27
КҮН
Пайдалы істердің соңғысы
Рамазанды көңіл толарлықтай аяқтау үшін қандай іс қалды?
Ол туралы ойланудың да қажеті жоқ.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, пітір садақасын
беру!
Мүмкін болса, садақаны, зекет қорларына емес, тікелей
көмекке мұқтаж жандарға бергін.
Ол оп-оңай. Бар болғаны мына үш нәрсені істеу керек:
Күріш немесе құрмадан үш кило сатып ал.
(Отбасыңдағы әр адам үшін бөлек есептеледі)
Айналаңдағылардан көмекке мұқтаж бір кісі не бір
үйді тауып ал.
Жеткізіп бер! (Есігінің алдына құпия түрде қалдырып
кетсең, тіпті жақсы)
Достарыңызбен бөлісу: