Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

34
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


24 
КҮН 
Жүрегіңмен жалғыз қалу
Егер: 
Рамазанның соңғы күндерінде намазда тұрып, Жаратушыға 
деген жақындықты сезіну үшін ғибадатыңды ықыласпен 
оқуға бар күшіңді салсаң да; 
Қасыңдағылардың барлығы жас балалар сияқты еңіреп 
жылағанда, сен еш сезімсіз болсаң; 
Көздері жасқа толған, жүрегі мейірімге толғандардың 
сапында болғың келеді, бірақ сонда да болмай жатса; 
Құлшылықтарыңмен ғибадаттың сондай бір деңгейіне 
жеткің келсе... 
.. ендеше жүрегіңмен оңаша қалып, сырласудың кезі келді. 
Жүрегіңе сұрақ қой: ол неліктен сондай суық? Неге Ғалам 
Жаратушысының сөздері жүрегіңді еш әсерсіз қалдырады? 
Өзінің Жаратушысын қажет етпейтіндей жүрегің 
соншалықты тәкаппар болғаны ма?! Жүрегің неліктен 
қатты? Жаратқанмен оңаша қалғанда неліктен жүрегің 
қорқыныш не қуанышты сезбейді? Жүрегің неге екіжүзді? 
Өтірік екенін біле тұра неге фильм көргенде жылайды да өзі 
ақырында қайда барарын біле тұра неге жыламайды?
Осылайша, нақты және ақырғы жауапты тапқанша індетіп 
сұрай бер. Рамазан айында осылайша Аллаһ алдында 
жүрегіңнен жауап ал. 
Алланы еске алғанда жылайтын жүректен артық тәтті сезім 
жоқ. Ораза бітпей тұрып Алланың алдында бір рет те болса 
жылап ал! 
35
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


25 
КҮН 
Жүрегіңді тазалаудың төте жолы!
Бухари жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) былай 
дейді:
«
Әр нәрсені тазалаудың бір жолы бар. Жүректі 
тазалаудың төте жолы - Алланы еске алу!» 
Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.):

«Имандарыңды жаңалаңдар!» дегенде, одан 

«Қалайша?» деп сұрайды.
Ол (с.ғ.с.):

«Лә иләһа иллаллаһ (Алладан басқа құлшылық 
ететін тәңір жоқ)» деп жиі қайталаңдар» деген. 
[Ахмад және Хакім] 
Сонымен, әсіресе, Рамазанның соңғы күндерінде 
Аллаға жақынырақ болып, жүрегіңді тазалағың 
келсе, Алланы жиі еске алғайсың! 
Көлікте келе жатқанда, компьютер алдында 
отырғанда, тамақ пісіріп не балаңмен ойнап 
отырсаң, «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтқайсың!
Жиірек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет