Тарих бабалар аманаты



Дата23.05.2022
өлшемі14,18 Kb.
#35428
Байланысты:
тарих - бабалар аманаты (копия)


Тарих - бабалар аманаты
Тарих — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. "Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек.
Ендеше, бүгінгі қоғамдық-гуманитарлық бағыттар апталығына орай оздырылып отырған "Тарих - бабалар аманаты" атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер!
Айта кетерлік жайт, бүгінгі өткізіліп отырған шарамыздың мақсаты мен міндеті: дарынды және қабілетті оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамыту. Оқушының өз білімін пайдалана білуге дағдыландыру, шапшаң ойлауға баулу, сенімділігін арттыру. Ойын соңында 2 алғыс хат иегері, 1, 2, 3-орын жүлдегерлері, "Ғасыр көшбасшысы" номинациясы анықталады. Бүгінгі шарамыздың әділ өтуін Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Азат Бисембаевич жеке қадағалайтын болады.
Келесі кезекте, бақ сынасатын командалармен таныс болсақ, 10 "А" сынып командасы: "_____________" (Махсот Арсен, Утегулова Меруерт), команда капитаны: Махсот Арсен. 10 "Б" сынып командасы: "________________" (Жұрмағанбетов Алияр, Қалихан Арухан), команда капитаны: Қалихан Арухан. 9 "А" сынып командасы: "Никола" (Рахим Олжас, Динишева Алиана), команда капитаны: Рахим Олжас. 9 "Б" сынып командасы: "_______________" (Нассибуллин Асанәлі, Жақсылықова Шұғыла), команда капитаны: ______________________. 9 "Д" сынып командасы: "Бірлік" (Гиссатден Нұрәділ, Гарифоллаева Айкен), команда капитаны: Гиссатден Нұрәділ.
Жарыс кезеңдерімен таныссақ, алғашқы "Жеті ғасыр тарихын білмеген..." атты кезеңде 5 блоктан тұратын 15 сұрақ беріледі. Әрбір блоктағы сұрақтар күрделілік деңгейіне орай 30 баллдан 50 баллға дейінгі аралықта бағаланады. Қай блоктан, қай сұрақты таңдау құқы әр командаға берілген. Ендеше, сәттілік!
Алғаш болып таңдау жасайтын - 10 "А" сыныбы.
Сонымен, алғашқы кезеңіміз де тәмам. Келесі "Капитандар сайысы" кезеңінде әр топтың капитаны "Kahoot" платформасы арқылы 1 минуттың ішінде сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруі қажет. Бұл кезеңде берілетін ең жоғары балл - 50.
Ендеше, соңғы әрі шешуші кезең - "Ғасыр көшбасшылары". Бұл кезеңде әр топ экранда көрсетілген тақырыптарға алдын-ала дайындаған презентацияларын қорғайтын болады. Бұл кезеңнің басты мақсаты - оқушылардың ораторлық қабілетін сынап, олардың еліміздің ілгері дамуына үлес қосар тың идеяларын саралау. Мұнда командалар 10 баллдық 5 критерий бойынша бағаланады. Ендеше, сөз кезегі 10 "А" сыныбында...
Міне, бүгінгі шарамыз да межесіне таяп келеді. Алдымен, белсене қатысқан барша оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіре отыра, ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін Азат Бисембаевичке береміз.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отыра, алар асуларыңыз көп болсын дегіміз келеді. Қатысқандарыңыз үшін тағы да алғыс білдіреміз. Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет