастағаны сөз болады. Қыздың сүйікті
жігітімен қоса
кеткені айтылады. Бұл нұсқалар бір сүреңдес десек те, олардың тіл
ерекшеліктеріндегі айырымдарын, екеуі екі түрлі адамдардың аузы-
нан жазылғандығын көрмеуге де болмайды.
Абай ұлы Мағауия жазған дейтін «Еңлік–Кебектегі»
персонаждарға даралық келбет беру талабы аз да болса, арта түскен.
Кейіпкерлердің қоғамдық ерекшеліктері жол-жөнекей болса да, сөз
болады. Бал ашқан Нысан абыз туралы:
Екі көзін қан басып, сұп-сұр болып,
Шүлдірлейді, күңкілдеп
істі барлап
159
, –
делінеді.
Сарнап, зарлап кеткен абыз Кебектің «биік қабақ сұрлау, сұлу
қызға» кез келетінін, оның ажалына сол қыз себеп болатынын ай-
тады. Бұл үлгінің сюжеттік, композициялық-көркемдік жағынан
жетілгендігі шамалы. Шығармада сəтті суреттер, шабытты сөздер
158
Дала уəлаятының газеті. 1892. 36-б.
159
Достарыңызбен бөлісу: