беру ШАРТЫ Ақтөбе қ. «____»____________ 20__ ж.
Бұдан әрі «Университет» деп аталатын «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атынан Жарғының негізінде әрекет етуші Басқарма Төрағасы – Ректор м.а. Исмагулова Эльнара Кереевна, бір тараптан және бұдан әрі «Білім алушы» деп аталатын азамат(ша) Шманова Нұрай Нұрлыбекқызы екінші тараптан төмендегі туралы осы Шартты жасасты:
1. Шарттың мәні «Университет» «Білім алушыға» тұрғын үй-жайды уақытша пайдаланғаны үшін ақылы түрде 27.08.2022 бастап 30.06.2023 дейін Ақтөбе қ., А.Досжанова, 6 көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан Марат Оспанов атындағы БҚМУ №5 жатақханасынан №604А/БЛОК 3 бөлмені ұсынады, ал «Білім алушы» тұру шығыстарын өтеуді міндетіне алады.
2. Төлем мөлшері мен тәртібі 2.1. Жатақханада тұру төлемінің мөлшері әр оқу жылында университет Басқармасының шешімімен белгіленеді. «Білім алушы» тұрғын үй-жайдың шығындарын өтеу үшін «Университетке» _______________________________теңге көлемінде бір реттік ақысын Тараптар шартқа қол қойған сәттен бастап кассаға немесе университеттің есеп шотына күнтізбелік 10 (он) күн күннің ішінде аудару арқылы төлейді.
2.2. Егер толық бір ай тұрмаған жағдайда төлем мөлшері тұрған күндер санына пропорционалды түрде айқындалады.
2.3.Жазғы каникул кезінде жатақханада ішкі тәртіпті бұзғаны үшін жазасы жоқ студенттерге, жастар ісі жөніндегі бөлімнің, деканаттың ұсынысы бойынша және бос орындар болса, жатақханадан жазғы демалыс кезеңіне өмір сүру шығындарын толық өтеу негізінде орын беріледі.
2.4. Төлем сомасы өзгерген жағдайда осы Шартқа қосымша келісім жасалады.
3. Тараптардың міндеттері 3.1.«Университет»:
1. Өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да талаптарға жауап беретін қала маңындағы тұрғын үй- жайды «Білім алушыға» қабылдау-тапсыру актісі бойынша ұсынуды.
2. «Білім алушыны» электр энергиясымен, жылу және сумен жабдықтауды, тұрғын үй жайды қалыпты пайдалануды қамтамасыз етуді.
3. «Білім алушыға» бекітілген нормаларға сәйкес жиһаз, құрал-саймандар, жабдықтар, төсек-орын жабдықтарын ұсынуды. Жиһаз және басқа да құрал-жабдықтар қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі.
4. Қажетті коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді, мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру үшін үй-жайлардың берілуін қамтамасыз етуді.
5.Ағымдағы жөндеулерді уақтылы жүргізіп, жатақханадағы кәріз жүйелеріндегі, электр қуатымен және сумен жабдықтаудағы ақауларды тез арада жоюды.
6. Орналастыру кезінде жатақханада тұрушыға оның құқықтары мен міндеттері туралы хабарлауды міндетіне алады.