Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

14
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Күнделікті шолу уақыты!
Рамазанның әр күнінің соңғы 10-15 минутын сол өткен 
күнге шолуға арнағын! (Мұны ойша немесе жазбаша 
жасауға болады). 
Егер күнің пайдалы өткен болса, ненің дұрыс өткенін 
өзіңнен сұра! Бұл күннің пайдалы өтуіне қандай 
ингредиенттер көмектесті? Бұл тәжірибені күнде қалай 
қайталап тұра аласың? Аллаһ Тағала саған осындай күн 
нәсіп еткені үшін рахметіңді де ұмытпа! 
Егер тиімсіз де өнімсіз болса, ненің бұрыс болғанын 
өзіңнен сұра! Осындай сәтсіз күннің Рамазан айында енді 
қайталанбауы үшін не істей аламын дегін. Аллаһ 
Тағаладан алдағы күндерді тиімді өткізуге көмек сұра! 
Ниетіңді жаңала және өмір нәсіп болса, келесі күннің 
жақсы болатынын сеніммен күт! 
Рамазын айында әр күн сайын тұрақты даму мен 
ілгерілеуге ниеттенсең, сонда иншаллаһ, соңғы 10 күнде 
өз деңгейіңнің шыңына жетесің! 
15
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН
Белсенділік … разылығы үшін?
«
Шындығында намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім 
бүкіл Әлемнің Раббысы Аллаһ үшін» де».
(
Құран, Әнғам сүресі -162 аят) 
Олай болса, біздің еңбек өнімділігіміз және 
әрекеттеріміз Оған және Оның разылығына 
бағытталуы керек. Кейде біз әрекетімізді тек сол істі 
атқару үшін ғана ниеттеніп жүзеге асырамыз. Алайда 
біздің әрекеттеріміз тек оны істеудегі ниетімізбен ғана 
үкімделеді. 
Келесіде, қандай да бір өнімді әрекет жасауға бел 
буған кезде «Бұл Аллаһ Тағала үшін бе, әлде?.. » деп 
сұра! 
16
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Ойыңда не тұр?
Рамазан айын пайдалы өткізуді тұрақты ету 
мақсатындағы күнбе-күн шайқасымызда кейбір 
физикалық мәселелерді ойлап кетеміз: Неше сағат 
ұйықтадым? Қанша калория жұмсадым? Жаттығу 
жасадым ба? Т.с.с. 
Бұлар маңызды, дегенмен, физикалық өнімділік негізгі 
мақсат емес, тек қана құрал екенін есте сақтағын.
Мұсылман ретінде біздің түсінігіміз, физикалық тиімділік 
бізге Аллаһ Тағалаға жақсырақ қызмет ету үшін және 
көбірек құлшылық жасауға, физикалық мүмкіндігімізді 
күшейтуге көмектеседі. 
Сен мына мәселелерді ойлаумен болуың керек: Аллаһ 
Тағала менің оразамды қабыл ете ме? Намаздарымның 
барлығын сүннеттерімен бірге уақытында оқыдым ба? 
Құран оқыдым ба?
Есіңде болсын, Рамазан күн батқанда ауыз ашар 
дастарханы үшін ғана арналмаған. Ол Аллаһ 
алдындағы иманыңның жаңа бір деңгейіне өз 
әрекеттерің арқылы қол жеткізу үшін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет