Сұрақ: Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын өтеуге міндетті ме? Жауап: Рамазан айында ораза ұстау – парыз һәм Алла
Тағаланың әмірі. Мұсылмандар бұл әмірге мойынұсынуы
керек. Егер білмей немесе ұмытып кеткен болса, ұстамаған
оразаларының қазасын өтеуі тиіс. Каффарат шарт емес.
Себебі кәффарат – ораза ұстамаудың емес, оразаны бастап,
әдейі бұзған адамның жазасы. Рамазан айында ораза ұстау
парыз екенін біле тұра ораза ұстамау – күнә.
Сұрақ: Бөгде әйелге қарау арқылы жүніп болса (ғұсылы бұзылса) оразасы не болады? Жауап: Ораза бұзылады. Сол күннің қазасын өтеуі керек.
Каффарат шарт емес. Алайда, мұндай әрекетке жеңіл
қарауға болады деген сөз емес. Оразаны әдейі бұзу күнә
саналады.
Сұрақ:__Мастурбация_оразаны_бұзады_ма_Жауап'>Сұрақ: Мастурбация оразаны бұзады ма? Жауап: Ораза бұзылады. Сол күннің қазасын өтеуі керек.
Каффарат шарт емес. Алайда, мұндай әрекетке жеңіл
қарауға болады деген сөз емес. Оразаны әдейі бұзу күнә
саналады.
Сұрақ: Тамағына шыбын кіріп кетсе ораза бұзыла ма? Жауап: Аузына шыбын байқаусызда кіріп кетсе оразасы
бұзылмайды.
Сұрақ: Рамазан оразасын бұзып алса, күннің қалған бөлігінде не істеуі керек? Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
21
Жауап: Мұндайда зәрулік болмаса ішпей-жемей оразаны
жалғастыруы міндет. Сонымен бірге, сол күннің оразасын
қаза етіп өтейді.
Сұрақ: Қаза оразаны қатарынан ұстау шарт па? Жауап: Шарт емес.
Сұрақ: Қандай оразаның қазасын қатарынан өтеу шарт? Жауап: Каффарат оразасының қазасын қатарынан өтеу
шарт.